02042015

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№59 (28537) 2 СƏУІР БЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Венгрия – Ќазаќстанмен серіктес ел

● Мұратымыз – Мəңгілік Ел

Ел бірлігі – береке бастауы Əбіш КЕКІЛБАЕВ,

Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбанды қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында тараптар екі елдің өзара ықпалдастығының кең ауқымдағы мəселелерін, сондай-ақ, халықаралық күн тəртібіндегі өзекті жайттарды талқылады. Мемлекет басшысы Қазақстан

мен Венгрия халықтарының тарихи тұрғыдан жақындығына тоқталып өтті. – Біз Венгрияны нағыз досымыз деп санаймыз. Елдеріміздің тарихи тамыры ортақ жəне даму

Ынтымаќтастыќты арттыруєа ыќылас зор Кеше Премьер-Министр Кəрім Мəсімов елімізге ресми сапармен келген Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесті. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Кездесу барысында тараптар екі жақты ынтымақтастықты дамыту, оның ішінде көлік инфрақұрылымы, білім беру, денсаулық сақтау жəне мəдениет салаларындағы мəселелерді талқылады. Қазақстан Премьер-Министрi Кəрiм Мəсiмов Венгрия Үкiметі басшысына ресми са пар мен елiмiзге келгені үшiн алғысын бiлдiрдi. «Осы сəттi пайдалана отырып, Венгрияға сапарым барысында менi жылы лебiзбен қарсы алғандарына ризашылығымды бiлдiргiм келедi. Бүгiнгi келiссөздердiң дəстүрлі саяси диалогтан өзгеше өткенiмен келiсемiн. Бүгiн Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевпен Премьер-министр Виктор Орбанның кездесуi барысында жəне үкiметаралық кездесулер нəтижесiнде өзара əрекеттестiк өте жоғары деңгейде аталды деген ойдамын. Бiздiң елдерiмiздің ынтымақтастығына сеп болар ортақ мəселелер өте

көп. Венгрия – Еуропада орналасқан əрi ЕО-ға мүше мемлекет. Қазақстан – Азияда орналасқан, ЕАЭО мүшесi, əрi Қытай дың көршiсi. Бұл бiздiң елдерiмiз үшiн стратегиялық əріптестiк пен ынтымақтастықты ұйымдастыруға сеп болуы мүмкiн. Бүгiн болашақта жемiсiн көретiн iстер қолға алынды. Бұл жұмысымыздың нəтижесiне жақын уақытта көз жеткiзетiнiмiзге сенiмдiмiн», дедi К.Мəсiмов. Ал Венгрия Премьер-министрі В.Орбан өз кезегінде «Бiздiң арамыздағы ынтымақ тастық дəстүрлi əріптестік байланыстар шегiнен шығатынын айтқым келедi. Қазақстан Премьер-Министрiнің Венгрияға келуi бiзге үлкен əсер еттi. Оның сапары Қазақстан мен Венгрия арасындағы достық қатынастарға алып келдi. Бiз мұндай қатынастардың орнағанына өте қуаныштымыз жəне Қазақстанға қуана-қуана келемiз», дей келе, Венгрия мен Қазақстан арасында туыстық қатынастардың бар екенiн тiлге тиек еттi. (Соңы 2-бетте).

жолдары ұқсас. Венгрия – біз үшін Еуропадағы маңызды тірек саналатын ел, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті екі ел ынтымақтастығы дамуының үдемелі қарқынына назар аударды. – Бұл біздің бірінші кездесуі міз емес. Бұл байланыстар біздің сауда-экономикалық қарым-қатынастарды ны ғайтуға ықыласты екенімізді көрсетеді. Біз Венгрияның Еуропалық одақ елдері арасынан ал ғашқылардың бірі болып Қазақстан мен стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қой ғанын жоғары бағалаймыз. Сіздің сапарыңыз нəтижелі

