02102015

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны №188 (28666) 2 ҚАЗАН ЖҰМА 2015 ЖЫЛ

● Мемлекет мерейі

Ќасым-Жомарт ТОЌАЕВ:

«Елбасы сґзі еліміздіѕ ўстанымдарын ныєайтады»

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен кеше палатаның кезекті жалпы оты рысы болып өтті. Ондағы өзі нің кіріспе сөзінде Төраға Ел басы Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының тарихи мерейтойлық сессиясында əлемдік дағдарысты еңсеру жəне халықаралық қауіпсіздікті нығайтуда орасан зор мəні бар нақты бастамалар көтергендігіне ерекше тоқталды. «Елбасы БҰҰ Бас Ассам блеясының тарихи мерейтойлық сессия сында сөйлеген сөзінде əлемдік дағдарысты еңсеру жəне халықаралық қауіпсіздікті нығайтуда орасан зор мəні бар нақты бастамалар көтерді. Президент ХХІ ғасырда ядросыз əлем қалыптастыру жəне «Жаңа Бола шақ» тұжырымдамасын əзірлеу туралы, сондай-ақ, халықаралық терроризмге қарсы күрестің дүние жүзілік желісін құру қажеттігі туралы

Бас ўйым сессиясы аясындаєы жїздесулер Қазақстан делегациясының БҰҰ-дағы жұмысы əрі қа рай жалғасуда. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық 70-ші сессиясы алаңдарында бірқатар шараларға қатысып, бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Атап айтқанда, Қазақстан сыртқы саясат ведомствосының басшысы өзінің 30-дан астам елдегі əріптестерімен кездесті. Олардың арасында Гвинея, Зимбабве, Эфиопия, Замбия, Гамбия, Гана, Намибия, Сьерра-Леоне, Сао Томе жəне Принсипи, БАƏ, Кувейт, Ирак, Бутан, Индонезия, Колумбия, Антигуа жəне Барбуда, Тринидад жəне Тобаго, Гренада, Багам аралдары, Гаити, Барбадос, Доминика, Хорватия, Андорра, Латвия, Словакия, Швеция, Кипр, Албания, Македония мемлекеттері бар. Келіссөздердің күн тəртібіндегі негізгі тақырып Қазақстан Республикасының кандидатурасын 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне ілгерілету болды. Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау бойынша басты жауапкершілік жүктелген БҰҰ-ның бас органына сайлау қарсаңында қазақстандық министр біздің сайлау науқанымыздың маңызды бөлігін егжей-тегжейлі жария етті. Астананың тапсырысы төрт бағыт бойынша нақты ұсыныстарға құрылып отыр. Олар: энергетикалық, су, азықтүлік жəне ядролық қауіпсіздік бағыттары. Аталған мəселелер құрлықтағы барлық елдер үшін көкейкесті болып табылады жəне Қазақстанға осы іске өзіндік үлес қосу қолынан келетіні анық. Бұл арада Отанымыздың жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға баса назар аударатыны айтпаса да түсінікті. (Соңы 5-бетте).

мəлімдеді», – деді Қ.Тоқаев. «Заманымыздың аса тəжірибелі саясаткері, Азиядағы қауіпсіздіктің іргетасын қалаушы, Еуразиядағы ықпалдастықтың негізін салған Президентіміздің бастамалары халықаралық саяси жəне дипломатиялық қоғамдастықтың аса жоғары қызығушылығын тудыратыны даусыз. Бүгінде бұл бастамаларға əлемнің жетекші мемлекеттері назар аударуда», – деп атап өтті Төраға. Қ.Тоқаевтың пікірінше, Президенттің əлемнің басты мінберінен сөйлеген сөзі Қазақстан үшін аса зор стратегиялық маңызға ие. Бұл бастамалар қазіргі құбылмалы əлемде еліміздің ұстанымдарын нығайта түседі. Сенат отырысының күн тəртібіне кірісердің алдында Төраға палата Президенттің «100 қадам» стратегиялық бағдарламасын іске асыруды көздейтін заң жобаларын қарастыруға кірісетінін ерекше атап өтті. Стратегия еліміздің ішкі əлеуетін күшейтуге бағытталған, деді Қ.Тоқаев. Жұмыстың нəтижелі болатынына сенім білдірген Сенат Төрағасы Қазақстанның халықаралық беделін одан əрі арттырып, қоғамда тұрақтылық пен келісімнің нығаюына Сенат депутаттары өз үлестерін қосатынын айтты.

