Біз тек жолдың басындамыз. Біздің міндетіміз – өңдеуші өнеркəсіптің өз маңызы жөнінен шикізат саласы деңгейіне жетіп, ал келешекте одан асып түсуіне қол жеткізу.
№129 (28353) 3 ШІЛДЕ БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ,
Қазақстан Республикасының Президенті.
Ел дамуыныѕ еѕселі баєыты Президент Нўрсўлтан Назарбаев индустрияландырудыѕ бірінші бесжылдыєыныѕ ќорытындысын шыєарды
Кеше «Назарбаев орталығы» Тұңғыш Президент кітапханасында мемлекеттік үлкен шара өтті. Онда Мемлекет басшысының қатысуымен Үкіметтің мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру жұмысы туралы есебі тыңдалды. Шара аясында бірқатар Үкімет мүшелері өз жұмыстарының нəтижелерін баяндап, өңірлермен телекөпір ұйымдастырылды. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, Динара БІТІКОВА, «Егемен Қазақстан».
Жан жадыратар жаѕа нысандар Елдік шара басталмас бұрын Мемлекет басшысы жаңа ғимаратты аралап көрді. Сондай-ақ, «Назарбаев орталығы» көп функциялы ғылы ми-талдау жəне гуманитарлық-ағарту мемлекеттік мекемесінің арқауында құрылған Тұңғыш Президент кітапханасының жұмысымен танысты.
Кітапхана қоры 20 мың еңбекті қамтиды. Мекеме Пре зидентке сыйға тартылған экспонаттарды жинақтаумен де айна лысады. Қазіргі күні мемлекет басшыларының жəне олардың ресми өкілдерінің сыйлықтарын, өнер туындылары мен тарихи жəдігерліктерді қосқанда, Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке коллекциясынан алынған 500 экспонат бар. Ғимаратта көшпелілер мен дала төсіндегі қалалардың санғасырлық тарихында қалыптасқан қазақ халқының философиясын танытатын «Мəңгілік
ел» галереясы орналасқан. Мемлекет басшыларының мұндай орталықтары, кітапханалары мен қорлары əлемдік тəжірибеде, атап айтқанда, АҚШ-та, Францияда, Түркияда жəне басқа елдерде бар. Олардың басты міндеті ел басшыларының жеке мұрағатын жинақтау жəне жүйелеу болып саналады. Мұнымен қатар, Елбасы ғима рат ішіне орналастырылған отандық өнім шығаратын үздік кəсіпорындардың арнайы ұйымдас тырылған көрмесін аралап көрді. Көрмені аралап, танысып шыққан Елбасы жаңадан ашылып, салтанатты шара өтіп жатқан ғимаратқа қатысты өз ойын білдірді. «Бұл ғимарат бас қаланың көркін одан сайын ажарландыра түсті. Келешекте халық игілігіне жұмыс істейтін мəдени орталық болады деп ойлаймын. Бұл əсем қаламыз Астананың
туған күніне жасалған ғажайып тарту-таралғыларымыздың бірі. Кең-байтақ даламызда түндігін түріп тастап, еркіндікке негізделген өзіміздің киіз үйімізге ұқсатып салынған. Қабырғасы мен төбесінің шыны пакетпен жабылуының өзі ғимаратты жылыту мен жарықтандыруға кететін шығын көлемінің азаюына зор септігін тигізетін болады. Сондықтан да, мына ғимарат «Назарбаев орталығы» Тұңғыш Президент кітапханасы» деп аталғанымен, бұл жерді ұлтымыздың игілігіне жұмыс істейтін мəдениет орталығы ретінде қабылдау керек», деді Мемлекет басшысы. Президент биіктігі 9 қабатты құрайтын, жалпы көлемі 30 мың шаршы метрден тұратын ғажайып ғи марат қазіргі замандағы ең атақты сəулетшінің бірі Норман Фостер дің Астанадағы үшінші керемет сəулет өнері екендігін де айтты. Сондай-ақ, елордада тағы
бір мəдени ошақтың осы күні ашылатынын үлкен қуанышпен жеткізді. «Көрсе көз тоймайтын Астанамызда бір опера жəне балет театры мен орталық ұлттық музей жетіспей тұратын. Театрдың игілігін ел көріп жатыр, енді бүгін орталық мұражайды ашатын боламыз», деді Н.Назарбаев.
