03062015

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны

№102 (28580) 3 МАУСЫМ СƏРСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

ДЇБІР

Əулиеата ґѕірінде Ќазаќ хандыєыныѕ 550 жылдыєына дайындыќ жўмыстары жандана тїсті

Бўрынєы премьермен кездесті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Француз Республикасының бұрынғы Премьер-министрі, Ұлттық жиналыс депутаты Франсуа Фийонмен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Əңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев Франсуа Фийонның Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық серіктестік туралы шартқа қол қоюға қосқан үлесін атап өтті. Соның арқасында бүгінде екі ел қарым-қатынасы қарқынды дамып келеді. Сондай-ақ, тараптар ҚазақстанФранция ынтымақтастығын

басымдығы бар салаларда нығайта түсу мəселелерін қозғады. Сонымен қатар, Қазақстандағы француз компаниялары қызметінің негізгі бағыттары, елімізге инвестиция тарту жөніндегі шаралар қарастырылды.

–––––––––––––––––– Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Елбасыныѕ апталыќ кестесі Президенттің баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар туралы хабарлады.

3 маусымда Елбасы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің 28-отырысына қатысушылармен бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр. 4 маусымда Шетел инвесторлары кеңесінің 28-отырысы өтеді. Оның негізгі тақырыбы – Қазақстандағы агробизнесті дамыту. Іс-шараға халықаралық ұйымдар мен ірі компаниялардың басшылары қатысады.

«Тойдың болғанынан боладысы қызық», деген. Дəл қазір жамбылдық ағайындар дүбірлі той қамына қызу кірісіп кетті. Ел тарихында алар орны ерекше болғалы тұрған Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы елдің рухын көтеріп, санасын сілкінтетіні анық. Бұл бір тараздықтарға ғана емес, бүкіл елімізге ортақ той емес пе? Сондықтан, республикамыздың 14 облысы көмекке келіп, көне қаланың той өтетін жерлерін абаттандыру, жаңарту, көркейту жұмыстарын жүргізуді міндеттеріне алды. Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Бүгінде 7 облыс, нақтырақ айтсақ, Атырау, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Ақтөбе, Солтүстік жəне Батыс Қазақстан облыстары жұмыстарын бастап та кетті. Бұдан басқа өңірлер де жақын күндерде іске кіріспек. Облыстардан келген кəсіпкерлер Тараз қаласындағы саябақтарды, негізгі көпірлерді қайтадан жаңғыртып, көше-даңғыл бойларын абаттандырып, бірнеше жерден жаңа скверлер салып, ескерткіш орнатады. Бұл жұмыстарға олардың алды 102 млн., соңы 32 млн. теңгеге дейін қаржы жұмсауды жоспарлап отыр. Соның бірі «Жаңа Кемер Құрылыс» ЖШС Атырау облысының қолдауымен Тараз қаласындағы «Астана» шағын ауданы жанынан жаңа сквер салуда. «Құрылыстың жалпы құны 50 млн. теңгеге жоспарланған. Бізге қатысты мəселенің бəрі шешілді. Жұмыс қарқынмен жүріп жатыр. Екі субұрқақ орнатылып жəне аққайың, шырша ағаштары отырғызылады. Алла қаласа, жұмысты мерзімінен бұрын, яғни

Суретті түсірген Ақəділ РЫСМАХАН.

1 тамызға дейін аяқтаймыз деген жоспарымыз бар», дейді ЖШС директоры Көшкен Құлмамбетов. Ал Қостанай жəне Қызылорда облыстары бірігіп Қарахан кесенесі маңынан аллея құрылысын салып жатыр. Сондай-ақ, тойға дайындық шаралары шеңберінде облыстағы 17 басқарма мен 10 аудан əкімдіктеріне Тараз қаласының 26 орталық жəне магистральды көшелері бекітіліп берілді. Бүгінде аталған 26 көшенің бойында абаттандыру, гүлзар орналастыру, жаяу жүргіншілер жолдарын қалпына келтіру, жарық шамдарын орнату жəне жеке секторлардағы үйлердің қоршауларын жөндеу сынды жұмыстар басталды. Жоспар бойынша осы көшелерде орналасқан 305 көп қабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін сырлау жұмыстарына 200 миллион теңгеден астам қаражаттың жұмысы атқарылатын болады. Жоғарыда айтылған жөндеу жəне абаттандыру жұмыстарына 500 миллион теңге

жұмсау жоспарланып отыр. Одан бөлек, жергілікті бюджеттен 11 көшенің жарықтарын жаңғыртуға – 252 миллион, абаттандыру жəне көгалдандыруға – 269 миллион, сондай-ақ, облыстық бюджеттен көшелерді түрлі-түсті сəулелік көгалдандыруға – 269,6 миллион, аялдамаларды жаңғырту бойынша 100 миллион теңге қаражат қарастырылды. Тараз қаласының əкімдігі өз бюджеті есебінен 2015 жылы жалпы ұзындығы 46 шақырым жолға күрделі жəне орташа жөндеу жұмыстарын жоспарлаған. Оған оннан аса көшелердің жөндеу жұмыстары көзделген. Бұл аталған жобаларға бөлінген қаржының жалпы құны 1 миллиард 592 миллион 918 мың теңгені құрады. Сондайақ, қаладағы жол қозғалысын реттеу құралдарын күтіп ұстау жəне жөндеу жұмыстарына 175 миллион теңге қарастырылып, бұл бағытта да тиісті жұмыстар атқарылатын болады.

