03042015

Page 1

Бїгінгі нґмірде: Дэн Сяопин

№60 (28538) 3 СƏУІР ЖҰМА 2015 ЖЫЛ

5-бет Мемлекеттік тіл – мерейіміз 6-бет Жеѕіс шеруіне ќатысќан ќазаќ 9-бет Пай-пай! Wi-Fi-ы бар трамвай... 14-бет

Орал ґѕірінде ґркенді істер кґп

Денсаулыќ саќтау саласы серпінді дамуда Халқымызда «Сəуір болмай, тəуір болмайды» деген нақыл сөз бар. Наурыз айының аяғында Ақжайық аспанынан қара бұлт төніп тұрмағанымен, ауада əжептəуір ызғар мен салқындық бар екені айқын сезіліп еді. Ал кеше күннің үскірік желі əжептəуір бəсеңдеп, кəдімгідей көктем шуағы байқалды. Осындай жылы леп құшағында Президент кортежі Орал əуежайынан облыс орталығында құрылысы өткен жылы аяқталған теннис орталығына қарай бағыт алды. Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Мұнда Мемлекет басшысы «Жастар қуатты Қазақстан үшін» атты республикалық форум ға қатысып, сөз сөйледі. Оған жиналған екі мыңнан астам өрендер арасында қазақстандық талантты жастардың үлкен шоғыры – ғалымдар мен спортшылар, кəсіпкерлер, шығармашыл жəне жұмысшы жастар өкілдері бар болатын. Елбасы оларды форум жұмысының басталуымен құттықтап, елдегі жарқын бастамалардың белсенді қатысушылары екенін атап көрсетті.

Қазақстан – жер аумағы кең болғанымен орманы аз ел. Сондықтан «Жасыл ел» бағдарламасы аясында 115 мың гектар аумаққа елу миллион түп ағаш отырғызылды. Екі жүз мыңдық жасыл ел командасының сіңірген еңбегі ерлікке пара-пар, деді Елбасы. Соңғы жылдары «Дипломмен – ауылға!» жобасы бойынша отыз мың жас ауылға аттанды. Бұл жастарды ауылды дамытуға қатыстырудың басты көрсеткіші болмақ. Форумда Елбасы қуатты Қазақстанды қалыптастыру бірінші кезекте жастар үшін жасалып отырғанын жеткізді. Бүгінде ел

бойынша жоғары оқу орындарында тегін оқу үшін 35 мың грант бөлінді. Бұдан əрі Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның батыстағы қақпасы Ақжайық өңірінің тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізіп отырғанына тоқталды. Облыста əсіресе əлеуметтік мəселелердің ойдағыдай шешімін тауып жатқаны сүйсіндіреді. Соң ғы екі жылда өңірде 360 жас отбасы пəтерге ие болды. Бұл салыстырмалы түрде қарағанда жақсы нəтиже. Батыс Қазақстан жол инфрақұрылымы жөнінен де ел өңірлері арасында көштің соңында қалып жүрген еді. Енді олай деу қиын. Оған «Нұрлы Жол» бағдарламасы үлкен серпіліс бергенін айта кет кен жөн. Соның ішінде Орал-Каменка автожолының күрделі жөндеуден өтетіндігіне батысқазақстандықтар ризашылық білдіруде. (Соңы 2-бетте).

Кеше түстен кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ақтөбеге келді. Мемлекет басшысы бірден облыстық көп салалы ауруханаға атбасын тіреді. Ақ халаттылар сəуірдің шуағындай ақжарқын қуанышты жүзбен қарсы алды. Мұнда Елбасы аурухана ұжымымен кездесті. Бұл емдеу мекемесі Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған-ды. 320 кереуеттік облыстық көпсалалы аурухана құрылысына 11,8 миллиард теңге жұмсалды. Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Аурухана осы заманғы озық медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Емдеу мекемесінде кең ауқымды 1,5 Тесла магнитті-резонансты томограф, ангиографиялық, рентгенологиялық, эндоскопиялық жəне реанимациялық қондырғылар, таза орта, медициналық газ жүйе лері, қазіргі заманға сай эксперткласты ультрадыбыстық сканер лер, «жасанды бүйрек» жəне «жасанды бауыр» аппараттары, барокамералар бар. Аурухананың жалпы қабылданған 24 бөлімінен басқа, облыстағы бірден-бір эндокринологиялық, отоларингологиялық, урологиялық, қан тамырлары хирургиясы,

