Бїгінгі нґмірде: Ќос ќўрлыќта ќатар ґтті
2-бет
Тўраќтылыќ тўєыры – татулыќ №63 (28287) 2 СƏУІР CƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
● Индустрия игілігі
Тўтыну кеѕістігін кеѕіткен кəсіпорынныѕ келешегі кемел
Жуырда Астанадағы «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-та «Тиімділігі жоғары маневрлік тепловоз. Жылжымалы құрам тартымы меншік иесінің талабы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы болды. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».
Шара аясында 2015 жылы отандық өнім ретінде шығарылатын соңғы үлгідегі, қазір гі заманғы маневрлік тепло воздың негізгі техникалық көрсеткіштерінің тұсаукесер рəсімі
ұйымдастырылды. Өзара пікір алмасуға ел аумағындағы теміржол компанияларының жетекшілері мен тапсырыс иелері келді. Сарапшылар тарапынан жаңа үлгідегі маневрлік тепловоздың қуат үнемдеудегі пайдалану көрсеткіштері жоғары баға алды. Бұрынғы тепловозбен
салыстырғанда пайдалану шығыны аз, қызмет ету мерзімі ұзақ, локомотив бригадасының орны да жайлы. Жаңа өнім Қазақстан ғана емес ТМД елдері мен Балтық жағалауы мемлекеттеріне де шығарылады деп жоспарланып отыр екен. Қазіргі таңда еліміздегі локомотивтер паркін жаңарту үшін 300 жүк, 110 жолаушылар, 250 бірлік маневрлік тепловоздар керек. Сондай-ақ, 295 электровоздарға бөлшектер дайындау қажет. Көріп
Америкалыќ дипломатпен кездесті Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік жəне Орталық Азия бойынша көмекшісі Ниша Десаи Бисвалмен оның Қазақстанға сапары аясында кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен АҚШ Президенті Б.Обаманың Ядролық қауіпсіздік саммиті шеңберінде (Гаага, 24-25 наурыз) өткізген келіссөздерінің қорытындыларын тал қыға салып, Қазақстан мен АҚШ арасындағы саяси жəне эко номикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын қарастырды. Тараптар екі елдің сыртқы саясат ведомстволары басшылары Е.Ыдырысов пен Дж.Керри тең төрағалық ететін Стратегиялық əріптестік жөніндегі комиссияның жұмысын қанағаттана атап өтті.
Сауда жəне инвестиция саласы келіссөздердің маңызды тақырыбына айналды. Е.Ыдырысов біздің мемлекетіміздің америкалық компаниялардың Қазақстанның индустриялық-инновациялық бағдарламасына белсенді қатысуына мүдделі деген Елбасы сөзін қаперге сал ды. Сонымен қатар, ол аме ри калық ком панияларды ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырды. 1993 жылдан бері қазақстандық экономикаға құйылған америкалық инвестицияның көлемі 25 млрд. АҚШ долларын құрады. Біздің елімізде экономиканың негізгі
секторларында 300-ден аса бірлескен кəсіпорындар жұмыс істейді. 2013 жылы Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,75 млрд. АҚШ долларын құрап, 2012 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 9%-ға артты. Келіссөздер нəтижесінде тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық əріптестікті əрі қарай кеңейту мен тереңдету қажеттілігі туралы өзара тү сіністікке келді. Сондай-ақ, Н.Бисвалдың Астанада Л.Н.Гумилев атын дағы Еуразия ұлттық универ ситетінде сөз сөйлеуі жоспарланған. Америкалық дипломаттың сапары бүгін Алматыда жалғасатын болады. «Егемен-ақпарат».
Біз – қазақстандықтармыз!
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ХХІ СЕССИЯСЫ
отырғанымыздай, түрлі жаңа тепловоздарға деген зəрулік жылдам қысқарып келеді. Өйткені, 3 жыл бұрын Қазақстандағы жылжымалы құраманың 70 пайызының тозығы жеткені жарияланған еді. Осыны ескерген отандық сала мамандары жедел іске кірісті. Себебі, қазіргі қазақ теміржолының жалпы ұзақтығы 15 мың шақырымнан асып түседі. Онымен бірге, бұрынғы Одақ құрамында болған, бүгіндегі ТМД елдерінің бəрінің болат жол
магистралі 1520 жолтабанымен салынғаны мəлім. Яғни, Еуразия кеңістігіндегі барлық болат жолдардың табан өлшемі бірдей. Мұны айтып отырған себебіміз, Балтық жағалауы мемлекеттері мен ТМД елдерінің бəрі де жаңа, заманауи локомотивтерді қажет етіп отырғаны белгілі. Осыданақ, аталған зауыттың өніміне ішкі жəне сыртқы нарықта сұраныс бола берері анық. (Соңы 2-бетте).
