Кеше Астана тұрғындары мен меймандары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Қазақ Елі» монументінің алдында ұйымдастырылған 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін кеңінен атап өтті.
№119 (28058) 2 МАМЫР БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ
ИƏ, СОЛАЙ! ИƏ, СОЛАЙ! ЌАЗАЌ ЕЛІ ОСЫНДАЙ!
Салтанатты шаралар «Қазақ Елі» монументінің алдында ұйымдастырылды. Кешеге дейін түнеріп тұрған Астана аспаны бұл күні шайдай ашылып, қазақстандықтардың басты мерекелерінің бірін қуанышпен атап өтуіне еркін жағдай жасады. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».
Жарқыраған ашық аспан астында қызылды-жасылды киінген өнерпаздар мен қуанышты жүздері бал-бұл жанған қалалықтар «Қазақ Елі» монументі алаңын сəнді салтанатқа айналдырып жіберген. Түрлі қойылымдарды халықтың еркін тамашалауы үшін негізгі жəне екі қосымша сахна құрылған. Олардың жалпы ауданы 3 мың шаршы метрді құрайды екен. Ал көрермендер үшін ашық аспан
астында жасалған орындардың саны 5 мыңнан асатын көрінеді. Күндізгі сағат тура 11.00 болғанда салтанатты алаңға Ел басы Нұрсұлтан Назарбаев келді. Жиналған ха лық Президентті қуанышты көңіл-күймен, жалынды сəлем жолдаған көтеріңкі үнмен, қолдарындағы жалаушаларын желпілдетіп, орындарынан дүркірей тұрып қарсы алды. Осы жерде Қазақстанда тұратын талай этнос өкілдері жи налған олар бəрі де бір кісідей жұмылып, Президентке деген қошеметтерін біртұтастықпен көрсетіп жатты.
АҚПАРАТТАР аєыны Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы 1 млн. тоннаға жуық арзандатылған астықты өңірлерге жеткізеді. Жалпы алғанда, құрылым 2012 жылдың тамызынан 2013 жылдың сəуіріне дейін тоннасы 28 000 теңгеден белгіленген бағада 1 млн. тоннаға жуық арзандатылған астықты таратты. Алматыда Қазақстан халқының бірлігіне арналған фестиваль өтті. «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы ұйымдастырған шарада ұлттық тағамдарды көрсету, қолданбалы өнер жəне қолөнер бұйымдарының көрмесі, ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар мен шығармашылық ұжымдардың концерттері болды. Қазақ тазысы туралы тұңғыш тарихи-этногра фиялық ғылыми зерттеу кітабы жарық көрді. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Ахмет Тоқтабай шығарған бұл кітаптың тұсаукесері Алматыда болды. «Кітаптың мазмұны қалай бай болса, сыртқы мұқабасы мен ішкі безендірілуі соған сай ең соңғы полиграфиялық жетістіктер мен мүмкіндіктерді пайдалана отырып шығарылды», – дейді «Атамұра» баспасының вицепрезиденті Рахима Абрарқызы. Павлодарда облыс мектептеріндегі педагогикалық
сыныптардың оқушылары арасында олимпиада өтті. Оның тапсырмалары шеңберінде оқушылар өздерінің қиялдарын паш етіп, болашақтағы мектептің үлгісін жобалады. Ал «Біздің мұғалімдер» байқауында олар кəсіпті таңдауға əсер еткен ұстаз жайлы əңгімеледі. Петропавлда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 17 жоба қолдауға ие болды. Бұларға жалпы сомасы 326,4 млн. теңге бөлініп отыр. Оралда Махамбеттің 210 жылдығына орай кезекті шара ұйымдастырылды. «Махамбет оқулары» түрінде өткен бұл байқауда облыс мектептерінен дарынды оқушылар қатысып, ақын шығармаларын жатқа оқу, өлең жəне шығарма жазудан сынға түсті. Қызылорда «жедел жəрдем» стансасы жедел жəрдемге мұқтаж. Қазір кезек күттір мейтін сала болып тұрған жүйеге 6 бригада қосып, 15 автокөлік айналымға енгізілмесе, тұрғындардың сұранысы өтелмеген күйі қала бермек. «ҚазАқпарат», Tengrinews, «Қазақстан жаңалықтары» агенттіктерінің хабарлары бойынша дайындалды.