АҚПАРАТТАР аєыны

Ойын бизнесінде ережелер ґзгерді Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында еліміздегі ойын бизнесін реттеуге құрылған заң жобасы қаралды. Сондай-ақ, депутаттар бірқатар халықаралық қарым-қатынастарды реттейтін заңдық құжаттарды ратификациялау мəселесін де егжей-тегжей талқыға салды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Алдымен күн тəртібінде бірін ші мəселе етіп «Қазақстан

Республикасының кейбір заңнама лық актілеріне ойын бизнесі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарап алған сенаторлар

оны бірінші оқылымда мақұлдау туралы шешім қабылдады. Заң жобасы бойынша баяндама жасаған Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы осы саладағы олқылықтарды жою жəне ойын бизнесі туралы заңнамаға бақылау жүйесін қатаңдату жайын ортаға салды. Оның айтуынша, Азаматтық іс жүргізу кодексінде интернет казино қызметі заңсыз деп танылған іс

Байланыстар байламы жоєары Қазақстан Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбанның Қазақстанға ресми сапары аясында Астанаға келген Венгрия Сыртқы экономикалық жəне сыртқы істер министрі Петер Сийяртомен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екі жақты ынтымақтастық пен халық аралық күн тəртібіндегі көкейкесті мəселелерді талқыға

салды. Е.Ыдырысов екі мемлекет арасындағы əріптестік қарымқатынасты нығайту мен кеңейтуге қосқан елеулі үлесі үшін

Кґѕіл айту жеделхатын жолдады Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Фе дерациясының Президенті Владимир Путинге Охот теңізінде «Дальний Восток» кемесінің апатқа ұшырауына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Елбасы жеке өзінің жəне Қазақстан халқының атынан Ресей Президентіне жəне қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

өз əріптесіне алғысын білдірді. Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылғы 19-20 ақпан күндері П.Сийярто Астанаға ресми сапар жасап, оның шеңберінде екі ел сыртқы саясат ведомстволары ара сында 2015-2016 жылдарға арналған жұмыс жоспарына қол қойылған болатын. (Соңы 2-бетте).

ГБО бөлімшелері де осында жұмыс істейді. Мұнда емдеудің, ота жасаудың жаңа технологиялары енгізілген, аорта-орта жілікті ұштастыру, васкулярлы оперативті араласу, жамбас-ортан жілік жəне тізе буындарын эндопротездеу, трансплантология, кең ауқымдағы эндобейнехирургия сияқты күрделі операциялар жасалады. Елбасын жаңа аурухананың жұмысымен егжей-тегжейлі таныс тырып өткен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Əсет Қалиев өңірдегі осы саладағы оң өзгерістерге де тоқтала кетті. Оның мəлімдеуінше, 2014 жылы денсаулық сақтау саласына жұмсалған қаражат мөлшері 31,0 млрд. теңгені құраған.

жүргізу тетігі бекітілетін болады. Сонымен қатар, Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстен ойын бизнесі туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікті көздейтін факт нақтыланады. Бұдан басқа, ойын бизнесі заң талаптарын бұзғаны үшін қосымша əкімшілік жауапкершілік енгізіліп отыр. (Соңы 2-бетте).

 Оймақтай ой Сөз қасиеті – көркемдігінде, ой қасиеті – шындығында. Ғабит МҮСІРЕПОВ.

● Елімізде биыл егіс алқабы 21,5 млн. гектарды құрайды. Ауыл шаруашылығы министрлігі мəлім еткендей, дəнді дақылдар 15,2 млн. гектарға, оның ішінде бидай 12,2 млн. гектарға егіледі. Айта кетейік, үстіміздегі жылы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге қатысты шаруаларды одан əрі несиелендіруге 60 млрд. теңге көлемінде бюджеттік несие бөлінді. Бұл – былтырғы жылғыдан 20 млрд. теңгеге артық. ● «Қазақстанның Да му банкі» АҚ өңдеуші кəсіпорындарды қолдауға 50 млрд. теңге бағыттады. Банктің дерегінше, көрсетілген қаржының 50 пайызы жаңа жобаларды, 25 пайызы бұрын берілген несиелерді қайта қаржыландыруға, ал қалған 25 пайызы айналым капиталын толықтыруға жұмсалатын көрінеді. ● Астана кəсіпкерлері чех əріптестерімен кездесті. Чехия ортаазиялық сауда палатасының

