03032015

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны

№41 (28519) 3 НАУРЫЗ СЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Ассамблеяныѕ 20 жылдыєымен ќўттыќтады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығымен құттықтады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Құттықтауда былай делінген:

Құрметті қазақстандықтар! Баршаңызды Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Қазақстан халқы Ассамблеясы – бейбітшілік пен келісімнің, қасиетті Отанымызда өмір сүріп жатқан барлық этностар достығының ең басты жəне берік іргетасы. Ол елдігіміздің қалыптасу, Тəуелсіздігіміздің нығаю тарихында, Қазақстан Республикасының Конституциясын жалпы халық болып қабылдауда, терең экономикалық реформалар жүргізуде жəне қоғамымыздың əлеуметтік жəне саяси негізін ауқымды жаңғыртуда айрықша рөл атқарды. Қазақстан халқы Ассамблеясы біздің көпұлтты халқымыздың бірлігін сақтайтын мəңгілік қорғанына айналды. Ол бірлік, тұрақтылық, толеранттық, жалпыға ортақ еңбек, патриотизм сияқты ортақ құндылықтарымызды

Ќазаќстандыќ ўшаќ самєауы

Суперкубок ойынын тамашалады Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев футболдан Қазақстан Суперкубогы үшін өткен ойынды тамашалады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Суперкубокты алматылық «Қайратты» пенальти нəтижесі бойынша жеңген елордалық «Астана» командасы иеленді. Мемлекет басшысы ойынға

қатысушыларға табыс тіледі жəне жеңімпаздарға Суперкубокты табыс етті. Жарысқа Швециядан ша қырылған Й.Эрикссон бастаған төрешілер тобы төрелік етті.

қазақстандықтардың санасына сіңіруде. Өзінің күнделікті, тынымсыз жұмысы арқылы ол ел азаматтарының жүрегіне Мəңгілік Елімізге жəне Қазақстан атты теңдессіз де тату отбасының мүшесі екеніне деген мақтаныш сезімі мен жоғары жауапкершілігін ұялатады. Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің «Қазақстан-2050» Стратегиясын, «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатын жүзеге асыру жолындағы жасампаздық еңбегінің басында жүр, ол қазақстандықтарды ортақ Отанымыздың баянды бүгіні мен ұлы болашағы жолында біріктіре түсуде. Қазақстан халқы Ассамблеясына жəне барша қазақстандықтарға бейбітшілік пен келісімнің туын биік ұстап, халқымыздың достығы мен бірлігін нығайтып, қасиетті Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін аянбай еңбек етуді тілеймін.

Футболдан Қазақстан Суперкубогы үшін жарыс 1995 жылдан бері өткізіліп келеді. Кезекті футбол маусымын ашатын жарысқа чемпионат жеңімпазы мен өткен маусымдағы Кубок иегері қатысады. –––––––––––––– Сурет Ақорда сайтынан алынды.

Президент поштасынан

Сіз Отанєа ќызмет етудіѕ їлгісісіз

Елбасы атына келіп жатќан хаттар мен жеделхаттар легініѕ негізгі айтары осыєан саяды Президент сайлауын өткізу туралы шешімге қолдау білдірген жəне Нұрсұлтан Назарбаевтың өз кандидатурасын ұсынуын өтінген хаттар мен жеделхаттар көптеп келуде, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы атына кəсіпорындар мен ұйымдардың жұмысшыларынан, көрнекті спортшылардан сайлау өткізу туралы шешімді қолдаған жəне Нұрсұлтан Назарбаевқа өз кандидатурасын Қазақстан Республикасы Президенті лауазымына ұсынуды өтінген хаттар легі жалғасуда.

Атап айтқанда,Тараз қаласындағы «Қазфосфат» ЖШС өкілдері əлемдік құрылымдағы жаһандық өзгерістер аясында Қазақстан халқы біртұтас болуы жəне ел Президентімен бірге жүруі тиіс екеніне тоқталған. «Қазфосфаттың» алты мың адамдық еңбек ұжымының тілегі – Сізге жаңа сенім мандатын беру. Біз өз болашағымызды нақ Сізбен байланыстырамыз, бізге Қазақстанның бұрынғыша бейбітшілік пен келісімнің ортасы, тұрақты əрі қарқынды мемлекет болып қала беруі үшін бəрін де жасай алатын дəл Сіздей дана Көшбасшы керек. (Соңы 4-бетте).

