02112013

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны №245 (28184) 2 ҚАРАША СЕНБІ 2013 ЖЫЛ

 Ел тынысы: мың бір мысал

Шемонаихадаєы серпінді жобалар

Түгін тартсаң, майы шығатын, жері құнарлы, табиғаты тамылжыған Шемонаиха ауданында биыл егін бітік шықты. Аудан əкімі Амангелді Тоқтаров өңір диқандарының үстіміздегі жылы 139 мың 700 гектарға астық егіп, гектарынан 21 центнерден дəн маржанын жинағанын, күнбағыс, қарақұмық, кендір, рапс дақылдарын қамбаға құйып алғандарын айтты. Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ауданның ауыл шаруашылығы мен экономикасы қатар дамыған, мұнда бірнеше кəсіпорындар мен кеніштер жұмыс істеп тұр, жыл басынан 5028,5 тонна ет өндіріліп, 32778,4 тонна сүт сатылған. Асыл тұқымды мал басы көбейіп, 28 мыңнан асқан. Аудан əкімі А.Тоқтаровтың айтуынша, қазіргі таңда индустрияландыру картасы бойынша төрт нысан пайдалануға беріліпті. Енді соларға тоқтала кетейік. Аудандағы ірі кəсіпкер Сергей Глушаков тəулігіне 45 тонна күнбағыс майын сығатын жаңа өндіріс орнын іске қосқан. Аудан орталығының шетінде орналасқан жаңа кəсіпорын іші

мұнтаздай таза, майды сығатын, оны тазартатын, алтын түстес реңге енгізетін қондырғылар мен жабдықтардың барлығы Ресей мен шетелдерден əкелінген. Міне, цехта күнбағыс майы таза құмыраларға құйылып жатыр. Қондырғыны бірнеше жерде үштөрт қыз-келіншек басқарып тұр. Шыр көбелек айналған, арнайы жабдықталған қондырғы тынымсыз жұмыс істеуде. Бір сағатта бірнеше мың құмыраға құйылған күнбағыс майы дайын өнімдер қоймасына жөнелтіледі екен. – Бізде шығарылатын күнбағыс майы əбден тазартылған, арнайы сертификатты жеңіп алған. Өнімдер Ресейге, облыс аудандарына жөнелтіледі. Көрші Қытай да тапсырыс беруде. Жоба еліміздің индустрияландыру картасына

енген, «Даму» қоры арқылы 560 миллион теңге несие алдық. Қазір кəсіпорында 30 адам еңбек етуде, жалақылары жаман емес, – деп «Востоксельхозпродукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы С.Глушаков атқарып жатқан істері жайлы айтып берді. Аудандағы серпінді жобалар тізіміне енгізілген тағы бір жоба «Триумф-Агро» серіктестігінің күнбағыс майын бірнеше қайта тазарту жолымен жоғары сапалы өнім өндіретін зауыты. Кəсіпорын басшысы Нұржан Əшімовтың айтуынша, жоба құны 410 миллион теңге. Зауыттың қуаты тəулігіне 120 тонна май сығуға жетеді. Н.Əшімов жаңа кəсіпорын іске қосылған екі жылда бюджетке миллиондаған теңге қаржы аударғандарын, өздерінің зауытты пайдалануға беруге 260 миллион теңге қаржы салғандарын тілге тиек етті. Бұл күндері зауытта 54 адам жұмыс істеуде. «Бизнестің жол картасы2020» бағдарламасы бойынша үстіміздегі жылы жүзеге асып

