03/04/2013

Page 1

ЖАҢА... ...мешіттіѕ ашылуына ќатысты Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Оңтүстік Қазақстан облысына сапары барысында Сарыағаш ауданында жаңа мешіттің ашылу салтанатына қатысты. «Мешіт салудан асқан бақыт бар ма? Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Алла үйін тұрғызған адам үшін жəннатта сарай салынатынын өсиет етіп, сүйіншілеген. Ендеше, жаңа мешіт имандылықтың темірқазығына айналсын. Үйде оқыған намазға қарағанда, мешітте өтелген ғибадаттың сауабы мол. Осындай бостан заманның қадірін сезініп, Құдайға құл, адамға ұл болуды, имандылықты ту етуді мақсат тұтуымыз керек», – деді Ержан қажы Маямеров. Бас мүфти жаңадан бой көтерген Алла үйінің имамына қасиетті Құран кітабын сыйлады. Осыдан кейін жамағат сəлем намазын оқып, дұға жасады. Оңтүстік Қазақстан облысы.

...oрталыќ – мїгедектер їшін Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Облыс орталығында ашылған протездік-ортопедиялық орталық енді түрлі жағдайларға байланысты мүгедек болып қалған жандарға қызмет көрсетеді. Орталықтың жобасын «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша «Ортотпрот» фирмасы» серіктестігі жүзеге асырды. Серіктестік директоры Айгүл Хамиеваның айтуынша, мүгедек жандарды оңалту, өмірге қайта оралту мақсатында ашылған орталықта бұл күндері 30 дəрігер еңбек етуде. Олар мемлекеттік тапсырыс бойынша мүгедек балаларға, ересектерге жасанды аяқ-қол жасайды. Арнайы ортопедиялық аяқ киімдер тігеді. Бір жылда шамамен 900дей жарымжан жанға аяқ киім дайындалады. Орталықта 13 төсектік емделу бөлмелері де бар. Барлық қызмет түрі тегін. Мүгедек жандарды оңалту үшін биыл облыстық бюджеттен 46 миллион теңге көлемінде қаржы бөлініпті. ПАВЛОДАР.

...филиал ґз жўмысын бастады Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Облыстық мəслихатта «Қазақстан Заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жергілікті филиалын құруға арналған конференция өтті. Оны облыс əкімі аппаратының басшысы Владимир Дутов кіріспе сөзбен ашып, күн тəртібіне ұсынылып отырған мəселенің маңыздылығына тоқталды. Əділет департаментінің бастығы Ернар Сейдімбеков жиналғандар алдында «Қазақстан-2050» Стратегиясының талаптарына орай 2020 жылдарға дейінгі кезеңді қамтитын құқықтық саясат тұжырымдамасы жайлы ой өрбітті. «Судьялар одағы» РҚБ облыстық бөлімшесінің жетекшісі Владимир Кириленко құқықтық сауаттылықты жетілдіру, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру төңірегінде өз пікірлерін білдірді. Конференцияда «Қазақстан Заңгерлер одағы» РҚБ филиалының төрағасы болып Е.Сейдімбеков, хатшылығына ішкі істер органдарының ардагері С.Тоқтарбаев сайланды. Солтүстік Қазақстан облысы.

№98 (28037) 3 СƏУІР СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

 Əлеуметтік қорғау əлеуеті

Зейнетаќыны зейіндеу жїйені жаѕєырту ќажеттігіне кґз жеткізеді Бүгінгі күні жұрттың аузынан зейнетақы жүйесін жаңғырту мəселесі түспейтін болды. Сондықтан осынау күрделі мəселеге шамашарқымызша тоқталып көрмекпіз. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Біздің еліміз зейнетақы жүйесін реформалауға 1998 жылдан кірісіп, əлеуметтік қамсыздандыру жүйелері қызмет етуінің халықаралық тəжірибесіне сүйене отырып арқаулық, міндетті (ынтымақты жəне жинақтаушы) жəне ерікті зейнетақыдан тұратын көпдеңгейлі жүйе құрды. Тұрақты əлеуметтік-экономикалық дамудың арқасында зейнетақы төлемдерінің мөлшері үздіксіз өсіп отырды. 1998 бен 2012 жылдар аралығында ол 11 есе артып, ең төменгі зейнетақы мөлшері 2440 теңгеден 26200 теңгеге дейін өсті. Орташа зейнетақы мөлшері 3964 теңгеден 38765 теңгеге дейін көтеріліп, 10 есеге артты. Ал ең жоғарғы зейнетақы мөлшері 7256 теңгеден 56047 теңгеге дейін өсіп, 7 есе көбейді. Азаматтарымыздың зейнетақылық жинақтары да тұ рақты өсіп, 2013 жылдың 1 қаңтарында оның көлемі 3 трлн. 183,2 млрд. теңгеге жетті. Келе шекте, азаматтардың 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі кемитін болғандықтан, ынтымақты жүйеден зейнетақы төлемдерінің мөлшері азаятын

