Бүгінгі нөмірде:
№224 (28163) 2 ҚАЗАН СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Тариф саясаты талапқа сай болуы тиіс 2-бет Баянсыз бағдарлама 5-бет Нарқасқа 6-бет Ерге де, елге де құрмет көрсетті 8-бет
Нўрсўлтан НАЗАРБАЕВ, Ќазаќстан Республикасыныѕ Президенті
АБЫЛАЙ АЅСАЄАН АЗАТТЫЌ
Қазақ халқы талайлы тағдырында ұлтқа ұстын болған хандардан, ел қорғаған батырлардан, кемел билерден кенде болмаған. Солардың қатарындағы шоқтығы биік ұлы тұлғаның бірі – биыл 300 жылдығы аталып өтетін Абылай хан. Абылай Керей мен Жəнібек хандар тіккен Қазақ ордасын еңселі ел ету ісіне саналы ғұмырын арнады. Қазақ хандығы деген ұлан-ғайыр жерімізді жаудан азат етіп, еліміздің етек-жеңін бүтіндеді. Оның қазақ халқының тұғыры берік, жұлдызы жарық ел болуын аңсап, осы қасиетті мақсатқа жету жолында найзаның ұшын ғана емес, дипломатияның күшін де жұмсаған заманының аса көрнекті ханы болғанына тарих куə. Алмағайып сұрапыл заманда есеңгіреген елге ес кіргізіп, бір тудың астына біріктіре білген Абылай ерлігі мен ақыл-парасатын қатар жұмсаған сарабдал саясаткерлігінің арқасында қазақ халқын жойылып кетуден сақтап қалды. Осылайша, туған халқының кемел болашағын аңсаған ол өз дəуірі артқан ұлы жүкті қайыспай көтеріп, ел алдындағы перзенттік парызын атқарып кетті. Болашағымыз баянды, тəуелсіздігіміз мəңгілік болуы үшін біз бабалардан қалған аманатты есімізден шығармай, үнемі електен өткізіп отыруға тиіспіз. Өйткені, біз Абылай бабамыз армандаған осы күнге оңайлықпен жеткеніміз жоқ. Ел арасында Абылайдың арманына байланысты айтылатын тəмсіл бар. Ақтық сəтінде: «Хан ием, не арманыңыз бар?» деп сұраған Бұқар жырауға Абылай хан: «Үш арманым бар. Біріншісі, елімді бейбіт өмірге жеткізсем деп едім. Қан көп төгілді. Екіншісі, халық жер емшегін еме алмады, қала, кент сала алмады. Үшіншісі, елдің басын біріктіре алмадым», деген екен.
Елбасы ќабылдады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Рашид Түсіпбековті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Р.Түсіпбеков сыбайлас жемқорлыққа жəне көлеңкелі экономикаға қарсы əрекет ету жөніндегі қаржы полициясы органдары қызметінің биылғы жылдың 9 айындағы нəтижелері туралы баяндады. Агенттік төрағасы есепті кезеңде сыбайлас құқық бұзушылықтың ашылуы 7 пайызға артқаны туралы да хабардар етті. 2013 жылдың тоғыз айында мұндай қылмыстың 8059 фактісі, соның ішінде пара алудың 248 жəйті тіркелген. Республикалық жəне облыстық деңгейде жүзден аса лауазымды тұлға жауапқа тартылған. Бұған қоса, Р.Түсіпбеков 4619 фактісі тіркелген экономикалық саладағы қылмыстарды анықтау жөніндегі жұмыстар, сондай-ақ қаржы полициясы қызметкерлерінің
кəсіпкерлік қызметке араласпауын жəне бизнеске əкімшілік қысым көрсетуін азайту үшін қабылданған шаралар туралы баяндады. Сонымен қатар, агенттік қызметінде басты назар көлеңкелі экономикаға жəне жалған кəсіпкерлікке қарсы күреске аударылды. Агенттік төрағасы қылмыстың алдын алу жəне ескерту жөніндегі қызмет туралы да айтты. Бұл мақсатта қызметінде сыбайлас жемқорлық пен экономикалық қылмыстардың белгілері байқалатын лауазымды тұлғалар мен кəсіпорындарды тексеріске шықпай, қашықтан анықтауға мүмкіндік беретін Ахуалдық орталық жұмыс істейді. Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы агенттік алдына бірқатар міндеттер қойып, қаралған мəселелер бойынша нақты тапсырмалар берді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 – 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы
Қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы ісқимыл жөніндегі 2013 – 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан əрі – Бағдарлама) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігімен келісім бойынша Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын əзірлесін жəне бекітсін; 2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан əрі жұмыс істеуінің кейбір мəселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында белгіленген мерзімдерде жəне тəртіппен Бағдарламаның орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасы
құрып, тұтастай бір мемлекеттер жер бетінен жойылып кетіп жатқанда елге, жерге қорған болған айтулы Абылай ханның 300 жылдығы – жалпыұлттық ұлағатты той. Ал республикалық деңгейдегі кез келген мерекелік шара ұлтты ұйыстыруға, мемлекеттілікті нығайтуға қызмет етуі лəзім. Осы орайда Абылай ханның ұлағатты өмір тарихын ұлтқа, ұрпаққа кеңінен өнеге ету керек. Жас ұрпақ Абылай ханның Қазақ елінің тарихындағы алар орнын жақсы білуге тиіс. Бұл кейінгі буынның жүрегіне отаншылдық нəрін егіп, бойында мемлекетшіл қасиеттердің өркен жаюына ықпал етпек. Мемлекет тарихын, даңқты бабалары жүріп өткен жолдың бұралаңы мен бұлтарысын, қилы кезеңдері мен тағдырлы шешімдерін, ақтаңдақ беттері мен дара тұлғаларының қайраткерлік өнегесін біліп өскен ұрпақ қана өзіне тиесілі замана жүгін діттеген межесіне абыроймен жеткізе алады. Ол үшін біз ұрпақ алдындағы өз міндетімізді толық атқарып, жастардың ой-санасының дұрыс қалыптасуына барынша жағдай жасауымыз қажет. Əрине, Абылай хан зерттелмей қалған тұлға емес. Қазір ұлттық тарихымыз тəуелсіз жаңа көзқарас тұрғысынан түбегейлі қайта зерделенуде. Ал аумалы-төкпелі аласапыранды бастан кешкен Абылай ханның заманы – алыптар дəуірі. «Болу немесе бордай тозудың» алдында, өмір мен өлімнің беттескен тұсында дұшпанға қарсы тізе қосып, Абылайдың қасынан табылған үзеңгілес серіктері де ақылы озған абыздар, төрелігі əділ билер, жүрегі түкті батырлар еді. Атамекен жері үшін қасықтай қанын қиған даңқты бабалардың аттары ұрпаққа ұран болып бүгінге жетті. Тарих – тағылым. Сондықтан, Абылай хан мен оның дəуірін, сол тұстағы жыраулар мен
Əрине, сыртқы жауға қарсы қазақтың басын біріктіріп, халқын азат қыламын деп аттан түспеген ардақты ханның ел келешегіне қатысты арманы аз емес еді. Бірақ ауызбірліктің дұрыс болмауынан Абылайдың көп арманы заманында орындалмай қалды. Маңдайына бақ пен соры қатар жазылған Қазақ елі Абылай хан өмірден өткеннен кейін де тағдырдың талай тауқыметін тартты. Ырысын қашырған алауыздықты, «бас басына би болған өңкей қиқым» заманды, ұлттық болмысымызды жоймақ болған тоталитарлық саясаттың тепкісін көрді. Алайда ертеңгі күнге деген үмітімізді өшірмей, бəрінен өттік. Айбарлы Абылай аңсаған асқақ арманға, ұлы мұратқа бүгінгі ұрпақ жетті. Байтақ өлкеміздің шекарасын заман талабына сай халықаралық нормалармен бекітіп, əлемдік қауымдастықты мойындаттық. Сол арқылы көршілерімізбен мəңгілік достыққа, өзара тиімді сауда-экономикалық, мəдени байланыстарға негіз қаладық. Бұл күнде ешқандай елдің Қазақ жеріне қатысты дауы жоқ. Ең бастысы, біз бабалар аманат еткен киелі жерімізде құрған мемлекетімізде ынтымағымызды сақтай білдік. Соның арқасында берекелі бірлігіміз төрткүл дүниеге мəлім болды. Есілдің бойына ел қондырып, еңселі Ордамызды орнаттық. Арқа төсіне əсем Астана салып, əлемге Қазақстан деген абыройлы мемлекет ретінде танылдық. Қазіргі жасампаз Қазақстан іргесі берік, ынтымағы мығым, төрт құбыласын тегіс мойындатқан Тəуелсіз мемлекетке айналды. Қандай қиын-қыстау замандардан өтсе де елдігін жоғалтпаған қазақ халқы Абылай армандаған мамыражай бейбіт өмірді көрді. Абылай мұратының орындалғаны осы емес пе?! Олай болса, қазақтың тағдыры қыл үстінде тұрған кезеңде хандық
Президентінің Əкімшілігіне ақпарат ұсынсын. 3. Орталық жəне жергілікті атқарушы органдар, сондайақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын. 4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігіне жүктелсін. 5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 24 қыркүйек. № 648.
