03062014

Page 1

Бїгінгі нґмірде: Ыќпалдастыќ – уаќыт талабы 2-3-беттер Ана тілініѕ ќўдіреті 6-бет Ќазаќстанда пирамида бар ма? 10-бет Жаќсылар мен жайсаѕдар жарасымы 14-бет

№107 (28331) 3 МАУСЫМ СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Жауапты ќызметінде табыс тіледі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті лауазымына сайлануына байланысты Петр Порошенкоға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті сайлау нəтижелері өзекті əлеуметтікэкономикалық мəселелерді шешуге, ішкі саяси тұрақтылыққа қол жеткізіп, қоғамды біріктіруге бағытталған П.Порошенконың сайлауалды бағдарламасының

кеңінен қолдау тапқандығының айғағы екенін атап өткен. Нұрсұлтан Назарбаев П.Порошенконың жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас украин халқына татулық, тұрақтылық жəне бақбереке тілеген.

Ќўттыќтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Джейкоб Зумаға Оңтүстік Африка Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Д.Зума басқаратын партияның сайлаудағы жеңісі заңдылық екенін атап өткен Қазақстан Президенті таяу уақыттарда ОАР əлеуметтікэкономикалық даму жолында бұдан да зор нəтижелерге жетіп, халықаралық аренада өз беделін нығайтатынына сенім білдірген. «Қазақстан Республикасы Оңтүстік Африка Республикасымен

арадағы байланыстарды əрі қарай тереңдетуге, екіжақты сауда-экономикалық жəне мəдени-гумани тарлық қатынастарды жаңа дең гей ге шығаруға мүдделі», – делінген жеделхатта. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Д.Зумаға мықты денсаулық, жауапты қызметінде табыс, ал достас ОАР халқына бақ-береке тілеген.

Кїн тəртібі ќаралєан отырыс

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Се нат бюросының отырысы болды. Палата Төрағасы сена тор Сергей Плотниковты Аграрлық мəселелер, табиғатты пайдалану жəне ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Бюро отырысы барысында 5 маусымда болатын палатаның кезекті отырысының күн тəртібіне ұсыныстар енгізілді. Сенат бірінші оқылымда Əкімшілік құқық бұ зушылық туралы кодекс жобасын жəне кейбір заңнамалық актілерге əкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мəселелері бойынша ілеспе түзетулер жобасын қарастыруды жоспарлады. Қылмыстық кодекстің, Қылмыстықатқару кодексінің жобалары жəне «Қазақ стан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда талқыланады.

Сенаттың комитеттері мен Аппаратқа Мəжілісте мақұлданған 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай жəне мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынты мақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы берілді. Осы заң жобасы бойынша бас комитет болып Экономикалық саясат, инновациялық даму жəне кəсіпкерлік комитеті белгіленді. Одан басқа, бюро қаулысымен Сенаттың 2014 жылға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына өзгерістер енгізілді.

Маѕызды мəселелер шешімін табады

Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев бастаған Үкімет мүшелері Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мəслихатын өткізді. Онда еліміздің əлеуметтік-экономикалық дамуының бірқатар мəселелері əңгіме болды. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Үкімет басшысының орынбасары Үкімет отырысында талқыланып, қаралған мəселелер жөнінде айтты. Онда еліміздің əлеуметтік-экономикалық дамуы тəптіштелгенін, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Алматыда өңірлік қаржы орталығын құру жəне оның жұмыс істеуіне қатысты мəселелер зерделенгеніне тоқталды.

Сондай-ақ, 2014-2015 жылдарға арналған тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру бойынша кешенді жоспар жобасы қаралып, мақұлданғанын жариялады. Үкімет отырысында Өңірлік даму министрі Б.Жəмішев жер заңнамасын жетілдіру бойынша шаралар туралы, ал Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы баяндама жасаған. (Соңы 4-бетте).

Кґѕіл айту жеделхатын жолдады Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық ғылым академиясының академигі, көрнекті ғалым Болат Жұбановтың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Нұрсұлтан Назарбаев Болат Жұбановтың өмірі абыройлы еңбектің үлгісі екенін атап көрсетті. Мемлекет басшысы академиктің еліміздегі химия ғылымының өзекті салаларының дамуына өлшеусіз үлес қосқанын атап өткен. Ол Химия ғылымдары институтына ұзақ жылдар бойы жемісті басшылық етті. Лайықты ізбасарлар тəрбиеледі. Сонымен қатар, іргелі зерттеулері үшін Мемлекеттік сыйлыққа жəне өзге де марапаттарға ие болды. Қазақстан Президенті ғалымның адамгершілік қасиеттері мен игілікті істері арқылы отандастарымыздың есінде қалатынын айтты. «Абзал азамат, ғибраты мол ғалым Болат Жұбановтың жарқын бейнесі халқымыздың жадында əрдайым сақталады», – делінген жеделхатта.