Жақында облыстық мəслихаттың кезектен тыс сессиясы өтіп, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге байланысты бірқатар жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған бюджет қаржысын тағы бір нақтылап алды. Оның ішінде бұрынғы орталық базар аумағында «Көне Тараз» тарихимəдени орталығы нысандарын салуды жалғастыруға – 500 миллион, «Ұлы Жібек жолы» этнофестивалін, «Мəңгілік Ел» айтысын өткізуге, «Қазақтар» спектаклін сахналауға жəне тағы да басқа мəдени-көпшілік ісшараларға – 250 миллион, «Еуразия барысы» турнирін өткізуге – 120 миллион, ақпараттық саясат жүргізу жəне кітаптар басып шығару жұмыстарына 30 миллион теңге бөлу қарастырылды. Осы сессия жиынында облыстық мəслихаттың депутаты Асаубай Майлыбаев орынды ұсыныс тастады. (Соңы 2-бетте).

● Тəуелсіздік талаптары

Елдіктіѕ ќуат-ќайраты Кеңес ЖҰМАБЕКОВ,

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, еңбек ардагері.

Болашаққа бастаған жоспарлар құрып, жаһандық экономикадағы қиындыққа қарамастан одан əрі дамуды сенімді түрде мұрат етіп, өзгерістер өркенін өсіруге ұмтылушы еліміздің жаңа қадамдарынан халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарта беруге, келешегін кемелдендіруге деген қам қорлығын көріп отырмыз. Тəуелсіздік таңы атып, нұры төгіліп, əлем таныған көшбасшысы бар қуатты мемлекетке айналудағы уақыттан осылай болып келеді. Соның арқасында Қазақстанымыздың келбеті күн сайын құлпырып, алға қарай қадамы қарышты бола түсуі баршамыздың көңілімізге ортақ мерей. Ал мұндайлық мақсаттарда жоғары отаншылдық сезімдермен астасып жатқан рухани қуат мемлекеттік рəміздерден бастау алуына күнбе-күн куəміз. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы, Елтаңбасы, Əнұраны қабылданған күні ішкі патриоттық сезім серпіліп, отаншылдық рух асқақтауын қалайша ұмытармыз. «Қазақстанның жаңа мемлекеттік рəміздерін қабылдау қазақтар үшін жəне республикада тұратын барлық ұлттар өкілдері үшін таптық, тота литарлық қоғамның ескі іріп-шіріген белгілерін жай жаңарту ғана

3-бет

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев «Байқоңыр» кешенінің 60 жылдығына арналған іс-шараларға қатысты, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Қаза тапқан сынақшы-жауынгерлер мемориалына гүл шоқтарын қойғаннан кейін Бақытжан Сағынтаев ресми салтанатқа қатысты, сондай-ақ, қала тұрғындарын, Байқоңыр ғарыш айлағы қызметкерлері мен ардагерлерді мерейтойлық датамен құттықтады. Байқоңыр ғарыш айлағының тарихи жəне ғылыми-техникалық

емес, бұл – республиканың демократиялық жəне мемлекет құруға, жеке адам еркіндігіне, этностық тұрғыдан əртекті халқымыздың бірлігін сақтау қағида ларына негізделген жаңа қоғам орнатуға берік бетбұрыс жасағандығымыздың белгісі», деген болатын олардың тұсаукесер салтанатында Президент Н.Ə.Назарбаев. Ізгілік, өзара ынтымақ пен келісім идеялары көрініс тапқан, тұрақтылық пен береке-байлық, күш-қайрат пен асқақтық мəні бедерленген, ескен əуен көңілден шығып, құрмет туғызды. Осы орайда байқалып жүргендей, қоғамдық сана деңгейінде мемлекеттік рəміздерді қадірлепқастерлеуге ықылас пен пейілдің тереңдеуі қуантарлық құбылыс дер едік. Бұл азаматтар бойында адамзатқа ортақ құндылық бағдарларын қалыптастыруға,

өркениеттілік пен мəдениеттілікті орнықтыруға тікелей əсер етсе, соның шуағы өмірден сезіледі. Жарқыраған күн аясында биік арман, асыл мақсатқа қанат самғап келе жатқан қыран бейнесі өрнектелген ашық аспан түстес көк ту көтеріліп, ежелгі қазақ жерінде тату-тəтті еңбек етуге, достық пен бірлікке шақырған Əнұран шырқалғанда оң қолды жүрек тұсында ұстап, тік тұрып тыңдау соның жарқын бір нышаны емес пе! Түрлі кездесулерде, əсіресе, жастар арасында жиі болатыным бар. Сонда Туға, Елтаңбаға, Əнұранға осылайша айрықша құрмет көрсетілуі қуантып тастайды. Ең бастысы, ел ертеңін жаңғыртушы ұрпақ бойына рəміздерге деген тамаша қасиет сіңуі қымбат əлбетте.