болуы, ынтымақтастығымыздың нақты бағыттары бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілуі үшін біз қажетті күш-жігерімізді жұмсайтын боламыз, – деді Мемлекет басшысы. В.Орбан өз кезегінде Қазақстан Президентіне елге шақыру үшін ризашылық білдіріп, венгр халқының сəлемін жеткізді. – Əлемдегі күрделі ахуал жағдайында біз Сіздің бұдан арғы ынтымақтастығымыздың перспективалары жөніндегі пікіріңізді білуге мүдделіміз. Қазақстан Еуропалық одақта оның біздің ел сияқты сенімді досының бар екеніне сенуіне болады. Будапеште біз Астана көшесін ашқанымызды

Бейбітшілікті ќолдау тетігі – бітімгершілікте

Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповтың жетекшілігімен өткен кешегі жалпы отырыста депутаттар «Бітімгершілік қызмет туралы» заң жобасын жан - жақты талқыға салды. Сондай-ақ, палата «Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы жəне өтемақы шаралары туралы», сондай-ақ, мемлекеттің кəсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу мəселелері бойынша тиісті өзгерістерді көздейтін заңдық құжаттарды да қарады. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

«Бітімгершілік қызмет туралы» заң жобасының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сəйкес, Қазақ стан Республикасы ұлттық контингентінің бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі операцияларға (миссияларға) қатысуына байланысты қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылатынына Мəжіліс депутаты əрі осы заңдық құжаттар бойынша жұмыс тобының жетекшісі Абай Тасболатов тоқталды. Ал ағымдағы жылдың 2 наурызында еліміздің БҰҰ-ға мүшелікке кіргеніне 20 жыл толғанын тілге тиек еткен Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров осы тарихи күннен бастап Қазақстан əлемдік қоғамдастықтың толыққанды жəне

ажырамас бөлігі болып қана қоймай, əлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуші ел ретінде халықаралық міндеттеме қабылдап, соларды абыроймен орындап келе жатқандығын ерекше атады. «Қазақстанның бейбітшілік қағидасын ұстанудағы тағы бір маңызды саясаты бұл, əрине, республиканың Қарулы Күштері мен əскери құрамдарына жүктелген бітімгершілік қызметке қатысуға жоғары дайындығы мен осы бағыттағы жоғары жетістіктері жетеді деуге толық негіз бар», деді Талғат Сəбитұлы. Мұндай жеткен жетістік ретінде 1993 жылмен 2001 жыл аралығында – Тəжікстандағы, 2003 жылмен 2008 жыл аралығында Ирактағы қазақстандық батальондардың бітімгершілік қызметке қатысуын атап кеткен орынды. (Соңы 2-бетте).

● Жазылған жайдың жаңғырығы

Ќўндылыќтарды ќўлдыратпау ќолымызда («Ќўндылыќтар ќўлдырауы», «Егемен Ќазаќстан», 2015 жыл, 13 наурыз) «Құндылықтар құлдырауы» – осылай аталған мақала қоғамдық ойға қозғау салып, оқырман көңілінен шығып отыр. Оның бір дəлелі – Төрегелді Шармановтың айтқандарын тарқата түскен Қуаныш Сұлтановтың мақаласы мен газет сайтындағы пікірлер топтамасы. Айтқандай Қ.Сұлтанов мақаласының өзіне де сайтта пікір жазушылар көп. Авторлар қоғамымызда құндылықтар қадірі деген мəселеге негізінен сыни тұрғыдан қарап, алдымен орын алған олқылықтарға назар аударған. Сонымен бірге, осындай пікірлерден елімізде қоғамдық құндылықтар жалпы құлдырауға түскен дегендей ой да түйілмеуге тиіс. Біз бүгін оқырман назарына ұсынып отырған мақала бір оқу орнында атқарылып жатқан игілікті істерді дəлелді келтіру арқылы құндылықтарды құлдыратпау өз қолымызда тұрғанын айшықты айғақтайды. Айхан АҚАНОВ,

С.Асфендияров атындағы медицина университетінің ректоры.

