02092015

Page 1

Бїгінгі нґмірде: Жаѕа экономикалыќ шаралар – ўлттыќ мїддені ќорєау

№166 (28644) 2 ҚЫРКҮЙЕК СƏРСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

5-бет

Ешкім де мемлекет назарынан тыс ќалмайды 9-бет Апта таєы алаѕдаумен ґтті 11-бет Талапкерлерге Тїркия гранты берілді 16-бет

Ќазаќстан-Ќытай:

БАЙЛАНЫСТЫЅ ЖАЅА КЕЗЕЅІНЕ БЕТБЎРЫС

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары жалғасуда. Сапар аясында Елбасы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойды. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан» – Бейжіңнен.

Қазақстан Президентінің ұшағы Қытай астанасы Бейжіңге

жексенбінің кешінде табан тіреген болатын. «Ерте тұратын елдің» əдетімен екіжақты кездесулер дүйсенбі күні ертемен басталды. Яғни, аптаның алғашқы күнінен-ақ, Елбасының тығыз

Бірќатар ґзекті мəселелерді талќылады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты өзара іс-қимылдың ахуалы мен перспективаларын, сондай-ақ, бірқатар өңірлік жəне халықаралық мəселелерді талқылады. Екі ел лидерлері əлемдік қоғамдастықтың халықаралық

терроризмге қарсы күрестегі күшжігерін қолдайтындарын айтты. Сонымен қатар, тараптар Түркітілдес елдердің Мемлекет басшыларының 11 қыркүйекте Астанада өтетін бесінші саммитінің маңыздылығын атап өтті. Əңгімелесуге түрік тарапы бастамашы болды.

Ерекше оќиєа екенін атап ґтті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ғарышкер-сынақшы Айдын Айымбетовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы əңгіме барысында А.Айымбетовтің алдағы ғарышқа сапары отандық ғарыш саласының одан əрі дамуына серпін беретін жəне Қазақстанның халықаралық аренадағы имиджін нығайтуға қызмет ететін айшықты оқиға екенін атап өтті. А.Айымбетов сенім білдіргені

үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты жəне ұшуға дайын екенін мəлімдеді. Соңында Қазақстан Президенті ғарышкердің Халықаралық ғарыш стансасына экспедициясы табысты болуына жəне оның алдына қойылған барлық міндеттің орындалуына тілектестігін білдірді.

Сенат жўмысындаєы басым баєыт

Қазақстан Республикасының бесінші шақырылған Парламентінің бесінші сессиясының ашылуына орай Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың институттық реформаларын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету мəселелері бойынша жоғарғы Палатаның Бюро мүшелері жəне Аппаратының басшы қызметкерлерімен кеңес өткізді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

«Жуырда өткен Конституцияның 20 жылдығына арналған халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде Президент алдағы үш-төрт жыл ішінде Ұлт жоспарын заңнамалық қамту мақсатында жетпістен

астам заң қабылдау жоспарланып отырғанын, оның ішінде жыл соңына дейін 57 заң қабылдау қажеттігін айтып өтті», – деді Қ.Тоқаев.

(Соңы 4-бетте).

жұмыс кестесі басталып кетті. Іргелес көршіміз əрі сыртқы саудада айрықша басымдыққа ие стратегиялық əріптесіміз Қытай Халық Республикасы басшылығы қазақстандық делегацияны жылы шыраймен қарсы алды. Алдымен Бейжіңдегі Бүкілқытайлық халық өкілдері жиыны ғимараты алдында Қазақстан Президентінің келуіне орай арнайы салтанатты

жиын өтті. Онда, əдеттегідей, Қытайдың құрметті қарауылы сап түзеп, оркестрдің сүйемелдеуімен екі елдің əнұрандары шырқалды. Зеңбіректерден отшашу атылды. Тіпті, қолдарына қос елдің туын ұстаған қытайлық бүлдіршіндердің Қазақстан Президентін жамырай шулап қарсы алғаны да салтанатты жиынның шырайын аша түсті. Ал бұл күндері Бейжіңнің бас

көшелерінде Аспанасты елінің қызыл туымен қатарласа қазақтың көк туы да желбіреп тұрды.

Сенімді серіктес Салтанатты рəсімнен соң Президент Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кеңейтілген құрамда кездесу өткізді. Бұл екі ел басшысының

Ќазаќстанныѕ БАЌ ґкілдеріне арналєан брифинг Бейжіңдегі брифинг барысында Елбасы ҚХР-ға мемлекеттік сапардың маңызы жоғары екенін атап өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Əлемдік экономика дағдарысты бастан өткеріп жатқан бүгінгі уақытта əлемдік қаржы институттарының инвестициялық мүмкіндіктері айтарлықтай азайды. Осындай жағдайда Қытаймен өзара іс-қимыл біз үшін күрделі кезеңді еңсерудің қолайлы мүмкіндігі болып саналады, деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ журналистерге ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесу барысында жасалған екіжақты келісімдер туралы айтып берді. Солардың ішіндегі ең ірі жобаларда Павлодар

алюминий зауытының өндіріс қуатын 150 мың тоннаға жеткізу, Маңғыстау облысында мұнай-газ жабдықтарын шығаратын зауыт құрылысын салу қарастырылады. Мемлекет басшысы сапардың өзге де қырларына тоқтала келіп, екінші дүниежүзілік соғыстың нүктесі нақ осы Қытайда қойылғанын атап көрсетті. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы маңызды оқиғаға да тоқталып, депутаттарды Парламент сессиясының ашылуымен құттықтады. Мен біздің парламентшілерге табыс тілеймін, оларға бес