болады. Бұл азаюды жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін төлемдермен өтеу көзделуде. Алайда, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ұзақ уақыттан бері қызмет етпеуі себепті, зейнетақымен қамсыздандырудың əлеуметтік деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік болмай отыр. Мəселен, 1962 жылы туған əйел адамның 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі барынша толық болған күннің өзінде 20 жылға

Ел назарындаєы екі мəселе

кешегі Їкімет отырысында негізгі əѕгіме арќауына айналды Үкімет отырысында екі мəселе күн тəртібіне шықты. Селекторлық режімде өткен кеңеске Премьер-Министр Серік Ахметов төрағалық етті. Əуелі таяп тұрған егіс науқанына дайындық жұмыстары баяндалып, талқылауға түсті. Екінші кезекте «Бірыңғай зейнетақы қорын құру туралы» заң жобасының жай-жапсары таныстырылып, Үкіметтің қолдауына ие болды. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Биылғы жылы егіс далаларында ылғалдың жақсы болғанына назар аударған Премьер-Министр осы қолайлылықты дұрыс пайдалануды айтты. Сөйтіп, көктемгі егіс жұмыстарын өткізуге дайындықтың барысы туралы Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековке сөз берді. Баяндама ауыл шаруашылығында болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарға толы болды. Атап айтқанда, биыл 21,4 млн. га алқапқа

АҚПАРАТТАР аєыны  Астанада көлемі 100 гектарды алатын жасыл шағын аудан бой көтереді. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі шеңберінде пайда болатын кешен түгелдей жасыл технология негізінде жасалады. Ондағы тұрғындар қуат көзін жел мен күннің есебінен алады.  «Халықаралық ғылыми серіктестікті қалыптастыру жəне білім алмасу» атты семинар өтеді. Биылғы 5-6 сəуірде қанат жаятын жиынды Мемлекеттік ұлттық ғылымитехникалық сараптама орталығы мен Британ кеңесі ұйымдастырады.  Биылғы егін егудегі тұқым тапшылығы 30 мың тоннадан асты. Облыстардың мəліметтеріне қарағанда, олардағы тұқыммен қамтамасыз етілу деңгейі орташа 98,9 пайызды құрайды. Жалпы тапшылық 32,4 мың тонна көлемінде. Оның ішінде Ақтөбе облысында 8,3 мың тонна,

егін егіледі. Бұл өткен жылғы жалпы егіс көлемінен 0,5 пайызға аз екен. Егіс алқабы көлемінің азаю себебін министр мырза, соңғы жылдары бақылаулардың тым қатайғандығымен байланыстырды. Бұдан ұққанымыз, егіс жерлерін бей-берекет пайдалану тыйыла бастаған. Ал көктемгі егіс алқабы 18,6 млн. га жерді құрамақ. Оның 15,9 млн. га дəнді дақылдар егіледі. Бидай дəні соның 13,0 гектарына себіледі екен. (Соңы 2-бетте).

Батыс Қазақстан облысында 4,8 мың тонна, Қостанай облысында 19,3 тонна жетіспейді.  Қазақстанда шекарашыларды кезектен тыс аттестаттау жүргізіледі. Ол келісімшарт негізінде қызмет ететін əскери қызметшілерді қамтиды. Шара жылдың соңына дейінгі уақыт ішінде атқарылып бітеді.  Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны қаупі бар жолдар жабылды. Аймақта кеше топан судың өтуіне байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды. Олар негізінен Өскемен-ЗырянРахман бұлақтары, Степное-Жаңа Бұқтырма аралығындағы жолдарды қамтиды.  Ақмешіт аймағы ағаш егуден алдыңғы орындарда тұр. Кеше Қызылорда қаласының тұрғындары көше-көшелерге 8700 түп ағаш көшеттерін қадады. Ал облыс басшысы Қырымбек Көшербаев Тұңғыш Президент атындағы саябаққа арнайы көмекке келген Шиелі жəне Сырдария аудандары өкілдерімен бірге 1000 түптен астам ағаштың отырғызылуына мұрындық болды.

