02052014

Page 1

Кеше 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін астаналықтар көтеріңкі көңіл-күймен атап өтті. Мерекелік шаралардың ең ауқымдысы «Қазақ елі» монументі алаңында болып, оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

№85 (28309) 2 МАМЫР ЖҰМА 2014 ЖЫЛ

Ўлт бірлігі – ўлы байлыќ

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Бұл күні Астана аспаны жарқы рап, күннің шуағы молынан құйылып тұрды. Мерекеге жиналған халық жұмсақ самал ескен жылы ауада күн нұрына малынып, көңіл-күйлері арта түсті. Сағат тура 11.00 болғанда алаңға Президент Нұрсұлтан Назарбаев келді. Халық Елбасын орындарынан тұрып, қол соға үлкен қошеметпен қарсы алды. Осыдан кейін үлкен сахнаға үш жүргізуші шығып, концерттік нөмірлерді бастап кетті. «Қуаныштан желпілдейді түндігім, Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін. Халқым мəңгі ғұмыр кешсін бақытты, Бір тамырмен байлап қойған кіндігін» деп шалқыды жүргізуші. Келесі кезекте: «Кең байтақ – көз жетпейді жерім менің, Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің, Бүгінде бар əлемге даңқың жетті, Тəуелсіз Қазақстан

– елім менің», деп жалғастырды. Осындай көтеріңкі жыр шашудан соң баяулата басталған қазақы, əсем əндер төгіліп кетті. Халықтың жүрегінен шыққан, ұлт тарихының терең қойнауларынан жеткен нағыз қазақы əндер. Оны жоғарыда бесік шайқап отырған Қазақ-ана бастады. Əн біткенде қасында билеп жүрген түрлі-түсті, қазақстандық көп этносты бейнелеген көп нəсілдің бүлдіршіндері оның құшағына жабысты... Сөйтіп, білікті режиссердің қойылымында осы жолғы театрландырылған көріністер «ə» дегеннен еліміздің діңгегі – Қазақ халқының иісін аңқытып, оның кең құлашты жылы құшағын барлық қазақстандық ұрпаққа молынан танытудан басталғандай болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев театрландырылған көріністі біршама уақыт тамашалаған соң, Қазақстандағы этномəдени бірлестіктер тіккен үйлерден тұратын этноауылға бет алды.

Өздері тұрғызған үйлерде этнобірлестіктер ұлттық тағамдарын əзірлеп, əн-күйлерін дайындап қойған екен. Сонымен бірге, олар өз этносының тұрмыстық ерекшеліктерінен, мəдениеті мен салт-дəстүрлерінен де көріністер əзірлепті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған еліміздің басшылары өздеріне жақындағанда олардың əрқайсысы қуанышпен қарсы алып жатты. Этноауылды аралап болған соң, Елбасы осы жерде БАҚ өкілдерінің алдына келіп, Қазақстан халқын мерекемен құттықтады. – Бүгінгі жарқыраған күннің жазға айналған шағында біз ұлық мереке – 1 Мамырды, яғни халқымыздың бірлік мерекесін атап өтіп отырмыз. Бірлік деген сөздің мағынасы өте тереңде. Егер отбасында бірлік болмаса, ондай отбасының ойраны шығады. Егер компаниялардың, зауытфабрикалардың ішінде бірлік болмаса, ондай кəсіпорындар банкрот

болып, құриды. Егер мемлекеттің ішінде бірлік болмай, əркім көрпені өзіне қарай тартатын болса – ондай мемлекет те күйрейді. Сондықтан барлық тіршіліктің ұйытқысы – бірлік деген ұлы нəрсе. Біз бірліктің арқасында ғана көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Ғасырлар бойы аңсап, қол жеткізген тəуелсіздігімізді сақтау – алдымен қазақ халқының бірлігіне байланысты. Ал біз көп этносты болған соң, барлығын ұйыстыратын бірлік керек. Сондықтан бірлік – біздің болашағымыз, бірлік арқылы тəуелсіздік сақталады. Бірлік арқылы мемлекетті нығайтамыз. Бірлік арқылы халықтың тұрмысы жақсарады əрі болашаққа сенімі артады. Тыныштық пен келісім де осы бірлік бар жерде ғана болады. Бірлік – біздің мемлекеттілігіміздің тұғыры, – деді Президент. Одан əрі Елбасы: егер мемлекетімізде бірлік болмаса, кез келген жеке отбасы да өзін бақытты өмір сүріп жатырмыз

