03082013

Page 1

Бүгінгі нөмірде:

№182 (28121) 3 ТАМЫЗ СЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Билік халыққа қызмет етуі тиіс 3-бет Ислам – тәуелсіз еліміздің рухани тірегі 4-бет Темірбек нарком 7-бет Ажары Ақжайықтың ашық қандай! 8-бет

Кəсіби мерекелерімен ќўттыќтап, пəтер кілтін табыс етті

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көлік жəне байланыс қызметкерлерімен қатар, өздерінің кəсіби мерекесін атап өтетін теміржолшыларды құттықтап, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ салған тұрғын үй кешенінен оларға жаңа пəтерлердің кілтін табыс етті. Салтанатты шарада көтеріңкі көңіл-күйде болған Президент теміржолшылардың еліміздің экономикасының дамуына қосып жатқан зор үлесін атап өтті.

Маѕызды жўмыстарєа мəн беру ќажет

Кеше Премьер-Министр Серік Ахметов «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын жүзеге асыру, құрылыс индустриясын дамыту жəне орақ науқанын өткізу мəселелері бойынша селекторлық режімде кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

«Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасының жүзеге асу барысы туралы Өңірлік даму вицеминистрі С.Нокин баяндады. Үстіміздегі жылдың алты айында қаржыландырудың барлық көздері бойынша 3 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ол жылдық жоспардың 46 пайызы. Салынған тұрғын үйлердің жалпы көлемінің 60 пайыздан астамы немесе 1,8 млн. шаршы метрі жеке құрылыс салушылар үлесіне тиесілі, деді С.Нокин. Оның айтуынша, кезекте тұрғандар үшін арендалық тұрғын үй салуға 2013 жылға 17,5 млн. теңге қарастырылған. Егер бұған дейін жыл сайын шамамен 2-2,5 мың пəтер салынса, биыл жалпы алаңы 285 мың шаршы метрді құрайтын 4 мың пəтер салу жоспарланып отыр. Іс жүзінде жартыжылдықтың қорытындысы бойынша көлемі 38,4 мың шаршы метрді құрайтын арендалық тұрғын үйде 632 пəтер пайдалануға берілді, бұл жылдық жоспардың 13 пайызы. Əкімдіктердің ақпараттары бойынша тұрғын үйлерді іске қосудың

негізгі бөлігі 3-4 тоқсандарға белгіленіп отыр, деді С.Нокин. Жас отбасылар үшін арендалық тұрғын үйлер салуға 2013 жылға 10 млрд. теңге қарастырылған. 117 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған, ал 6 айда көлемі 19,3 мың шаршы метрді құрайтын 314 пəтер салынды, бұл жоспарланған құрылыстың 17 пайызы. Тұрғын үйлерді негізгі іске қосу үстіміздегі жылдың 3-4 тоқсандарына жоспарланып отыр. Тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары желісі бойынша 2013 жылы 451,5 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Есепті кезеңде 80 мың шаршы метр немесе 1200 пəтер салынды. Осы мақсаттар үшін үстіміздегі жылға 30,1 млрд. теңге қарастырылған. Бағдарламада 2013 жылы 6,6 млн. шаршы метр көлемінде тұрғын үй салу көзделген. Дегенмен, біз өткен жылғыдан кем емес көлемді – 6,8 млн. шаршы метр деңгейіндегі көлемді қамтамасыз етуге мүмкіндік бар деп есептейміз, деп хабарлады вице-министр. (Соңы 2-бетте).

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Жыл сайын Қазақстанда 1500 шақырымнан аса автомобиль жолдары жөндеуден өткізіледі. Сондай-ақ, 1200 шақырым жаңа темір жол желілері тартылады, деді Президент. Бірде-бір посткеңестік елде тəуелсіздік жылдары мұндай көлемде жол салынған жоқ. Сонымен қатар біз вагондар мен локомотивтер құрастыратын өз зауытымызды салып, енді олардың өнімдерін экспортқа шығара бастадық. Бүгінгі күні барлық жолаушы жəне жүк тасымалының ішіндегі ең үлкен үлес теміржолға тиесілі. Соның бəрі сіздердің еңбектеріңіздің арқасында қол жеткізілген табыстар. Қадірменді темір жолшылар, мен сіздерді жексенбі күні аталып өтетін кəсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын, деді əрі қарай Н.Назарбаев. (Соңы 2-бетте).

