03/05/2013

Page 1

Бүгінгі нөмірде:

Үкімет

3-4-беттер Қайсарлық 5-бет Жауын жеңген жауынгер 6-бет Махаббат – мәңгі ертегі 7-бет

№120 (28059) 3 МАМЫР ЖҰМА 2013 ЖЫЛ

Ел экономикасыныѕ ґсу ќарќыны тґмендемеуі тиіс Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ПремьерМинистр Серік Ахметовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесуге Президент Əкімшілігінің Басшысы К.Мəсімов пен Президент Əкімшілігі Басшысының орынбасары Б.Сұлтанов қатысты. Кездесу барысында ПремьерМи нистр еліміздің əлеуметтікэкономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері мен экономиканың өсу қарқынын ұстап тұру жөнінде қабылданған шаралар туралы баяндады. – Өткен жылы елдің ішкі жалпы өнімінің номиналды көлемі жоспарланғаннан 1,4 трлн.

біз бюджетке түзетулер енгізуді жоспарлаудамыз. Өйткені, биыл ол шамамен 495 миллиардтай теңгені жеткізе алмайды деп күтудеміз. Сонымен бірге, түсімдерді ұлғайту жөнінде жұмыс жүргізілуде жəне жағдайды түзету үшін қажетті шаралар қабылданатын болады, – деді С.Ахметов. Нұрсұлтан Назарбаев бюджеттің кіріс бөлігінің көрсеткіштерін оның теңдестірілуі мен тиім ділігі мақсатында анықтау қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша қаралған мəселелерге орай бірқатар нақты тапсырмалар берді.

тең геге төмен болды. Сөйтіп, эко номикалық өсім күтілген 6 пайыздың орнына 5 пайызды құрады. Соның өзінде, біз бұл жаман көрсеткіш емес деп санаймыз. Сонымен қатар, металлургия жəне тау-кен металлургиясы салаларының негізгі экспорттық өнімдеріне сұраныстың азаюы мен əлемдік бағаның төмендеуі ішкі\жалпы өнімнің өсу қарқынының төмендеуінен жəне республикалық бюджеттің түсімдерінен де байқалды. Осы нəтижелерді есепке ала отырып,

Комиссия отырысы

функция лары – Президенттік резервті қалыптастыру жəне құқық қорғау органдарындағы басшылық лауазымдарды иеленуге кандидаттарды қарастыру. Комиссияның отырысында екі мəселе қаралды: ұйымдастырушылық жəне ішкі істер мен кедендік бақылау органдарындағы басқарушы лауазымдарға кандидатураларды келісу. Комиссия мүшелеріне жұмыстың ұйымдастырылуы, кадрлық материалдарды қалыптастыру тəртібі жəне қабылданатын шешімдердің ресімделуі туралы хабарланды.

Кеше Президент Əкімшілігінің Басшысы Кəрім Мəсімовтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мəселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Комиссия Мемлекет басшысының 2013 жылғы 3 сəуірдегі №537 Жарлығына сəйкес құрылған, оның Ережесі мен дербес құрамы бекітілген. Комиссияны Президент Əкімшілігінің Басшысы басқарады, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы оның орынбасары, мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары

(ҰҚК, БП, ЭҚСЖКА, ІІМ, МҚІА, ҚМ, ƏдМ, ТЖМ), Президент Əкімшілігінің жауапты лауазымды тұлғалары, сондай-ақ Бас прокуратура, Қаржы полициясы агенттігі, Ішкі істер министрлігі қоғамдық бірлестіктерінің төрағалары – оның мүшелері болып табылады. Комиссияның негізгі

Сыртќы істер министрлігініѕ мəлімдемесі

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың көші-қон заңнамасын бұзды деп айып тағылған Қазақстан азаматтарына қатысты мəлімдеме таратты. Онда былай делінеді: «1 мамыр күні таңертең АҚШ-тың көші-қон заңнамасын бұзғандары үшін қазақстандық студенттер Диас Қадырбаев пен Азамат Тəжаяқовқа тағылған айып бойынша сот тыңдауы болып өтті. Екі іс бойынша да тыңдаулар кейінге ауыстырылды (А.Тəжаяқов – 9 мамыр, Д.Қадырбаев – 22 мамыр). Сол күннің екінші жартысында оларға айғақдəлелдерді жою арқылы тергеуге кедергі келтірді деген қылмыстық айып тағылды. Тағылған айыптарды ескере отырып, олар федералды қылмыстар түрмесіне ауыстырылды. Бұл қылмыстық

іс бойынша тыңдаулар 14 мамырға белгіленді. Сонымен қатар, біздің азаматтарымызға Бостонда болған жарылыстарды ұйымдастыруға қатысты айып тағылып отырмағанын атап өтеміз. Оларға айғақтарды жойды деген айып тағылуда. Қазіргі таңда біздің азаматтарымызға қажетті консулдық қолдау көрсетілуде. Олардың кінəсі əлі дəлелденген жоқ, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Д.Қадырбаев пен А.Тəжаяқов тергеу органдарымен ынтымақтасып, оларға барынша ықпал жасауда». Мəлімдемесінің соңында министрлік Қазақстанның лаңкестіктің кез келген түрлеріне қарсы екенін қаперге сала келіп, қазақстандық тараптың АҚШ құқық қорғау органдарымен осы істі тергеуде барынша ынтымақтасуда екенін атап көрсетеді.

