Бїгінгі нґмірде:
№149 (28373) 2 ТАМЫЗ СЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
● Ел тынысы: мың бір мысал
Атаќты Алматы апорты
Ќазаќстан Республикасы Президентініѕ «Мемлекеттік ќызметтіѕ кадр резерві туралы» 2003 жылєы 4 желтоќсандаєы №1243 жəне «Мемлекеттік ќызметшілер лауазымдарыныѕ тізілімін бекіту туралы» 2013 жылєы 7 наурыздаєы №523 жарлыќтарына ґзгерістер мен толыќтырулар енгізу туралы
Оныѕ ґніп-ґсіп, бўрынєы даѕќына ие болатын кїн де таяу Өсімдіктерді қорғау жəне карантинге алу ғылыми-зерттеу институты биылғы күзде арнайы шыны құтыда өсірілген мыңнан аса екі жылдық апорт жемісінің жас өскінін Жетісу жеріне отырғызамыз деп жоспарлап отыр. 2015-2016 жылдары көлемі 10 гектар жерге отырғызылатын көшет жұмыстары еліміздегі тəжірибелік нұсқаның ең ауқымды мысалы болмақ. Əйгілі Алматы апортының өмірге қайта келер қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Абай САҒИТОВПЕН əңгімелескен едік. – Абай аға, əйгілі Алматы апортын қайта өмірге əкелу жұмысы қалай басталды? – 2009 жылы Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Алматы апортын өмірге қайта əкелу жөнінде іргелі зерттеу жұмыстарына конкурс жариялаған еді. Біздің ғылыми институт апорт тұқымының генетикалық сапасын жоғалтпай іріктелген тұқымын табиғи жағдайға дағдыландыру-телу арқылы қайта өмірге келтіру жобасымен сол конкурсты жеңіп, ғылыми тұрғыдан өзін өзі дəлелдейтін ең тиімді жоба ретінде танылған болатын. Апорт тұқымын кешенді түрде зерттеу үшін жəне жобаның биотехнологиялық жұмыстарын тыңғылықты атқару үшін біздің институт отандық Өсімдік биологиясы жəне биотехнологиясы институтының
Ыќпалдастыќ – ынтымаќ ырысы 3-бет Жан жырлары – болмыс сырлары 5-бет Еѕбекке енжарлар кґбейіп барады 6-бет Ќайраѕда ќалєан ќўќыќ 7-бет
Қаулы етемін:
мамандарын жұмылдырып отыр. Бұл дегеніңіз, өзіміздің бұрынғы апортымыздың генетикалық кодын жоғалтпастан, ең үздік сортын микроклондық тəсіл арқылы қайта өмірге əкелу əдісі толыққанды ғылыми тұрғыда өз табиғатымызға сай жүргізіледі деген сөз. Аталмыш екі институттың бірлесе жұмыс істеуі нəтижесінде 2009-2011 жылдар аралығында «жаңа өскін» – əйнек құтыдағы апорт көшеті дүниеге келіп, ол жетіл ді рі ліп жасанды жерде, яғни «кон тей нерлік мəдени» жолмен жылы жайға біртіндеп дағдыландыру тəсілі бойынша көшеттендірілді. – «Жаңа апорт» тұқымын аз уақыт аралығында өмірге келтіру оңай шаруа емес. Десек
АҚПАРАТТАР аєыны
● Қазақстанда өндірілген у ран көлемі 5 650 тоннаға жетті. Жылдың бірінші жартыжылдығында «Қазатомөнеркəсіп» ҰАК» АҚ бағынышты «Үлбі металлургия зауыты» АҚ 476 тонна бериллий жəне 65 тонна тантал өнімдерін өндірді. Ал «Astana Solar» ЖШС екінші тоқсанда жиынтық қуаты 2,2 МВт энергияға тең 9 231 панель шығарған. ● Қазақстан ет экспортын еселей түсуге бағыт ұстап отыр. Бұл жұмыстарды үйлестіруші «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі басқарма төра ға сының орынбасары Қайрат Ай туғановтың айтуынша, холдинг биылғы жыл басынан республика агроөнеркəсіптік кешенін қолдауға 101,6 млрд. теңге бөліп, оның 88,3 млрд. теңгесін несиелендіруге жұмсаған. Сондай-ақ, «ҚазАгроҚаржы» Ресей компанияларынан 126,2 млн. теңгеге 486 бас қазақы ақ бас жəне «Герефорд» тұқымды ірі қара малды сатып алуға қаражат қарастырған. ● Биыл Қазақстанда жаңа 2 теміржол бағыты қатарға қосылады. Олар Жезқазған – Бей неу жəне Арқалық – Шұбаркөл аралықтарын бір-бірімен жал ғас тырады. Бұлардың алғашқысы – 988, екіншісі 214 шақырым қашықтықтарды байланыстырады. ● Кеше Астанадағы ең биік жаңа мейманхана – «Astana Marriot Hotel» есігін айқара ашты. Елорданың сол жаға лау ын дағы Достық көшесінде орналасқан 28 қабатты ғимарат 271 жатын бөлмеден, 6 əмбебап конференция залы мен 3 мейрамханадан, жарақты жаттығу залы мен жабық бассейні бар денсаулық клубынан тұрады. ● «Almaz tourizm» клиенттері үшін байланыс желісі ашылды. Туризм индустриясы комитеті қатарға қосқан бұл желі тəулік бойы қызмет көрсетеді. ● Шығыс Қазақстанда үдемелі инновациялық жоба бойынша 37
