Кеше елордадағы «Қазақ елі» монументі алдындағы алаңда 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай «Нұрлы Жол – жеңіс жолы» атты мерекелік шара өтті. Оған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.
№82 (28560) 2 МАМЫР СЕНБІ 2015 ЖЫЛ
ТАТУЛЫЌ ПЕН ТЎРАЌТЫЛЫЌ – ТЫНЫШТЫЌ ТЎЄЫРЫ Елбасы Нўрсўлтан Назарбаев халыќты Бірлік мерекесімен ќўттыќтады
Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Мерекелік жиында сөз алған Елбасы алаңға жиналған жұртшылықты Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтай келе, өткен сайлауда ел азаматтары өздерінің күш-жігері мен бірлігін бүкіл əлемге танытқанын атап көрсетті. «Көпэтносты халықтың тұтастығы мен тұрақтылығы арқасында Қазақстан зор табыстарға жетті. Ел алдында тұрған міндеттерді орындау үшін бірлікті сақтау керек», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті, сондайақ, көрсеткен сенімі мен қолдауы үшін барша халыққа алғысын білдірді. «Мені қолдаған барлық қазақстандықтарға алғыс айтқым келеді. Маған осы күндері еліміз бен əлемнің сан тарапынан, түрлі сала өкілдерінен мыңдаған құт тықтау хаттар мен жеделхаттар, телефон қоңыраулары келіп түсуде. Бəріне үлкен рахмет айтамын. Халыққа қызмет ету – ұлы мəртебе. Мен өзімді осы жұмысқа арнаған адаммын жəне Қазақстанның алға
ілгерілеуі үшін, бізді бүкіл əлем құрметтеуі үшін жəне ел алдында тұрған міндеттерді табысты жүзеге асыру үшін бəрін жасайтын боламын. Біз мұны елдің жəне болашақ ұрпақтың алдындағы
парызымызды орындадық деп айту үшін атқаруға тиіспіз», – деді Мемлекет басшысы. Сөзінің соңында Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандыққа бақ-береке жəне табыс тіледі.
Президент поштасынан
Жарќын жеѕісімен ќўттыќтады Ќазаќстан Президенті Нўрсўлтан Назарбаевтыѕ атына мемлекет, їкімет басшыларынан, халыќаралыќ ўйымдардыѕ жетекшілерінен сайлаудаєы жеѕісіне байланысты ќўттыќтаулар əлі де келіп жатыр Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Муннан құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Пан Ги Мун Нұрсұлтан Назарбаевты лауазымына ресми кірісуімен құттықтады. «Қазақстан мен БҰҰ көптеген салаларда тығыз əрі жан-жақты қарым-қатынас орнатты. Біздің қарымқатынастарымыз Қазақстан халқының жəне бүкіл өңірдің игілігі үшін бұдан əрі де дами береді деп үміттенемін», – делінген жеделхатта. ***
Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты Люксембург Премьер-министрі Ксавье Беттельден құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Ксавье Беттель Люксембург Ұлы Герцогтігі Үкіметінің жəне жеке өзінің атынан Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. «Елдеріміздің арасындағы қарым-қатынастарды нығайту мақсатында Сізбен жəне Сіздің Үкіметпен бірлескен жұмысты жалғастыра беретініме
қуаныштымын. Өзара мүдделестік танытқан екіжақты мəселелерді менің Астанаға мамыр айында болатын сапарым кезінде Сізбен талқылау мүмкіндігін тағатсыздана күтудемін», – делінген жеделхатта. Люксембург Премьер-министрі Қазақстан Президентіне жауапты лауазымдағы жұмысына табыс тіледі. ***
Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты Италия Президенті Серджио Маттарелладан құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
С.Маттарелла Италия халқының жəне жеке өзінің атынан Нұрсұлтан Назарбаевты жеңісімен құттықтады. «Қазақстан мен Италия арасындағы дəстүрлі энергетика жəне басқа да салалардағы жемісті ынтымақтастығымыздың бағыты дұрыс. Қазақстан Сіздің басшылығыңыз арқылы Еуропалық одақпен қарым-қатынастарын, сондай-ақ, Астана мен Рим арасындағы байланыстарды нығайтуды жалғастыратынына сенемін», – делінген құттықтауда. Италия Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жəне бүкіл елімізге бақ-береке тіледі. (Соңы 6-бетте).
