03072015

Page 1

Біз – Ұлы даланың перзенттеріміз. Біздің бабаларымыз осы далада өмір сүріп, көкке табынған. Тəңірі дегеніміздің өзі – көк аспан. Біздің туымыздың көк түсті болуының астарында да осындай сыр бар. Бірегей көк түс – еліміздің бірлігінің белгісі. Ендеше, бізге неге өзімізді Ұлы дала еліміз деп атамасқа.

№124 (28602) 3 ШІЛДЕ ЖҰМА 2015 ЖЫЛ

Н.Ə.НАЗАРБАЕВ.

Біз – Ўлы дала еліміз Елбасы телекґпір барысында индустриялы Ќазаќстанєа жаѕа брендтік атаудыѕ ќажет екендігін айтты Кеше Астанадағы «Көрме» орталығында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен еліміз дегі «Нұрлы Жол» жəне индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағ дарламаларын жүзеге асыруға арналған дəстүрлі телекөпір өткізілді. Мұнда, сонымен қатар, Үкіметтің аталған бағдарламалар бойынша есебі тыңдалды.

«Ќазаќстанда жасалєан»

Елбасы, ең алдымен, көрме кешенінде Индустрияландыру жобаларының өнімдері қойылған көрме жұмысымен танысты. Онда Мемлекет басшысына «Қазақстанда жасалған» белгісімен шығарылатын отандық өндірістің тауарлары таныстырылды. Бұдан басқа, Елбасы ірі өндірістер көрмесін де аралады. Атап айтқанда, «Бəйтерек» холдингі басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев Елбасына холдингтің қолдауымен жүзеге асырылған бірқатар ірі жобаларды таныстырды. Соның бірі табақ шыны өндіру мен өңдеу бойынша «Orda Glass ltd» ЖШСнің жобасы болып табылады. «Бұл елімізде шыны өндіретін жалғыз жоба. Зауыт отандық нарық қажеттілігінің 100 пайызын өтейтін болады. Өнімнің 30

пайызын экспортқа шығару жоспарлануда», деді Елбасына зауытты таныстыру барысында Қ.Бишімбаев. Жеңіл өнеркəсіп көрмесінде «Бəйтерек» холдингі төрт жобаны ұсынды. Солардың бірі – Астанада «KazTexExpo» автоматтандырылған саудаөндірістік кешенді құру бойынша «ASTANA Ютария ltd» Өндірістік Инновациялық Компаниясы» ЖШС-нің жобасы.

Таєайындаулар

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Қазақстан Республикасының Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі Төтенше жəне өкілетті елшісі Азамат Рахманқұлұлы Бердібай Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы, Ливан Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне; Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше жəне өкілетті елшісі Дулат Оразбекұлы Қуанышев Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне; Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Болат Серғазыұлы Сəрсенбаев Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Ќўттыќтау жеделхатын жолдады Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «АрселорМиттал Теміртау» АҚ еңбек ұжымына жəне Қазақстан Магниткасы ардагерлеріне алғашқы шойын қорытпасы алынуының 55 жылдығына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Құттықтауда Қарметкомбинат пен бүкіл отандық металлургияның даңқты тарихында бұл оқиғаның маңызды белес болып саналатыны жəне ол əлі күнге өнеркəсіптің берік арқауы болып отырғаны атап өтілген. «Бірінші домна пешінде Қазақстанның алғашқы шойынын құюға қатысқандықтан, сол кезде қанша қажыр-қайрат жұмсалғанын жақсы білемін. Сіздердің еңбектегі

ерліктеріңіз Қазақстанның жасампаз жылнамасына енді. Бүгінде комбинаттың өндірісті жаңғыртып жəне республика экономикасына қосатын үлесін ұлғайта отырып, қарқынды даму дəстүрін жалғастырып келе жатқаны қуантады», – делінген жеделхатта. Соңында Мемлекет басшысы кəсіпорын ұжымының еңбегіне табыс, ал ардагерлерге мықты денсаулық пен бақ-береке тіледі.

Домна жїрегініѕ дїрсілі Бїгін ќазаќстандыќ тўѕєыш шойын алынєанына – 55 жыл Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Əр дəуірдің, əр кезеңнің есте қалар оқиғалары бар! Уақыт дегеннің өзі қас-қағым сəт болғандықтан, көз алдыңда тарихқа айналатыны сияқты 1960 жылдың 3 шілдесінің де еліміз шежіресіне жазылғанына тура 55 жыл болған

екен. Оның ерекшелігі неде делінгенде, Теміртауда буырқана бастаған металлургия алыбының тынысына тың күш бітіруші бірінші домна пеші көмейінен шойын селінің сарқырап ағуы Қазақстан экономикасының дамуында жаңа бетбұрыс жасалғандығын білдірді.

(Соңы 7-бетте).

