02122014

Page 1

Бїгінгі нґмірде: Əлемніѕ 20 елінде жетістікке жеткен 2-бет Ґнегелі ґмір – ґнер ґрнегінде 4-бет Вице-губернатор 5-бет БІР ОТАН! БІР ТАЄДЫР! БІР ЕЛБАСЫ! 6-7-беттер

№236 (28459) 2 ЖЕЛТОҚСАН СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Президент байраєы кґтерілді

Киноэпопеяныѕ жаѕа тарауын тамашалады Бұл картина бұған дейінгі «Балалық шағымның аспаны», «Отты өзен» жəне «Темір тау» фильмдерінен құралған «Елбасы жолы» киноэпопеясының төртінші бөлімі болып саналады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кеше Қазақстан Республикасы Президентінің байрағын көтеру жəне Мемлекеттік күзет қызметінің туын тапсыру рəсімі өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Елбасы шараға қатысушыларға арнаған сөзінде тəуелсіз еліміздің тарихында алғаш рет Мемлекеттік күзет қызметі құрылғанын айтты. – Сіздер тəуелсіздікті нығайтуға атсалысасыздар, мемлекеттік механизмнің тұрақты жұмысын қамтамасыз ете отырып, қауіпқатерлерге қарсы тұрасыздар. Сіздердің қызметтеріңіз, бəлкім, халық көзіне көп көріне бермейтін болар, бірақ сіздер жауапкершілік ауқымы зор жұмыс атқарасыздар. Қызметті лайықты атқару үшін тəртіп, үлкен машық пен жоғары моральдық дайындық қажет. Өздеріңізге жүктелген сенімді абыроймен ақтайтындарыңызға сенімдімін, деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ қазақстандықтардың

23 жыл бұрын тарихта бірінші рет бүкілхалықтық дауыс беру арқылы Мемлекет басшысын сайлағанына тоқталды. – Бүкілхалықтық сенімге арқа сүйей отырып, мен 16 желтоқсанда еліміздің тəуелсіздігін жарияладым. Сол себепті де, Тұңғыш Президент күні мен алдағы ұлттық мереке – Тəуелсіздік күні арасында тығыз байланыс бар, – деді Қазақстан Президенті. Соңында Мемлекет басшысы офицерлерге мықты денсаулық, Отанымыздың игілігі жолындағы жауапты қызметтеріне табыс тіледі. Рəсім барысында Мемлекеттік Əнұранның əуенімен резиденция алдындағы тутұғырға Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы көтерілді.

Жаңа кинотаспа бас кейіпкердің өміріндегі маңызды кезеңді – Орталық Азиядағы ірі металлур гиялық кəсіпорын – Қа раған ды металлургия ком бинаты партия ұйымының басшысы ретінде қалыптасуы кезеңін суреттейді. Оқиғалар оның Днепрод зержинскідегі оқу дан кейінгі жəне Қазақстан Магнит касындағы жұмысының басталған кезіндегі өмірін қамтиды. Киноэпопеяның сценарийін Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабының желісімен белгілі қазақстандық драматургсценарийстер Ш.Құсайынов, Р.Əбдірашев жəне Г.Земель жазған. Онда Мемлекет басшысының əріптестерінің, достары мен үзеңгілестерінің естеліктерінен алынған эпизодтар да қолданылған. «Тығырықтан жол тапқан» фильмінің түсірілімі Қазақстан мен Ресейде, атап айтқанда, Астана, Алматы, Қарағанды, Теміртау жəне Мəскеу қалаларында жүргізілген. Басты рөлде Қазақстанның жас актері Н.Əлімжанов ойнады, өзге кейіпкерлерді отандық жəне ресейлік актерлер сомдады. Олардың қатарында В.Гафт, И.Ясулович, А.Рапопорт, Н.Арынбасарова, В.Стеклов жəне тағы басқалар бар. «Тығырықтан жол тапқан» фильмі биылғы 4 желтоқсаннан бастап ел кинотеатрларында көрсетіледі.