------------------------------------------------------
Жарлықтың түсініктемесін 2-беттен оқисыздар.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қ.Н.Келімбетовті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы қызметіне тағайындау туралы
Қайрат Нематұлы Келімбетов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 1 қазан. №654
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Г.А. Марченконы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы қызметінен босату туралы
Григорий Александрович Марченко Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 1 қазан. №653
АҚПАРАТТАР аєыны Биыл Астана мен Алматыда ұялы байланыстың сапасы жақсарады. Бұл үшін қызмет көрсету сапасын арттыратын 1 001 базалық стансасы орнатылады. Жыл басынан бері операторлар осындай қосымша 461 базалық станса қойды. Астанада қоғамдық ұйымдар «Мектепке жол» акциясына 23 млн. теңгенің үлесін қосты. Жасалған жəрдем 3616 мұғалімнің қатысуымен 102 850 пəтерді аралау арқылы 6256 баланы қамтыды. Шығыс Қазақстанда шағын ЭКСПО-2017 көрмесі ашылады. Елбасының бастамасымен қолға алынған «G-Global» коммуникативті алаңын қолдауға арналған жиында облыс əкімі Бердібек Сапарбаев осы жайында мəлімдей келіп, аталмыш маңызды жобаның басымдықтарын саралап айтып берді. Шымкентте ертең романс орындаушылардың халықаралық байқауы басталады. Оның салтанатты ашылуына
абыздарды, билер мен батырларды бар болмысымен жас ұрпақтың санасына сіңіру керек. Мен халыққа арнаған сөздерімде ел бірлігі, ұлт татулығы – игіліктің кепілі екендігін айтудан жалыққан емеспін. Осы жолда бар қажырқайратымды жұмсап келемін. Өйткені, бірлігі тайған елге бақ құтаймайтынын осынау азды-көпті жиырма жылдың ішінде өзгенің тəжірибесінен сан рет көрдік. Берекенің бастауы елдің ынтымағы екеніне де Тəуелсіздігіміздің ғасырға бергісіз алғашқы белесінде куə болып отырмыз. Өткенінен сабақ алмаған ел табысқа жете алмайды. Сонау қилы замандарда қазақтың жерін жоңғар басып алса, ол қазақ сарбаздарының немесе қазақ ұлтының əлсіздігінен емес, бірлігін құнттай алмағандығынан, ағайынның алауыздығы нан жəне заманның көшіне ілесе ал мағанынан болатын. Ал адуынды жаудан қасиетті жерімізді азат етіп, жоңғар əскерін оңалмастай етіп жеңсек, ол да бар күшімізді бір қолға, Абылай хан туының астына жинаған тастүйін бірлігіміздің, ынтымағымыздың арқасы еді. Абылай хан қызғыштай қорып, тұмарындай тəу еткен, армандап кеткен Қазақ елінің Тəуелсіздігіне біздер, бүгінгі буын қазақстандықтардың жеткені үшін де шексіз тəубе айтып, бөлінуге бастайтын жершілдік пен рушылдық дертінен арылған жөн. Себебі, бүгінгі заманның жаңаша түрленген қауіп-қатері кешегіден кем соқпайды. Ендеше, Абылайдың арманына қазіргі Қазақстан қол жеткізгенін ерекше мақтан тұтып, ішкі ынтымағымызды, сүттей ұйыған татулығымызды сақтауға қызмет ету баршамыздың парызымыз. Тəуелсіздігіміз мəңгілік болсын, ағайын!