те, осы тарихи тəжірибелік жұмыстың кейбір құпияларын сөз етсеңіз? – «Жаңа апорт» тұқымын алу үшін біздің ғалымдар Іле жəне Жоңғар Алатауына арнайы экспедиция ұйымдастырып, жергілікті Сиверс тұқымды тау алмасынан будандастыру үшін 11 түрлі алма ағашы таңдап алынды. 2012 жылы əлгі 11 түп ағаштың аналық бұтақтары арнайы жылыжайға көшіріліп, олардың құнарлы сабақтарына микроклон əдісімен апорт тіндері енгізілді. Бұйыртса, биылғы күзде мыңнан аса екі жылдық апорт көшеті табиғи жағдайға көшіріліп, Жетісу жерінің тың топырағына отырғызылады.
жоба жүзеге асырылды. Облыс əкімі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, құны 201 млрд. теңге тұратын бұл жобалар аймақтың əлеуметтікэкономикалық ахуалын жақсартуға серпін беруде. Жалпы, өңірдің «Индустрияландыру картасына» инвестициялық құны 685 млрд. теңгеден астам қаржыға лайықтанған 61 жоба енгізілген. ● Ақмола облысындағы Ақкөл заманауи халықаралық курортты қалаға айналады. Мұнда ағылшын жəне неміс сəулетшілері жобалаған жаңар тылған инфрақұрылымдар, жүргіншілер жолдары мен жағалаулар салынады. Қазір қалада стадионда, спорттық алаңдар мен өзге де демалыс нысандарында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, екі мейманхана мен басқа да əлеуметтік нысандардың құрылысы жүріп жатыр. ● Қызылорда облысы Жалағаш кентінде ветеринарлық лаборатория ашылатын күн жа қын. Республикалық бюджет есебінен салынып жатқан зертхана жобасының құны – 115 млн. теңге. 2012 жылы басталған құрылыс тамыз айының ішінде аяқталып, пайдалануға беріледі. ● Алматыда 458 жұмысшының 50 млн. теңгеге жуық жалақы қарызы өтелді. Оңтүстік астананың Түрксіб аудандық прокуратурасы қызметкерлерінің араласуымен жүзеге асқан бұл жұмыс 7 мекемені қамтыды. ● Қостанайдағы қалалық аурухана өзінің корпустарына қайта көшті. Бұл аталмыш мекенжайларда күрделі жөндеу жұмыстары сапалы жүргізіліп шыққаннан кейін мүмкін болды. Өткен жылдың маусым айынан бері облыстық аурухананың бір мүйісінде орналасуға мəжбүр болған қалалық емдеу орнының персоналы осылай өз қоныстарына оралды. Хабарлар «ҚазАқпарат», Altaynews.kz, Egemen.kz, «Наша газета» агенттіктері мен облыстық əкімдіктер сайттарының деректері бойынша əзірленді.
(Соңы 4-бетте).
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы 2014 жылғы 1 тамыз
№12/237
Астана қаласы
2014 жылғы 1 қазанға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын əзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 1) тармақшасына сəйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған 2014 жылғы 1 қазанға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын əзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі ісшаралардың күнтізбелік жоспары (бұдан əрі – Күнтізбелік жоспар) бекітілсін. 2. Күнтізбелік жоспар облыстық, Астана жəне Алматы қалалық сайлау комиссияларына
сайлауды əзірлеу мен өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін. 3. Күнтізбелік жоспар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.ТҰРҒАНҚҰЛОВ. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Б.МЕЛДЕШОВ. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын əзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі ісшаралардың күнтізбелік жоспарын 2-беттен оқисыздар.
Оќырман назарына!
Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу мүмкін болып отыр. Ол үшін, құрметті оқырман, мына көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз. Сонымен қатар, аталмыш желілер арқылы «Егемен Қазақстан» газетінің бай сурет қорымен танысуға да тікелей мүмкіндік алатындықтарыңызды естеріңізге сала кетпекпіз.
