02062015

Page 1

Бїгінгі нґмірде: Мемлекеттік ќызмет мінсіз болуы тиіс

№101 (28579) 2 МАУСЫМ СЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

4-бет «С.Ќ.»-ныѕ сарбазы 7-бет «Сені ќалай ќорєаймыз, бїлдіршін ќыз?» 8-бет «Астана» велокомандасы топ жарды 16-бет

● Өңір өмірі

ЖАНДАНУ

Ауылдарда сїт ќабылдау орындары ашылуда

Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Шығыс Қазақстан облысы елімізде сүт өндіру саласында алғашқы орында екені белгілі. Өңір басшысы Даниал Ахметов биыл тұрғындар алдындағы есептік кездесуінде

облыс көлемінде 37 тауарлы сүт фермалары құрылатынын айтқан болатын. Осы орайда, облыс көлемінде халықтан сүт сатып алуды ұйымдастыру, сүт қабылдау бекеттерін ашу жəне сүт өңдеу кəсіпорындарының əлеуетін нығайтудың кешенді жұмыстары қолға алынды. Облыс əкімі Даниал Ахметов Жарма

ауданына жұмыс сапары барысында Бірлік ауылындағы «Имаділов» шаруа қожалығында ашылған сүт қабылдау бекетімен танысты. Ресейден əкелінген «Fresh milk» сүт қабылдау пункті халықтан күнделікті 850 литр көлемінде сүт қабылдауға есептелген екен. Тұрғындар тапсырған сүт əрі қарай өңірдің сүт зауыттарына жеткізіледі. Аталған құрылғы «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ несиелеу желісі арқылы 3,2 млн. теңгеге сатып алынды. – Бұрын ауыл тұрғындарының сүт жинауға қауқары жоқ болатын. Бүгінде біз сүттің бір литрін 60 теңге көлемінде сатып аламыз. Тек біздің ауылдық округтің өзінде күн сайын 184 отбасы сүт өткізеді, – деді шаруа қожалығының басшысы Ерболат Имаділов. Өңір басшысы сүт жинауда санитарлықэпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуы қажеттігін атап өтті. – Сүт арнайы бидон ыдыстарына құйылып тапсырылуы тиіс. Егер сүтті басқа ыдысқа құйып алып келсе, қабылдамаған жөн. Осындай қатаң шараларды қолдану арқылы ғана біз сапалы əрі қауіпсіз сүт өнімдерін алуға қол жеткіземіз. Бұл ретте əлемдік талаптарға сай келетін сүт қабылдау пункттерін ұйымдастырудың маңызы ерекше, – деді Даниал Ахметов. Жоспар бойынша Жарма ауданында 2016 жылға дейін 5 сүт қабылдау бекеті жұмыс істейтін болады. Ал облыс көлемінде 37 тауарлы сүт фермасы құрылып, 115 елді мекенде сүт жинауды ұйымдастыру көзделіп отыр. Бұл өңірдегі сүт өңдеу кəсіпорындарын 54 пайызға шикізатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы.

Ќазаќстан таєылымына арналєан халыќаралыќ семинар Астанада Ќазаќстандаєы жаппай ќырып-жоятын ќаруды жою тарихы туралы халыќаралыќ семинар ашылды Кеше Астанада «Нанн-Лугар бағдарламасының сындарлы тарихы» жобасы аясында «Жаһандық қауіпсіздікке қауіпқатерлерді азайту: Қазақстан тағылымы» атты халықаралық семинар басталды. Аталған жоба өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында америкалық сенаторлар Сэм Нанн мен Ричард Лугар бастамашылық танытқан Қауіп-қатерлерді бірлесіп қысқарту (ҚБҚ) бағдарламасына қатысушылардың ақпараттарын, құжаттарын,

материалдарын, сондай-ақ, ауызша естеліктерін жинақтау мен жүйелендіруге бағытталып отыр. Сон дай-ақ, бағдарлама Кеңес Одағының мұрагер мемлекеттері ретінде Қазақстанға, Беларуське, Ресей мен Украинаға КСРО мен АҚШ арасындағы Стратегиялық