Осының өзі Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында айтқан: «Жиырма жылда Қазақстан ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылықтың үлгісі болып, жаңа тəуелсіз елдер үшін ұлттық табыстың үлгілі моделіне айналды. Бұл – тек күшті халықтарға ғана тəн ұлы қабілет. Біз осындай халыққа айналдық жəне осы биікте қалуға тиіспіз», деген сөзін іс жүзінде көрсеткен құбылыстай болды. Нұрсұлтан Əбішұлы бастаған топ мəртебелі қонақтарға арналған орындарға өткен соң концерттік нөмірлер басталды. Алғашқы болып көпэтносты қазақстандықтардың ұлттық билерінен жасалған композиция қойылды. Əртүрлі ұлттық киімдегі бишілер ойналған музыканың қай халықтікі екеніне қарамай, жүз айналып, мың бұралып,
Айбын
билеп ала жөнеледі. Осынау, түрлі би ұжымдарынан жиналған мыңнан артық өнерпаз қатысқан қойылымдар барша көрерменді көтеріңкі көңіл-күйге бөледі. Алғашқы би нөмірлерінен соң аспанға мың сан түрлі-түсті шарлар да ұшырылды. Бұл көрініске, əсіресе, жас көрермендердің қуанышты үндері қосылып, кең алаңды көңілді шаттыққа бөледі. «Кең байтақ даласы бар, салтанатты қаласы бар, ел бастаған данасы бар Тəуелсіз Қазақстанмен мақтанамын» деген диктор сөзінен кейін Маржан Арапбаеваның орындауындағы патриоттық əнге кезек берілді. Одан əрі Парвиз Назаров, Еділ Құсайынов, Мəдина Сəдуақасова, Əлішер Кəрімов, Алмас Кішкенбаевтар орындаған əндер де қазақстандық бірлік пен ынтымақты мадақтаған
тамаша əндер болды. Сонымен бірге, осы сахнадан «Дервиши» ұжымы, Грузияның ұлттық балеті, Өзбекстан мен Ресейдің би ұжымдары да өнер көрсетті. Айта кететін жайт, əртістер сахнада өнер көрсетіп жатқан сəтте үлкен экрандардан Қазақстан халқы қолөнерінің көркем туындылары да көрсетіліп тұрды. Соның ішінде қазақ халқының кілем, алаша тоқу, білезік, сырға соғу сияқты көздің жауын алатын өнерлері сахна сəнін арттыра түсті. Өнерпаздар ұжымдарын сахнадан біршама тамашалаған Елбасы одан əрі жанындағы ресми адамдармен бірге этномəдени бірлестіктердің 10 шатыры орналасқан қалашықты аралап көрді. Əр шатырда 2-3 этномəдени бірлестік орналасқан екен. Олар қолөнер бұйымдарын, ұлттық
киімдер, музыкалық аспаптар, тұрмыстық заттарды көрмеге қойыпты. Сонымен бірге, тіл үйіретін ұлттық дəмдерін жайып қойған дастарқандар да болды. Мемлекет басшысы олардың əрқайсысына аялдап, үлкен мерекемен бəрін де құттықтады. «Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі ең ұлы мейрамдарымыздың бірі, – деді Президент. – Бірлік адамзат тарихында əрдайым бағаланған. Біз де бірлік арқылы зор биіктерге жеттік, өмірімізді жақсарттық. Қазақстан халқы тəуелсіздік жылдарында бір отбасындай өмір сүрді. Соның арқасында біз табысты мемлекет құра алдық жəне оны күллі əлемге таныттық. Біз бір халық – бір ел – бір тағдырмыз». Сөзінің соңында Нұрсұлтан Əбішұлы қазақстандықтарға бақыт, əр үйге амандық, өсіп-өркендеу тіледі.
Жауынгерлік парадќа əзірлік ќыза тїсті
Отан қорғаушы күні құрметіне өткізілетін жауынгерлік парадта Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Əуе қорғанысы күштерінің 51809 əскери бөлімі С-125 заманауи көп функциялы зениттік-зымырандық кешеннің жауынгерлік мүмкіндіктерін көрсетеді.