жат қан «Ұн жəне құрама жем тарту» жобасы жақын арада өз нəтижесін бере бастамақ. Жаңа жоба іске қосылғанда облыстағы мал, құс жəне басқа түлік түрле рі қажетті құрама жеммен толық қамтамасыз етілмек. Қасымыздағы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Дүйсембай Селиханов мұндай жобаның аса тиімді екенін, енді алысқа сабылмай қажетті жемді Шемонаихадан алуға болатынын, көп шығын шықпайтынын айтты. Жоба құны – 530 миллион теңге. Серіктестік сағатына 25 тонна, ал тəулігіне 600 тонна құрама жем шығара алады. Серіктестік басшысы А.Османов мұндағы қондырғылардың түріктікі екенін, 30 адамның еңбек ететінін, жыл аяғында пайдалануға беретіндерін хабардар етті. Шемонаиха ауданының əкімі Амангелді Тоқтаров басқа да бірқатар жобалар жайлы айтып берді. «Житница» ЖШС неміс технологиясын қолдана отырып, минералды тыңайтқышты жерге тиімді сіңіру арқылы биыл 208 гектарға еккен картоптан рекордты көрсеткішке қол жеткізіпті. Əрине, бұл жерде оңтүстік өңірден келген азаматтардың қажырлы еңбегі жайлы ерекше атап өткен орынды. Олар уақытпен санаспай еңбек етті. Картоптың əр гектарынан 420 центнерден өнім алу шынында да ғажап. Нұржан Əшімов келер жылы картоп егу көлемін екі есеге дейін көтеретінін айтты. Ауданда басқа жобалар да жүзеге асып жатыр. Атап айтқанда, «Ремдор» серіктестігі асфальт зауытын салып жатса, «Көкжал-Бетон» ЖШС құрылыс материалдары мен асфальт зауытын салып тастаған. Жаңа оқу жылы қарсаңында ауданда жаңа қазақ мектебі пайдалануға беріліпті. Шемонаиха қаласы көркейіп, көшелерге асфальт төселіп, шамдар орнатылып, жұртшылық демалатын орындар пайдалануға берілген. «Бұл игі бастамалардың барлығында аудан əкімі А.Тоқтаров пен оның командасының лайықты үлесі бар», дейді аудан тұрғындары. Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданы. --------------------------------------

Суретте: күнбағыс майын сығатын жаңа зауытта. Суретті түсірген автор.

Аєайынмен араластыќ деѕгейі жоєары

Кеше Премьер-Министр Серік Ахметов Қырғыз Республикасында ресми сапармен болды. Үкімет басшысы сапары аясында бірқатар кездесулер өткізіп, ҚазақстанҚырғызстан үкіметаралық кеңесінің кезекті отырысына қатысты. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан» – Бішкектен.

Сонау замандардан ауылы аралас, қойы қоралас қырғыз ағайындардың Қазақ еліне деген ықыласы қашаннан жоғары. Бауырлар бұл жолы да қонақжай қалыптан бұлжымады. Қазақстан делегациясын «Манас» əуежайынан мəре-сəре күтіп алып, қалыптасқан дəстүр бойынша екі елдің əнұраны шырқалды. Бұдан соң Қазақстан Премьер-Министрі қырғыздардың «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясына атбасын бұрды. Онда Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев күтіп отырған болатын. А.Атамбаевпен кездесу шағын құрамда өтті. Онда екіжақты қарым-қатынастың, атап айтқанда, сауда-экономикалық жəне инвестициялық салалардағы əріптестіктің қазіргі жағдайы мен перспективалары талқыланды. Тараптар барлық бағыттар бойынша Қазақстан-Қырғызстан қарымқатынасын одан əрі нығайту мен жандандыруға əзір екендіктерін білдірді. С.Ахметов Қазақстанның Қырғызстанмен сындарлы

қарым-қатынасты жалғастыруға ынталы екенін жəне түбі бір екі елдің достық пен тату көршілікке негізделген екіжақты қарымқатынасын ырғақты дамытудың маңыздылығын атап өтті. С.Ахметов бұдан соң ҚазақстанҚырғызстан үкіметаралық кеңесінің төртінші отырысына қатысты. Кеңес отырысы былтыр Астанада өткен болатын. Бұл – екі ел арасындағы барлық бағыттардағы байланыстарды реттеп, ынтымақтастығын жүзеге асыратын маңызды шара. Онда елдердің сауда-экономикакалық қарым-қатынасын дамыту бағытындағы келісімдер жасалып, құжаттарға қол қойылады. Кеңес отырысы əдеттегідей шағын құрамда басталды. Онда С.Ахметов Қырғызстан Премьер-министрі Жанторо Сатыбалдиевпен кездесіп, елдер арасын дағы сауда-экономикалық, мəдени-гуманитарлық ықпалдастығын одан əрі дамыту бағыттарын жетілдіру жайында пікір алмасты. Сонымен қатар, кеңейтілген құрамдағы отырыстың күн тəртібіне шығарылған өзекті мəселелер жайында ой бөлісті. (Соңы 2-бетте).