Елбасы кітабыныѕ Афинадаєы тўсаукесері Афинада Қазақстанның елшілігі Еуропалық жəне сыртқы саясат жөніндегі грек қорымен жəне Жоғары философия мектебімен бірлесіп, Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың грек тіліне аударылған «G-global: XXI ғасыр əлемі» кітабының тұсаукесеріне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды. Аталған іс-шараға Грекияда тіркелген дипломатиялық корпустың мүшелері, ғылымизерттеу топтары, БАҚ өкілдері, сондай-ақ, аталған оқу орнының профессорлық-оқытушылар құ рамы мен тыңдаушылары қа тысты. Дөңгелек үстелге жи нал ғандар қазақстандық «G-global» бастамасымен танысып, кітапта атап көрсетілген «эволюция жəне саясаттағы революциялық өзгерістерден бас тарту», «əділеттілік, тепе-теңдік, консенсус», «жаһандық төзім ділік пен сенімділік», «жаһандық транспаренттілік», «конструктивті көппо лярлылық» деп аталған бес қағидат туралы хабардар етілді. Дөңгелек үстел жиыны барысында қатысушылар Қазақстанда өтетін ЭКСПО-2017
мамандандырылған көрмесі, Астана экономикалық форумы, «АТОМ» жобасы, Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары ның съезі сияқты халықаралық бастамаларымен де таныстырылды. Философия докторы, Крит технологиялық университетінің профессоры Д.Пателис «G-global: XXI ғасыр əлемі» кітабында маз мұндалған идеяларға қызығушылық білдіріп, Қазақстанның демократиялық өзгерістері екпінін жəне əлеуметтік-экономикалық дамуының серпінділігін атап өтті. Дөңгелек үстел шеңберінде аудитория назарына «Welcome to Kazakhstan» бейнефильмінің көрсетілімі ұсынылды. «Егемен-ақпарат».
3-бет
Атаулы əлеуметтік кґмек керек пе? Їйлеспеген сґз бен іс
4-бет
12-бет
Зардап шеккендер кґмексіз ќалмайды
Кеше Премьер-Министр Серік Ахметов Үкімет отырысын Қарағанды облысына қарасты Көкпекті ауылындағы су тасқынынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтудан бастады. Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан».
«Үкімет атынан қаза тапқандардың отбасылары мен туыстарына көңіл айтқым келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сəйкес Үкіметтің бүгінгі шешімімен аталған оқиғаның себептерін зерттеу, сонымен бірге зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсету үшін Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко басшылық жасайтын ведомствоаралық комиссия құрылады», деді С.Ахметов. Осы ретте Үкімет басшысы су тасқынынан зардап шеккен бірдебір отбасы билік назарынан тыс қалмауы тиістігін баса айтты. Бұған қоса, Премьер-Министр су тасқыны қаупі жоғары өңірлердегі гидроқұрылғылардың жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізуді тапсырды. Облыстардың, Астана мен Алматының əкімдеріне елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қосымша шаралар қабылдау қажеттігін ескертті. Сондай-ақ, су тасқыны орын алған жағдайда əрекет ету жəне қауіпсіз жерге көшу туралы ережені халық арасында түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажеттігін ескере отырып, жалпы бақылау жұмыстары мен мониторингті ПремьерМинистрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевқа тапсырды. Үкімет басшысы көктемгі су тасқынының алдын алу мəселесі 11 наурызда өткен отырыста қаралғанын, дегенмен, табиғат тосын мінез де танытатындығын атап өтті. Осыған орай барлық облыс, аудан əкімдері көктемгі су тасқынын жіті назарда ұстап, төтенше оқиғаларға жол бермеуі қажет. Отырыста Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко
Көк пектідегі қазіргі ахуалды баяндап, басқа да өңірлердегі су тасқынына қатысты сақтық шаралары туралы есеп берді. Ол Ақмола мен Қарағанды облыстары бойынша су тасқыны ахуалы барынша күрделеніп келе жатқандығын атап өтті. Өйткені, қар жылдам еріп жатыр. Екі облыстың да аумағында ағын су бар əрі бірқатар елді мекенді су басқан. В.Божконың айтуынша, төтенше жағдайлар ведомствосының барлық күш-құрылымдары су тасқынының алдын алуға жұмылдырылған. Ақмола, Қарағанды жəне Солтүстік Қазақстан облыстарының əкімдіктері күндіз-түні жұмыс істеуде. Министр бұдан əрі су тасқынынан қаза тапқан адамдардың аты-жөнін жария етті. Апаттан құтқару жұмыстарын жүргізу барысында 5 адамның мəйіті табылған. Олар – 1924 жылы дүниеге келген Ноғаев, 1926 жылғы Наги бина, 1942 жылғы Рома шенко, 1963 жылғы Ноғаева жə не 1979 жылы дүниеге келген Скебетский. Министрдің сөзіне қарағанда, медициналық көмекке 26 адам жүгінген. Олардың бесеуі суық тию, жүйке жүйе сін дегі күйзеліс диагноздарымен ауруханаға жатқызылған. Жалпы, су тасқынынан 125 адам құтқарылыпты. В.Божко, сондай-ақ, төтенше жағдай салдарынан iз-түзсiз жоғалғандар жоқ деп мəлімдеді. Қарағанды облысы IIБ қызмет керлері аталған ауылда болып, барлық үйлерді аралап, он дағы тұрғындарға қатысты барлық ақпараттарды жинапты. Нə тижесінде қандай да бiр азаматтың жоғалғаны туралы дерек болмаған. (Соңы 2-бетте).