Нью-Йоркке жўмыс бабындаєы сапар Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс бабындағы сапармен Нью-Йоркке келді, ол мұнда БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен жəне Біріккен Ұлттар Ұйымының бірқатар жоғары лауазымды адамдарымен кездеседі, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Сенат Төрағасы, Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы

Қ.Тоқаев БҰҰ-да осы форумның таныстырылымында сөз сөйлейді. Бесінші діни саммит биылғы 10-11

маусымда Астанада өтеді жəне ол діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік, даму жəне қауіпсіздік жолындағы үнқатысуына арналады. Қ.Тоқаев сапарының бағдарламасында ірі қорлардың басшылары – Азия қоғамының президенті Дж.Ширанмен, «Еуразия» тобының президенті Я.Бреммермен, Өркениеттер альянсының Жо ғары өкілі Н.Ан-Насермен, «Бей біт шілік жолындағы дін» конферен циясының Бас хатшысы У.Вендлимен жəне Нью-Йорк діни қауымдастығының өкілдерімен кездесулер бар.

Баєдарлама баќылауда болады Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Елімізде баспаналы болу əлі де күрмеуі қиын күрделі əлеуметтік мəселе күйінде қалып отырғаны рас. Ал оны шешудің бірденбір жолы – тиімді жүзеге асырылуы тиіс тұрғын үй бағдарламасы. Мұндай бағдарлама бүгінде біздің елде жүзеге асырылып жатыр. Ал оның нақты нəтижелері қандай, қалай жұмыс істеуде? Міне, бұл мəселені енді арнайы құрылған қоғамдық кеңес бақылауда ұстамақ. Тұрғын үй құрылысы жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның орындалуын,

яғни əлеуметтік жалға берілетін тұрғын үйлерді салу-сатуды қадағалайтын қоғамдық кеңестің кеше алғашқы отырысы өтті. Оған Үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев төрағалық етті. Қоғамдық кеңес «Бəйтерек» ұлттық басқарушы холдингі бастамасымен құрылды. Нақтырақ айтқанда, кеңес мүше лері тұрғындарға құрылыс қарқынын, бағдарламаға қатысуға тілек білдірушілердің тізімін, пəтерлердің əділ бөлінуін қадағалап, ұдайы хабарлап отыратын болады. (Соңы 6-бетте).

Өткен сенбіде Алматының іргесіндегі Байсерке əуежайында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орайластырылып отандық «Арай Агро» ұшағының тұсаукесер рəсімі өткізілді. Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан».

Бұл жергілікті «АвиаМастер Эйркрафт» зауытында канадалық технология бойынша жасалған бесінші ұшақ. Бірінші «Арай Агро» ұшағының тұсаукесері өткен жылдың көктемінде өтіп, бірден-ақ фермерлер кө зай ымына айналып, авиация саласы сарапшыларының да көкейінен шыққан болатын. Ал енді Қазақстан халқы Ассам блеясының мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған кезекті көрсетілім де алғашқысынан олқы соққан жоқ. Байсерке əуежайының жазғы алаңына елдің əр өңірінен келген ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер, этномəдени орталықтар өкілдері, шетелдік меймандар жиналды. Олар

кішкентай ғана жеңіл моторлы ұшақтың шарықтай самғап, небір керемет ұшу үлгілерін көрсеткен жарқын авиадуманның куəгерлері болды. Төрт орынды «Арай Агро» жүк тасымалдаудан бастап мемлекеттік шекараның авиациялық күзетіне дейінгі көптеген міндеттерді атқара алады. Ұшақ шалғай əрі қиын асулы жерлерден науқастарды көшіруге, өрт сөндіруге, браконьерлермен күрес жүргізуге өте-мөте ыңғайлы. Алайда, оның басты миссиясы фермерлерге егістікке күтім жасау орайында көмектесу, егістік алқаптарын химиялық өңдеуден өткізу болып табылады. Сондықтан, бұл ұшақты əуе «тракторы» деп те атайды. Ол оңай басқарылады. Құны 200 мың доллар шамасында. Ұшу қашықтығы – 1200 шақырым.

АИ-95 маркалы автомобиль бен зинін құяды. «Арай Агро» тұрақжайда сақтауды жəне арнайы ұшу-қону алаңдарын талап етпейді, тікелей егістікке, көгалды алаңқайға, қара жолға қона береді. Тұсаукесер барысында Алматы облысы ҚХА төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай жиналғандарды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылымен құттықтай келе, қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықтың арқасында отандық экономиканың жүйелі дамып , сон ың іш ін де кіші авиация саласында да жаңа өндірістердің пайда болып жатқандығын атап өтті. Соңғы жиырма жылда Ассамблея жалпыхалықтық инс титутқа, татулық пен достықтың берік іргетасына айналып, еліміздің этностық жəне мəдени əр алуандығы оның дамуына да үлкен серпін беруде.

