Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында бесінші шақырылған Парламенттің 3-сессиясын ашып, депутаттық корпустың жаңа қызметінің негізгі бағыттарын айқындап берді.
№202 (28141) 3 ҚЫРКҮЙЕК СЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Жаѕа сессияныѕ алдына жаѕа міндеттер ќойылды Палаталардың бірлескен отырысын регламентке сəйкес Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин ашты. Ол алдымен бірлескен отырыстың күн тəртібін жария етті. Онда бірінші мəселе ретінде бесінші шақырылған Парламенттің 3-сессиясы ашылуы жəне екінші болып жаңадан тағайындалған Сенат депутаттарының ант беру рəсімі қарастырылған екен. Күн тəртібі бекітілген соң Мəжіліс спикері Парламенттің 3-шақырылымы сессиясының жұмысын ашу үшін сөзді Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа берді. Құрметті депутаттар! Құрметті Үкімет мүшелері! Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабына сəйкес бесінші шақырылымдағы Парламенттің 3-сессиясын ашық деп жариялаймын, деп бастады сөзін Президент. Құрметті Мəжіліс жəне Сенат депутаттары! Баршаларыңызды жаңа парламенттік маусымның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын, деді келесі кезекте Мемлекет басшысы. Бесінші шақырылымдағы Парламент өзінің конституциялық өкілеттігі аясында бір жарым жыл жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде үш партиялы Мəжіліс жоғары деңгейде қызмет атқара алатынын көрсете білді. Отандық парламентаризм тарихында тұңғыш рет заң шығару жұмысын бір шақырылымдағы депутаттардың өкілеттік мерзіміне тұтастай жоспарлау тəжірибесі енгізілді. Бұрын біз ондай жоспарды тек бір сессияға ғана жасайтын едік. Екінші сессия барысында 100-ге жуық заң қабылданды. Қазақстан экономикасының құқықтық негізі жақсарып, салық жүйесі жетілдірілді, шағын жəне орта бизнесті дамытудың заңнамалық мəселелері шешілді. Зейнетақы жүйесін реформалау, білім беру жинақтау жүйесін құру, мемлекеттік қызмет көрсету туралы жəне басқа да көптеген маңызды əлеуметтік заңдар қабылданды. Бүгінгі таңда Парламенттің қарауында 30-ға жуық заң жобасы бар. Парламентіміз жоғары саяси жауапкершілік режімінде жұмыс істеп, халық өкілі ретіндегі өз міндетін абыроймен атқарып келеді. Алдағы уақытта да осы қарқыннан таймау қажет. Себебі, біз дамудың ең шешуші сатысы – «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру кезеңіне аяқ бастық. Бұл Стратегияның алға қойған негізгі мақсаты – əлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру. Бұл барша Қазақстан халқына, оның ішінде сіздерге айрықша міндеттер жүктейді, деді Елбасы. Құрметті депутаттар! – деп жалғады сөзін Нұрсұлтан Əбішұлы. Парламенттің жаңа сессиясы «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру
кезінде басталып отыр. Мен өз Жолдауымда тұтас жаңа жарты ғасырға жуық дəуірді – Қазақстанның əлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруді қамтамасыз етуді айқындадым. Жаһандық ахуал бізге күрделі жағдайда бір-ақ жыл ғана жұмыс істеуге тура келмейтінін көрсетіп тұр. Əлемдік экономиканы болжаудың мүмкіндігі аз. Оның күрт өзгерістері мен əркелкі үрдістері болуы мүмкін. Біз кеше ғана болашағы зор болған жəне қарқынды дамыған елдердің бір-ақ сəтте ішкі алауыздық пен жанжалдың аймағына айналғанын көріп отырмыз. Əлеуметтік проблемалар көптеген дамыған елдерде шиеленісіп кетті. Жұмыссыздықтың
өсуі, халық табысының төмендеуі, əлеуметтік дамудың үйлесімсіздігі мен кереғарлығы – мұның бəрі əлемнің көптеген елдеріндегі нақты жағдайлар. Бұл орайда Қазақстандағы ахуал олардың көпшілігінде болып жатқан жайттарға қарағанда, артықшылығымен ерекшеленеді. Алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстанда ІЖӨ-нің өсімі 5 пайыздан астам болды. ІЖӨ көрсеткіші жан басына шаққанда 12 мың доллардан асты. Қазақстанның Ұлттық қордың валюталық активтерін қоса алғандағы халықаралық резерві 90 миллиард доллардай болады. Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мүмкіндіктерін кеңейту жөнінде шаралар
Ынтымаќтастыќќа жер шалєайлыєыныѕ кедергісі жоќ Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Индонезия Республикасының Президенті Сусило Бамбанг Юдойономен кездесті.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы А.Б.Сəрінжіповті Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрі қызметіне тағайындау туралы Аслан Бəкенұлы Сəрінжіпов Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 2 қыркүйек. №633
Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».