Қадыр Мырзалиевтің «Халқым ның қолтығына қыстырған градуснигімін» деген сөзі бар. Танымал адамдардың өз халқының «температурасын» түсінуі, халжағдайын ұға білуі жəне оның жан ауруын жеткізе білуі, менің

пайымдауымша, осы мəселенің өткірлігінің көрсеткіші болып табылады. Академик Төрегелді Шармановтың – еліміздің биыл 85 жасқа толатын ақсақал ғалымы əрі дəрігерінің «Құндылықтардың құлдырауы» деп аталатын мақаласы өте өзекті. Қоғамымыздағы құндылық мəселесін қозғаған дəл осы аға буын болып отыр. Төрегелді Шарманұлы көте ріп отырған мəселе – біз дің

қоғамымыздың белгілі бір бөлігінің атаққа, табынушылыққа, өз үстемдігін көрсетуге, түрлі академиялық атақтарды ие леніп басымдық танытуға, даңққұмарлыққа, тоқмейілдікке, өзін-өзі жақсы көрушілікке, дүрілдеген супертойлар, мерейтойлар өткізуге жəне т.б. ұмтылуы. Мақтаншақтыққа ұмтылу, даңққұмарлыққа ұмтылу – біз бүгін көріп отырған дүниелер, бұл, менің көзқарасым бойынша, қоғам бір формациядан басқа формацияға əлі жетпегенінің көрсеткіші. Егер де, Батыс психологтары талдау жүргізсе, олар бұл – өзін кем сезіну дерті, шағын халықтар комплексі дер еді. Бірақ мен мəселені бұлай қоймас едім. Менің айтпағым – біздің қоғам тағы бір рет үлкен ауыспалы үдерісті бастан өткізіп отырғаны. Жəне көне құндылықтар, көне дəстүрлер сақталып қалды,

ал жаңасы əлі жете қойған жоқ. Осыған орай Асан Қайғының сонау XV ғасырда «Қилы, қилы заман болмай ма? Суда жүрген ақ шортан қарағай басын шалмай ма?» деген жолдары еске түседі. Кешегінің құндылықтарының барлығы мүлдем басқаша жеткізілуі мүмкін. Сондықтан да Төрегелді Шарманұлының мақаласы өте өзекті болып табылады. Біз қоғамдық өнегелілікті тас-талқан ететін құбылыстарды көріп отырмыз. Егер оларға қазір тосқауыл қоймасақ, онда бір ұлттың құндылығынан тыс кешенің қалыптасуына алып келуі мүмкін. Бұл бəрібір соңында қарама-қарсы келуден айқындалады. Айтпақшы, Украинадағы дағдарысқа алып келген проблемалардың себебінің бірі осы болып табылады. (Соңы 5-бетте).

жеткізгім келеді. Біз саяси жəне мəдени байланыстарымыз тиісті деңгейде деп санаймыз, оның ар жағында Сіздің қолдауыңыздың тұрғанын да сезініп отырмыз, – деді Венгрия Премьер-министрі. В.Орбан, сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік сайлауға қатысу туралы шешімі Қазақстанның болашақтағы тұрақтылығын да қамтамасыз етудің кепілі екенін айтты. Осыған байланысты Венгрия Премьер-министрі өз елінің атынан Мемлекет басшысына зор табыс тіледі.

----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Оќырман назарына! Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеумет тік желілер арқылы оқу үшін, мына көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз.

Бір уыс топыраќ 6-бет Талайды тəнті еткен тїрік елі 7-бет Білім сапасы – басты назарда 8-бет Əлемге тарайтын əуен 10-бет