Мерекелік шара аясында, сонымен қатар, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Оған «МузАРТ», «Алашұлы» топтары, Ардақ Балажанова, Маржан Арапбаева, Алмас Кішкенбаев, Сүндет
Байғожин, Əсел Сəдуақасова, Диана Шарапова, Евгений Гартунг секілді Қазақстанның эстрада өнерпаздары қатысты. Жиналған қауымға елорданың жəне республиканың шығармашылық
ұжымдары, оның ішінде Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының өкілдері, елордалық цирк, «Жастар», Қуыршақ жəне Көңіл ді тапқырлар клубының театр лары, «Наз»
мемлекеттік би театры өнер көрсетті. Бірлік күнін атап өту үшін Астанаға өңірлік этномəдени бірлестіктердің өкілдері де арнайы келіпті. Олардың арасында Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарының өнер ұжымдары бар. «Қазақ елі» монументі алаңының аумағында мерекеге орай этноауылдар тігіліп, ол жерлерде елорданың ғана емес, басқа да қалалардың этномəдени бірлестіктері өз ұлтының мəдениетін, болмысын, достық дəстүрі мен қонақжайлылығын паш етті. Бірлік күніне арналған концерттік бағдарламалар мен халықтық серуендер, сонымен қатар, Астананың «Бəйтерек» монументі, елордалық əкімдік алдын дағы алаңдарда, Ғашықтар жəне Студенттер саябақтарында, «Жастар театры» алдында жəне Есіл өзені жағалауында ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл күй сыйлады.
----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Ел тынысы: мың бір мысал
Студенттер сирек кездесетін шґптерді зерттейді Оралхан ДƏУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Мойынқұмның кең даласында сұңғыла деген шөп өседі. Ел оны кейде «сайсағыз» деп атаса, ғылыми əдебиеттерде «цистанхе» деп көрсетілген. Бұл өсімдік Қытай, Корея, АҚШта таза түрінде немесе дəрілік өсімдік ретінде қолданылады. Көп өндірілгендіктен соңғы жылдары бұл елдерде сұңғыланың қоры азайған. Ал Қазақстанда бұл өсімдіктің қоры жеткілікті. Бастапқыда Алматы облысының Бақанас жəне Жамбыл облысының Мойынқұм ауылында өндірілуші еді. Соңғы жылдары тек Мойынқұм жерінен ғана жиналуда. Себебі, осы аймақта өсетін сұңғыла өсімдігінің химиялық құрамы сапалық жағынан ерекшелігі бар. Алғашқы кезде жылына 300 тоннаға дейін жиналса, кейінгі жылдары бұл 20-30 тоннаны құрап отыр. Жақында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің жанынан құрылған «Фитохимия» оқу ғылыми-өндіріс орталығының тұсаукесері өтті. Яғни, биология мамандығында оқитын студенттер мен магистранттар іс-тəжірибеден өтетін көлемі 8 сотық болатын, оңтүстіккореялық «KOREAGREENHOUSE CO LTD» компаниясының инно вациялық технологиялары бойынша жасалған жылыжай ашылды. Міне, осы «Фитохимия» орталығы өндіріске ендірілу үшін, механика-химиялық əдістердің көмегімен медицинада қолдану аясы кең, Қазақстан флора сындағы фармакологиялық құнды, экономикалық жағынан маңызды өсімдіктер қатарын толықтырған сұңғыланы тереңірек зерттеуге кірісіп кетті. Осы іске мұрындық болған су шаруашылығы, экология жəне құрылыс факультетінің
биология кафедрасы қазіргі таңда Жамбыл облысының толыққанды экономикалық дамуы мен өркендеуіне қомақты үлесін қосып отырған, өңіріміздегі таңдаулы ғылы мизияткерлік жəне ақпараттық-мəдени орталықтарының біріне айналып отыр деп айтуға толық негіз бар. Олар облыстық орман шаруа шылығы қорымен тығыз байланыс орнатқан. Толықтай компьютерлендірілген жылыжай тамшылатып суару технологиясын қолданады. Тəжірибе ретінде алғаш рет өнімділігі жоғары голландиялық қызанақтың «махитус» сорты өсірілуде.
Сонымен қатар, жылыжайда 4 000 данаға жуық жоғары сортты голландиялық қияр, қызанақ жəне бұрыш түрлерінен мол өнім алу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, орталық Жамбыл облысының бірқатар дəрілік құнды (сүйелшөп, андыз, мия, т.б) өсімдіктерінен наноұнтақ алу мен сулы экстракты жəне түрлі көкөніс, жемісжидектердің түрлерін кептірумен айналысады. Оларды арнаулы полиэтилен қалташаларға салып дайындайды. Жамбыл облысы.