● Жағымды жаңалық

Талдыќорєанда 16 ќабатты ќонаќїй салынады Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Талдықорғанда əлемдік стандартқа сай келетін 16 қабатты қонақүй кешенінің алғашқы қазығын Алматы облысының əкімі Амандық Баталов қақты. Бұл нысанның бір артықшылығы «Falconpetroleum» компаниясы мемлекеттің ешқандай қатынасынсыз құрылыс жұмысын жүргізеді. Небəрі 8 айда барлық жұмысын

аяқтап, бес жұлдызды ғаламат қонақүйді пайдалануға береді. Осы мағлұматты компания өкілі мəлім ете тұрып, тəжірибелі құрылысшыларға тəн кəсіби тілмен елдің алдында облыс əкіміне уəде үдесінен шығатындығын айтып сендірді. Екі гектар жерде орналасатын қонақүй кешенінде 14 жоғары сапалы (люкс), 54 стандартты бө лмелер қарастырылған. Сонымен қатар, мейрамхана, салтанат жəне мəжіліс залдары,

көркемдік пен сəн салондары, оның сыртында 16-қа батта Жетісудың кіндік қа ла сы алақандағыдай болып көрінетін демалыс орны да болады. Тұтастай алғанда, Талдықорғанның оңтүстік-батыс шағын ауданында таяу уақытта 121 көпқабатты үйлер, оқушылар сарайы, драма театры, неке қию залы секілді бірқатар əлеуметтік нысандар бой көтеретін болады. ТАЛДЫҚОРҒАН.

(Соңы 5-бетте).

● Елімізде ауыл шаруашылығына бағытталған субсидия 68 пайызға өскен. Парламент Сенатының депутаты Қуаныш Айтахановтың айтуынша, былтыр ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 2,5 трлн. теңгені құраған. Бұл – өткен жылғы деңгейден 0,8 пайызға артық. ● ҰОС ардагерлері еліміздің ең үздік клиникаларында емделеді. Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігінің мəліме тінше, биыл ҰОС-тың барлық ардагерлері мен қатысушыларына медициналық жəне оңалту көмектері ұлттық ғылыми орталықтарда, ғылыми-зерттеу институттарында, ведомствоға қарасты ұйымдарда көрсетілмек. ● Астанада 5 млрд. теңгеден астам соманың мүлкі заңдастырылды. Айта кетейік, қаладағы əрбір аудан əкімдіктерінің жанынан құжат қабылдау бөлімдері құрылған. Осы күнге дейін оларға 10 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Ал комиссиялар жылжымайтын мүлікті заңдастыру бойынша нысандардың жалпы құны 16 млрд. 195 млн. теңге болатын 1 474 өтінішті тіркеуге алған. ● Талдықорғанда 195 жас отбасына пəтер кіл ті тапсырылды. Кілт табыстау рəсіміне Алматы облысының əкімі Амандық Баталов қатысты. Құрылысы 2012 жылдың қарашасында мемлекеттік бағдарлама аясында басталған тұрғын үйдегі 195 пəтердің 66-сы – бір бөлмелі, 106-сы – екі бөлмелі, 23-і үш бөлмелі пəтер. ● Шымкенттегі «Oxy Textile» жіп иіру фаб рикасының жұмысы жанданды. Оңтүстік Қазақстан облыстық əкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Оңтүстік» арнайы эко номикалық аймағында» орналасқан кəсіпорында бүгінде 90-нан астам адам жұмыс істейді. Өндіріс толық қуаттылыққа шыққанда, 270 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда. Фабрика шикізатты Baiterek Venture Fund АҚ тарапынан бөлінген 907,5 млн. теңгеге алып отыр. ● Батыс Қазақстанда су тасқынының алдын алуға 200 млн.-дай теңге бөлінді. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Омар Бержановтың сөзіне қарағанда, жыл басынан бері қала мен аудандардағы су көздері бақылауға алынып, зерттелген. Қазіргі таңда елді мекендерде қар шығару, арық тазарту жұмыстары жүргізілуде. ● Ақтөбеде көпбалалы аналар марапатталды. Президент Жарлығына сəйкес Ақтөбе қаласы бойынша 8 көпбалалы ана «Алтын алқа» жəне «Күміс алқа» иегері атанды. Қазіргі таңда Ақтөбе қаласында барлығы 5 971 көпбалалы ана тұрады. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі мен «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.

 Оймақтай ой Адам баласының қолымен жасалғанның бəрі – уақыт пен төзімнің жемісі. Оноре де БАЛЬЗАК.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
03032015 by Egemen - Issuu