Бїгінгі нґмірде:
№171 (28394) 3 ҚЫРКҮЙЕК СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Тар кезеѕ таєылымы 5-бет Ќўрылыс индустриясы: ќарќын ќалай? 6-бет Радиоэкологиялыќ зерттеулер ќоршаєан ортаны ќорєайды 8-бет Талапкерлерге Тїркия гранты берілді 9-бет
Ел алдында еѕселі міндеттер тўр Ќазаќстан Республикасыныѕ Президенті Нўрсўлтан Назарбаев Парламенттіѕ бесінші шаќырылымыныѕ тґртінші сессиясыныѕ ашылуында сґз сґйледі
Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің төртінші сессиясы палаталардың бірлескен отырысы негізінде өз жұмысын бастады. Отырысты, регламентке сəйкес, Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов жүргізді. Ол қабылданған күн тəртібіне сəйкес сессияны ашу үшін сөзді Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа берді. Жақсыбай САМРАТ, Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Құрметті Мəжіліс жəне Сенат депутаттары, деп бастады өзінің сөзін Президент. Баршаңызды жаңа парламенттік маусымның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Жұмыстарыңызға табыс тілеймін. Еліміздің əлеуметтік-экономикалық дамуында жылдар бойғы оңтайлы үдерістердің қалыптасуы Парламентіміздің жұмысымен де тікелей байланысты екенін ерекше атап өткім келеді. Парламент алдағы уақытта да осы қарқыннан таймай, халық өкілі ретіндегі өз міндетін абыроймен атқаратынына сенімдімін. Қазіргі таңда біз дамудың ең шешуші сатысы – «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудамыз. Бұл құжатты заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету сіздердің айрықша міндеттеріңіз болып табылады. Төртінші сессияның өз ерекшелігі бар. Ол өздеріңізге белгілі, 2008 жылғы қазанда сайланған Парламент Сенаты депутаттарының өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты. Жаңа сенаторларды сайлау мерзімі биылғы жылдың 1 қазанына белгіленіп отыр. Еліміздің жоғары заң шығарушы органына 16 өңірден бір-бір депутаттан сайланатын болады. Парламент Сенатына сайлауға дайындық ашық, жария түрде өтіп жатыр жəне қоғамда шынайы қызығушылық тудырып отыр. Халық арасында саяси белсенділік пен құқықтық мəдениет артып келеді. Сондықтан біздің алдымызда əділ жəне ашық сайлау өткізу міндеті тұр. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу, Конституцияның нормалары мен қағидаттарын сақтау Қазақстан Республикасының тұрақты демократиялық дамуының кепілі болып табылады. Осыны естен шығармағанымыз абзал. Парламенттің жаңа сессиясы едəуір күрделі жағдайларда басталып отыр. Əлемдік экономикадағы болжамсыздық сақталып қалуда. Геосаяси, оның ішінде, Украинадағы оқиғаларға орай халықаралық қатынастардың күрделенуімен байланысты тəуекелдер тереңдей түсуде. Жалпы
алғанда, əлемдік ІЖӨ-нің 60 пайызын өндіретін мемлекеттер бір-біріне қарсы өзара санкция қолданды. Осының барлығы қалыптасқан экономикалық қатынастар мен əлемдік тəртіпке айтарлықтай түзетулер мен өзгерістер енгізетін болады. Бұл біздің əріптестеріміздің экономикасы өсімінің төмендеуіне алып келсе, мұның бізге де кері ықпалы тиеді. Сондықтан экономиканың ықтимал теріс сын-қатерлерінің, халықтың əлауқаты мен Қазақстанның қауіпсіздігінің алдын алу үшін барлығын да істеу маңызды. Менің тапсырмам бойынша бұл жұмыстармен Үкімет айналысып жатыр, деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев келесі кезекте бүгінде
Таєайындаулар
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Дəулет Қасекенұлы Батырашев Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметіне; Болат Тұрарұлы Нүсіпов Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметіне; Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Бекетжан Махатжанұлы Жұмаханов Қазақстан Республикасының Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
Басќарушы комитет тґраєасы
Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Əлихан Мұхамедияұлы Байменов Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың Басқарушы комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл тағайындау Қазақстан Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы арасындағы келісімге сəйкес келеді жəне БҰҰ-ның Қазақстандағы Үйлестіруші-Резидентімен келісілген, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
Кґѕіл айту жеделхатын жолдады Елбасы көрнекті мемлекет қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Валентин Двуреченскийдің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Жеделхатта В.Двуреченскийдің қайтыс болғаны туралы хабарды Мемлекет басшысының қайғыра қабылдағаны атап өтілген. Нұрсұлтан Назарбаев Валентин Ивановичтің еңбектегі өзінің бүкіл өмірін ауыл шаруашылығы саласына арнағанын, агрономнан Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің хатшысы, республиканың Ауыл шаруашылығы министріне дейінгі жолдан өтіп, отандық агроөнеркəсіп кешені секторының дамуына елеулі үлес қосқанын атап айтқан. «Оны ылғи да жоғары кəсібилік, өз ісіне адалдық, Отанымыздың шынайы патриоты секілді қасиеттері даралап тұратын. В.Двуреченскийдің еңбегі Қазақстанның Еңбек Ері жоғары атағымен жəне басқа да көптеген мемлекеттік наградалармен бағаланды. Оның жарқын бейнесі марқұмды білетіндердің бəрінің жадында əрдайым сақталады», делінген жеделхатта.