Жалған ғылым жарға шығады

Ақжар адамдары алаңдаулы 8-бет

(Соңы 2-бетте).

Бїгінгі нґмірде: КҮРЕСКЕР

Байќоѕыр 60 жылдыєын атап ґтті

7-бет

● Еркін елдің ертеңі

мəнін сезіне отырып, Қазақстан мен Ресей оны сақтап қала білді жəне оны одан əрі дамыту бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Қазақстан мен Ресей Феде рациясы президенттерінің қолдауының арқасында ғарыш айлағы əлемдік космонавтика дамуының алғы сапында қалып, ғылыми-техникалық прогрестің символы, екі ел арасындағы

өзара тиімді ынтымақтастықтың жарқын көрінісі ретінде қызмет етуде, деп атап өтті Премьер-Министрдің бірінші орынбасары. Бақытжан Сағынтаев, сондайақ, Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозинмен келіссөздер өткізіп, оның барысында «Байқоңыр» кешенін одан əрі дамыту мəселелері, қазақстандық ғарышкердің халықаралық ғарыш стансасына ұшуын жоспарлаудың мəн-жайы, «Бəйтерек» жəне «Днепр» бағдарламаларының перспективалары талқыланды.

● «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі биылғы егін егу жəне жинау науқандарына 100,6 млрд. теңге қарастырып отыр. Аталған компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, көрсетілген сома өткен жылы осы мақсатта жұмсалған қаржыдан 16 пайызға артық. ● Астанада бүгінге дейін 9,9 млрд. теңгенің мүлкі жария етілді. Бұл – заңдастырылған 2 027 нысанның құны. Жалпы, қалалық мемлекеттік кірістер департаментіне құны 39,7 млрд. теңгеден асатын жылжымайтын мүлікті жариялау туралы 2 232 өтініш келіп түскен. ● Осы жылдың соңында пайдалануға берілетін Алматы – Қапшағай тас жолы ақылы болады. «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ұлан Əліповтің айтуынша, ол жерде Астана – Щучье тас жолындағы тариф сақталуы мүмкін. ● Оңтүстік Қазақстанда 4 айда 60 млрд. теңгенің ауылшарушылық өнімдері өндірілген. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қ.Оспанбековтің дерегіне сүйенсек, 2014 жылдың сəйкес мерзімінде бұдан 13 млрд. теңге аз болған. ● Қызылорда облысында жыл басынан бері 139,9 млн. теңгенің мақсатсыз жұмсалуына жол берілмеді. Мұндай көрсеткішке Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің мемлекеттік сатып алу порталына жүргізген мониторинг нəтижесінде қол жетті. ● Батыс Қазақстанда биыл Еуро-5 стандартына сəйкес бензин шығаратын өндіріс орны іске қосылады. Құны 200 млн. АҚШ долларын құрайтын кəсіпорын аталған стандартпен жылына 114 мың тонна Аи-92 жəне 86 мың тонна Аи-95 маркалы бензин шығарады. ● Қостанай облысында биыл 1,5 млн. гектар жерге егін егілді. Бұл өңір территориясының 36 пайызын құрайды. Ауа райына байланысты диқандарға субсидия беру мерзімі 10 маусымға дейін ұзартылды. ● Солтүстік Қазақстанда «Ростан» май зауытының жаңа буып-түю өндірісі іске қосылды. Аққайың ауданы, Ленинск ауылындағы кəсіпорында 6 млн. теңгенің жаңа қондырғылары орнатылды. Соған байланысты зауытта минутына 10-20 кг. май буып-түйіледі. ● Жамбыл облысында балық аулау маусымы ашық деп жарияланды. Балық шаруашылығының облысаралық Шу-Талас бассейн инспекциясының хабарлауынша, облыста балық аулау квотасы 2013 жылы – 189 тонна, 2014 жылы – 410 тонна, ал биыл 423 тоннаны құраған. Бұл жерде Балқаш көліндегі ірі кəсіп есепке алынбағанын айта кетейік. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.

Періште кґѕіл, тəтті ќылыќ

Қазақ – ұрпақ тəрбиесіне əр уақытта баса назар аударған халық. «Тəрбие − тал бесіктен» деуі де содан шығар. Иə, бала тəрбиесіне ата-ананың да, балабақшаның да ықпалы зор. Оны өмір өзі көрсетіп отыр. Балаларды қорғау күніне орай Астана маңын да ғы Үркер тұрғын алабында орналасқан №62 «Нұрсəуле» мемлекеттік балабақшасында «Бала деген бір бақыт» атты мерекелік ісшара өтті. Ашық аспан астында бұл рəсімде өнерлі бүлдіршіндер бірі испан биін, екіншісі батыс, енді бірі балапандар биін билеп, тəтті қы лықтарымен баурап алды. Бала бақша тəрбиешілері ертегі кейіп кер лерінің кейпіне еніп, ойын ойнап, би билеп, көрермен балдырғандарды бір қуантты. (Соңы 7-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.