Бұдан бес жарым ғасыр бұрын шаңырақ көтерген Қазақ хандығы бүгінде алып елге айналды. Мемлекеттің қалыптасуы – бұл барынша ұзақ əрі тым күрделі процесс. Өйткені, талай тар жол, тайғақ кешулерден өткен Ұлы көш əрқилы жымысқы саясаттың ықпалында қалып қойғандықтан, төл тарихымызды тереңінен тани алмай келдік. Ал тарих – халқымыздың өткен өмірі, ата-бабаларымыздың өмір жолы. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады. Демек, бүтін бір елдің рухымен қалыптасқан тарихты ешқашан өшіруге болмайды. Қазақ хандығына – 550 жыл! Өткен жылғы Тəуелсіздік мерекесіне арналған салтанатты жиын төрінен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев: «Ұлы Далада күллі Еуразия құрлығын уысында ұстаған алып мемлекеттер болған. Алып кеңістікті ен жайлап, еркін билептөстеген айбарлы халықтар өмір сүрген. Бүгінгі Қазақстан – сол баба лардың заңды мұрагері. ...Ұлттық тарихымыз бен мəдениетіміздегі маңызды датаны – Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын атап өтетін боламыз», деген еді. Тарих – тағылым. Сондықтан, мемлекеттілігіміздің қалыптасуы кезеңіндегі хандарымыздың дəуірін, сол тұстағы жыраулар мен абыздарды, билер мен батырларды бар болмысымен ұрпақ санасына сіңіру керек. Уағында: «Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз, досымызды сақтай білген елміз, дəм-тұзды ақтай білген елміз», деп толғаған Қазыбек би бабамыз секілді қазақ халқының қадір-қасиетін, ұлттық сипатын дөп басып бейнелеген ешкім болмаған шығар, сірə. Алаш баласы арғы-бергі

тағдырында талай бұралаң-бұралаң белестерден өтіп, бостандыққа жетіп, жер бетінен Қазақ атын жоғалтпай, Мəңгілік Ел болуға, баянды болашаққа бетбұрыс жасап келеді. Тəуелсіздік пен теңдіктің, ынтымақ пен бірліктің белгісі – Қазақ елінің төл мерекесін тұңғыш рет мемлекеттік деңгейде атап, ұлттық қадір-қасиетіміз бен ақ жолымызды ұлықтау – Алты Алаштың рухын көтереді деп сенеміз! «Мəңгілік Елдің» қағидасы біздің дамуымыздың арқаулық құндылықтарын, Қазақстан халқының ортақ мүддесі мен тарихи тағдырын айшықтайды. Себебі, Мəңгілік Ел мұратына жету ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығының көрінісі арқылы жүзеге асатындықтан да Елба сының халықтың үш буынына үн қатуы кешегі тарих қойнауындағы бабалар үнін тағы да жаңғыртқандай əсер қалдырады. Мемлекет құрылуының мерейтойы ең алдымен азаматтардың патриоттық сезімдерін арттыру мен Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға бағытталып отыр. Осылай ұлт өмірінің һəм жарқын белестерін бейнелейтін, еліміздің ұлы тойы – Қазақ елінде тұратын барша халықтың тойы! Мұны бірлесе мерекелеуге міндеттіміз. Ұлт татулығы – игіліктің кепілі. Тұтасқан жұдырықтай мығым болуымыз керек. Бірлігі тайған елге бақ құтаймайды. Берекенің бастауы елдің ынтымағы екеніне де Тəуелсіздігіміздің ғасырға бергісіз алғашқы белесінде куə болып отырмыз. Жаңадан құрылып отырған «Мəңгілік Ел» қоры ұлттығымызды ұлықтауға, бабаларымыздан мирас болған мұраны қадірлеуге, қастерлеуге жетелейді деген ойдамыз. Мерейлі мемлекетіміздің мерейтойы іскер азаматтар, меценаттар, демеушілер тарапынан да жан-жақты қолдау табуы тиіс. Сауапты іске үлес қосқан əр азаматқа Алланың нұры жаусын! АСТАНА.