Їдемелі даму їрдісі Келесі кезекте Президент бүгінгі шараның негізгі бөліміне өтіп, еліміздің əлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы əңгімеледі. Биылғы жылы үдемелі индустриялық-иннова ция лық бағдарламаны жүзеге асы рудың бірінші бесжыл ды ғы қорытындыланатынын жеткізді. Онда «Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағдарлама сын (ИИДБ) жүзе ге асыру қорытындылары индустрияландырудың екінші бесжылдығын бастау
үшін «бастапқы бағыт» ретінде аса үлкен мəнге ие болды», деп атап айтты Президент. – Енді басты мақсат 2050 жылға бет алған сəтте өзіміз бастаған бастапқы бағыттар аса маңызды. Кез келген жол алғашқы қадамнан басталады, сондықтан, 2014 жылдың алғашқы қорытындылары біз үшін аса маңызды. Жартыжылдықтың басты нəтижесі мына қарапайым шындықта: Қазақстан экономикалық өсімнің қажетті динамикасын жинауда. Əлем экономикасының қалпына келуі баяу жүріп жатқанын ескеретін болсақ, бұл өте маңызды. Көптеген сарапшылар түйіндегендей, 2014 жыл жаһандық экономикалық өсімнің ұстамды болжамдарын берді, – деді Мемлекет басшысы. Оған қоса, Президент индустрияландырудың екінші бесжылдығының жаңа жобаларын таныстыру – ағымдағы жылдағы Үкімет
пен əкімдердің жұмыстарының маңызды аралық қорытындысы екеніне баса назар аудартты. «Жаңа Үкіметтің жұмысына жақын күндерде 100 күн толады. Ендеше, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жасалған жұмыстың баяндамаларын тыңдаймыз деген ойдамын», деп толықтырды сөзін Н.Назарбаев. Əрі қарай ойын жалғаған Мемлекет басшысы үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру əлі де ел эко номикасының құрылымына жеткілікті əсер ете қоймағанын айтып, əйтсе де, бірінші бесжылдықта жағымды нəтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті. Сөйтіп, кейбір елдердегі əлеуметтік-экономикалық саясаттың дұрыс жүргі зіл меуін тілге тиек ете отырып, ел дамуының басым бағытына тоқталды. (Жалғасы 4-5-беттерде).
«РУХЫ БИІК ХАЛЫЌТЫЅ ІРГЕСІ БЕРІК!» Елбасы Ўлттыќ музейдіѕ ќыш кітабына осылай деп жазды Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».