деп айта алмайды. Сондықтан бірліктің бағасын білейік жəне ұрпағымыздың санасына осыны сіңірейік, деді. Келесі кезекте Н.Назарбаев 1 Мамырдың бұрын еңбек мерекесі деп аталғанын еске алды. Біз Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жетеміз деп алдымызға мақсат қойып отырғанда мұның терең мəні бар. Еңбек – адам үшін ең маңызды нəрсе. Егер адам қолымен еңбек етсе – ол еңбекқор, ал егер қолымен де, басымен де жұмыс істесе – ол маман. Ал егер қолымен де, басымен де жəне жүрегімен де жұмыс істесе – ол нағыз хас шебер. Қорыта айтсақ, еңбек қана адамды жоғары нəтижеге, жақсы табысқа апара алады. Еңбекпен табылған тиын ғана қымбат, сол ғана адамға бақыт əкеледі, дей келіп, сөзінің соңында Елбасы Қазақстан халқын мерекемен тағы да құттықтап, бірліктің нығая беруін тіледі. Əр отбасында бақыт, береке орнасын, деді Президент.

Бұл уақытта «Қазақ елі» монументінің қасындағы сахнада түрлі өнер ұжымдары мерекелік шараны барынша қыздырып жатты. Барлық концерттік нөмірлер осы жердегі үш сахнада да бөлекбөлек өткізілді. Оларға барлығы 700-ден астам өнерпаз қатысты. Сонымен бірге, кіші сахнада 400ден аса этномəдени бірлестіктердің өнерпаздары өнер көрсетті. Барлық этностардың арасынан келген өнерпаздардың орындауындағы бұл концерттердің жалпы атауы – «Құрақ көрпе» деп аталған екен. Қандай суықтардан, үйді кезіп кететін ызғырық желдерден қорғайтын апамыздың құрақ көрпесі бүгінгі күні Қазақстан халқы бірлігінің символы болғаны да керемет жарасымды шықты. Қазақстандық барлық этностар өнерлерінің бір орталыққа біріккен əртүрлілігі де көзге ыстық құрақ көрпені елестетті. Енді осы концерттерге қатысқан бірқатар өнер ұжымдарын атай

2014 жылдың Ґзара тиімді ыќпалдастыќ ең басты жаңалығы арнасындаєы əѕгіме Дүниежүзілік банк Тобы

Қазақстанға бəсекелестікті арттыру жəне экономиканы

əртараптандыруға қолдау көрсету үшін 2,5 млрд. доллар қаржы бөлді. Жаһандық қаржы дағдарысы кезінде

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің экономикасы үшін ең беделді экономикалық институт –

Дүниежүзілік банк

тарапынан баламасыз инвестициялық көмек алуға қол жеткізді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзілік банктің өкілдерін қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Дүниежүзілік банк тарапынан кездесуге вице-президент Лора Так, Инвестицияларды кепілдендіру жөніндегі көпжақты агенттіктің вице-президенті Кейко Хонда жəне Халықаралық қаржы корпорациясының вице-президенті Карин Финкельстон қатысты. Қазақстан Президенті экономиканы дамытуға жəне ұзақмерзімді жоспарларды жүзеге асыруға көрсетілген белсенді қолдау үшін ризашылығын білдірді. – Қазақстан аса маңызды серіктесіне айналған Дүниежүзілік банкпен тəуелсіздік жылдарынан бері ынтымақтасып келеді. Сіздердің жұмыстарыңыз біздің елімізге

пайдалы нəтижелер əкелуде жəне ол Қазақстанда жоғары баға алып отыр. Банктің портфелінде міндеттемелерінің жалпы сомасы 3,6 миллиард доллар шамасындағы 10 инвестициялық жоба бар. Соның 1,5 миллиарды игерілді. Бұдан арғы ынтымақтастыққа шақырған жаңа ұсынысымызды қабыл алғандарыңыз үшін ризамын, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің биыл экономиканы дамытуға, ең алдымен, шағын жəне орта бизнесті, сондайақ, индустриялық бағдарламаны жүзеге асыруға 1 триллион теңге бөлетінін еске салды. – Біздің талпыныстарымызды