 Толғандырар тақырып

Мемлекеттік ќызметтіѕ мерейі

Бїгін «А» корпусыныѕ кадр рерзервіне ќўжат тапсыру аяќталады Құжат тапсырушылар саны осы кезге дейін 1 300 талапкерге жетіп отыр. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. Атап өтілгендей, «А» корпусының кадр резерві үшін құжат қабылдау 2013 жылғы 3 мамырға дейін жүргізілді. Оның іріктеу ережесі Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылған. Агенттік арқылы кандидаттардың «А» корпусы лауазымдарының арнайы біліктілік талаптарына жəне мемлекеттік қызмет туралы заң талаптарына сəйкестігі анықталады. Құжаттарды қарау нəтижесінде оларды тестілеуге жіберу немесе рұқсат етпеу туралы шешім қабылданады. Арнайы біліктілік талаптары мен тестілеу бағдарламалары Президент Əкімшілігімен ұйғарылып, Агенттік бұйрықтарымен мақұлданып, Əділет министрлігінде тіркелді. Егер де үміткерлер біліктілік талаптарына сай болса, олардың заңды білуі жəне тұлғалық, басқарушылық біліктілік деңгейін (этикалық қасиеттері, қарымқатынас жасай білуі, бəсекені бағдар тұтуы, сапаны бағдар

тұтуы), мемлекеттік тіл бойынша білімін анықтау тестілеуден өтеді. Тестілеуден оң нəтиже алған үміткерлерге қатысты кадрлық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның жұмыс

органы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп əңгімелесуге кіру рұқсаты туралы шешім қабылдайтын болады. «А» корпусының кадр

Бəрін де кадр шешеді Ерсұлтан БЕКТҰРҒАНОВ,

Парламент Мəжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі.

Қазақстан Республика сының Президенті Нұрсұлтан На зарбаев 2012 жылдың 14 жел тоқсанындағы Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан-2030» Стратегиясының жүзеге асуын қорытындылап, бұл стратегияның біздің мемлекетіміздің қалыптасу ке зеңі үшін жасалғанын жəне оның бүгінгі таңда өзінің арқаулық өлшемі бойынша орындалғанын айтты. Сонымен қатар, еліміздің

2050 жылға дейінгі жаңа саяси бағытының жобасын ұсы нып, «Қазақстан-2050» Стра те гиясының негізгі бағыттарын талдап берді. Бұл құжатта ел дамуының басым бағыттары белгіленіп, экономикалық саясатты кезеңдік жүзеге асыру жолдары айқындалды. Елбасы «Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың жəне жалпы ға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру» деп атап көрсетті. Президенттің жаңа стратегиясы 2030 Стратегиясы шеңберіндегі реформалардың

заңды жалғасы болып табылады жəне 2050 Стратегиясын жүзеге асыруда да кадрлық саясатқа ерекше көңіл бөлінетін болады. Өйткені, жаңа экономикалық саясат табыстылығының басты шарты – ол кадрлар арқылы нығайтылуы тиіс екендігі Жолдауда айтылды. Жалпы, өткенге көз жүгіртсек, тəуелсіздіктің бірінші күнінен бастап Елбасы кадр саясатына айрықша көңіл бөліп, өзінің тұрақты бақылауында ұстап отырды. Жаңадан шаңырақ кө тер ген елдің дүниежүзілік қауым дастық қатарынан өзіне лайықты орын иелену үшін

ре зервіне үміткерлердің тізімі жəне оларға қойылатын талаптар туралы толық мағлұмат Агенттіктің www.kyzmet. gov.kz интернет-ресурсында жарияланған. мемлекеттің барлық саласындағы тізгінін тең ұстап, бірқалыпты жетілдіріп отыру қажет болды. Ал мемлекеттің қарқынды дамуындағы кадрлардың рөлі ерекше екендігі белгілі. Ол кезде мемлекеттің басқару жүйесі өтпелі кезеңді басынан кешіп жатты. Кейбір кеңес кезіндегі министрліктер мен комитеттер, жергілікті жерлердегі басқару жүйелері бұрынғы атауларын сақтап қалып, олардың қызметкерлері сол орындарға мемлекеттік қызметшілер ретінде тағайындалып, тəуелсіз мемлекеттің алға қойған талаптарына сай өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берді. (Соңы 2-бетте).

Қазақстан Республикасының Заңы

 Қазақстан Республикасына қызмет етемін!