● Əлеуметтік қорғау əлеуеті
Ќорєаныс министрлігі 1 сəуірден бастап азаматтыќ ќызметшілерініѕ еѕбекаќысын ґсірді
Қазақстан Президентінің тапсырмасын орындау үшін 1 сəуірден бастап Қорғаныс министрлігі барлық азаматтық қызметшілерінің еңбекақыларын көтерді. 2014 жылғы 14 ақпанда Мемлекет басшысы Қазақстан Үкіметінің кеңейтілген отырысында 2014 жылғы 1 сəуірден бастап азаматтық қызметшілер мен жұмыс шылардың еңбекақысын 10%-ға көтеру туралы тапсырма берді. Аталған тапсырманы орындау үшін «Азаматтық қызметшілерге, бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кəсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1400 қаулысына толықтырулар енгізу туралы 2014 жылғы 27 наурыздағы Қазақстан Үкіметінің №269 қаулысы қабылданды жəне ол 1 сəуірден бастап күшіне енді.
Қазақстанның Қарулы Күштерінде 19 мыңға жуық азаматтық қызметші қызмет өткеруде. – Мұндай елеулі өзгерістер бізді алға жетелері анық. Азаматтық қызметшілердің еңбек ақысының қосылуы сапалы кадрларды тартуға, сондай-ақ, мемлекетіміздің қызметінің жоғары деңгейден көрінуіне мүмкіндік береді, – деп атап өтті Қорғаныс министрлігі Бюджеттік жоспарлау жəне қаржы департаменті бастығының орынбасары Төлеген Құсыманов. Қарулы Күштерде жалақының өсуі жүйелі түрде жүргізілетінін ес ке ре кеткен жөн. 2009-2010 жылдар аралығында еңбекақы 2 есеге өсті. «Егемен-ақпарат».
Ерлік – елге мўра, ўрпаќќа ўран
«ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ: БЕЙБІТШІЛІК, РУХАНИЯТ ЖƏНЕ КЕЛІСІМ МƏДЕНИЕТІ» 18 СƏУІР 2014 ЖЫЛ АСТАНА Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХІ сессиясының қарсаңына орай əзірленген материалдарды 3-беттен оқисыздар.
Жеңіс күні – Екінші дүниежүзілік соғыста фашизмнің біржолата күлі көкке ұшырылған күн жақындай түсуде. Биылғы 9 мамыр Ұлы Жеңістің 69 жылдығы. Келер жылы бұл оқиғаның 70 жылдығы кең көлемде аталып өтетін болады. Адамзатқа алапат қайғы алып келген бұл соғыста ортақ Отан үшін от кешкен қазақстандық жауынгерлер ерекше ерлік көрсетті, тылдағы еңбеккерлер жеңіс үшін не қажеттің бəрін де жасады. Сол ерен ерлік өшпес өнеге, үздік үлгі күйінде ғасырдан ғасырға жалғаса беруге тиіс. Соғыстың алғашқы күнінен соңғы күніне дейін əр нөмірде отаншылдық сезімді асқақтатар отты сөзді жалындата жазған, қанды қырғын біткелі бергі жетпіс жылдайғы уақытта батырлар рухын ардақтайтын
мыңдаған материалдар жариялаған «Егемен Қазақстан» Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында «ЕРЛІК – ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҰРАН» айдарымен ел қорғаған ерлер бейнесін ел жадында жаңғырта түсетін материалдарды жүйелі түрде жариялай бастайды. Алғашқы сөз аты аңызға айналған халық батыры Бауыржан Мо мышұлы туралы болмақ. Екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбын жылдар бойы зерделей зерттеп, көптеген кітаптар шығарған, кезінде Баукең жайында да бірнеше рет жазған, Батырмен сұхбаттасу бақытына ие болған көрнекті журналист Жанболат Аупбаевтың «Намысұлы» атты мақаласын газеттің 5-ші бетінен оқи аласыздар.