Дүниежүзілік банктің қолдауы аса маңызды. Сіздің банктеріңіздің қызметі біздің елде жұмыс істегісі келетін өзге де қаржы институттарын қызықтырады деп үміттенемін. Дүниежүзілік банктің тиімділікті, барлық үдерістің ашықтығын арттыру саласындағы айтарлықтай тəжірибесі барын ескеріп, біз сіздерді тиісті келісімге қол қою арқылы осы бастаманы жүзеге асыруға серіктес ретінде шақыруға шешім қабылдадық. Сол үшін біз заңнамамызға өзгеріс енгізіп, инвестициялар үшін қажетті барлық преференциялар мен қолайлы шарттарды ұсынамыз. Сіздердің сапарларыңыз біздің елімізбен қатар банктің өзі үшін де жемісті болады деп есептеймін, – деді Қазақстан Президенті. Дүниежүзілік банк тобының атынан

кететін болсақ, «Наз» би театры, Қазақ ұлттық өнер институтының «Шабыт» би тобы, Өскемен қаласынан келген «Флэш» балет тобы, Қарағандыдан «Искорка» ансамблі, Шымкенттен «Шамсинур» жəне «Айгөлек» би топтары өз өнерлерін астаналықтар алдында ортаға салды. Астана сахнасына бұл күні алыс-жақын шет елдерден де өнер ұжымдары жетіпті. Соның ішінде Чешен Республикасынан «Вайнах», Омбы облысының мемлекеттік би ансамбльдері, Грузия жəне Түркия астаналарының ұлттық хорлары, Германиядан Зитхер, Үндістаннан Мадан Оак, Қытайдан Ч жу сияқты əншілер де өз өнерлерін жарқырата көрсетті. Бұлар дан басқа, қазақстандық көрерменнің көзайымына айналған Өзбекстанның «Ялла» тобы, Ардақ Балажанова, Индира Расылхан жəне т.б. əншілер де концерттік бағдарламаның деңгейін арттыра түсті. (Соңы 2-бетте).

вице-президент Лора Так Қазақстанмен ұзақмерзімді ынтымақтастықты дамытуды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. – Біздің өзара іс-қимылдарымыз түрлі экономикалық жобалардың кең ауқымы аясында жүргізілуде. Ынтымақтастық Қазақстан Дүниежүзілік банкке қосылған 1992 жылы басталды, біз 38 миллион доллар көлеміндегі алғашқы келісімшартымызға қол қойып, бүгінге дейін жалғасып келе жатқан бағыттар бойынша жұмыс жүргізе бастадық. Содан бері Қазақстан макроэкономикалық жəне əлеуметтік көрсеткіштер жөнінен зор ілгерілеуге қол жеткізді. Сондай-ақ, Қазақстанның экономикалық табыстары халықтың барлық топтарына тең бөлінуі үшін үлкен жұмыс атқарылды. Дүниежүзілік банк серіктес ретінде осы үдерістердің бəрін қанағаттанушылықпен бақылап, барлық жетістіктерге атсалысып отырды, – деді Дүниежүзілік банктің вице-президенті. Л. Так «Қазақстан-2050» Стратегиясы Дүниежүзілік банктің жұмыс жоспарымен сəйкес келетінін атап өтті. – Біз Қазақстанның индустриялық экономика құру, жеке секторды, осы саладағы инновациялар мен инвестицияларды қолдайтын арнаулы мемлекеттік саясатын ілгерілету үшін жеделдетілген даму бағдарламасын толығымен қолдаймыз. Қазақстанның саяси реформалар сыртқы сілкіністерге төтеп беру қабілетін арттырып, ұдайы экономикалық өсімді жалғастыруға септігін тигізуі тиіс деген ұстанымын да мақұлдаймыз. Біз Қазақстан тарапымен жұмысты бірлесе жалғастыруға зор құлшынысымызбен дайынбыз, – деді банктің өкілі. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Халықаралық Қайта құру жəне даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы мен Дүниежүзілік банк тобының Инвестицияларды кепілдендіру жөніндегі көпжақты агенттігі арасында Қазақстан Республикасының өсімі мен орнықты дамуына атсалысу мақсатындағы ынтымақтастықты күшейту жөніндегі серіктестік туралы негіздемелік келісімге қол қою рəсімі өтті.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.