Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы
15-бетте
№192 (28415) 2 ҚАЗАН БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
15-40-беттерде
● Демократия – даму даңғылы
САРАБДАЛ ТАҢДАУ, САЛИҚАЛЫ ШЕШІМ
Кеше еліміздіѕ барлыќ облыс орталыќтары мен Астана жəне Алматы ќалаларында Парламент Сенатыныѕ сайлауы ґтті. Тїрлі деѕгейдегі мəслихаттардыѕ депутаттары баламалы негізде сайлауєа тїскен їміткерлердіѕ арасынан ґз таѕдауын жасады
Астана
Маѕєыстаудыѕ мерейлі міндеттері Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазан айының алғашқы күнін киелі Маңғыстау жерінен бастады. Еліміздің біраз өңірлерін аралап, тыныс-тірлігін байқап, жобалары мен жоспарларының орындалу барысымен көзбе-көз танысқан Елбасы Маңғыстау облысына арнайы келді. Сапары аясында Маңғыстау облысының бүгінгі ахуалымен жəне өңірде индустриялық бағдарламалардың жүзеге асу барысымен танысып, кəсіпкерлермен кездесуде бұл саладағы барлық мəселелерді талқылады. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».
Майлы ќиян Маңғыстау – іс тетігін біліп, тілін тапса, мың сан мүмкіндіктер мекені. «Майлы қиян» болмаса
бағзы дəуірде-ақ мұнда, «Құлағын жымып, сұрлана қалған далаға» жеті жұрттың келіп несі бар, тағдырдың жазуымен жер ауарда қимай да қимай жылап несі бар? Тағдыр-тарихтың талай запыран-зарын тартудай-ақ тартқан Маңғыстау – бүгін тəуелсіз
Қазақстанның іргелі өңірлерінің бірі. Еліміздегі жалғыз теңіздің өтінде тұрып, тəуелсіз елдің су жолы қарым-қаты насы мен тасымалөткізгіштік маңызды қақпасына айналып келеді. «Ұлы Жібек жолы» керуен-көшінің соңында қалған сүрлеу-соқпағының ізін жаңғыртып, сөнгенмен қоламтасы суымаған отты үрлеп, «тоғыз жолдың торабы» ретіндегі мəртебе-мүмкіндігін қалпына келтіруге ұмтылған қазақ даласындағы серпінді жұмыстарға үлесін қосуда. Өңірдің өндірістік мүмкіндігі мен қо лай лылығы іскерлік-кəсіп кер лік көкжиегін кеңейтіп, екіжақты пайдалы іс етемін деген шетелдік инвесторлардың қызығушылығына ие.
Маңғыстау топырағының жеті қат астындағы атышулы қара алтын мен көгілдір газ бастаған пайдалы қазбалар өндірістік-өнеркəсіптік салаға екпін берсе, географиялық орналасуы төрт тарапты жалғап, халықаралық дəліздің бір сілемі болуға жол ашады, ал «Ашық аспан астындағы мұражай» атандырған тарихи-мəдени ескерткіштер саны мен сапасы, өзіндік ерекшеліктері, табиғаттың өз қолымен безендірген сөз жетпес, көз тоймас шеберлік туындыларындай тамаша табиғат көріністері, алтын құм, саф ауасымен жан жадыратар теңіз жағалауы өлкенің туристік əлеуетінің болашағынан хабар береді. Өткен жылы Өзен–Болашақ– Түрікменстан теміржол құрылы сын аяқтап, тұсауы кесілген өңірде жуырда Жезқазған–Бейнеу теміржолы пайдалануға берілді. Құлан жортпас құла дүзге салынған бұл шойын жолдардың халықаралық мүмкіндігі, алыс жолды қысқарту, шығын мен уақытты азайту, тасу көлемін ұлғайту, жол маңындағы ауыл-аймақ тірлігін тыңайту, тұрғындарды жұмыспен қамту бағытындағы экономикалық жан-жақты тиімділігі айтудай-ақ айтылуда. Жаңғырту жұмыстары еліміздің жалғыз теңіз қақпасы – Ақтау халықаралық теңіз-сауда портында да жүруде. Маңғыстауда кезегін күткен, жаса лу ға тиісті жұмыстар əлі көп. Ауылшаруашылық саласын аяғынан тұрғызу, жұмыссыздықты еңсеру, геологиялық барлау жұмыстары, туризмді түлету кəсіпкерлікті, өндірісті дамытудың тасасында қалмауы тиіс. (Соңы 4-бетте).
