АҚПАРАТТАР аєыны ● Үкімет агроөнеркəсіп кешеніне жыл соңына дейін 50 млрд. теңге инвестиция тартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы айтқан Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевтың мəліметіне қарағанда, саланы қаржылық сауықтыру бағытында соңғы үш айда 170 млрд. теңгеден астам сомаға 172 қарыз алушының өтінімдері мақұлданған. Бүгінгі таңда мұнда 13 млрд. теңгені құрайтын 20 инвестициялық жоба пайдалануға берілген. ● Қазақстан жыл аяғына дейін экспортқа 10 мың тонна жоғары сапалы ірі қара етін жөнелтеді. Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков жобаның 2011 жылы Елбасы тапсырмасына сəйкес жасалғанын, оның 2012 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқанын жеткізді. «Қазіргі кезге 1 мың 350 тонна ет экспортқа жіберілді», деді ол. ● Алматы қаласында еліміз дегі тұңғыш түнгі веложарыс өтеді. Астана күніне орай ұйымдастырылғалы тұрған шараны қала əкімдігі қолға алды. Түнгі веложарыс 4 шілде күні кешкі сағат 22:00-де ƏлФараби даңғылы мен Тəттімбет көшесінің қиылысынан басталады. ● Шығыс Қазақстанда сүт өңдеуші кəсіпорындарға 467 млн. теңге қаржы бөлінеді. «Агро бизнес-2020» бағ дарламасы шеңберінде қолға алынған бұл қанатқақты жоба шикізат бағасының қымбаттығына байланысты туындаған проблемаларды шешуге көмектеседі. ● Қызылорда облысының прокуратурасы биылғы 5 айда алаяқтық дерегімен 452 қылмыс тық іс қозғады. Бүгінде бұлардың 191-і сотқа жіберілген. Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің баян дауынша, 114 фактіде алаяқтар «несие алуға көмектесемін» деп жұртты алдаса, 75-інде қолжетімді бағамен ипотекалық несие алып беруге уəде еткен. ● Павлодарда жалға берілетін тұрғын үй құрылысы басталды. «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ жалпы алаңы 9 457,92 шаршы метрлік көп пəтерлі тұрғын үй құрылысын қаржыландырады. Жайлылығы төртінші класты 9 қабатты тұрғын үйді қаржыландырудың жалпы сомасы 870 млн. теңгені құрайды. ● Қостанай облысында төртінші рет жастар күні аталып өтті. Оған маусым айының соңғы үш күні арналды. Орталық стадионда керуен керген шеруге спортшылар, əншілер, педагогикалық жасақтар, жастар ұйымдарының жəне ірі өнеркəсіп орындарының қыз мет керлері қатысты. «ҚазАқпарат», Аltaynews.kz, Аlau.kz, Egemen. kz агенттіктері сайттарының деректері бойынша дайындалды.
№128 (28352) 2 ШІЛДЕ СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
АСЌАЌТА, АСТАНА!
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елорданың денсаулық сақтау саласын заманауи озық технологиялармен қаруланған, жоғары өркениет талаптарына сай сапалы қызмет көрсететін деңгейге көтеру мақсатында реформаторлық міндеттерді жүзеге асырды. Бүгінде Астана қаласының медицинасы қала тұрғындарының ғана емес, бүкіл қазақстандықтардың денсаулығын сақтау мақсатында кешенді қызмет көрсетеді. Біз астаналықтардың сұранысы мен қазақстандықтар мүддесі жолында тың бастамаларға ұйытқы болып отырған елордалық денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысымен танысу мақсатында қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айгүл СЕГІЗБАЕВАНЫ əңгімеге тартқан едік.
«Хилтон» кешенінде болды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Хилтон» əкімшілік-қонақүй кешенінде болды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы құрылысы 2011 жылғы қарашада басталған жаңа ғимаратты аралап көрді. Астанада Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан кешеннің жалпы алаңы 15 мың шаршы метрден асады. 4 жұлдызды отельдер санатына
жататын қонақүйдің 248 жатын нөмірі бар. Орта бағамды Hilton Worldwide бренді саналатын Hilton Garden Inn Ұлыбритания, Ресей, Италия, Германия, Польша, Нидерланд, Испания, Франция жəне Түркия секілді көптеген əлемнің елдерін қамтыған.
Елбасыныѕ апталыќ кестесі 2 шілдеде Үкіметтің елді индустриялық-инно вациялық дамыту бағдар ламасын жүзеге асыру жұ мыстары туралы есебі тыңдалады. Оның аясында республикалық телекөпір өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Назарбаев
Орталығының жаңа ғимаратын аралап көреді жəне Ұлттық мұражайдың ашылу салтанатына қатысады. 3 шілдеде Президенттің ЭКСПО-2017 көрмесі нысандарының құрылыс аумағына баруы жоспарланған. 4 шілдеде Елбасы «Атамекен» этномемориалдық кешенінде Мемлекеттік ту көтеру салтанатына қатысады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Жағымды жаңалық
Қазақстан Республикасы Байланыс жəне ақпарат агенттігінің бастамасы бойынша қолға алынған «Телегазет» жобасы «Отау ТВ» арқылы «Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» газеттерін 3 миллион адамның оқуына мүмкіндік береді.
«Телегазет» топтамасын 7-беттен оқисыздар.
Басты парыз – Айгүл Кимқызы, Астана қаласында бүгінгі заманның озық технологияларымен жабдықталған клиникалар кешені жеткілікті. Қалалық денсаулық сақтау жүйесіне жататын мекемелер жəне олардың материалдық-техникалық базасы хақында айтып өтсеңіз.