Ел тынысы: мың бір мысал

НЎРЛЫ СƏУЛЕ

Оралда жарыќ диодты шамдар ґндіріле бастады Жаңалыққа жаны құштар оралдық қос азамат жарық диодты технологиялар негізінде жарықтандырғыш құралдар өндірісі жобасын жасақтады. Алдымен «Даму» кəсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-тың облыстағы филиалында кəсіпкерліктің негіздері курсында тегін оқып, сертификат алған. Сөйтіп, олар өткен жылы инновациялық грантқа тапсырыс беріп, өңірлік инновациялық грант жөніндегі комиссияның оң шешімін алды. Одан кейін облыс əкімінің орынбасары Марат Кəрімовтің төрағалығымен өткен аймақтық үйлестіру кеңесінің отырысында да тың жоба қолдауға ие болды. – Жобаны іске асыру мақсатында екі құрылтайшы ретінде Алексей Смирнов екеуміздің əрқайсысымыз үш миллион теңгеден, алты миллион теңге мемлекеттік қайтарымсыз грант алдық. Кəсіпорын құрып, өткен жылдың 17 мамырында тіркеуден өткіздік. Қағазбастылық болған жоқ, əрі кеткенде бір жарым ай шамасында грант қолымызға тиді. Елімізде энергияны үнемдеу жөніндегі заңның жəне соған орай Үкіметтің тиісті қаулыларының қабылдануы жарық диодты жарықтандырғыштар өндірісінің өзектілігіне көзімізді жеткізгендей болды. Мамандығымыз экономист болғанымен, бұл мəселе бізді бұрыннан қызықтыратын. Сондықтан Алексей Смирнов екеуміз осындай өндірісті жолға қоюға бел шеше кірістік, – деді «Alpha lucem» ЖШС-ның дирек торы Арман Сағитов бізбен əңгімесінде. Арман Айдынғалиұлының айтуынша, өндірісті нөлден бастаудың өз қиындықтары бар. Өнімді ресейлік ГОСТ-Р 54 250-2011 техникалық шарттары бойынша шығару үшін Астанаға барып, төрт министрліктің қарауынан тиісті құжаттары өткізіліп, ресімделді. Содан соң мемлекеттік есепке алу тіркеліміне енгізу жұмыстарымен шұғылданған. Мемлекеттің тегін гранты бизнес-жобаға сəйкес

ресейлік зауыттардан станоктар мен құрал-жабдық сатып алуға жұмсалды. Орын жалға алынып, оны цех қылып жөндеген. Сөйтіп, кəсіпорын жарық диодты шамдар өндіруді биылғы наурыз айында бастады. Қазір шағын цехта екі адам еңбек етеді. Жарық диодты шамдарды тапсырыс бойынша шығаруға кіріскен. Өнім өндіруге жарық диодтары, алюминий линейкалар Ресейден алынуда. Шамның сыртқы қорабына қаңылтыр шикізатын «АрселорМиттал» компаниясынан алуға келісім жасалған. Бүгінде жарық диод қолданысқа кеңінен енуде. Жарық диод дегеніміз – электр тогын өткізген кезде белгілі бір түсті сəулені шығаратын жартылай өткізгіш аспап. Мектепте физика пəнінен естеріңізде қалған шығар, анод, катод дегендер, соның көмегімен жарықтандырылады. Жарық диод əдеттегі жарық көздеріне ұқсамайды. Өйткені, онда газ бен

қыздыру жібі болмайды. Оның сынғыш шыны сауыты жəне жылжып кету қаупіне ие бөлшектері де жоқ. Жарық диодтарының бірегей сипаттамаларының арқасында жарық диодтарды қолдану мүмкіндігі іс жүзінде шексіз. Жарық диодтар жалпы жарықтандырудың түрлі жүйелерінде кеңінен пайдаланылады. Бұл өзі – келешектің аспабы, тұрғын үйлерді, өндіріс орындарын, көшелерді жарықтандырушы аспапқа айналады, деді Арман Сағитов. Оның айтуынша, жарық