Уаќытша ґкілмен кездесті

Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тəжин АҚШ-тың Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілі Джон Ордвейді қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

Джон Ордвейге өз ілтипатын білдіре отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы М.Тəжин екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті тереңдетудің маңыздылығын атап өтті. Əңгімелесу барысында тараптар Қазақстан-АҚШ қарымқатынасының дамуының жай-күйі мен перспективаларын, соның ішінде стратегиялық серіктестік, сауда-экономикалық жəне инвестициялық ынтымақтастық, мəдениет жəне білім салалары

бойынша кең ауқымды мəселелерді талқылады. 1993 жылдан бері АҚШ-тың Қазақстан экономикасына салған инвестиция көлемі – 24 млрд. доллар. Қазақстанда экономиканың жетекші салаларында 300-ден астам бірлескен кəсіпорын жұмыс істейді. Джон Ордвей 2004-2008 жылдары Құрама Штаттардың Қазақстандағы елшісі болды. Ал 2011 жылы елімізде АҚШ-тың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі болып қызмет атқарды.

 Алматыда жыл басынан бері 18 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Кеше бұл туралы мəлімдеген қала əкімі Ахметжан Есімов оңтүстік астанада экономикалық белсенді тұрғындарға шаққанда жұмыссыздар ретінде тіркелгендердің үлесі 0,2 пайызды қамтып отырғанын айтты.  Кешеден бастап «Алматы-2 – Арыс-1» бағытында қосымша жедел жолаушылар пойызы іске қосылды. Ол аптасына бір рет, Алматы-2 стансасынан жұма, Арыстан сенбі күндері аттанады. Состав құрамында 10 вагон, оның ішінде 5 купе, 5 плацкартты вагон бар.  Павлодарда «Инновация – болашақ энергиясы» атты халықаралық инновациялық форум болды. Оның пленарлық отырысында облыс əкімі Ерлан Арын: «Біз жағымды инновациялық климатты қалыптастыруға, өңірімізге орасан зор экономикалық əлеует пен бай табиғи ресурсы бар шетелдік, отандық жəне қаржылық орталықтарды тартуға қызығушылық танытамыз» деп атап өтті.  Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданында мұқтаж жандарға пəтер кілттері тапсырылды. Облыс əкімі Бердібек Сапарбаев «Жасампаз істер – ауыл келешегінің қамы үшін» атты керуен жұмысының аясында өткен шарада, сондай-ақ, оларға түрлі көлемде материалдық көмек ұсынды.  Шымкентте қаланың ең қарт тұрғыны жəне жас сəбиіне құрмет көрсетілді. «Қала күні» мерекесі аясында өткен шарада шаһар басшысы Дархан Сатыбалды бастаған құттықтаушы топ 104 жастағы Назым Мəмбетəли əжейдің шаңырағында болып, сый ретінде үй кинотеатрын тарту етті. Ал 28 қазан күні дүниеге келген қаланың ең жас тұрғыны Қасымжомарт Шіренбайға өзіне лайықты сый-сияпат жасалды.  Қызылордада мұнай компаниялары тұмауға қарсы вакцина егуге қаражат бөлді. Бұл туралы облыстық мем лекеттік санитарлықэпидемиологиялық қадағалау басқармасы бастығының орынбасары Ұлбосын Аханаева мəлімдеді.  Атырау облысы Жылыой ауданында апатты үйлер тұр ғындары баспанамен қамтамасыз етілді. Осы мақсатта, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы мен «Теңізшевройл» компаниясының келісімшарт жасасуы арасында 195,0 млн. теңгеге Құлсары қаласынан 64 пəтер сатып алынды. «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.

 Үкіметке – сынақ, əкімге – сабақ

СЫН ТЕЗІНЕ САЛЫНДЫ: ЌОРЫТЫНДЫ ЌАНДАЙ? Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар мəселелер жөнінде Үкіметтің жəне өзге де мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты елеулі сын-ескертпелер айтқан болатын. Елбасы сөзінде айтылған мəселелер іске қозғау салғаны, жұмысқа жан бітіргені сезіледі. Елбасы қозғаған сын-ескертпелерге байланысты тиісті шаралар қабылданып, жүзеге асырыла бастаған. Əлі де ескеретін мəселелер аз емес. Төмендегі пікірлер соның дəлелі бола алады.

