Бїгінгі нґмірде: Ґркенді ґндіріс ґрісі 3-бет Кез келген ќўбылысќа салыстырмалы тїрде ќараєан жґн 4-бет Отаршылдыќќа ќарсы шыќќан Оспан батыр 5-бет Майданнан жазылєан саєыныш хаттар 6-бет
№64 (28288) 3 СƏУІР БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Уаќыт Їкіметке жаѕа талаптар ќояды
«2050» Стратегиясына ќол жеткізу тыѕ тəсілдерді ќажет етеді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мəжілісінің фракциясы жетекшілерімен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Серік Ахметов басқаратын Үкіметтің отставкасы жəне жаңа ПремьерМинистрдің кандидатурасын ұсыну мəселелері қаралды. Мемлекет басшысы Үкіметтің қазіргі құрамы өзіне жүктелген міндетті орындағанын атап өтіп, атқарылған жұмыс үшін алғысын айтты. Дегенмен, күрделі халықара лық экономикалық ахуалды ескерсек, «Қазақстан-2050» Страте гия сының мақсаттарына қол жет кізу жаңа тəсілдерді қа жет етеді. – Əлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуға
байланысты алға қойылған міндеттер өз шешімін қажет етіп отыр. Жаһандық қаржы-экономикалық дағ дарыс жағдайында бізде де қиын шылықтар пайда болуы мүмкін. Қазір халықаралық қаржы институттарымен жұмыс жүргізіп, елге инвестиция тарта білу керек. Осы мəселелердің бəріне істі жетік білу арқылы басшылық жасау қажет болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті Премьер-Министр лауазымына Кəрім Мəсімовтің кандидатурасын ұсына келіп, оның қажетті тəжірибе мен білімге ие екенін атап өтті.
«Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Н.Нығматулин Мемлекет басшысының шешіміне қолдау білдіре келіп, ұсынылып отырған кандидат Үкіметті мұның алдындағы жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде басқарғанын айтты. «Халықтық Коммунистер» фракциясының басшысы В.Косарев те Қазақстан Президентінің ұсынысын қолдап, бұл халықтың мүддесіне сай келетініне тоқталды. Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы депутаттық фракциясының жетек шісі А.Перуашев Мемлекет басшысының шешімі, əсіресе, бизнес қоғамдастығы тарапынан оң қабылданатыны туралы пікірін білдірді.
Їкімет басшысыныѕ кандидатурасын маќўлдады
Мемлекет басшысы Парламент Мəжілісінің отырысына қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Отырыс барысында Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Серік Ахметов басқарған Үкіметтің отставкасы қа былданғаны туралы айтты. – Үкімет анау айтқандай қателікке жол берген жоқ. Ол ағымдағы міндеттерді атқара отырып, өз тəжірибесі мен мүмкіндіктеріне қарай жұмыс жүргізді. Бірақ əлемдік экономикалық дағдарыс жалғасып отырған жағдайда Үкімет «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыруға кірісті. Бұл нақты жəне жүйелі жұмысты
қажет етеді, – деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Серік Ахметовке жəне Үкімет мүшелеріне атқарылған жұмыс үшін алғысын айта келіп, қазіргі жағдайда еліміздің əлеуетін тиімді іске асыру үшін жаңа тəсілдер қажет болатынын атап өтті. – Біз бүгін азаматтық қызметшілердің еңбекақыларын көтердік, егер ел экономикасының қарқынды дамуы жалғасатын болса, біз азаматтарымыздың табысын
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Н.Ахметовтің орнынан түсуі туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сəйкес қаулы етемін: 1. Берілген өтінішіне орай Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Серік Нығметұлы Ахметовтің орнынан түсуі қабылдансын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Үкіме тінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаратын болсын. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мəжілісі бюросының отырысына қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Отырыс барысында Парламент Мəжілісі комитеттерінің төрағалары сөз сөйлеп, Кəрім Мəсімовтің мол тəжірибесі барын атап өтті жəне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі қызметіне оның кандидатурасын мақұлдады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 2 сəуір. №778
Біз – қазақстандықтармыз!
ОТАНДАС
Əулиеатада туып, əлемге танылєан Алексей Ни Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Құсбегі қолында ұшуға талпынып, қанатын қомдап отырған лашын құстай ықшам денелі осы бір бапкердің ақжарқын жүзі, ақкөңіл мінезі Лондон Олимпиадасы кезінде барша қазақстандықтар ғана емес, əлем жұртшылығының жадында ұзаққа жатталып қалды. Еден үстінде зіл қара тас болып жатқан салмақты аспандата көтеріп, «Олимпиада чемпионы» деген атаққа қол жеткізген шəкіртінің табысына қуанған оның... қасында тұрған əріптесінің
үстіне жас балаша қарғып мініп, ал келіп алақайлаған кездегі бейнесін, шынында, ешкім де ұмытпайтын, ешкім де ұмыта алмайтын шығар. Оның осы пейіліне берді ме, Лондон Олимпиадасында қазақстандық ауыр атлеттер Илья Ильин, Светлана Подобедова, Мая Манеза жəне Зүлфия Чиншанлоға қарсылас шақ келмеді. Олар небір марқасқалардың белін бүктірген зілтемірді тізелері дірілдемей, білектері майыспай бағындырған сайын əріптестерін айнала жүгіріп, қолын шапалақтаған бас бапкердің «қылығы» əлем журналистерінің сүйікті тақырыбына да
айналған. Ал оның бұл «еркелігіне» отандастары – қазақстандықтардың Бейжің Олимпиадасы кезінде-ақ көзі үйренген. Өйткені, оның қуанғаны отандастарының қуанғаны, отандастарының қуанғаны оның отбасының қуанғаны болатын. «Ол» деп жұмбақтаған кейіпкеріміздің кім екенін өздеріңіз де біліп отырған шығарсыздар. Ол – кəдімгі Алексей Геннадьевич Ни. Иə, ауыр атлетика спортынан ұлттық команданың бас бапкері, жүзі жұқалтаң келген Алексейдің өзі. Айтайын дегеніміз, кіл алыптарды жаттықтыратын қағылез бапкердің жыр алыбы Жамбыл атаның атын алып отырған өңірде дүниеге келгенін ешкім біле бермейді екен. Таратып айтсақ, Алексей Геннадьевич Ни 1961 жылы 24 шілдеде қазіргі Тараз, бұрынғы Əулиеата, Мирзоян, одан кейін ақын Жамбыл атымен аталған қалада туып, осындағы №7 орта мектепте оқыды. (Соңы 4-бетте).