Сенат депутаттығына сайлау Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында өтті. Депутаттыққа Серік Жақсыбеков, Бейсенбек Қаратаев жəне Александр Смородин есімді 3 адам тіркелген еді. Сайлау қорытындысы бойынша барлық 25 дауыстың 23-і Серік Жақсыбековке берілгені белгілі болды. Енді сайлау үдерісінің қалай жүргізілгеніне тоқтала кетейік. Дауыс беру залында үш кандидат туралы да бірдей көлемдегі көрнекті ақпарат ілініп тұрды. Дауыс берушінің кабинасы, дауыс беру бюллетеньдері салынатын шыныдан жасалған урна, Астана қалалық сайлау комиссиясының мүшелері отыратын жерлер заңға сəйкес жабдықталған. Оларға қарсы кандидаттардың сенім білдірілген адамдары, отандық, шетелдік жəне ҮЕҰ атынан келген байқаушылар орналасты. Осы жерде БАҚ өкілдері де отырды. Сағат 10.00 болғанда Астана қалалық мəслихатының хатшысы Сансызбай Есілов таңдаушылар болып табылатын Астана қаласы мəслихатының 25 депутатын отырыс өткізуге шақырды. Ол осы отырысқа кандидаттардың сенім білдірілген адамдары, барлық байқаушылар жəне БАҚ өкілдері де қатыса алатынын жариялады. Отырыс ашылғанда барлық 25 таңдаушының да келгені, «Сайлау туралы» Конституциялық заңның 77-бабына сəйкес кворумның бар екені жарияланып, сайлаудың басталатындығы айтылды. Осыдан кейін мемлекеттік əнұран орындалды. Одан əрі сөз Астана қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Марат Əубəкіровке берілді. Ол Астана қаласынан Сенат депутаттығына сайлануға алдымен төрт адамның тір келгенін, алайда сайлау алдында төртінші кандидат – Серік Қанафин өз өтінішімен кандидатурасын алып тастағанын айтты. Сонымен бірге, төраға таңдаушыларға барлық сайлау үде рі сінің қалай жүргізілетінін толығы мен айтып берді. Соның ішінде сайлау бюллетеньдеріне түзету жасауға, қарындашпен жазуға болмайтыны сияқты тəртіптерді де жеткізді. Сайлау үдерісі барынша мөлдір, ашық түрде
өткізілді. Барлық байқаушылар мен БАҚ өкілдері таңдаушылардың бюллетеньдерді алып, жабық кабинаға кіріп, одан урнаға оны қалай салғандарына дейін ашық көріп тұрды. Өздерінің сөздерінде барлық байқаушылар сайлаудың демократиялық қағидаттары толығымен сақталып, бəрінің де ашық, барынша мөлдір болғандығын атап көрсетіп жатты.
Алматы
Бўл – мейлінше ашыќ жəне айќын сайлау Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД ПАА Кеңесі Хатшылығының жетекшісі – Бас хатшысы Алексей Сергеевті қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Тəуелсіз Мемлекеттер ДосКездесу барысында тараптар Қазақстан Парламенті Сенатының тастығына қатысушы мемлекетдепутаттарын сайлау науқанын тердің Парламентаралық Ассамұйымдастыру туралы пікір алмас- блеясының халықаралық байқаушылар тобының құрамында 28 ты. А.Сергеев Қазақстандағы сай- адам – Əзербайжан, Армения, лауға əзірлік пен оны ұйымдас- Қыр ғызстан, Молдова, Ресей тырудың жақсы деңгейін жəне Федерациясы, Тəжікстан парлазаңға сəйкес мейлінше ашық жəне мент терінің депутаттары, Халықаралық демократияны, айқын өтіп жатқанын атап өтті.