институттық реформаны заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін белсене жұмыс істеуге тура келеді. Жыл аяғына дейін 57 заңнамалық акт қабылдау жоспарлануда. Біздің парламенттік фракциялар бұл міндетке зор жауапкершілікпен қарап, елдегі маңызды жаңғырту ісіне өз үлесін қосады деп ойлаймын, деді Қазақстан Президенті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Білім күнімен құттықтады. Бүгін 7,5 мың мектеп 2,6 миллион балаға есігін ашты, соның 300 мыңы – бірінші сынып оқушылары. Біз оларға менің жеке құттықтауыммен бірге Отанымыз туралы кітап сыйладық, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Сессияның ашылуы салтанатты түрде жарияланғаннан кейін еліміздің Əнұраны орындалды. Одан əрі Мəжіліс Төрағасы əріптестерін жақсы демалып келулерімен құттықтай отырып, енді Елбасының

тапсырмасына сəйкес заң шығару жұмыстарының қауырт ке зеңі басталатынын айтты. «Қазіргі таңда біздің алдымызда Елбасының жүктеген міндеттері бойынша орасан зор жауапты жұмыстар тұр. Олар Парламенттің қос палатасы мүшелерінен үйлесімді, бірлескен жəне ұйымшылдықты

сапармен келген мемлекеттің басшысы осы Қытай Төрағасы Си Цзиньпин болып еді. Қалай болғанда да, бүгінде осынау алып көршімізбен алыс-берісіміз мол, байланысымыз бекем. Осы жолғы сапарда да ел экономикасы үшін маңызы зор біраз мəселе күн тəртібіне шықты. (Соңы 2-бетте).

Єарышкерлерге аќ жол тіледі Ержан БАЙТІЛЕС, «Егемен Қазақстан».

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Байқоңыр қаласына арнайы іссапармен келді. «Союз ТМА 18-М» кемесімен ғарышқа сапар шегетін экипаж мүшелерімен кездесті. Мемлекет басшысының тапсырмасымен экипаж командирі Сергей Волков, бортинженерлер қазақстандық Айдын Айымбетов пен даниялық

Андреас Могенсенмен пікірлесіп, сəтті сапар тіледі. – Бүгін елің мен Елбасының атынан арнайы келіп, сапарыңа сəттілік тілеп отырмыз. Тоқтар Əубəкіров, Талғат Мұсабаев секілді алдыңғы толқын ағаларыңның жолын жалғап, елің мен ұлтыңның абыройын көтергелі отырсың. Мақсатмұратың оңынан орындалсын. Биыл – Қазақстан үшін өте мерейлі жыл. (Соңы 6-бетте).

 Мемлекет мерейі

Ай мен Айдын

істер күтеді. Сонымен қатар, əрқайсымыздан жауапкершілік пен жоғары кəсібилікті талап етеді», – деді Қабиболла Жақыпов. Сондай-ақ, Төраға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сапардан келген соң өзінің жоспарларын айтатынын жеткізді. Осымен Мəжіліс Төрағасы өзінің қысқа сөзін аяқтап, барлық депутаттардың жұмыстарына сəттілік тілеп, бірлескен отырыс жұмысын аяқтады. Қос палатаның депутаттары да өздеріне жүктелген қауырт жұмыстардың салмағын сезініп, жұдырықтай жұмылып жұмыс істеуге дайын сияқты. Олардың жинақылықпен жүрген сергек қалыптары осыны аңғартады.

«Аспанда жұлдыз аралап, Ай нұрын ұстап мінсе де, қызыққа тоймас адамзат». Бұқар бабадан қалған бағзы сөз Құдайдың екі аяқты пендесіне дəл берілген анықтама екен. Қымызын ұрттап, қойын құрттап, іргесі түрулі киіз үйдің ішінде жатып, тұтас адам баласының мінезін ашатын бір ауыз сөзді қолмен қойғандай етіп айта салғанына қайран қаласың. Бүгінде бес академия тауысса да тіліне орамды тіркес түспейтін, ойы ораулы, санасы бұғаулы кейбіреулерді көргенде бабалардың көрегенділігіне таңданбауға дəтің шыдамайды. «Əлемді түгел көрсе де, алтын үйге кірсе де» өмірден өкінішсіз кеткен адам жоқ екен. Қазақтың байтағында ғұмыр кешіп, қараға қарапайым қалпымен, ханға қамқоршы көңілімен жаққан қара шалдың өсиеті жер бетінде адамзат баласы барда мəңгілік болмақ. Өйткені, заман түрлі формацияға көшіп, өңін өзгертіп, алға адымдап дами бергенмен адамның көңілі мен пейілі бəз-баяғысынша қала бермек. Оқысам, білсем, көрсем деген ниет əрбір саналыға тиесілі себебі.

(Соңы 4-бетте).

(Соңы 7-бетте).

Бесінші сессияныѕ жїгі салмаќты болмаќ Кеше Парламент палаталарының бірлескен отырысында бесінші шақырылған Қазақстан Парламентінің V сессиясы өз жұмысын бастады. «Қазақстан Республикасының Парламенті жəне оның депутаттарының мəртебесі туралы» Конституциялық заңға сəйкес оның жұмысын Президент Нұрсұлтан Назарбаев ашуға тиісті еді. Бірақ, осы күндері Президенттің Қытай Халық Республикасында мемлекеттік сапарда болуына байланысты Елбасы тапсырмасына сəйкес сессияны Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов ашты.

осы жылғы төртінші жəне Си Цзиньпиннің ҚХР Төрағасы өз қызметіне кіріскен сəтінен бергі оныншы кездесуі екенін еске салсақ, əрине, екі елдің арасындағы саяси-экономикалық байланыстың қаншалықты байсалды екенін бағамдай берсек болатындай. Оған қоса, елімізде өткен биылғы президенттік сайлаудан кейін де бізге бірінші болып


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.