жетпейді (Ол əйелдер үшін 20 жыл, ерлер үшін 25 жыл болуы керек-ті). Демек, зейнетақы төлеу орталығынан оған арқаулық зейнетақы толық төленбейді. Ал жинақтаушы зейнетақы қорынан берілетін төлемдер өмір сүру жасының орташа ұзақтығын еске алғанда төмен болады. Осыған байланысты, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Əлеуметтік-экономикалық жаңғырту

– Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында жəне Үкіметтің 2013 жылғы 23 қаңтардағы кеңейтілген отырысында Үкімет пен Ұлттық банкке жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан əрі дамыту шараларын қабылдауды тапсырғаны белгілі. (Соңы 2-бетте). ---------------------------------

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.

Мемлекеттік басќару: бəсекеге ќабілеттілік

Кеше Ақордада Президент Əкімшілігінің Басшысы Кəрім Мəсімовтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті.

Ұлттық комиссия Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы №520 Жарлығымен мемлекеттік қызметшілердің басқарушы «А» корпусын қалыптастыру мақсатында құрылды. Комиссия құрамына Президент Əкімшілігі Басшысының орынбасары Ғ.Əбдірахымов, Премьер-Министрдің орынбасары Е.Орынбаев, Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары А.Судьин, Парламент Мəжілісі Төрағасының орынбасары С.Дьяченко, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы А.Байменов, Əділет министрі Б.Имашев, ПремьерМинистр Кеңсесінің басшысы Е.Қошанов, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Г.Əбдіқалықова кіреді. Ұлттық комиссияның хатшысы – Президент Əкімшілігі Мемлекеттік қызмет жəне кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі М.Дəуешов. Мемлекет басшысының

-----------------------------------------(«А» корпусына алғашқы іріктеу туралы хабарландыру www.kyzmet.gov.kz сайтында жəне «Егемен Қазақстанның» 4-бетінде жарияланып отыр).

 Бəрекелді!

Беделді компания таѕдаєан бесеу жылдыѕ їздік кəсіпкері аталды

 Теледидар терезесі Кеше «Қазмедиаорталығында» Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен жүзеге асырылған «Қазақстанды таныту» телевизиялық жобасының тұсаукесері өтті.

Ќазаќтан бай халыќ жоќ Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Нақтырақ айтатын болсақ, «Қазақстанды таныту» жобасын жүзеге асыру туралы ой Елбасының қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарымен 2012 жылғы желтоқсандағы кездесуінен кейін туған еді. Сондағы журналистермен болған бейресми кездесуінде Президент: «Қазіргі жастарға біздің халқымыздың бірегей тұрмысы мен мəдениетінің сипатын қалай ашып көрсетуге болады? Телевизия арқылы ұсынылатын айрықша жобалар арқылы іске асыруға болады деп ойлаймын. Ал мұны түсінікті тілмен жəне заманға лайық пішінмен жасау қажет», деп атап өткен болатын. Міне, осы мерзімнен бері

 Жемқорлар бес жылда мемлекеттік сатып алу бойынша мемлекетке 7 млрд. теңгеден астам залал келтірді. 2012 жылы бұл саладағы жемқорлық қылмыстарының 78 пайызын əкімдіктер мен оларға қарасты құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері жасаған. Қаржы полициясының ресми өкілі жыл ішіндегі ең көп қылмыс құрылыс пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесінде орын алғанын атап көрсетті.  Алматы облысында табиғат заңнамасын бұзушылар 200 мың теңгеден астам айыппұл төледі. Облыстың барлық аудандарында жедел топтар құрылып, экологиялық сипаттағы құқық бұзушылықтың 173 дерегін анықтады. Барлығы 13 экологиялық қылмыс тіркелді. Əкімшілік жауапкершілікке 160 адам тартылды. ҚазАқпарат, Tengrinews, «Қазақстан жаңалықтары» агенттіктерінің хабарлары бойынша дайындалды.

қарай ұмыт бола бастаған кейбір ұлттық құндылықтарды жаңғыртып насихаттауда бірқатар жұмыстар атқарылды. Нəтижесінде қазақ халқының мəдениеті мен тұрмысы туралы баяндайтын, екі минуттан аспайтын он бейнероликті қамтитын топтама түріндегі тележоба өз көрерменіне жол тартты. Олар Наурыз мейрамы күндері «Қазақстан» РТРК» АҚ жəне «Хабар» агенттігі» АҚ телеарналарында көрсетіле бастады. – Бейнероликтердің маңызы мен өзіндік ерекшелігі – мұнда көркем бейнетүсірілім мен графиканың, көрнекі арнайы эффектілер мен айтулы фактілердің үйлесім табуы басты рөл атқарады. (Соңы 8-бетте).

«Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауына сəйкес елімізде мемлекеттік саясаттың нақты бағыттарын іске асыруға жауапты кəсіби басқарушылардың мүлде жаңа тобы – «А» корпусы жасақталатын болады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сəйкес биылғы 1 шілдеге дейін басқарушылық корпусты қатаң іріктеу жəне жасақтау қажет. Бұл жұмыстар бүгіннен басталды. Ұлттық комиссия отырысында бірқатар ішкі құжаттар, соның ішінде жұмыс жоспары, кандидаттарды іріктеу тəртібі қабылданды, сондайақ іріктеуді жүргізу туралы хабарландыруды республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында осы аптада жариялау туралы тапсырма берілді. Сонымен қатар, мемлекеттік басқарудың бəсекеге қабілеттілігінің өсуі жəне барлық мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру меритократия, транспаренттілік, нəтижелілік жəне қоғамға есептілік қағидаттарына негізделетін болады.

Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Нарық заманында елдің байлығын еселеп, табысын толықтырып отыратын бірегей күш – кəсіпкерлер еңбегі екені рас. Ел бизнесмендерінің шаруасы дөңгелеп, өндірісі өскен

сайын халықтың да əл-ауқаты арта түседі. Алысқа бармай-ақ, қазіргі күні кəсіпкері көп ауылдарды алып қараңыз, шаруа қожалықтары қуатты болған сайын ауыл-аудандардың ахуалы жақсы. Себебі, олар маңайындағы халықты жұмыспен қамтып, жағдайын жасайды, тұрмысын түзейді. Осы себепті де еліміз кəсіпкерлікке көп көңіл бөліп, көбеюіне барынша күш салуда. Ал əлемдік өркениеттің барлық құндылықтары, барлық экономикалық жəне мəдени байлықтары виртуалды қаржы институттарымен емес, адамның еңбегімен жасалатынын ұғынған халқымыз қазіргі күні кəсіп еткенге ғана нəсіп болатынын түсінген. Кəсіпкер көбейген сайын қуанып, табысы молайып жатса марқаятын болған. (Соңы 2-бетте).

Бїгінгі нґмірде: Кґше толы ескі автобус... 3-бет

АБЫЗ 5-бет

 Айтайын дегенім...

Полицияда пəрмен болмаса, ўрыдан ўят кетеді Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Бəлкім, барымташылардың бұлай батыл қимылдауына жол полициясы, жалпы ауылдағы учаскелік инспекторлардың бейғамдығы да сеп болып отырған шығар. «Бір жыл ішінде оңтүстікқазақстандық жол полициясы қызметкерлері мал ұрлығына байланысты бірақ қылмыстың ашылуына көмегі тиіпті» дейді бұл жөнінде облыс прокуроры Ибрагим Иманов. Одан бөлек бірқатар ауыл округтерінің тұрғындарымен сөйлескенде, олардың көбісі өздеріне бекітілген

учаскелік инспекторларды мүлдем танымайтыны белгілі болыпты. Ұрылардың еркінсіп кеткені соншалық Шардара ауданының тұрғынына тиесілі 40 бас жылқыны жайылымнан ұрлап, екі «КамАЗ» көлігімен сонау Қарағандыға жеткізіп, сатып жіберіпті. Қарағанды қайда, Шардара қайда... Жол-жөнекей ешқандай тосқауыл болмаған. Сондай-ақ, ұрланған малды көршілес аудандарға, тіпті басқа облыстарға ешқандай ветеринарлық төлқұжатсыз тасымалдауға, базарлар мен мал сою орындарына өткізуде де тосқауылдың болмауы бұл қылмыстардың жиілеуіне септігін тигізуде. Оңтүстік

Қазақстан облыстық прокуратурасы бұл тарапта қадағалауды күшейтіп, ішкі істер саласының жұмысын бір ширатып алды. Мысалы, Түлкібас ауданының прокуратурасы мал ұрлықтарының күрт өсу себептері мен алдын алу, болдырмау жəне олармен күресуге бағытталған шаралардың пəрменділігіне тексеру жүргізіп, оның қорытындысы бойынша 9 полиция қызметкері тəртіптік жауапкершілікке тартылса, 20 учаскелік инспектордың əкімшілік аумақтары ауыстырылды. Осындай жұмыстар Қазығұрт ауданында да жүргізілген. Нəтижесінде соңғы айларда 12 қылмыстың беті ашылып, 2012 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда мал ұрлығы 43 пайызға азайыпты. Оңтүстік Қазақстан облысы.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
03/04/2013 by Egemen - Issuu