Сондай-ақ, «Бəйтеректің» басқарма төрағасы Елбасына холдинг іске асыратын қазақстандық тауарлардың экспортын арттыру бойынша «Бəсекеге қабілетті көшбасшылар – ұлттық чемпиондар» бағдарламасының орындалу барысы туралы баяндап берді. Бұрын хабарланғандай, McKinsey&Company халықаралық консалтингтік компаниясымен бірлесіп, осы бағдарламаға

қатысуға үміткер отандық өндірушілер ара сында іріктеу жүргізілді. Бүгінде іріктеу аяқталып, сыртқы нарық тарға шығарылатын қазақстандық өнім экспортының жəне импортты алмастырудың көшбасшылары болуға лайық компаниялар пулы қалып тастырылды. Ұсынылған 300-ден астам өтінім ішінен 32 компания, оның ішінде 20 компания – АӨК саласынан, 7-еуі

– машина құрастыру саласынан жəне 5 компания – құрылыс мате риал дары өндірісі саласынан таңдалды. «Бағдарлама елдің ІЖӨ-сін, экономиканың əртараптандырылуын, қазақстандық өнім экспортының өсуін, өнімділік пен өтімділіктің өсуін, сондай-ақ, бүгінгі күні еліміздің бизнесі үшін өзекті болып табылатын жаңа нарықтарға қолжетімділікті қамтамасыз ететін бəсекеге қабілетті

Инвестицияєа мїдделілік Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі кезекті жалпы отырысында Қазақстан мен Жапония арасындағы Инвес тицияларды көтермелеу жəне қорғау келісімі қаралды. Сондай-ақ, депутаттар сот жүйесіне жəне дербес білім беру ұйымдарының қызметін реттеуге қатысты заңдық құжаттарды да талқыға салды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Күн тəртібінің алғашқы мəсе лесі – «Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы Инвестицияларды көтермелеу жəне қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын депутаттар қызу талқыға салды.

Заң жобасы бо йынша баяндама жасаған Инвестициялар жəне даму министрі Əсет Исекешевтің мəліметіне қарағанда, келісімге қол қою үшін тараптар арасындағы келіссөз 18 жылға созылған. Аталған құжат инвестицияны көтермелеу жəне қорғау үшін қолайлы құқықтық жағдайлар жасауға жəне инвестициялық

ахуалды жақсарту мен елдер арасындағы өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан əрі дамытуға бағытталған. Жалпы, Жапониядан Қазақстанға келген тікелей инвестициялар көлемі 4,5 миллиард АҚШ долларын құрайды екен. (Соңы 5-бетте).

кəсіпорындарды құруға бағытталған», – деді Қ.Бишімбаев. Ал «Ұлттық чемпиондарға» ар нал ған көрмеде бағдарлама қаты сушылары тізіміне енген компания өкілдері болды, олар Мемлекет басшысына келешекте қазақстандық экспортының көшбасшылары атанатын өз өндірістерін таныстырды. Сонымен қатар, көрмеге еліміздегі отандық тауарларды

өндіруде, ел экономикасын дамытуға үлес қосып жүрген көптеген кəсіпорындар мен өндіріс орындарының басшылары жəне қызметкерлері келді. Еліміздің түкпіртүкпірінен жиылған əртүрлі өнімдерді көпшілік назарына ұсынған кəсіпкерлер өзіміздің елде жасалынып шығарылған тауарларын көрмеге қойды. Қарағанда көз тұнатын, көңілге қуа ныш ұялататын, сондай-ақ, «өзімізде жасалған» деген жылы лебізбен тұтынушыларды тартатын тауарлар көз жауын алады. Төрт қабырғаның төрт жағына толықтай жайласқан отандық өнімдер анадайдан менмұндалап тұр. Оларға жетелеп тұрған да сол көрме маңдайшаларына жазылған «Қазақстанда жасалған» деген жазу болса, төменгі жағында ең үздік логотипті ойлап табушы Екатерина Рукшенененің «KZ» доменіндегі белгі көз тартады. Шын мəнінде, Елбасының шағын жəне орта бизнеске қолдау көрсетіп, ел экономикасын дамытуға бағытталған жобаларының барлығы дерлік мемлекет мүддесін көздейтіні белгілі. Жеке кəсіпкерлікпен айналысу жөнінде тың идеялары бар азаматтарға кеңінен жол ашып отырған Елбасының сарабдал саясатына сүйсінбеске тағы болмайды. Мұндай көзқарасқа осы көрмеге жиылған кəсіпкерлердің барлығы да ие екендігін, олардың бізге берген сұхбаттарынанақ байқадық. Айтар болсақ, бұрынғы мамандығы инженер болған Айбек Бектұрғанов қазіргі таңда «Қазлегпром-Алматы» жоғары технологиялық өндірістік кəсіпкерлік» компаниясының директоры болып отыр. Оның айтуы бойынша, біздің қазақстандық киімдер өз ретінде дұрыс қолға алынса, əлемдік стандарттарға сай болуға толықтай мүмкіндігі бар. (Жалғасы 2-бетте).

Їкіметтік емес ўйымдар – мемлекет ќолдауында Кеше Астанада Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен Қазақстан Үкіметі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен (ҮЕҰ) Өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Оған Мəжіліс депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, халықаралық ұйымдар мен ҮЕҰ өкілдері қатысты. Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Мемлекет пен ҮЕҰ-ның өзара əрекеттестігі жөніндегі өзекті мəселелерді Үкіметтік деңгейде талқылаудың маңызды үнқатысу алаңы болып саналатын Үйлестіру

кеңесінің кеңейтілген отырысында Бердібек Сапарбаев қазіргі таңда аталған бағыт бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға жалпы шолу жасай отырып, жекелеген түйткілдерге назар аударды. (Соңы 6-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.