Визасыз режім туралы келісім жасалды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Аргентина Сыртқы істер министрі Эктор Тимерманмен оның Қазақстанға ресми сапары аясында кездесті. Бұл Латын Америкасы мемлекеті сыртқы саясат ведомствосы басшысының Қазақ еліне алғашқы сапары болып табылады, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Сұхбаттасушылар экономика, сауда, инвестиция, туризм саласындағы Қазақстан-Аргентина ынтымақтастығы мəселелері мен халықаралық күн тəртібіндегі өзекті мəселелерді талқылады. «Біздің елдеріміз арасындағы ұқсастықтар өте көп, біздің көзқарастарымыз бен адамзат алдында тұрған тұрақты даму мен экология, ядролық қауіпсіздік пен көпполярлы əлемді нығайту мəселелеріндегі қауіп-қатерлерді шешу тəсілдеріміз өте ұқсас», деп атап өтті Е.Ыдырысов. «Біз Аргентинаның осы жылдың екінші жартысында өкілетті бизнес-делегациясын Қазақстанға бағыттауды жоспарлап отырғанына қуаныштымыз. Біз аргентиналық бизнесмендерге өз тарапымыздан олардың қазақстандық əріптестерімен ынтымақтастықтарын бастай алатындай мазмұнды бағдарлама дайындамақпыз», деп атап өтті ҚР СІМ-інің басшысы. Ол, сонымен қатар, сауда-экономикалық

ынтымақтастық жөнінде екіжақты комиссия құру жоспары мен Аргентина тарапының Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мəселесіне қолдау көрсету туралы келіссөздердің жалғасып жатқанына назар аударды. Екі елдің сыртқы саясат ведомстволарының басшылары, сондай-ақ, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты талқыға салды. «Біз елдеріміздің БҰҰ-ның түрлі құрылымдарына үміткерлікті өзара қолдап отыратынымызға қуаныштымыз жəне мен өзімнің əріптесіме Аргентинаның 2017-2018 жылдарға БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшелігіне Қазақстан кандидатурасын қолдағаны үшін ерекше алғысымды білдіремін. Аргентинаның қолдауы біз үшін өте құнды жəне біз болашақта БҰҰ ҚК құрамында бола отырып, ортақ мүдделерімізді қорғауға ниеттіміз», деп мəлімдеді Е.Ыдырысов. (Соңы 4-бетте).

Алматы ґѕірлік ќаржы орталыєына айналады Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов баспасөз мəслихатын өткізді. Онда Алматыда өңірлік қаржы орталығын құру жəне оның жұмыс істеу мəселелері туралы айтылды. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Бұйыртса, 2020 жылға дейін Алматы қаласындағы қар жы орталығын дамыту

тұжырымдамасы биылғы жылдың соңына дейін қабылданбақ екен. Ол жөнінде брифингте Ұлттық банк төрағасы айтты. «Алматыда қаржы орталығын құру бастамасы, осы уақытқа

дейін тиістi деңгейде дамытылған жоқ болатын. Десем де, Мемлекет басшысының тапсырмасымен бүгін Үкiмет Ұлттық банкпен бiрге бұл бағытта бiрқатар нақты шешiмдердi кең талқылап, қабылдады. Нəтижесінде, қаржы орталығының 2020 жылға дейiнгi даму тұжырымдамасы толығымен қайта қаралады. Енді бұл құжат ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейiн қабыл данатын болады», дедi Қ.Келiмбетов. (Соңы 4-бетте).

диодты шамдарды пайдалану мерзімінің ұзақтығы 60 мың сағатқа дейін жетеді. Ондай шамдар экологиялық жағынан қауіпсіз. Сондай-ақ, олар бөлменің ауасын өзге шамдар секілді шапшаң ысытып жібермейді. Өйткені, электр қуатының 90-95 пайызы жарықтандыруға жұмсалады. Адамның денсаулығына да зияны жоқ. Əдеттегі қуат үнемдегіш шамдардағыдай құрамында сынап болмайтындықтан, арнайы қабылдау орындарына тапсырамын деп əуре болмайсыз. Көздің