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы Балқаш жылу электр станциясын дамыту, қаржыландыру, жобалау, салу, пайдалану жəне оған техникалық қызмет көрсету саласындағы келісімді ратификациялау туралы

2011 жылғы 25 тамызда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы Балқаш жылу электр станциясын дамыту, қаржыландыру, жобалау, салу, пайдалану жəне оған техникалық қызмет көрсету саласындағы келісім ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2013 жылғы 30 сəуір. № 91-V ҚРЗ

 Талап жəне тəртіп

Жер телімі їшін текетірес Ќызылордада ґзекті мəселеге айналып тўр

Біздіѕ де їлесіміз ќомаќты Осы күндері елімізде 7 мамыр күні алғаш рет кең көлемде, мемлекеттік деңгейде аталып өтетін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің күніне арналған жауынгерлік парадқа дайындық жұмыстары аяқталып қалды. Оған қатысуға еліміздің жер-жерінен əскери қызметшілер мен жауынгерлер тартылып, техникалар жеткізілді. Жақында біз Астанадан Жамбыл облысының «Отар» əс ке ри сынақ алаңында өтетін парадқа əскери техникалар жеткізген 83205 əскери бөлімде болып, оның командирі Айдар АБДРАХМАНМЕН əңгімелескен едік.

– Сіздердің бөлімдеріңіз, естуімізше, əскери-жауынгерлік парадтар мен басқа да маңызды шараларға қатысып, оларды техникамен қамтамасыз етіп тұрады екен. Биылғы парадқа дайындық қалай өтті? – Парадқа дайындығымыз жақсы өтті. Оған жеке өзіміз қатыспасақ та, біздің біршама техникамыз қатысатын болады. Жақында соларды əскери шеру өтетін жерге жеткіздік. Негізі, біздің бөлімнің жұмысы парадтар сияқты маңызды шараларға

қатысып, оларды техникамен қамтамасыз етумен ғана шектелмейді, біздің бұдан да басқа жұмыстарымыз көп. – Мысалы, қандай жұмыстар? Жалпы, бөлімнің негізгі міндет, мақсаты қандай? – Біздің бөлімнің негізгі мін дет, мақсаты – Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштер дің Бас штабына қызмет көрсетіп, əскери құралжабдықтармен қамтамасыз ету. (Соңы 10-бетте).

Жердің дауын қазақ қашаннан жоғары қойған. Қарыс сүйем жер үшін талас бізде ежелден бар. Сондай таластың талайы бүгінде Қызылорданың төңірегінен де табылып қалады. Сондықтан да, облыстық прокуратура жақында өткізген алқа мəжілісін осы бір ғана мəселеге арнады. Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Бір жиынның өзінде-ақ Сыр бойындағы басты қалада жерге қатысты мəселенің қаншалықты ушығып тұрғаны байқалып қалды. Ондағы ең бір екшеп өтетін тұс – қала əкімдігінің 2011 жылғы 4 қазанда 1997-2005 жылдар аралығындағы жерге байланысты өтініштерді есепке алу журналын жойып жібергенінен көрініс береді. Соның салдарынан мұнда жер учаскесін табыстау кезектілігі түсініксіз халге жеткен. Ал əкімдік

əлі күнге 2004 жылға дейінгі кезекте тұрғандар тізімін құрай алмай келеді. Облыс прокуратурасы сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар тарапынан мемлекет мұқтажына жерлерді алу барысында оның негізділігі мен тиімділігіне баға берілмей, тиісінше мемлекет қаражатының негізсіз жұмсалуына бағытталған шешімдер қабылданатынын да анықтады. Атап айтқанда, əкімдік 2008 жылғы 28 қарашадағы қаулысымен Қаратоғай көшесі, №36 үйдің астында орналасқан

жалпы көлемі 0,1 га жер учаскесін үстіндегі үйімен бірге 5 440 400 теңгеге мемлекет мұқтажы үшін сатып алғанымен, оны мүлдем бұл мақсатта пайдаланбаған болып шықты. Соған қарамастан, ол қалалық прокуратураға берген анықтамасында аталған жер учаскесінде орналасқан тұрғын үй құрылысының бұзылып, жер учаскесі босатылғанын жəне мемлекеттік жер қорына қайтарылғанын атап көрсеткен. Бұған қоса, аталмыш үйдің иесі əлі де Н.Базарбаев болып табылатыны туралы жалған мəлімет берген. Тексеру барысында жергілікті атқарушы органдардың бір азаматқа екі рет жер учаскелерін берген деректері де айғақ болды. Мұндайлардың қатары артық-кемі жоқ 57 адам екен. Сонымен қатар, қала аумағында бас жоспарға сəйкес келмейтін жер учаскелері де беріліп кеткен. Мұның бір айқын дерегін Бөкейхан – Сұлтан Бейбарыс көшелері аралығындағы қалаішілік магистралды жол салу жоспарына кірген аумақтан жұртқа жер беріліп кетуінен де көруге болады. (Соңы 2-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
03/05/2013 by Egemen - Issuu