Байќоѕырдаєы байлам

Соңғы 15 жылда бес рет «Протон» құлапты. Бұл əр үш жыл сайын бір зымыран тасығыш «қалыпты жағдайда» құлап отырған дегенді білдірсе керек. Ал олардың ішіндегі ең үлкені 2 шілде күні орын алған оқиға екен. Сол құлаған «Протонда» 600 тоннадай гептил болған. Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Сонымен араға айға жуық уақыт салып Астанадан делегация жетті. Байқоңырға. Үкіметтік

топты Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев бастап келді. Делегация құрамында Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан

АҚПАРАТТАР аєыны

 Шілдеде өнеркəсіп өнімдерін өндіруші кəсіпорындар бағасы 1,8 пайызға жоғарылады. Бұл туралы Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды. Агенттік мəліметтеріне қарағанда, ағымдағы жылғы шілдеде маусыммен салыстырғанда, баға кен өндіру өнеркəсібінде 2,9 пайызға көтерілсе, өңдеу өнеркəсібінде 0,7 пайызға төмендеген.  Байқоңырдағы апат үшін «Роскосмос» басшысы сөгіс алды. Ресей Премьер-министрі Дмитрий Медведев «Роскосмос» басшысы Владимир Поповкинге міндетін лайықты деңгейде атқармағаны үшін сөгіс жариялады.  Шығыс Қазақстанда 27 мыңнан астам бала мемлекеттен жəне меценаттардан көмек алды. Осыған қатысты «Мектепке жол» акциясы аясына тұрмысы төмен отбасылардан шыққан мектеп оқушылары, ата-анасының қарауынсыз қалған жəне мүгедек балалар қатысты.  Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында жыл басынан бері 11 млрд. 450 млн.

Кґрмелер бюросыныѕ басшысын ќабылдады

Бұрнағы күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталесті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру мəселелері, соның ішінде Тіркеу құжаттамасын дайындау процесі талқыланды. Мемлекет басшысы В.Лоссерталестің Қазақстанға жиі сапарының маңыздылығын атап өтіп, ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін алғыс білдірді. – Біз ЭКСПО көрмесін өткізудегі əлемнің көптеген мемле кетінің үздік тəжірибесіне талдау жасадық. Осыған байланысты біз үшін көрмені өткізу елімізге қандай пайда əкелетіні жəне ол аяқталғаннан кейін не болатыны ерекше маңызды. Бұл мəселе көптеген азаматтарымызды толғандырады. Біз құрылған инфрақұрылым өз қолданысын тауып, елордамызға жəне барша елімізге пайдасын тигізуі үшін қолдан келгеннің барлығын Қаппаров, «Қазғарыш» ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев жəне басқалар бар. Қызылорда облысына келген делегация Арал жəне Қазалы аудан дарына барды алдымен. Содан соң Байқоңырға келді. Онда құлаған «Протонның» орнын көрді. Аспанға көтерілмей жатып жерге гүрс ете қалған зымыран тасығыш №81 айлақтан ұшқан. Содан 1400 метр жерге барып құлаған. Алғашында «Протон» құлаған жердің əжептəуір болғаны байқалады. (Соңы 2-бетте).

теңгенің өнімі өндірілді. Ауданда жұмыс сапарымен болған облыс əкімі Асқар Мырзахметов орталыққа жақын тұрған ауданның мүмкіндігі бұдан зор екенін еске салды. Соның айғағындай, өңірде үш бағыт бойынша инвестицияны игеру 3,8 млрд. теңгеге орындалған.  Ақтауда халыққа қызмет көрсету орталығын жаңғырту жүріп жатыр. Таяу аралықта мұнда 35 түрлі жаңа мемлекеттік құжаттарды заңдастырып беру жүзеге асырылады.  Кеше Қостанайда 19 шенеунік «халыққа адал қызмет етуге» ант берді. Рəсімге жақында тағайындалған аудандар мен қалалардың əкімдері, сондай-ақ облыс əкімі аппаратының жетекшісі Арман Əбенов қатысты.  Қызылорда облысында «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында 7,5 млрд. теңгеден астам қаржы игеріледі. Бұдан бөлек, республикалық бюджеттен ауыз судың қызмет құнын субсидиялауға 880 млн. 666 мың теңге қарастырылатын болады. «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.