Желге ўшќан жиырма екі миллион!

Елбасы Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы сөзінде мемлекеттік сатып алу мəселесіне арнайы тоқталған болатын. Бюджеттік бағдарламалардың дұрыс орындалмауының жəне

олардың тиімсіздігінің негізгі себебі мемлекеттік сатып алу жүйесі болып саналатындығын айтқан еді. Көбінесе мемлекеттік органдар тендерлерде «бөгде» жеткізушілердің қатысуына

мүмкіндік бермейтін шарттар белгілейді. Бұған қоса мемлекеттік органдардың басшылары өздерін өздері жауапкершіліктен босатып, сатып алуға қатысты шешім қабылдаудан сырт қалатындығын сынға алған еді. Елбасының осы сынының əділдігін төмендегі оқырман хаты айқындай түседі. Биылғы жылы қыркүйек айында «Жұмыспен қамту-2020» кешенді шараның бесінші бағыты негізінде, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Талапкер ауылдық округіндегі микроавтобус жүретін орталық көшелерді жəне кейбір халық тығыз орналасқан көшелерге жол салып, жөндеу жұмыстарын жүргізуге, қазынадан жиырма екі миллион қаражат бөлінген болатын. (Соңы 3-бетте).

Араќтыѕ ойранына тоќтам керек Оєан мемлекеттік баќылау барынша ќатаймаќ Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы «көлеңкелі экономиканың» көлемін төмендету жұмыстары созылып бара жатқанына назар аударған еді. Атап айтқанда, алкоголь айналымын бақылауды күшейтуге бағытталған заң жобасын Парламентке енгізу 2015 жылға сырылғандығын сынаған болатын. Елбасы Үкімет басшысына осы мəселені шешуді жəне «көлеңкелі экономиканың» көлемін төмендету жұмыстарының барысы жайлы тұрақты баяндап отыру қажеттігін ескертті. Елбасының осы тапсырмасына сəйкес, алкоголь айналымын бақылауды күшейтуге бағытталған заң жобасын əзірлеу дереу қолға алынды. Бұл заң жобасында қандай өзгерістер қаралған. Төменде осы жайында баяндалады.

Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Алкоголь саудасындағы табыс жоғары екені белгілі. Оны өндіруде жəне саудалауда кəсіпкерлердің кейбірі əртүрлі қитұрқы тəсілдермен заңсыз өнім өндіруді өрістетеді. Алкоголь саудасынан тапқан табыстарын жасырады. Сондықтан, еліміздегі салаға қатысты заңға түзетулер енгізілді. Бүгінгі сөз – заман мен қоғам талабына сай жетілдірілген сол заң туралы. Əртүрлі бағалауларға қара ғанда, елімізде алкоголь

өнімінің көлеңкелі айналымы 25-30 пайызды құрайды екен. Мамандардың пікірімен санассақ, бұл тым жоғары көрсеткіш. Салық қызметі мен қаржы полициясы органдарының қызметкерлері 2011-2012 жылдар аралығында алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымына 3 150 рет тексеру жүргізіпті. Нəтижесінде, 349 қылмыстық іс қозғалған. 1,9 млрд. теңге сомасында айыппұлдар салынып, 8 млн. литр алкоголь өнімі тəркі леніп алынған. Сондай-ақ, 7,9 млн. дана қолдан жасалған есеп ке алу бақылау таңбасы

əшкереленіп, 31 өндірушінің лицензиялары жойылып, 15-нің лицензиясы қызметін тоқтатқан. Осыған байланысты этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін жəне айналымын реттейтін қолданыстағы заңға бірқатар өзгерістер енгізіледі. Мəселен, спиртті ішімдіктерді сату орындары мен уақыты шектеледі. Алкоголь өнімін көтерме жəне бөлшек саудада өткізетін субъектілердің жыл сайын лицензиялық алым төлеуі міндеттеледі. (Соңы 3-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.