● Үкімет назарына

Ќауіпсіздік шаралары кїшейтілмек

Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне жəне Алматыдағы 28-ші қысқы Дүниежүзілік универсиада – 2017-ге дайындық жəне өткізу кезеңінде қауіпсіздік пен құқық тəртібін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар қалыптастыру үшін Ведомствоаралық комиссия отырысын өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Отырыс қорытындысы бойынша, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясына, Астана жəне Алматы əкімдіктеріне, құқық қорғау органдарына салынып жатқан ЭКСПО жəне Универсиада нысандарын күзетуді күшейту, фото жəне бейнетіркеу жүйесі жұмыстарын қамтамасыз ету, айналасын тексеру жабдықтарымен

Ґзекті мəселеге ґрелі кґзќарас

Экология мəсе лелері жəне табиғат пайдалану комитетінің ұйымдастыруымен «Қазақстанның мұнай-газ секторын дамыту проблемалары мен перспективалары» тақыры бында парламенттік тыңдау өтті, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі. Маңызды шараны Мəжіліс Төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева жүргізді. Тақырып төңірегінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев сөз сөйлеп, мұнай-газ саласы тиімділігін арттыру жолында Үкімет тарапынан атқарылып жатқан шараларға тоқталды. Атап өткеніндей, қазіргі уақытта Елбасының тапсырмасы бойынша елімізде төртінші мұнай өңдеу зауытын салудың техникалықэкономикалық негіздемесін жасау бағытында жұмыстар қолға алынуда. Сондай-ақ, жыл соңына дейін Қазақстанның кен орындарында мұнайды тиімді өндіруді арттыру бойынша жобаны іске асырудың жағдайы, жоспарлары жəне болжамы тұрғысында сараптамалық талдау жүргізіледі. Талқыланып отырған мəселе бойынша Энергетика министрі В. Школьник пен парламенттік тыңдауды дайындау жөніндегі уақытша арнайы комиссияның жетекшісі, Мəжіліс депутаты Шавхат Өтемісов баяндама жасады. (Соңы 6-бетте).

жəне күзеттің арнаулы инженерліктехникалық құралдарымен жабдықтау жөнінде тапсырма берілді. Оның сыртында ЭКСПО жəне Универсиада құрылыстарының нысандарында қызмет көрсетуге тартылған күзет ұйымдары қызметкерлерін жарақтандыру жəне оқыту бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

● Оймақтай ой Адам баласының қолымен жасалғанның бəрі – уақыт пен төзімнің жемісі. Оноре де БАЛЬЗАК.

Отандыќ ґнім ошаєыныѕ отын ґшірмейік Қорғанбек АМАНЖОЛ, Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ,

шабуылдаушы қаруларды (СШҚ1) жою туралы шарт ережелерін орын дауда практикалық ықпал етуді қарастырады. Семинарға шамамен 30-шақты Нанн-Лугар бағдарламасын жүзеге асыруға тікелей атсалысқан қазақстандық, ресейлік жəне америкалық дипломаттар, əскерилер, ғалымдар жəне сарапшылар қатысуда. (Соңы 2-бетте).

● Еркін елдің ертеңі Жас толқын, үкілі үміт тірегімізді азат ой мен кемел білімге баулуда облыстық балалар жəне жасөспірімдер шығармашылық орталығы үлкен жұмыстар атқарып келеді. Біз оның директоры Владимир НОВИКПЕН əңгімелесу барысында көп жайтқа қаныққандай болдық.

Асќаќ сезім иелеріне жол ашыќ

«Егемен Қазақстан».

Əңгімені əлқиссадан бастайық. Көкірек көзі ояу кімге болсын белгілі бір жай, жеңіл өнеркəсіп əлемнің көптеген елдерінің бюджет қоржынын салмақтандырып отырған негізгі экономика салаларының бірінен саналады. Оған мақта-мата, тоқыма, тігін, тері-былғары жəне аяқ киім салалары кіретіндігі де айдай ақиқат. Ал енді кеңестік кезеңде біздің жеңіл өнеркəсібіміз Қазақстанның ең өркенді, дамыған салаларының бірі болып, ондағы кəсіпорындар саны мыңнан асып жығылған, сөйтіп, республика бюджетінің төрттен бірін ортақ қазанға опырып салып отырған. Қазақстанда іс жүзінде жеңіл өнеркəсіптің барлық бағыттары ілкімді жолға қойылған 18 тігін фабрикасымен қатар Алматы мақта-мата комбинаты, яғни, атақты АХБК, Қостанай жəне Семей мауыты-шұға комбинаттары, Жамбыл былғары-аяқ киім комбинаты сияқты дабылы жер жарған алып кəсіпорындар жұмыс істеді. Олардың көпшілігінің өнімдері, тіпті, Батыс елдеріне де экспортталып тұрды. (Соңы 6-бетте).