Жылдыѕ жол картасы ќабылданды
Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Үкіметтің дəстүрлі отырысының қорытындыларына арналған брифинг өтті. Онда үш ведомство басшысы Үкіметте қаралған мəселелер туралы əңгімеледі. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».
Министрлерді бастап келген Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев Əлеуметтік-экономикалық саясаттың 2014 жылға арналған жол картасының 38 iс-шарасы орындалғанын айтты. «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылғы сəуірде Үкімет Əлеуметтік-экономикалық саясаттың 2014 жылға арналған бiрiншi кезектегi шараларының жол картасын қабылдады. Жол картасы 10 бағыт бойынша 67 іс-шарадан тұрады. Бүгінгі күні 38 іс-шара орындалды. 29 іс-шара орындалуда. Бесеуі ағымдағы жылғы екінші жартыжылдыққа жоспарланған. Тағы 5 іс-шараның орындалу мерзімі тоқсан сайын жəне жартыжылдық кезеңге белгіленген. Жол картасының шеңберінде жоспарланған 4 жоба Президент Əкімшілігіне енгізілді. 7 жоба бойынша 4 заң қабылданды. Үш заң жобасы биылғы жылдың екінші жартыжылдығында əзірленеді деп жоспарланған. Үкімет қаулыларының 8 жобасы дайындалып, олар қабылданды», деді Е.Досаев. Ведомство басшысы Жол картасын орындау аясында макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралардың нəтижесi туралы да айтты. «Ұлттық валюта бағамы түзетілгеннен кейін инфляциялық процестерді жоспарланған дəлізде ұстап тұру үшін шаралар қабылданды. Бес айдың қорытындысы бойынша ағымдағы инфляция көрсеткіші 4,5 пайызды құрады. (Соңы 8-бетте).
– Мемлекет басшысының тікелей қамқорлығының арқасында астаналық денсаулық сақтау саласы бүгінгі өскелең талаптарға сай жабдықталуда. Қазір елорданың денсаулық сақтау құрылымында 34 медициналық ұйым жұмыс істейді, олардың ішінде 11 емхана, 14 аурухана, 1 медициналық
жедел көмек көрсету стансасы, 2 білім беру жəне басқа мекемелер бар. Бұл медициналық ұйымдар жетекші əлемдік өндірушілердің заманауи құрал-жабдықтарымен, соңғы үлгідегі медициналық технологиялық жүйелерімен жабдықталған. Олар сырқатты тексеру мен жедел де жоспарлы тəртіптегі емдеудің кез келген заманауи түрлерін жүргізуге мүмкіндік береді. (Соңы 10-бетте).
Мерей
Балуанєа лайыќ ќўрмет
Жерлестері Мўхит Тўрсыновќа їш бґлмелі пəтер мен «Киа Рио» автокґлігін сыйєа тартты Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
Миллиондаған көрерменді теле дидарға телміртіп, барша қазақ стан дықтарды баураған, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесіне арналған «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы Мұхит Тұрсыновты шығысқазақстандықтар əуежайдан зор қошеметпен қарсы алды. Өскеменнің халықаралық əуе жайы алдында жиылған жұртта қисап жоқ. Терминалдан шыға берісте Мұхит бастаған сайыпқыран ұлдарды өңір басшысы Бердібек Сапарбаев бастаған қалың қауым ыстық ықыласпен құттықтап жатса, нəзира қыздар гүл шоқтарын сыйлап, ақ кимешекті əжелер шашуларын шашты. «Қазақтың қанынан бөлінбеген үш өнері бар: аламан бəйге, айтыс жəне қазақ күресі» деп заңғар жазушы Мұхтар Əуезов айтқандай, топы рағында балуандықтың құнары бар, жерге қаратпас балуан ұланы бар Шығыс – ежелден балуандарға бай өлке. Сондықтан Жанəділ Атаев, Тоқан Базарханов, Самат Рамазанов, Дəулет Тұрлыханов сынды даңқты балуандар тəрбиелеген өңірдің биыл екінші мəрте «Қазақстан барысы» атағын жеңіп алуы заңдылық. Спорт ардагері, еркін күрестен КСРО спорт шебері, КСРО еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тоқан Базарханов дүбірлі додада ел мерейін тасытқан Мұхитты құшағына қысты. Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының президенті Серік Төкеев шығысқазақстандықтарды жеңісімен құттықтай отырып, қазақ күресінің қанатын кеңге жайып келе жатқанын жеткізді.
Бұдан соң «Қазақстан барысы – 2014» жеңімпазын ортаға алған қауым об лыс орталығындағы хакім Абайдың ескерт кішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Балуанға құрмет көрсету шарасы одан əрі Ертіс өзенінің жағасындағы амфитеатрда жалғасты. – Балуан Шолақ, Иманжүсіп, Қажымұқан аталарымыз салған сара жолды Шалқар Жоламанов, Айбек Нұғымаров сынды бауырларымыз жалғастырып, ел мерейін үстем етті. Міне, енді Мұхит Тұрсынов Шығыстың даңқын Қазақстанға, теледидар арқылы тамашалаған жүзге жуық елдерге паш етті. Президент
жүлдесі үшін төртінші рет өткен «Қазақстан барысы» турниріне таңдаулы деген 28 балуан қатысты. Мұхит бауырымыз Абай мен Шəкəрімнің, Мұхтардың, Қасымның туған жерінің абыройын асқақтатты. Бұл – өңіріміз үшін екінші жеңіс! Былтыр Айбек жеңіспен оралса, оның алдында Айбек – күміс, Шалқар – қола белбеу иегері атанғаны есімізде. Яғни, Шығыс елінің қасиетті жер екенін, өңірден шыққан азаматтарды əр уақытта ата-бабалардың аруақтары қолдап жүретінін көреміз, – деді аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев. (Соңы 12-бетте).