«Баќыт ќўсы» жарќыраєан кїн Қыстың алғашқы күні – еліміз үшін мерекеге толы. Бастысы – Тұңғыш Президент күні деп аталып өтілсе, оған қоса дəл осы күні елімізде жаңажылдық шыршалардың шамдары жағылады. Осы дəстүрлі мерекеге орай кеше Президент Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы бас шыршаның шамын жақты. Қазақстан Республикасының рəміздеріне əскери құрметін өтеген парадтық есептоп сарбаздары Ақорда алдындағы алаңда сап түзеп өтті. Байрақ республика

елордасындағы Қазақстан Президентінің резиденциясында тұрады, ал Мемлекет басшысының сапарлары кезінде басқа резиденцияларда, Республика Президентінің көліктерінде болады.

Дəуірдіѕ биігінен сґйле, жастыќ! «Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!» – Тұңғыш Президент күніне арналған басты мерекелік шаралардың бірі осылай аталды. Оған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

«Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!». Осылай деп ұрандатқан жас өрендер Астанадағы «Сарыарқа» велотрегін айрықша жастық-жалын, елге деген ерекше сүйіспеншілік, патриоттық сезім лебімен теңселтіп жібергендей. Ел үшін орны бөлек мереке,

елжандылыққа насихаттайтын бірегей шарада бас қосып, бірінбірі мерекемен құттықтаған Тəуелсіз елдің бақытты ұл-қыздарының қуанышты жүздері балбұл жайнап, онсыз да ернеуінен тасыған шаттық көңілді одан əрі əрлей түскендей. Бəрі мəре-сəре. Шат-шадыман. Мерекелік концерттің бағдарламасына да негізінен нағыз

ұлттық нақыштағы, бойыңдағы қазақы қаныңды ойнатып жібере -тұғын, ұлттық ұрандағы əсерлі əндер таңдалып алынған екен. Əсіресе, туған жер, ел туралы патриоттық əндер жастарды одан əрі жігерлендіре түскендей. «Сарыарқа» іші осындай көңіл күй құшағында тұрғанда мерекелік шараның басты қонағы Елбасы Нұр сұлтан Назарбаевтың өзі де келді. Жалынды жастар ды Мемлекет басшысы мере келерімен құттықтап, сөз сөйледі. «Құрметті жастар, сіздер ба қытты ұрпақсыздар. Себебі,

тəуелсіз елде өмір сүріп жатырсыздар. Біз тəуелділікті көрген ұрпақпыз, тəуелсіздіктің қадірқасиетін білеміз. Еліміздің тəуелсіздігінің арқасында жаңа ұрпақ, білікті, Отанын сүйетін ұрпақ тəрбиеледік. Бүгінгі Тұңғыш Президент күні мерекесі тəуелсіздікпен сабақтас», деген Мемлекет басшысы осы ретте бұдан 23 жыл бұрын біздің еліміз өз тарихында тұңғыш рет жалпыхалықтық сайлауда өз Көшбасшысын таңдағанын еске салып өтті. (Соңы 6-бетте).

Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Бұл, əсіресе, балалар үшін ерекше күн. Айрықша безендірілген əсем шыршаның шамдарын жағуға куə болу, əрине, кез келген баланы қуанышқа бөлері сөзсіз. Ал шырша шамын Елбасымен бірге жағу құрметіне ие болу əрбір баланың

арманы болса керек. Міне, мұндай бақыт биыл халықаралық жарыстардың жеңімпаздары, өнерпаз бүлдіршіндер Мұхамедəлі Жүгінісов пен Дания Ишанқұловаға бұй ырды. Бас шыршамен бір мезгілде республикадағы барлық шыршалардың шамдары жағылды. Президент бүкіл қазақ стандық тарды алдағы Жаңа жыл

НЎР СЎЛТАН ЖОЛЫ

«Тыєырыќтан жол тапќан» фильмініѕ премьерасынан кейінгі толєаныс Сауытбек АБДРАХМАНОВ.