АҚПАРАТТАР аєыны ● Биылғы жылдың 5 айында «Жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша 40 мыңнан астам азамат жұмысқа орналасты. Бұл туралы кеше мəлімдеген Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жыл соңына дейін өзін өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыздар мен аз қамтамасыз етілген адамдар қатары 154 мыңға жететінін айтты. ● Павлодарда биыл аймақтық технопарк ашылатын болды. Облыс əкімінің бірінші орынбасары Дүйсенбай Тұрғановтың айтуынша, қазіргі таңда жергілікті жоғары оқу орындары мен өнертапқыштар əртүрлі салаларда 200-ге жуық ғылымизерттеу жұмыстарын жүргізуде. Ал жаңа орталық қызметі жеке-жеке ғылыми идеялар мен əзірлемелерді шоғырландыруға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге жəне заманауи инновациялық технологияларды енгізуге бағытталады. ● Оңтүстік Қазақстанда студентжастар Еуразиялық одақ туралы ойларын ортаға салды. Облыстық мемлекеттік педагогикалық институтта өткен бұл жиында аймақ басшысы Асқар Мырзахметов жас толқынның көптеген сұрақтарына жауап бере келіп, оларды бұқаралық мəдениетті көтеру, жоғары адамгершілік қасиеттерді қа лыптастыру сияқты бүкіл қоғам болып атқаратын шараларға белсене атсалысуға шақырды. ● Қазақстандағы алғашқы АЭС Курчатов қаласында салынады. Ұлттық ядролық орталық таратқан ақпаратта бұл стансаның еліміз шығыс өңірінде бой көтеруіне онда

көру қабілетіне де залалсыз. Тағы бір басты ерекшелігі, жарық диодты аспаптар энергияны аз тұтынады жəне олардың түрлері мен пайдалану жағдайларына қарай электр қуатын тұтыну шығынын 43-92 пайызға азайтады. – Нарықтағы сатылып жатқан Қытайда жасалатын өндіріс тік шамдарды сапасыз деуге келмес. Бірақ олардың бөлшектерін алатын болсақ, сапасына кепілдік ету, яғни өнімді кері қайтару жағы қиын. Өнім өн діруге қажетті құрылымдық бөлшектерді Ресейден алғанымыз тиімді. Диодты шамдар – жоғары технологиялық күр делі үрдістерден тұратын өнім. Негізі жарық диодты жарықтандырғыштар құрылыс шығынын электр қуатымен қамтамасыз етуді жобалау барысында-ақ азайтады. Өйткені, мұндай жарықтандырғышты пайдаланатын болсақ, үйге, офиске, өзге де құрылыс нысанына берілетін қуат төмен болуы қажет. Сондықтан, облыстағы жобалау институттарына өз ұсыныстарымызды білдірудеміз, – деді компания құрылтайшыларының бірі Алексей Смирнов. Кəсіпорында жарық диодты шам дардың үш түрі өндіріліп, сатылымға шығарылуда. Енді көшені жарықтандыратын жəне өндірістік орындарға арналған жарық диодты желілер шығару жобасы қолға алынуда. Желаев астық өнімдері комбинаты, қаладағы бірқатар сауда орындары оралдық диодтық шамдармен қамтамасыз етілген. Компания қазақстандық сертификат алған. Енді тендерге қатысып, бақ сынамақ. Тендерлерде айы оңынан туып жатса алдағы уақытта өндірісті кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып отыр. Гүлбаршын ƏЖІГЕРЕЕВА, журналист. Батыс Қазақстан облысы.

қуат көздеріне деген сұраныстың жылдан жылға артып келе жатқаны негізгі себеп болды. ● Қызылордада «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында құны 1 млрд. 715 млн. теңгені құрайтын 13 жоба жүзеге асырылуда. Қала əкімі Нұрлыбек Нəлібаев облыс орталығында жыл басынан бері кəсіпкерлер қатары 300-ден аса субъектімен толығып, олардың 26309-ды құрағанын айтып отыр. ● Алматыда 2 мыңнан аса бүлдіршін балабақшамен қамтылады. Жалпы, биыл мұнда 18 мемлекеттік балабақшаның құрылысы жоспарланған. Олардың 16-сы жыл ішінде беріледі. Қалалық білім басқармасының басшысы Рахат Шимашева қалған 640 орындық 2 балабақшаның 2015 жылдың еншісінде тұрғанын жеткізді. ● Кеше «Астана-Шымкент» бағытындағы жаңа жолаушылар пойызы жолға шықты. Құрам «Тальго» жүрдек вагондарынан жасақталған. Онда 22 вагон бар. Болат жолдың көлігі Астанадан Шымкентке дейін 15 сағат 35 минутта жетсе, қайтар жолды 16 сағат 01 минутта көктей өтеді. ● Қостанай облысының 356 оқушысы жазғы демалыстарын мектеп орман шаруашылықтарында өткізеді. Облыстық білім беру басқармасының бастығы Ү.Төртқараеваның айтуына қарағанда, олар осы мезгілде еңбек жəне экологиялық тəрбие алады, орман алаптарын тазалау, туған өлкенің табиғатын зерттеу жұмысымен айналысады. «ҚазАқпарат», BNews.kz, Аltaynews.kz, Alau.kz, Egemen.kz хабарлары бойынша дайындалды.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.