Қала күні мерекесі қарсаңында елорданың рухани қазынасы тағы бір мəдени ошақтың дүниеге келуімен еңселенді. Астанада Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі ашылды. Жаңа ғимараттың тұсауын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі келіп кесіп берді. Құтты болсын, ағайын! Тəуелсіздік көшесіне айрықша сəн беріп тұрар бұл ғимараттан жұрт атамекеннің айбынын, алаштың рухын баяндайтын бабалардың байырғы құндылығын тамашалайды десек, ал кейінгі жас ұрпақ үшін онда өскен тамыр, өткен тарих тағылымын жан-жақты таныпбілуге толық мүмкіндік туғызылып отыр. Қазақ елінің тарихи көне жəдігерлері, ғасырлар бойғы басынан кешкен небір аласапыран тағдыр-талайы, бақыты мен баяны аратұра о жер, бұ жерден бастарын бір қылтитып қойғаны болмаса, негізінен томаға-тұйық күй кешкен қазынаның бəрін ел жүрегіне жиыстырып, тоғыстырып, басын қосу, халқымен қауыштыру бұл өзі бір толағай қажырқайратпен, біліктілік пен бірлікпен бітер ізгі шара екені даусыз. Ғасырлар табанының ізі ата тарихта мұқалмай, мұрты бұзылмай сақталар болса, ал енді сол тарихты түгендеу мұнан да ауқымды, өте ұзаққа созылатын, тіпті шексіз, шетсіз əлем сияқты, түпсіз
терең тұңғиыққа ұқсайды. Тарихтың бəрін жазып бітірдік, тауыстық деу қате. Оның соңы, соңғы демі деген жоқ. Қарт тарихқа, бағзы тамырға, бабалар рухына елорданың төрінен ойып тұрып орын беруді біз бүгінгі ұрпақтың шежірелі қариясына, көсемсөзші дариясына, данагөй, батагөй абыздарына, абзалдарына айрықша құрмет көрсетіп, тағзым етуі деп түсініп жатырмыз. Дарқан даланың арқа-жарқа кең пейіліне жарасар, əрі қарай жалғасар жарқын тірлігі, жасампаз келбеті екеніне шүбə келтірмейміз. Ұлттық музейдің табалдырығынан аттаған сəттен бас тап алдыңыздан шығар əрбір қазына кеудеңізге сондай ағеділ сезім ұялатады. Еске сала кетейік, «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» республикалық мемлекеттік мекемесі Президент Жарлығымен 2013 жылғы 30 мамырда құрылған болатын. Бұл Орталық Азия аймағы бойынша еш жерде баламасы жоқ теңдессіз бірегей жоба болып табылады. Көлемі 74 мың шаршы метрден асатын Ұлттық музей Қазақстанның ерте ғасырдан бастап күні бүгінге дейінгі археологиялық, этнографиялық жəдігерлері мен мəдени ескерткіштерін жинақтауымен құнды. Соңғы жылдардың тамаша сəулет туындылары бір-бірімен жанаса жайғасқан аумақтағы сыртқы сымбаты заманауи талғамға сай жасалған Ұлттық музейдің сəні өзгеше рухты сездіреді. Қазақстанның туына ұқсас көгілдір
шынылар мен ұлттық ою-өрнектер бедерленген ақ түсті қабырғалар қабыса жымдасып, қыздың жиған жүгіндей көз жауын алады. Ылдидан жоғарылай көтерілгенде алдыңызда тамаша субұрқақ атқылап тұр. Мұнда төрт сақ жауынгері аттарының басын төрт тарапқа бұрып, елді, жерді күзетіп тұрғандай міз қақпайды. «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» демей ме халқымыз. Сол айтқандай, олар: «түгел болыңдар», «бірлік бар жерде – тірлік бар» деген қағиданы астарлап жеткізіп тұрғанына еш шүбə келтірмеңіз. «Төрт құбыласы тең», «дүниенің төрт бұрышы», «төрт көзі түгел», т.с.с. қазақы ұғыммен егіз сарын ешқашан ескірмесін ескергендей. Кіре берісте қарсы алдыңыздан медиаэкран көріністері жарқ етеді. Алғашқы əсерден енді арыла берген сəтте фойенің сол жағындағы Қазақстан картасы іспетті үлкен медиа-экран Қазақстан қалаларына саяхат жасатады. Оның жоғары жағында: «Қазақстан: баянды ел, байтақ жер, бағаналы орда» деген Елбасы қағидасы жазулы. Белгілі қылқалам шебері Ерболат Төлепбайдың бірнеше автормен бірігіп салған триптих-полотносында сақтардан, түркі халықтарынан бастап қазіргі заманғы тарихқа дейінгі мемлекеттілігіміздің қайнар көзі бедерленген. «Тағдыр», «Аңырақай», «Жаңарған дала» – қылқалам тілімен бейнеленген Қазақ елінің тарихы. (Соңы 6-бетте).