Мемлекет басшылары алдымен екеуара кездесіп, екі елдің ынтымақтастығын əрі қарай тереңдетуге қатысты келелі мəселелерді талқылаған соң, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Индонезия Президенті Сусило Бамбанг Юдойононың қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізілді. Алғашқы болып сөз алған Қазақ стан басшысы индонезиялық əріптесінің бұл жолғы Қазақстанға жасаған сапары екі мемлекеттің ынтымақтастығын дамытуға жаңаша серпін беретінін атап өтті. Өткен жылы сіздердің көрікті елдеріңізге жасаған сапарым барысында біздің делегацияға көрсеткен жылы шырайлы қонақжайлылықтарыңыз жақсы есімде, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл – шынайы достықтың белгісі. Сіздің сапарыңыз өте маңызды оқиға болып саналады. Біз Азиядағы ірі жəне жетекші елдердің бірі – Индонезиямен қарым-қатынасқа зор қызығушылықпен қараймыз. Біз барлық бағыттарда да сіздермен жан-жақты ынтымақтастықты да мы туға ниеттіміз. Индонезия
қабылдануда, оның ішінде заңдық сипаттағылары да бар. Біз инновациялық индустрияны сенімді жалғастырып, экономикамыздың кластерлік дамуға көшуін жүзеге асырудамыз. Қысқа мерзімде əкімшілік реформаның жаңа кезеңі өткізілді. Біріншіден, мемлекеттік қызметтің жаңа моделі жасалды. «А» корпусы жасақталды. Бұлар – жоғары талаптар арқылы іріктелген 543 мемлекеттік қызметші. Саяси қызметшілердің саны 7,5 есе қысқарды. Өңірлерде аудан мен қала əкімдерінің үштен бірі, ал орталық деңгейдегі атқарушы органдар басшы құрамының 15 пайызы жаңарды.
Екіншіден, жергілікті өзін өзі басқару реформасы жүргізілді. Ауылдық деңгейге қосымша 5000 штат бірлігі беріліп, 67 мемлекеттік функция бекітілді. Бүгінде ауыл əкімдері салық жинауға, бюджет қалыптастыруға жəне жергілікті проблемаларды тұрғындардың өздерін қатыстыра отырып шешуге қаржы бөлуге құқылы. Жергілікті 2,5 мың əкімнің сайлауын өткізу маңызды қадам болды. Бұл – еліміздегі барлық əкімдердің 91 пайызы. Қазақстан басшысы биыл жергілікті билік органдарының мүмкіндіктері айтарлықтай күшейтілгенін атап көрсетті. Оларға əлеуметтік салада қосымша өкілеттіктер берілді. Бұл олардың жергілікті көкейкесті мəселелерді дербес, əрі уақтылы шешуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл əкімдерге отандастары мен мемлекет алдында аса зор жауапкершілік жүктейді. Əрбір əкім бұл жауапкершілікті толығымен сезініп, өз міндеттерін лайықты атқаруы тиіс. Олар өздерін сайлаған халықтың заңды өкілдерінің сенімін адал да шынайы еңбегімен ақтауға міндетті. Бұл жаңадан сайланған əрбір əкімнің қаперінде болуы шарт, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Үшіншіден, деп сабақтады сөзін Президент, «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» Заң қабылданды жəне жүзеге асырылуда. Бұл бизнесортаны жақсартады, азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттырады. Сонымен қатар, Үкімет бұл жұмыстарды, ең алдымен, медициналық, білім беру қызметтерін көрсетуді жалғастыруы қажет. Жалпы, біздің Жаңа саяси бағытымыз ХХІ ғасырдың ортасына қарай еліміздің дамуына жаһандық, өңірлік жəне ішкі өлшемдегі сынқатерлерді қамтиды. Сондықтан 3-сессия барысында Парламент ұзақ мерзімді жаңа стратегия негізінде мына бес бағыт бойынша заң шығарудағы маңызды міндеттерді шешуге тиіс. Бірінші. Заң шығару үдерісінің басымдығы тұрақты экономикалық өсімді құқықтық қамтамасыз ету болып қала беруі керек. Мен баршаға ортақ экономикалық тұрақтылық дəуірінің басталуын күтіп отыру бейқамдық екенін бірнеше рет айттым. Жаһандық жаңа дағдарыстар ықтималдығы азаймай тұр. Экспорттық өнім мен шикізат бағасының тұрақсыздығы – ұзаққа созылатын үрдіс. Тек сыртқы несиелендіруге ғана үміт арту ақылдылық емес. Сондықтан дамудың барлық ішкі мүмкіндіктері мен көздерін толық іске қосу маңызды. Осыған байланысты отандық бизнес өзін сенімді сезініп, тиімді дами алатын құқықтық орта қалыптастыру маңызды болып табылады. Мен Үкіметке Кəсіпкерлік кодексі жобасын əзірлеуді тапсырдым. Онда қазақстандық кəсіпкерлер қызметінің жəне олардың мемлекетпен əрекеттестігінің негізгі қағидаттарын белгілеу керек. Бұл «қазақстандық бизнес конституциясы» болуға тиіс. Тағы бір маңызды заң жобасы – «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы». Онда бизнесқұрылымдарға қатысты кез келген бюрократтық озбырлықтан қорғаудың айқын кепілдіктері анық жазылуға тиіс. Үкіметке бұл жобаны Мəжіліске осы жылдың соңына дейін енгізуді тапсырамын.
Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі мемлекеттердің бірі жəне Орталық Азиядағы Қазақстан сияқты қауіпсіздік мəселелерінде үлкен рөлге ие. Осылай деп ой қорытқан Қазақстан Президенті Индонезия халқын мерекеленіп өткен Тəуелсіздік күнімен құттықтады. Сіздің халқыңызға шын жүректен амандық, алға қойған барлық мақсаттарға жетуде табыстар
тілеймін, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Индонезия Президенті Сусило Бамбанг Юдойоно өзінің бұл сапары екі ел арасындағы байланыстарды нығайтуға ықпал ететінін атап өтті. Сіздің өткен жылы Индонезияға сапарыңыз, ал менің Қазақстанға сапарым біздің елдер мен халықтарды жақындататын болады, деді Индонезия басшысы. Біздер шағын
құрамдағы кездесуде инвестиция, энергетика, азық-түлік өнімдері, білім беру, тағы басқа мəселелерді талқыладық. Қазақстан мен Индонезияның экономикасы жоғары қарқынмен дамып келеді. Біздер енді барлық салаларда қатынастар орнайды деген сенімдеміз. (Соңы 3-бетте).
Аслан Бəкенұлы СƏРІНЖІПОВ 1974 жылы туған. Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін, Вена дипломатиялық академиясын, Пенсильвания (АҚШ) университетін бітірген. Мамандығы бойынша халықаралық экономист. Экономика ғылымдарының кандидаты, жоғары білім əкімшілігі саласының докторы. Еңбек жолын Орталық Азия Мемлекетаралық кеңесінің атқарушы комитетінде референт болып бастаған. 1997-2002 жылдары Сыртқы істер министрлігі жүйесінде экономика мəселелері жөніндегі атташе болып жұмыс істеді. 2002-2007 жылдары Дүниежүзілік банк жобаларының үйлестірушісі, 2008-2009 жылдары «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жəне Ұлттық банк жанындағы ұлттық талдау орталығы» АҚ-тың Алматы қаласындағы өкілдігі директорының – басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды. 2009 жылғы қазан – 2013 жылғы маусым аралығында «Назарбаев Университеті» дербес ұйымы атқарушы кеңесінің төрағасы болды. 2013 жылғы маусымнан бастап «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының «NURIS» жеке мекемесі байқаушы кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы қамқоршылық кеңесінің мүшесі.
Хроника
Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрі қызметінен босатылды.
(Соңы 2-бетте).
Достыќтыѕ жібек желісі
Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы Марат Тəжин дип лома тиялық мис сия сын аяқтап жатқан Арменияның Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Василий Казарянды қабылдады. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».
Мемлекеттік хатшы қабылдау барысында: «Сіз тəжірибелі дипломатсыз. Еліміздегі 5 жылдық елшілік қызметіңізде көптеген игілікті істер атқардыңыз. Біз Арменияның ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу жөніндегі Астананың кандидатурасына қолдау көрсеткеніне разымыз», дей келе, осы 5 жылдық қызмет аясында екі жақты қарым-қатынастардың жан-жақты дамып, парламентаралық байланыстар, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның жұмысы жанданғанын тілге тиек етті. Мұнан соң Мемлекеттік хатшы армян дипломатиясының басшысына Қазақстан-Армения арасындағы сенімді қарым-қатынастарды нығайтуға қосқан үлесіне алғыс білдірді. Елші өз кезегінде: «Уақыт тауып арнайы қа был дағаныңызға ризашылығымды қабыл алыңыз. Мен үшін Қазақстанда қызмет еткен 5 жылым өте қымбат. Себебі, біз достықтың жібек желісі тартылған, екі елдің басшылығының арасында сыйластық орнаған дос пейілді елдерміз», деді. Əңгімелесу барысында тараптар халықаралық ынтымақтастық, сондай-ақ сауда-экономикалық, мəдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды дамытудың жай-күйі мен келешегін талқылады.