● Алаңдатарлық ахуал

Киік неге ќырылып жатыр? Оєан ќашан тоќтам табылады?

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан».

ХХ ғасырдың бас кезеңінде сұлулық атаулының символындай ақсұңқар ақын Сəкен Сейфуллин қаламынан туған мына бір жыр жолдары еске түседі: «Ақбөкен сахараның ботакөзі, Атты екен қандай мерген көзі қиып?!». Осы айтылғандай, енді ХХІ ғасырдың басында да қазақ даласының кие-көркіндей, қазақ жанының бір сипатын танытар сол түз жануарларын қорғамаса болмайтындай апатты жағдайлардың орын алып отырғандығы қатты қынжылтады. Елім, жерім деген, Отанын сүйген əрбір азаматтың жанына батады, жүрегін ауыртады. Əлбетте, бірер аптаның ішінде 120 мыңнан астам киік қырылып қалған бұл апатты жағдайды «Қазақстанның экологиялық жұмбағы» деп атап, халықаралық деңгейде назар аударылып жатқанда, ол өз елімізде

де соңғы уақыттардағы ең өзекті тақырыптардың біріне айналған. Бұл туралы Парламент Мəжілісінде депутаттық сауал салынып, дабыл қағылды. Осы мəселе кеше Қазақстан Жазушылар одағында бірқатар қоғамдық ұйымдардың мұрындық болуымен ұйымдастырылған алқа-қотан əңгіме барысында да сөз етілді. Халықаралық Адам институтының президенті, Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, Еуропа жаратылыстану ғылымдары академиясының мүшесі Жанұзақ Əкім, Қазақстанның экологиялық одағы мен «Табиғат» қауымдастығының президенті Мэлс Елеусізов, Зоология институтының аға ғылыми қызметкері Рысбек Байдəулетов, «Президент жəне халық» газетінің бас редакторы Марат Тоқашбаев, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, ақын Маралтай Райымбекұлы, Ғ.Мүсірепов атындағы қор төрағасы Ғабиден Жəкеев жəне басқалар аталған проблема төңірегінде өз пікірпайымдарын қалтқысыз білдірді. (Соңы 9-бетте).

– Владимир Францевич, бүгінгі күннің жастары сабаққа енжар, жаңалыққа құлықсыз, жаман əдеттерге үйір, жылтыраққа əуес деген пікірлерді жиі естиміз. Шынында да солай ма? Тəжірибелі маман ретінде не айтар едіңіз? – Бəріміз де бала болғанбыз. Балалықтың бал дəуренін бастан кеше отырып, аңғалдыққа, алаңғасарлыққа талай ұрынсақ та, əр кезеңнің өзіне тəн қасиеттері болатынын ескерген жөн. Жалпы, өз басым, біржақты пікірлерді қабылдай қоймаймын. Сəмбі талдай желкілдеп өсіп келе жатқан өскелең ұрпақты күйелей бергенше қазақстандық патриотизм қасиеттерін ұялатуға тамшыдай болса да үлес қосуға кеңес берер едім. Көп жылғы ұстаздық тəжірибемнен байқағаным; жасөспірім балғындардың білсем, үйренсем деген романтикалық асқақ сезімге толы армандары мен ынта-жігерлері, қоғамдық белсенділіктері мені əркез тəнті етеді. Орталық 16 жылдың бедерінде небір талантты, талапты, зерделі де зейінді балаларды ұшырып шығарды. Қазір олардың еліміздің əр қиырында жемісті еңбек етіп жүргені қуантады. Бүгінде орталықта жұмыс істейтін 60қа тарта бірлестіктерге бір мыңға жуық балалар мен жасөспірімдер, олардың жартысынан астамы бюджет есебінен тартылған. Үйірмелер мен студияларға 4 жастан бастап жазылушылардың қатары жыл өткен сайын артып келеді. Мектеп бітіргенге дейін осында қанаттанып, білімдерін толыстырады. (Соңы 8-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.