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы №1243 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., №47, 524-құжат; 2004 ж., №21, 265-құжат; 2006 ж., №1, 1-құжат; 2007 ж., №43, 499-құжат; 2008 ж., №20, 182-құжат; №42, 465-құжат; 2013 ж., №19, 322-құжат; №68, 905-құжат): жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы ережеде: 7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: «Осы Ереженің 8-1-тармағында аталған азаматтар «Б» корпусының кадр резервіне «А» корпусының кадр резервінде болу мерзіміне алынады.»; 8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) конкурстық іріктеуге қатысқан жəне конкурстық комиссия кадр резервіне алу үшін ұсыным берген;»; 8-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8-1. «А» корпусының кадр резервіне алынған азаматтар «Б» корпусының кадр резервіне «Б» корпусының мемлекеттік əкімшілік лауазымының тиісті санатына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сай болған жағдайда тестілеуден өтпей алынады.»; 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «12. Мемлекеттік органның конкурстық комиссиясының ұсынымы бойынша «Б» корпусының кадр резервіне алынған резервші конкурстық комиссиясы оны алуға ұсынған мемлекеттік органға ғана «Б» корпусының кадр резервінен конкурстан тыс тəртіпте тағайындалады. Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) немесе бірыңғай конкурстық комиссия құрылған жағдайда бірыңғай конкурстық комиссияның ұсынымы бойынша «Б» корпусының кадр резервіне алынған резервші «Б» корпусының кадр резервінен конкурстан тыс тəртіпте олар үшін осы қызмет немесе комиссия құрылған мемлекеттік органдарға тағайындалады. Резервшінің заңнамада белгіленген тəртіппен «Б» корпусының мемлекеттік əкімшілік қызметінің бос лауазымына орналасуға конкурсқа қатысу құқығы сақталады.»; 16, 17, 18 жəне 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «16. «Б» корпусының кадр резервіне алу үшін конкурстық комиссия ұсынған азаматтар «Б» корпусының кадр резервіне конкурс жарияланған лауазым санаты бойынша алынады. «Б» корпусының кадр резервіне алу туралы конкурстық комиссия ұсынымдары əрбір бос лауазым үшін бір кандидаттан артық болмайтындай етіп шығарылады. Егер конкурстың нəтижесінде бос лауазымға орналасуға кандидат анықталмаса, конкурсқа қатысушылардың ешқайсысына «Б» корпусының кадр резервіне алу үшін ұсыным берілмейді. 17. «Б» корпусының кадр резервіне алу туралы ұсыным үшін негіздер конкурсқа қатысушының бос лауазым үшін қойылатын біліктілік талаптарына сəйкестігі, шекті мəнді қанағаттандыратын тестілеу көрсеткіштері мен конкурстық комиссия жүргізген əңгімелесудің нəтижелері болып табылады. 18. «Б» корпусының кадр резервіне алу үшін ұсыным жасау туралы шешімді конкурстық комиссия дауыс беру арқылы қабылдайды. 19. Конкурстық комиссияның шешімі, егер отырысқа оның кұрамының кемінде үштен екісі қатысқан жəне конкурстық комиссияның қатысып отырған мүшелерінің көпшілігі оны қолдап дауыс берген болса, заңды деп есептеледі. Конкурстық комиссия мүшелерінің қатысуы ауысу құқығынсыз жүзеге асады. Конкурстық комиссия мүшелерінің сырттай дауыс беруіне рұқсат етілмейді. Бірыңғай конкурстық комиссияның құрамына конкурс өтетін мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.»; 37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «37. Мемлекеттік орган бос мемлекеттік əкімшілік лауазымға резервшіні орналастыру туралы шешім кабылдау кезінде осы мемлекеттік органға конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша «Б» корпусының кадр резервіне бұрын алынған адамдардың кандидатураларын бірінші кезекте қарайды. Конкурстық комиссияның ұсынымы бойынша кадр резервіне алынған резервші бос мемлекеттік əкімшілік лауазымға мемлекеттік орган белгілеген біліктілік талаптарына сəйкес келген жағдайда, мемлекеттік орган осы резервшіні лауазымға қабылдауға міндетті. Егер «Б» корпусының кадр резервінде белгіленген біліктілік талаптарына сəйкес келетін бір резервшіден көбірек адам тұрған жағдайда, əңгімелесу кезінде неғұрлым көп сұраққа жауап берген резервші лауазымға тағайындалады.»; 2) «Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы №523 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №19, 320-құжат): жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде: D санаттарының тобында: атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Облыстар, Астана, республикалық маңызы бар қала əкімдерінің аппараттары Облыстар Астана, республикалық маңызы бар қала мəслихаттарының аппараттары Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қала тексеру комиссияларының аппараттары Облыстар, астана, республикалық маңызы бар қаланың Қазақстан халқы Ассамблеясының аппараттары (хатшылықтары)»; D-2 санаты мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Қазақстан халқы Ассамблеясы аппаратының (хатшылығының) меңгерушісі». 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 28 шілде. № 869