Ўлттыќ банк саясаты ґзгермейді
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басшылығының ауысуы туралы өз шешіміне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.
Нұрсұлтан Назарбаев отбасылық жағдайына байланысты берілген өтінішіне сəйкес Григорий Марченконың Ұлттық Банк Төрағасы лауазымынан босатылғанын мəлімдеді. – Ол бұл қызметте көп жыл, соның ішінде қиын жылдары жұмыс істеді. Еліміздің қаржы жүйесін дамытуға, Ұлттық Банк жұмысына, Ұлттық қорды басқаруға зор үлес қосты, бұл үшін мен оған ризамын, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы Ұлттық Банк Төрағасы етіп Қайрат Келімбетовті тағайындау туралы шешім қабылдағаны жөнінде хабардар етті. – Ол 44 жаста, Мəскеу мемлекеттік
Мəскеу халықаралық байқауының лауреаттары қатысады. Бірінші романсиада мұнда бұдан 16 жыл бұрын өткізілген еді. Оны «Оңтүстік Қазақстан» облыстық газеті ұйымдастырған болатын.
университеті мен АҚШ-тың Джорджтаун университетінің түлегі. Соңғы жылдары Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі, одан кейін ПремьерМинистрдің орынбасары қызметін атқарды, Кеден одағының қызметі жəне Еуразиялық экономикалық одақты құру мəселелері жөнінде келіссөздер жүргізді. Оның ел экономикасы мен қаржылық жағдайы туралы білімі Ұлттық Банк жұмысына оң ықпал етеді деп санаймын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті қабылданған шешім еліміздің дамуына септігін тигізетінін атап өтіп, Ұлттық Банктің саясаты өзгермейтініне тоқталды.
Зерде
Ўмытылмас кїндер
Қаржы полицейлері Павлодар облысының жастарымен кездесті. Облыс əкімі Ерлан Арынның бастамасымен өткізілген шарада студенттер қоғамдастығы жəне жастар бірлестіктері өкілдері қаржы полициясы жұмысының жаңа моделімен танысты. Қызылордада биылғы «Алтын күз» мерекесі 12 қазанда керуен кереді. Кеше бұл туралы мəлімдеген қала əкімі Нұрлыбек Нəлібаев оның аясында облыс аудандары ауыл шаруашылығы өнімдерінің жəрмеңкесін өткізетінін баяндады. Биыл елімізден қажылық сапарына 4400 адам аттанады. Оның алғашқы легі кеше Сауд Арабиясына барып жетті. «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.
Шўбат
Тоқтар Əубəкіров КСРО-ның соңғы, нөмірлесек 72-ші ғарышкері. КСРО-ның космонавтика тарихын Ю.Гагарин бастады, Тоқтар ағамыз нүктесін қойды. Əлдебір тылсым күш, бəлкім Алла мың өліп, мың тірілген қазақтың ұлына еліне тəуелсіздік таңы атып келе жатқанын жеті қат көк арқылы сүйіншілеткен болар. Мұның бəрі
– тарихи факт. 1991 жылы 2 қазанда Тоқтар Əубəкіров өзі айтқандай: «Адамдары күнəға батқан, экологиясы ластанған Жерді тастап, Аллаға жақындап, тап-таза көкке самғаған». Исі түркі тұқымынан, мұқым мұсылман əлемінен, босаболмаса да қазақ халқынан тұңғыш. Əрине, атамекеніне оралған. Данышпан Абай атасы да қазағына қанша кейіп, қайғы басып, қапаланса да бөтен жаққа кете алмаған. (Тоғызыншы қара сөзі). «Туған жерді қия алмай, Тентекті жеңіп, тия алмай, Əлі отырмыз ұялмай, Таба алмадық өңге елді». Тоқтар ағамызға да Ресей тарапынан үлкен қызметтер, жақсы жұмыстар ұсынылған. Кіндік қаны тамған туған жерді, ата-баба мекенін, қазағын қимаған. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», деген ұстанымы бұл енді. (Соңы 4-бетте).