жасауға тиіспіз, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев «жасыл» экономикаға өту жөнінде еліміз қабылдаған тұжырымдама «Болашақ энергиясы» атты көрме тақырыбымен үндесетінін де атап өтті. – Аталған мақсаттағы жетістіктер бірқатар салалар бойынша нақты өзгерістерге түсіп, жаңа индустрияны қалыптастырады жəне сапалы жұмыс орындары құрылады. Осының бəрі еліміздің одан əрі дамуына елеулі ықпалын тигізеді, – деді Мемлекет басшысы. Өз кезегінде В.Лоссерталес ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге даярлық жасау жөнінде Қазақстандағы қызметтің жеделдігі мен тиімділігіне тоқталды. – Біз көрмеге уақытылы дайындалып жəне өткізу үшін белгіленген жоспарға сай жұмыс

жүргізудеміз. Тиімді үйлестіру бар. ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия арнайы компания құру тапсырмасын табысты орындап, қысқа мерзімде тиімді жұмысты жолға қойды. Ең бастысы – бар лық қажетті құжат, соның ішінде Тіркеу құжаттамасы іс жүзінде дайын. Биыл құжаттама ұсынылады, одан кейін біздің ішкі рəсімдер жүзеге асырылады, ал келесі жылы біз тіркеуді толық аяқтаймыз, – деді Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы. Сондай-ақ, кездесу барысында көрмені ұлттық деңгейде де, халықаралық деңгейде де ілгерілетудің маңыздылығы атап өтілді. Қазақстанға сапары кезінде В.Лоссерталеске Тіркеу құжаттамасының жекелеген тарауларының жұмыс бабындағы алдын ала нұсқасы, атап айтқанда, көрме ден кейін пайдалану жоспары, коммуникациялық жоспар, сондай-ақ «Болашақ энергиясы» тақырыбын ашып көрсететін көрменің мазмұны туралы жоспар таныстырылды.

 Тосын табиғат

«Бўзыќ» бўршаќ егіс алќабын отап кетті

Қостанай облысында ауа райының жауын-шашындатып тұрғанына біраз болды. Өңір тұрғындары биылғыдай көл-көсір жаңбырды соңғы жылдары көрмеген болатын. Таяуда жаңбыр тіпті күндіз-түні тыйылмай жауды. Бірақ оның арты бармақ басындай бұршаққа ұласады деп ешкім ойламаған. Облыстың біраз жерінде байқалған бұршақ, əсіресе, Меңдіғара ауданының шаруашылықтарына біраз залал келтірді. Осы аудандағы жайқалып тұрған мың гектарға жуық егін алқабын тып-типыл етіп отап кетті. Диқандардың шығыны миллиондаған теңгемен саналады. Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Жалпы, Меңдіғара жері қара топырақты, құнарлы аймақ. Диқандар жылда гектарынан кем дегенде 12 центнерден өнім жинайтын. Егіннің көгі биыл да жақсы еді. Шілденің аяғында бидай сабағының тұрқы жарты метр болып қалған. Фермерлер биыл гектарынан 18-20 центнерден өнім аламыз деп үміттеніп отырған. Бір шақырымдық жолақпен өткен ат құлағы көрінбес қалың бұршақ егісті жоқ қылды. Табиғаттың тамыршысындай болып қалған кəнігі диқандар да мұндай бұршақты бұрын көрмегендерін айтып отыр. Егіс алқабы қатты зардап шеккен «Егін» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры

Марат Молдашев бармақ басындай бұршақтың қылыштың жүзіндей өткір қырлы болып жауғанына таңғалады. Егін тек жаншылып, қырқылмаған, бидай сабағын өткір пышақ жұмсағандай ортасынан тіліп өткен. – Бұршақтан кейінгі алқапқа қараудың өзі қиын. Жау шапқандай, алапат көрініс. Бидай сабағын екі жерден қырқып əрі тіліп өткен. Бүкіл бір алқапты осылай турап тастаған. Бұршаққа ұрынған алқаптың барлығы жарамсыз болатын түрі бар. Көмек керек, өйткені бізде егін егуден басқа кəсіп жоқ. Биылғы маңдай тердің барлығы құмға сіңгендей жоқ болды, – деп табиғаттың тосын қылығына қынжылады шаруашылық басшысы Марат Молдашев. (Соңы 12-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.