Бїгінгі нґмірде: Озыќ идеялар сабаќтастыєы
№170 (28394) 2 ҚЫРКҮЙЕК СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
4-бет
«Тимур жəне оныѕ командасы» 5-бет Кїзгі сый 7-бет Шəкəрімніѕ кїміс белбеуі табылды 8-бет
Ќолда бар мїмкіндікті Бала тəрбиелеу – болашаќќа толыќ пайдалану керек еѕ їлкен инвестиция Мемлекет басшысы Н.Ə.Назарбаев Ќараєанды Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:
облысы басшылыєына осындай талап ќойды
Еңселі елордада ел мерейін асырып, абыройын көтеретін, ажарын ашып, іргесін кеңітетін, сəні мен салтанаты тең түсетін дəуір талабына, уақыт сұранысына орай небір айтулы ғимараттар бой көтеріп жатыр. Соның бəрі де еліміздегі береке-бірліктің нəтижесі екені айдай анық. Сүлеймен МƏМЕТ, Айгүл СЕЙІЛОВА,
«Егемен Қазақстан».
Атам қазақта: «Үлкеннің мыңына бергенше, баланың біріне бер», деген сөз бар. Сол ұрпақты мемлекеттің ертеңгі алтын діңгегі, бүгін мықты тұғыры болуы тиіс деген Президент Нұрсұлтан Назарбаев тəуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, ұл мен
қызды білімді де білікті, Отан дегенде ой-санасы қырандай түлеп шыға келетін намысы ұшқыр етіп тəрбиелеу жөнінде қолдан келген бар жақсылықты жасап келеді. Болашақты бекемдеп, келешекті кемел ету ісіндегі алға қойған міндет-мақсаттар жыл санап өз шешімін табуда. Қазіргінің қамымен қоса келешектің жарқын болуы жолындағы
Елбасы тапсырмалары əр жылғы Жолдауында айтылып, «Қазақстан-2050» Стратегиясында тайға таңба басқан дай көрініс тапты. Сол айтулы құжатта: «Бала тəрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мəселеге осылай қарап, бала ла рымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек», деді Президент. Күні кеше талаптың жетегімен арманның биігіне ұмтылған ұландарымыз биыл да білім алатын алтын ұяларының табалдырығынан аттады. Осыған орай, Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласындағы əсем де əрлі №75 жаңа көпсалалы
мектеп-гимназиясындағы алғашқы қоңырауға қатысты. Мемлекет басшысы жаңадан ашылған мектептің оқу кабинеттерін аралап көрді жəне «Қазақстан-2050» Стратегиясына арналған ашық сабаққа кірді. Президент оқушыларға елдің 2050 жылға дейінгі дамуының негізгі басымдықтары туралы əңгімеледі, сондай-ақ, болашақ мамандық таңдауға қатысты кеңестерін айтты. – Стратегияда Қазақстанның алдағы дамуының бағыт-бағдары жазылған. (Соңы 2-бетте).
Айқын НЕСІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Тамыз айының соңғы күндері қарағандылықтар үшін қос мерейлі мерекенің тұспа-тұс келуімен ерекшеленеді. Еліміз
Ел азаматтары Конституция ережелерін жаќсы білуге тиіс
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Конституциялық Кеңеске барды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Ісшара мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орайластырылды. Мемлекет басшысы осынау маңызды жайтпен барша қазақстандықтарды жəне Конс титуциялық Кеңес мүшелерін құттықтап, еліміздің барлық жетістіктері мемлекетіміз бен қоғам дамуының стратегиялық бағыттарын айқындаған Ата Заңның рухында жүзеге асып келе жатқанын атап өтті. – Конституция қабылданған күннен бергі барлық жылдарда
мемлекет қызметі соған сəйкес жүргізіліп келеді. Біз дің елде заңдар соның негізінде қабылданады. Осы Конс титу цияның жасалуының басы-қасында болып, оның баптарының жазылуына тікелей атсалысқан Мемлекет басшысы ретінде Негізгі Заңның сақталуына деген ай рықша жауапкершілікті сезінемін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын ел Конституциясы қорғайтынын атап өтті. – Оған елдегі саяси тұрақтылық, адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарының мызғымастығы туралы тезистер негіз болып табылады. Осының барлығы бұдан əрі даму үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыруға септігін тигізе отырып, алдағы уақытта да сақталуға тиіс. Келесі жылы Қазақстан Конституциясының 20 жылдығын атап өтетін болады. Ол əлемдік қоғамдастықта