алдағы уақытта да арттыратын боламыз. Ел экономикасы өсімінің жоғары қарқынын, сондай-ақ қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруды қамтамасыз ету үшін Үкіметтен нақты əрі сауатты жұмыс талап етіледі, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Конс ти ту циясының 44-бабына сəй кес, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің лауазымына К.Мəсімовтің кандидатурасын Парламент Мəжілісінің қарауына ұсынды. – Кəрім Мəсімов біз рецессияға жəне жұмыссыздықтың өсуіне
жол бермеген 2007–2009 жылдардағы дағдарыс кезеңінде жұмыс істеді. Экономиканы одан əрі дамыту үшін бізге елдің ішінде де, негізгі шетелдік серіктестерімізбен де тиімді жұмыс жүргізу қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Парламент Мəжілісінің депутаттары елдің Премьер-Министрі лауазымына К.Мəсімовтің кандидатурасын бірауыздан мақұлдады. Өз сөзінде К.Мəсімов артылған сенім үшін ризашылығын білдіре келіп, алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге бар күшжігерін жұмсайтынын айтты.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы К.Қ.Мəсімовті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы Кəрім Қажымқанұлы Мəсімов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 2 сəуір. №779
Кəрім Қажымқанұлы МƏСІМОВ
1965 жылы туған. Пекин тілдер институтын, Ухань университетінің Заң институтын (ҚХР), Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген, АҚШ-тың Колумбия университетінде тағылымдамадан өткен. Экономика ғылымдарының докторы. Ағылшын, қытай, араб тілдерін меңгерген. Еңбек министрлігінің бас экономисі, бөлім бастығы, Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінің Үрімші қаласындағы (ҚХР) өкілдігінің аға маманы, Қазақстанның Гонконгтағы сауда үйінің атқарушы директоры болып жұмыс істеді. Алматы саудақаржы банкінің басқарма төрағасы, Қазақстанның Халықтық жинақтаушы банкі басқарма төрағасының бірінші орынбасары, басқарма төрағасы лауазымдарында қызмет атқарды. Көлік жəне коммуникация министрі, Президенттің көмекшісі, ПремьерМинистрдің орынбасары – Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі, республика Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметтеріне тағайындалды. 2012 жылғы қыркүйектен бері – Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Басшысы.
Жалпы отырыста кґп ойлар айтылды Кеше Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста «Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің экспорттық бақылауының бірыңғай тəртібі туралы келісімнің күшін жою туралы» заң жобасын мақұлдады. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Қосымша баяндама жасаған Халық аралық істер, қор ғаныс жəне қауіпсіздік коми тетінің мүшесі Абай Тасбо латов, ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы қозғалысы кезінде транс шекаралық бақылаудың болмауы ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін екендігін атап өтті. Мұндай тауарлар оларды террорлық əрекетке пайдалану мүмкіндігі тұрғысынан қауіпті болып табылады.
Сонымен қатар, келісімнің 19-бабына сəйкес, оның күші қару-жарақ пен əскери тех ни каға, сондай-ақ, əскери мақсаттағы өзге де өнімдерге қа тысты сырт қы экономикалық қызметке қолданылмайтынын атап өту қажет. Жалпы отырыста Мəжіліс, сондай-ақ, «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы стратегиялық əріптестік туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Бұл шарт 2013 жылдың 14 маусымында Ташкентте жасалған. Оның талаптарына
сəйкес та рап тар өздерінің қарымқатынастарын теңдік, өзара сенім, стратегиялық əріптестік негі зінде қалыптастыратын болады. Бұл жайында жалпы отырыста Мəжілістің Халықаралық істер, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің мүшесі Оразкүл Асанғазы айтып берді. Тараптар екеуінің де қауіпсіздігі мүд де леріне немесе олардың бірінің қауіпсіздігі мүдделеріне теріс əсерін тигізуге ықпал ететін ахуал туындаған жағдайда, өзара ке лісім бойынша мұндай ахуалды реттеу жөніндегі ұстанымдарын келісу жəне практикалық шараларды үйлестіру үшін консультациялардың тиісті тетігін қолданады. (Соңы 2-бетте).