Ел мен ер

Жаңа ғана Орталық концерт залынан оралдық. Келе компьютердің алдына отырдық. «Тығырықтан жол тапқан» фильмінің премьерасынан кейінгі толғанысты қағазға жедел түсірмекке. Бір жағынан ойлауға да болады, бұл алғашқы əсер ғой, кез келген туынды туралы байламды бағаны бара-бара берген жөн болмай ма деп. Шынтуайтында мұндай ой қисыны мəтінге қайта-қайта оралып соғып, əр оқыған сайын əр қырын аша түсетіндей əдеби шығарманың, ізерлеп зерделеуді қажет ететін ғылыми еңбектің табиғатына көбірек келсе керек. Ал жылуы бірден жүрекке жетуге тиісті өнер туындысының əсерін сал ған беттен-ақ сезінуге əбден-ақ мүмкіндік бар. Екінші, үшінші мəрте көргенде барып түсініліп, сонда ғана түйсініліп жататын сахна, экран туындылары əдетте бүкіл халықтың, қалың көрерменнің көңіл төрінен орын ала бермейді. Сонымен, Мəдениет жəне спорт министрлігінің тапсырысы

бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы түсірген «Тығырықтан жол тапқан» (сценарий авторлары Шахимардан Құ сайынов, Рүстем Əбдірашев, Геннадий Земель, қоюшы режиссері Рүстем Əбдірашев) фильмінің премьерасынан кейінгі ыстық-суығы басылмаған əсерімізді əңгімелеп көрейік. Шақыру билетіне қайтадан қарап қоямыз. Бəрі дерлік былтырғыдай. Астана. 1 желтоқсан. «Қазақстан» Орталық концерт залы. Басталуы сағат 16-00-де. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың шығармалары негізінде түсірілген «Елбасы жолы» киноэпопеясының тұсаукесері. Бар айырмашылығы фильмнің атында – «Тығырықтан жол тапқан». «Балалық шағымның аспаны», «Отты өзен», «Темір тау» фильмдерінің жалғасы, былайша айтқанда, киноэпопеяның төртінші тарауы. Тұтастай Теміртауға арналған тарауы. Елбасы тақырыбына жүйелі жазып жүргеннен кейін, ауық-ауық болса да Президентпен сұхбаттасудың сəті түскеннен кейін Нұрсұлтан Назарбаевтың өміріне қатысты жайдың бəріне қаныға

мерекесімен құттықтап, баршаға мықты денсаулық, табыс жəне бақбереке тіледі. Елбасы өз сөзінде елімізде жас ұрпаққа қажетті барлық жағдай жасалып жатқанына да тоқталды. (Соңы 6-бетте).

----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

беруге тырысатынымыз бар. Реті солай келіп, өткен жылғы 4 шілдеде, биылғы 27 қарашада, яғни Астана күні мен Тұңғыш Президент күні қарсаңында Қарағандыға, Теміртауға жолымыз түсті. «Теміртауға бір барғанында Нұрсұлтан Назарбаев: «Егер де менің өмірімде Магнитка мен Теміртау болмағанда, мен ешқашан да Президент болмаған болар едім» деген екен. Біз дайындап жүрген сұхбат кітабының бір тарауында Елбасының: «Мен Магнитканың тарихын, Теміртаудың тарихын, ондағы адамдардың тағдырын өз тағдырымнан бөлек қарай алмаймын. Азамат ретіндегі алтын бесігім Теміртау дейтінім сондықтан» деп айтқаны да бар. Айналып келгенде, Елбасының жұмыскер, қайраткер, саясаткер ретіндегі шыңдалған көрігі болып, оның азаматтық алтын бесігіне айналған Теміртау халқымыздың болашақ тағдырын айқындаған аяулы мекен ретінде қалай ардақтауға да лайықты. Түс əлетінде Президенттің Теміртауда қатарласа, қанаттаса жұмыс істеген бір топ достарымен араласыпқұраласып қалдық. Сөздің негізгі арнасы, əрине, Астана мерейтойына ауыса берді. Сонда бір жайға таңдандық. Əңгімеге араласқан алты адамның алтауы да Президенттің астананы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы ойын əуел бас та қолда ма ғандарын, ол ойдың дұрыстығына уақыт өте келе ғана көз жеткізгендерін айтты. (Соңы 3-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
02122014 by Egemen - Issuu