Өткен жылы денсаулық сақтау мекемелерін салу жəне күрделі жөндеу бойынша екі мемлекеттік бағдарлама ойдағыдай аяқталған. Елді мекендерде 10 дəрігерлік амбулатория пайдалануға беріліп, 138 жұмыс орны ашылып, 16 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өткізілген. Елбасы сөз арасында басқарма басшысынан бала туу мен сəбилердің шетінеу жағдайын сұрады. Өз сөзінде Əсет Қалиев өткен жылдың қорытындысы бойынша бала туу көрсеткіші 0,4 пайызға артып, 19740 сəби дүниеге келгенін, халықтың табиғи өсімі көтерілгенін жеткізді. Əлеуметтік маңызы бар аурулардан болатын өлім-жітім саны төмендеп, əсіресе, бала өлімі тəуелсіздік алған жылдардан бергі уақытта бес есеге дейін кемігенін, ауруды ерте анықтау нəтижесінде соңғы он жылда өмір сүру ұзақтығы 5,6 жасқа артып, ақтөбеліктердің орташа өмір сүру деңгейі өткен жылы 71,6 жасқа жеткенін мəлім етті. Содан кейін Нұрсұлтан Əбіш ұлы кездесуге жиналған ақ халаттылармен əңгімелесті. Қазақстан Президенті бұл

президенті Иржи Нестевал тараптар ТКШ, энергетика, жылу жүйесі, су арнасы жəне қалдықтарды жою бойынша келіссөздер жүргізгенін жеткізді. ● Оңтүстік Қазақстанның Арыс қаласында көпқабатты 2 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Аудандық əкімдіктің баспа сөз қызметі хабарлағандай, олардың бірінде – 60, екіншісінде 90 пə тер болмақ. Былтыр қалада көпқабатты 5 тұрғын үй жөндеуден өткен. Оған республикалық бюджеттен 75,2 млн. теңге бөлінген. ● Қызылорда өңірінде тұз, күріш жəне балық экспортын ұлғайтуға мүмкіндік көп. Облыстық статистика департаментінің басшысы Бақыт Сапардың айтуынша, аймақтық өндірушілер өнімінің дені Ресейге жөнелтіледі. Экспорттың 50,8 пайызын техникалық жəне ас тұзы, ал 48 пайызын күріш құрайды. Айта кетейік, қазіргі таңда өңірде жалпы жылдық қуаты 11 мың тонна балық өңдеуге

ау ру хананың жаңа ғимаратта орналасқанын, заманауи құралдармен жабдықталғанын атап өтті. – Көп нəрсе енді сіздерге байланысты. Егер өз жұмыстарыңызды сапалы атқарып, қолда бар жабдықтардың мүмкіндігін толық пайдаланатын болсаңыздар, халық денсаулығын жақсартуға зор үлес қосасыздар. Біздің елімізде денсаулық сақтау саласына зор көңіл бөлініп отыр, Қазақстан жан басына шаққанда бұл салаға бөлінетін қаражат көлемі жөнінен дамыған елдер деңгейіне таяп келеді. Республикада соңғы 20 жылда мыңға жуық денсаулық сақтау нысаны салынды. Халық отандық медицинаға сенім арта бастады, ал көрші елдердің азаматтары емделу үшін бізге келетін болды, – деді Мемлекет басшысы. Сөзінің соңында Нұрсұлтан Назарбаев медицина қызметкерлеріне табыс жəне бақ-береке тіледі. Кездесуде сөз алған аурухананың госпитальды хирургия бөлімінің меңгерушісі Базылбек Жакиев, эндокринология бөлімінің меңгерушісі Владимир Котлобовский, денсаулық саласының ардагері Ізбасқан Аймағамбетов Қазақстан Президентіне республикада денсаулық сақтау саласын дамытуға, біліктілікті арттыруға жəне тəжірибе алмасуға қажетті жағдай жасалғаны үшін зор ризашылықтарын білдірді. Ақтөбе облысы.

жететін 8 зауыт жұмыс істейді. ● Ақмола облысының Сандықтау ауданында кəсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды. Облыстық кəсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мəліметіне қарағанда, жаңа мекемеге ақыл-кеңес сұрап жүгінген кəсіпкерлердің қатары арта түскен. ● Маңғыстау өңірінде «Жаңа серпiн» бағдарламасы ойда ғыдай жүзеге асырылуда. Облыстық экономика жəне бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Индира Құрман бүгінде Жаңаөзен қаласының 107 жұмыссыз тұр ғыны монтаждаушы, газэлектр дəнекерлеушісі, металл құрылымдарын жинақтау слесары мамандықтары бойынша оқытылғанын мəлімдеді. Оған 88 млн. теңге жұмсалған. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.

АСТАНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМЫ 21-22 МАМЫР 2015


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.