Жауынгерлік парадқа дайындық аясында «Отар» 40 əскери базасының полигонында əуе шабуылына қарсы қорғаныс əскерлерінің С-125 ЗЗК мамандары жерүсті нысаналары бойынша жауынгерлік оқ атулар жүргізді. Заманауи зениттік-зымырандық кешен қазіргі орналасқан жеріне жеке құрамымен бірге Ақтаудан келіп жетті. Əскери қызметшілер темір жол көлігімен бірнеше мың шақырымдық марш жасады. Оқу-жаттығу өткізілетін ауданға
Осы күні Астананың еңбектеген жасынан еңкейген кəрісіне дейін «Қазақ Елі» алаңына жиналғандай көрінді. Солардың арасынан біз республикалық Ардагерлер ұйымы Орталық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев ағамызды құттықтап, мерекедегі көңіл-күйін білген едік. «Бұл мереке біздің қуанышты шаттықпен атап өтетін айрықша мейрамымыз. Қазақстан халқы өзінің бірлігінің арқасында зор табыстарға жетіп отырғанын бүгінгі күні бүкіл əлем біледі. Елбасы Н.Назарбаевтың бірлік пен ынтымаққа бастап отырған сарабдал саясатының арқасында Қазақстан бұрын айтып ауызға алудың өзі мүмкін болмайтын зор табыстарға жетті. Мəселен, кешегі ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткеніміз, бүгінгі ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқын еуропалық елдерден жеңіп алғанымыз тəуелсіздігін бізбен бірге алған көптеген елдердің түсіне де кірмейтін табыстар. Сондықтан да мен, аға ұрпақтың өкілі ретінде, еліміздің бірлігі нығая беруін тілеймін. Сонда зор табыстарға қол жеткізе беретін боламыз», деді ол. Осы жерде Қытайдан келген мейман Күлəнда Тұрысбекқызы да жүр екен. «Мен қуанышымды айтып жеткізуге сөзім жетпей тұр. Қазақ халқының осындай табыстарға жетіп, мерекені қуанышпен атап өткендеріне қалай тебіренбессің. Өзіміз Қытайда тұрғанымызбен, біздің көңіліміз осы жақта. Екі балам да осында келіп, қызмет істеп жатыр, енді өзіміз де келеміз», деді ол. Ноғай этномəдени бірлестігінің төрағасы Арсланбек Сұлтанбеков ұйымдарының 2008 жылы құрылғанын, қазір Қазақстанда екі мыңға жуық ноғай барын жеткізді. «Біздің балалар қазаққа оңай сіңіп кетеді, өйткені, біздің тіліміз де, діліміз де бір. Қазақ халқының кеңпейілді мінезін біз жоғары бағалаймыз», – деді ол. «Иə, солай! Иə, солай! Қазақ елі осындай!» деп Маржан Арапбаева орындаған əнде айтылғандай, біртұтас Қазақстан халқы осындай. Бірлігі тұтас берекелі ел. Достығы жарасқан мерекелі ел.
----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
келіп жетісімен жеке құрам тəулік бойы жауынгерлік кезекшілік атқаруға кірісіп кетті. Əуе шабуылына қарсы қорғаныс əскерлері есептоптарының жаттығулары түнгі жəне күндізгі жағдайларда өтуде. Сабақтар барысында есептоптар кешенді өрістету жəне оны ұшыру мəселелерін пысықтауда. Мұнда уақытқа жұмыс істеу шешуші рөл атқарады. Бригада командирі, полковник Жасұлан Берниязов былай дейді: – Барлық нысаналар уақтылы зақымдалды. Көпфункциялы кешеннен зымырандарды ұшыру арнайы жерүсті нысаналары бойынша жүргізілді. Əскери қызметшілер күрделі жағдайларда жауынгерлік үйлесу мəселелерін пысықтады. Барлық жаттығулар штаттық режімде өтуде. Шағын қашықтыққа арналған мобильді С-125 зениттік-зымырандық кешен жылдамдығы жоғары, төмен ұшатын жəне өлшемдері кіші əуе нысаналарын 50ден 20 мың метрге дейінгі биіктікте жəне 40 шақырымға дейінгі қашықтықта жоюға арналған. Ол, сонымен бірге, жерүсті нысаналары бойынша оқ атуға қолданылуы мүмкін. «Егемен-ақпарат».
Бїгінгі нґмірде: Еліме аман жеткеніме ќуанамын 4-бет
Аќ алмастыѕ бір ќыры 5-бет
Халыќшыл Хайретдин 7-бет