АЙДЫННЫЅ АЛЄАШЌЫ АДЫМЫ Қазақ тарихында 2 қазан қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Əубəкіров ғарышқа ұшқан күн болып саналады. Ол 1991 жылдың күзі еді. 1994 жылы шілдеде көгілдір кеңістікке Талғат Мұсабаев аттанды. Ғарыш жеңісін тойлау содан кейін бе, əйтеуір, қазақ халқы үшін кəдуілгі мерекелердің біріндей болып қалғаны бар. Таяуда үшінші қазақ Айдын Айымбетовтің көк жүзіне самғауы халықтың рухын тағы бір дүр сілкіндірді. Бүгінде елдің аузында Айдын – Батыр. Айдын – ел намысы. Айдын – ұлт мақтанышы. Талғат СҮЙІНБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

«Егеменнің» Алматыдағы бөлімшесіне қазақ журналис тикасының ардагері – белгілі фототілші Нұрманбет Қизатов ағамыз бас сұқты. 55 жылдан астам уақыт қолынан фотоаппаратын тастамай əлі күнге дейін құр аттай желіп жүрген аға ұрпақ өкілі редакцияға жай келмепті. Əңгімені əзілдеп бастады... – Журналист пен ешкінің деуші ме еді əлгі...Жүрмейтін жері, баспайтын тау-тасы жоқ қой. 90-шы жылдардың жуан ортасында тұңғыш рет Талдықорғанның маңындағы əскери ұшқыштар базасына іссапарға бардым, – деді Нұрағаң қызықты əңгіменің шетін шығарып. – Əскери тəртіп – қатал. Нұсқаушы офицер де бір қадам артық басқызбады. Соңынан ноқталап алғандай ертіп жүрді. Кілең қысқа бұйрық:«Мына жерді суретке түсіресіз, мына жерді түсірмейсіз. Мына жерде фотоаппаратыңызды қобдишаға салып қоясыз!». Əскери нұсқаушының бұйрығынан əбден мезі болған Нұрағам сонда ғой... Иə, сонда сол базада көп сөйлемейтін, түсі жылы бір ұшқыш інісін жақсы көріп қалыпты. Бəрі де дəл бүгінгідей есінде екен. – Фототілшінің, өздеріңіз білесіздер, бір тосын ғажайып сəтті тапқанша жаны байыз таппайды емес пе. Нұсқаушы бедірейіп тіл қатпай қарап тұрды. Ал мен ол тауып берген нағыз кейіпкерім – өрімдей жап-жас ұшқыш жігітті əскери ұшақтың кабинасына кіргізіп те, шығарып та, айызым қанғанша суретке түсірдім. Оның менің шынайы міндетімді түсінгеніне мың рахмет. Бұл жігіттің атаанасынан жақсы тəрбие алғаны бірден байқалып тұрды.

(Соңы 2-бетте).

(Соңы 5-бетте).

1995 жыл. №14157 əскери бөлімшесі авиациялық звеносының командирі Айдын Айымбетов.

● Қазақстан Қытай бағытына қарай 60 млрд. текше метрге дейін газ тасымалдауды көздеп отыр. Бүгінде бұл көрсеткіш 40 млрд. текше метрді құрайды. Газды тасымалдау көлемі ішкі нарықта жəне Қытай бағыты бойынша да бірдей артатын болады. ● ҚТЖ вагондардың техникалық жайын жақсарту мақсатында автоматты бақылау қон дыр ғыларын өндіріске енгізуде. Бүгінгі таңда жалпы жол бойында 500 жинақты соңғы үлгідегі қондырғылар пайдалануға берілген. ● Алматыда 2015 жылдың жылу беру маусымы 5 қазаннан басталады. 5-9 қазан аралығында мектептер мен ауруханаларға жылу беріледі. Ал қалған нысандар жылу желісіне 10-15 қазанда қосылады. ● Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 1500 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмыспен қамтылды. Сондайақ, өңірдегі 4083 нысанның 3316-на пандустар орнату көзделген. Биыл жоспарланған 621 пандустың бүгінде 50 пайызы талапқа сəйкестендірілді. ● Бүгінгі таңда Қарағанды облысында астықтың 81 пайызы орылды. Өңір бойынша дəнді дақылдар түсімі 570 мың тоннадан асады деп күтілуде. Жалпы, астық жинау науқанына 2 537 комбайн тартылды, оның ішінде ағымдағы жылы алынған 58 жаңа техника бар. ● Биыл Павлодар облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 1979,4 млн. теңге бөлінді. 20 қыркүйектегі жағдай бойынша 192 үміткер 446,4 млн. теңгеге шағын несие алған. Жалпы, бағдарлама бойынша 4656 адам қамтылды, бұл жылдық жоспардан 2,7 есе артық. ● Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері негізгі капиталға құйылған инвес тиция көлемі 1,4 есеге өсті. Биылғы жылдың сегіз айы ішінде өңір өнеркəсібі 103,8 млрд. теңгенің өнімін өндірді, соның ішінде өңдеуші өнеркəсіпте – 73,8 млрд. теңге. ● Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Қазақ хандығы» энциклопедиясының тұсаукесері өтеді. Энциклопедияда Қазақ хандығына қатысты ғылыми зерттеулердің нəтижелері барынша молынан енгізілген. Сонымен қатар, Қазақ хандығы тарихын зерттеуге елеулі үлес қосқан ғалымдар жайлы мəліметтер де бар. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ə.НАЗАРБАЕВТЫҢ БҰҰ БАС АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ 70-ШІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ САРАПШЫЛАРҒА САУАЛДАМА ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҰСЫНҒАН БҰҰ-ның ЯДРОЛЫҚ ҚАРУДАН АЗАТ ƏЛЕМГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫН ҚАБЫЛДАУДЫҢ КӨКЕЙКЕСТІЛІГІ МЕН ДЕР КЕЗІНДЕ ЖАСАЛҒАНДЫҒЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ

сұлтан сарапшы Мемлекет басшысы Нұр лық ика ном Эко ң Назарбаевтың БҰҰ-ны у дам дық һан Жа жəне əлеуметтік кеңесін мен асы там бас у мда кеңесіне қайта құрылы толықтай келіседі. сарапшы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған БҰҰ ның Ядролық қарудан азат əлемге қол жеткізу жөніндегі жалпыға орт ақ декларация қабылдау бойынша бастамасының көкейкестілігі мен дер кезінде жасалғанын атап өткен.

сарапшы Президент Н.Ə.Назарбаевтың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің өкілеттігін қайтару жəне бекіту жөніндегі, оның ішінде халықаралық санкцияларды қолдануға эксклюзивті құқықты бекіту жөніндегі бастамасымен келіседі.

сарапшы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған БҰҰ ның Жаһандық даму кеңесі Жаһан дық экономикалық реттегіш функциясы н атқаруға қабілетті деп санайды. сарапшы Президенттің Ядролық қарудан азат əлемге қол жеткізу жөніндегі жалпыға ортақ декларация қабылдау бойынша бастамасымен толықтай келіседі.

сарапшы Мемлекет басшысының БҰҰның Жарғысы мен халықаралық құқық тың нормаларын қатаң сарапшы Н.Ə.Назарбаев лық ра қа жəне бұлжымастай БҰҰ Жарғысы мен халы тау сақ сақтау қажеттігі туралы құқық нормаларын айтқанымен келіседі. тыл қажеттігін еске салуы ба

сарапшы Мемлекет басш БҰҰ туы астында халы ысының қара терроризм мен экстреми лық қарсы тұрудың біртұта змге с желісін құру туралы ба əлемдік стамасын қолдайды.

еді.

қадам болғанын атап өт

сарапшы Мемлекет басшысы Н.Ə.Назарбаевтың Бүкілəлемдік «ЭКСПО-2017» көрмесі туралы сөзінің тезистері Астана мен Қазақстанды əлемдік қоғамдастыққа танытуға ықпал ететін стратегиялық жəне ойластырылған қадам болғанын атап өтеді. Сарапшылар атап өткендей, «ел Президентінің осындай айтулы халықаралық шарада «ЭКСПО-2017» туралы айтқаны оны жарнамалаудың озық тəсілі болып табылады».

сарапшы халықаралық терроризм қатері бар екенін көрсетеді.

ядролық қарудың əлеуетін əрі қарай арттыру қасіретке алып келуі ықтимал екенін атап өтеді.

сарапшы ортақ халықаралық тұрақсыздық ядролық қарудың жауапсыз саяси күштердің қолына түсу қаупін туғызатынын атап өтеді. сарапшы жаһандық техногендік апаттар қаупі бар екенін көрсетеді.

Сауалдама 2015 жылдың 29 қыркүйегі мен 1 қазаны аралығында анкеталық сұрау салу тəсілімен Қоғамдық-саяси үдерістер сарапшылық-жобалау бюросы тарапынан жүргізілген. Сауалдамаға 95 сарапшы, оның ішінде мемлекеттік органдар өкілдері, саясаттанушылар, əлеуметтанушылар, экономистер, заңгерлер, білім беру жүйесінің, үкіметтік емес сектордың, БАҚ-тардың өкілдері қатысты. Инфографика Еуразиялық интеграция институты арқылы əзірленді.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
02102015 by Egemen - Issuu