парламентаризмді дамыту жəне ТМД-ға қатысушы мемлекеттер азаматтарының сайлау құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізу институтының сарапшылары, ТМД ПАА Кеңесі Хатшылығының қызметкерлері бар. Сенат Төрағасы ТМД-ға қатысушы мемлекеттер парламенттерінің арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтті. «Қазақстан ТМД ПАА жұмысына белсенді қатысып келеді. Парламенттік ассамблеялар
Таєдыр шешер тарихи ќўжат Мəжілісте маќўлданды Кеше Мəжіліс Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста палата бірқатар маңызды заң жобаларын мақұлдады, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі. Оның алғашқысы «Еура- оның шеңберінде тауарлардың, зиялық экономикалық одақ ту- көрсетілетін қызметтердің, каралы шартты ратификациялау ту- питал мен жұмыс күшінің еркін ралы». Шартқа сəйкес Тараптар қозғалысы, осы Шартпен жəне Еуразиялық экономикалық ЕАЭО шеңберіндегі халықодақты (бұдан əрі – ЕАЭО) құрады, аралық шарттармен айқындалған
экономика салаларында үйлестірілген, келісілген немесе бірыңғай саясат жүргізу қамтамасыз етіледі. ЕАЭО халықаралық құқық субъектілігіне ие, өңірлік экономикалық интеграцияның халықаралық ұйымы болып табылады. (Соңы 9-бетте).
аясында өзара табысты іс-қимыл бұдан былай да жалғаса беретініне сенемін», деп атап өтті Қ.Тоқаев. Парламенттің жоғарғы палатасының Төрағасы үстіміздегі жылғы 27-28 қарашада ТМД ПАА Кеңесінің Санкт-Петербугте болатын отырысына қатысуды жоспарлап отырғаны туралы А.Сергеевті хабардар етті. Жүздесушілер, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын бірге мерекелеудің маңызын атап өтті.
Оймақтай ой Елге пайда – ерге абырой. Сұлтанмахмұт ТОРАЙҒЫРОВ.
Қала əкімдігінің ғимаратында Парламент Сенатының депутаттарын сайлау өтті. Ұсынысы қабыл болған 3 үміткерге қалалық мəслихаттың 35 депутаты дауыс берді. Сайлау өтетін бөлме күнілгері жасақталып, үміткерлердің сенім білдірілген адамдары мен ТМД бойынша байқаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тіркеуден өткізілді. Алматы қалалық аумағынан сайлауға түскелі отырған 3 үміткердің сенім білдірілген адамдары, ТМД байқаушылар миссиясының жəне отандық БАҚ өкілдерінің көзінше сайлау бюллетеньдері салынатын əйнек жəшіктің бүтіндігі мен онда өзге қағаздың алдын ала орналастырылмағандығын тексергеннен кейін дауыс беруге арналған жəшік мөрленіп, хаттама толтырылды. Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бақытжан Доспанов жиылған көпшілік пен дауыс беруге құқылы мəслихат депутаттарын «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының міндетті баптарымен таныстырып өтті. Мемлекеттік əнұран ойналғаннан кейін заңға сай əрекет ету жəне ресми құжатты пысықтау мақсатында бірлескен отырыс ұйымдастырылып, дауыс беру уақыты ашық деп жарияланды. Түрлі партия өкілдері, ТМД байқаушылары миссиясының мүшелері жəне журналистердің қатысуымен қалалық мəслихаттың 34 депутаты өз қалауларына сай үміткерлерге дауыс берді. Бұл
сайлауға қалалық мəслихаттың 34 депутаты қатысып, 1 адам белгілі себептермен сырт қалды. Дауыс беру бөлмесіне қойылған 2 дауыс беру будкасына кіріп, үміткерлерді белгілеген сайлаушылар ортадағы шыны жəшікке бюллетеньдерін тастады. Алматы қаласынан Парламент Сенатына Семей өңірінің тумасы, 1948 жылы туған Қуандық Баймұхамбедов, Жамбыл облысының тумасы, 1958 жылы туған Қалдыбай Мадибраимов жəне 1950 жылы Алматы облысында туған Төлеубек Мұқашев үміткер болған еді. Орталық сайлау комиссиясы тапсырған 36 бюллетеньнің екеуі пайдаланылмай, Төлеубек Мұқашев 34 дауыстан 30 дауысқа ие болды. Оның қарсыластары əрқайсысы 2 дауысқа ғана иелік етті. Санақ аяқталғаннан кейін Алматы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бақытжан Доспанов сайлау нəтижесін жария етіп, байқаушылар мен үміткерлердің сенімді өкілдерінің қатысуымен арнайы хаттама толтырылды. (Соңы 2, 3-беттерде).