● Бір ауыз сөз

Керек! Елбасы Н.Назарбаев «Мейірімділік» ерікті қоғамы» қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қорына Қытай елі марапаттап, құрметтеп берген сыйлығын қақ бөліп берді. Өнеге ме? Өнеге. Қос қабатты, көп қабатты үй ме, орта ғасырлық замок па, əйтеуір зəулім-зəулім сарай салу керек шығар. Лев Толстойдың Ясная полянасынан асып түсіп, дворянша шалқып, тасып ғұмыр кешу керек шығар. Бірақ, Л.Толстойдың «Соғыс пен бейбітшілігін», болмаса «Қажымұраты» мен «Крейцер сонатасын» жазып тастаса, не арман бар? Хаммер мініп, жеке ұшақпен барып, Гавай аралында демалып, сүндет тойда тікұшақтан теңге шашу керек шығар. Алтынмен апталып, платина, күміспен күптелу керек шығар. Пендеге бəрі керек. Тəуелсіздік алған бетте бəріміз абдырадық, абыржыдық. Тұрмысымыз тұралады. Қалада тұрып, далаға шығып, от жағып, ас пісірдік. Мыңжасар Əдекенов ағамыз да осы кепті басынан кешкен шығар. Ағамыз аупарткомда бірінші хатшы, совхозда директор болды. Кейін облысымыздың ауыл шаруашылығы басқармасында қой түлігінің жоғын жоқтап, барын басынан асырып отырды.

Бізге жеткен аңызда төрт түліктің ішінде қой ғана Алла тағаланың шапағатын көрген дейді. Ыбырахым пайғамбарымызға көктен көк қошқар түсуі тегін болмаса керек. Құрбандық шалуға. Мыңжасар ағамыз бізден де терең болса керек. Аралас-құралас болдық. Мен осы «Орталықтың» ауыл шаруашылығы бөлімінің жап-жас меңгерушісімін. Жас деп тезек тергізіп жібермеді. Тереземді теңеп сөйлесті, апылғұпыл мінезімді көтерді. Жастық максимализм дейміз ғой, қазақшаласақ, алып-ұшып тұрған алапат жалынымды байсал таптырды. Қойға арналған талай газет беттерін бірлесіп əзірледік. Бəрі – газет тікпесінде, архивте тұр. Өтпелі кезеңнің өзек талдырған қиын күндері еді. Мыңжасар ағам ойды орып, қырды қырып, қырманын қызылға толтырып қоятындар санатынан емес екенін білетінмін. «Үкімет асырайды» дейтін ақпейіл аңқау «ауылдан» болатын. Біз де сол «ауылдың» қорасынан маңырап шыққан қозылар едік. Негізі естігенімді емес, көзіммен көргенімді ғана жазуға бейілмін. Ат жалында жүрген бір азаматымыз Алматының жазармандары емес, бірталай нағыз жазушыларына соғым беріп тұрыпты. Жыл сайын.

Осыны жазып кеткендері де бар (Герольд Бельгер). Өзі жетісіп жүрсе, бір сəрі ғой. Мыңжасар ағамыз да Жайық Бектұровтың жыл сайынғы соғымын мойнына алыпты. «Естіген құлақта жазық жоқ» дей саламыз ғой. Бұл, енді – көзіммен көріп, қолым мен ұстаған шарапатты шаруа. Мыңжасар ағамыз жарқыратып сойғызған, семіз тайды Бейбітшілік бульварындағы үйіне арқалап кіргізіп, Жайық атамның батасын алған едім. Əрине, Мыңжасар ағамның арқасында. Кенесарының суретін тəбəріктей, Мағжанның «Батыр Баян» поэмасын тұмардай сақтап, бізге, бүгінгі ұрпақтарына жеткізген Жайық Бектұров. Осы екі жəдігерді де «Орталық Қазақстан» газеті алты алаштан сүйінші сұрап, жариялаған. Ең кереметі – Қазақ стан тəуелсіздік алмай тұрған кезде. Оны білетін, ұғатын бала болса, не арман?! Жайық Бектұров та, Мыңжасар Əдекенов те жоқ бүгін арамызда. Орындары үңірейіп тұр. Бізге пейілі тар пенделер керек пе? Керегі жоқ! Бізге кім көрінгенге емес, Жайық аталарымыздай ұлт шырақшылары үшін астындағы жалғыз атын сойып беретін Мыңжасардай ағалар керек. Керек! Мағауия СЕМБАЙ, «Орталық Қазақстан» газетінің бас редакторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

ҚАРАҒАНДЫ.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.