халықаралық стандарттардың барлық талаптарына сай келетін жəне демократиялық қоғам жағдайында нақты қолданылатын құжат ретінде мойындалды, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев ел азаматтарының, əсіресе, жастардың Конституция ережелерін жақсы білуі тиістігіне назар аударды. – Негізгі Заң бүкілхалықтық дауыс берудің нəтижесінде абсолюттік көпшілік арқылы бекітілді. Бұл – халық пен Қазақстан билігінің арасындағы нағыз шарт. Əрбір адам тікелей
ықпалы бар Конституцияға сүйене отырып, өз құқығын батыл қорғап, өз өкілеттіктерін тиімді жүзеге асыра алады. Барлық қазақстандықтар құқығының теңдігі арқасында біздің республикамызда тұрақтылық пен татулық салтанат құрып, еліміз табыстарға жетуде, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы Конституцияның зор мүмкіндікке ие екенін айтты. – Біз Негізгі Заңда қойылған міндеттердің бəрін бірдей орындаған жоқпыз. Барлық мем лекеттік қызметшілердің, қоғамдық институттардың назарын Конституцияны мүлтіксіз сақтау мəселесіне аударғым келеді. Оның ережелерін түсіндірумен, нормаларын құрметтеуге үйретумен мектеп қабырғасынан бастап ыждағаттылықпен жүйелі түрде айналысқан жөн. Халқымыздың құқықтық санасын, азаматтығы мен отаншылдығын арттыру маңызды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Кездесу барысында Негізгі Заңның əлеуетін тиімді жүзеге асыру мəселелері жөнінде пікір алмасылып, Конституциялық Кеңес мүшелері елімізде конституциялық заңдылық тəртібін нығайту турасындағы идеялары мен ұсыныстарын ортаға салды. Конституциялық Кеңес Төрағасы И.Рогов жұмыс барысы туралы баяндады жəне Мемлекет басшысына Конституциялық Кеңеске мамандандырылған мемлекеттік конституциялық бақылау органы ретінде ұдайы көңіл бөліп отырғаны үшін алғысын айтты.
жаңа тарихындағы айрықша оқиға тəуелсіз Қазақстанның Конституциясы жəне өңір өндірісінің іргетасын қалаушылар Шахтерлер күні салтанаты астасып, шаттық асырады. Биыл Қарағанды қаласының бой көтергеніне 80
жыл толуы да айтулы дата болып отыр. Жақында Жезқазған – Бейнеу теміржолының түйісуі жұрт кеудесін кернеген көңілкүйді одан сайын өсірген еді. (Жалғасы 2-бетте).
● Жағымды жаңалық
Алєашќы ќоѕырауєа – алты мектеп!
Жыл соѕына дейін Шыєыс Ќазаќстанда таєы 23 білім мекемесі ашылады деп кїтілуде 1 қыркүйек – Білім күнінде Шығыс өңірінде жаңадан салынған алты мектептің есігі оқушыларға есігін айқара ашты. Жаңа оқу жылының басталуымен бірге өңірде 687 жалпы білім беру мекемелері жаңа маусымдағы жұмысына кірісті. Соның ішінде өз оқушылары мен мұғалімдерін сыңғырлаған жаңа ғимаратта қарсы алып отырған 6 ауыл мектебінің қуанышы ерекше екенін айта кеткеніміз жөн. Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
Оқушыларды шат-шадыман қуанышқа бөлеген жаңа мектептер Тарбағатай ауданының Қарасу , Бозша, Жамбыл ауылдары, Ұлан ауданының Привольное, Украинка ауылдары мен Күршім
ауданының Қойтас ауылында ашыл ды. Облыстық білім басқар ма сы ның мəлімдеуінше, өңірдегі бар лық мектептер арнайы тексеруден өткізіліп, жаңа оқу жылына тас-түйін дайын екенін көрсеткен. (Соңы 3-бетте).
Оќырман назарына! Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу мүмкін болып отыр. Ол үшін, құрметті оқырман, мына көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз. Сонымен қатар, аталмыш желілер арқылы «Егемен Қазақстан» газетінің бай сурет қорымен танысуға да тікелей мүмкіндік алатындықтарыңызды естеріңізге сала кетпекпіз.