ашылған «мүмкіндіктер терезесін» ұтымды пайдалану үшін Парламент пен Үкіметтің үйлесімді жұмысы қажет екенін атап көрсетті. Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына кіруімен байланысты басты міндеттердің бірі – əкімшілік реформаларды жалғастыру мен кəсіби жəне шағын мемлекеттік аппараты бар тиімді мемлекеттік басқару жүйесін құру. Өздеріңізге белгілі, қазірдің өзінде Үкіметтің жаңа құрылымы туралы шешім жүзеге асырылды. Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді шектеу туралы Жарлыққа қол қойылды жəне жүзеге асырылуда. Бұл мемлекеттік аппараттың жұмысындағы көпсатылық пен қосарлануды
қысқартуға мүмкіндік береді, деді Президент. Елбасы осы үдерістің негізіне төмендегі қадамдар алынғанын атап көрсетті. Біріншіден, бүгінгі экономикалық жағдайларда Үкімет əлеуметтікэкономикалық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру бойынша стратегиялық мəселелерге назар аударуы тиіс. Министрліктерге заңға тəуелді актілерді – түрлі ережелерді, нұсқамаларды жəне т.б. қабылдау бойынша құзыретті беру қажет. Əр министр өзі басқаратын саласына қажетті барлық өкілеттіктерге ие болуы жəне қабылданған шешімдер үшін толықтай жауапкершілікті мойнына алуы тиіс. Бұл талапты заңнамалық тұрғыдан реттеу керек, деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Екіншіден, деп жалғады сөзін Мемлекет басшысы, министрліктердің комитеттеріне бақылау жəне жүзеге асыру функцияларымен қатар, тиісті салаларда мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ететін шешімдер қабылдау бойынша өкілеттіктер беріледі. Саланы тиімді реттеуді қамтамасыз ету үшін орталықтандырылған бақылау бойынша комитеттердің бұрынғы функциялары аумақтық органдарда сақталуы тиіс. Мəселен, энергия қадағалау саласында 2015 жылдың 1 қаңтарынан біз қуаттың біртұтас нарқын қалыптастыруға көшеміз. Сондықтан энергетика жүйесін бақылау орталықтандырылған негізде жүзеге асырылуы керек. Кейбір басқа маңызды салаларда да бақылау мен қадағалау орталық деңгейде қалуы тиіс. Мұны мен өзімнің Жарлығыммен айқындадым. 2017 жылдан міндетті медициналық сақтандыру қорын құрып, Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетін өзгертіп құру қажет. Қазір жұмыс істеп тұрған Денсаулық сақтаудың біртұтас ұлттық жүйесі аталған қор үшін арқау болады. Үшіншіден, əкімдіктер өңірлер деңгейінде тиімдірек жұмыс істеп тұрған функцияларды беруі қажет. Бұл, бірінші кезекте, жергілікті маңыздағы функциялар. Мұның пайдасына кең көлемді халықаралық тəжірибе де дəлел. Оның үстіне, бір функция тек бір мемлекеттік органға ғана бекітіп берілуі тиіс. Бірін бірі қайталау болмауы керек. Орталық мемлекеттік органдар заңнамалық барлық нормалардың бақылау жəне қадағалау сапасы төмендемеуін назардан шығармауы тиіс. Ауыл шаруашылығы бойынша да жергілікті билік органдарының өкілеттік ауқымын кеңейту қажет деп санаймын. Функциялар мен тиісті мамандар штатын беру арқылы əкімдіктердің ветеринарлық бақылау саласын нығайтуды қамтамасыз ету де маңызды, деді Нұрсұлтан Əбішұлы. Халықты жылумен қамтамасыз ету саласында қызмет көрсетумен байланысты жекелеген функцияларды да əкімдердің қарауына еш ауырсынусыз беруге болады, деп жалғады сөзін Қазақстан басшысы. Мысалы, жылумен қамтамасыз ету нысандарының жұмыс істеуі мен жылыту маусымына дайындығы мəселелері толықтай жергілікті əкімнің қолында болуы тиіс. Сонымен бір мезгілде, функцияларды жергілікті органдарға беру – бұл тек оларды үлкен өкілеттіктермен жарылқау емес. Бұл – олардың барлық мақсатты көрсеткіштерді жүзеге асыруы мен қол жеткізуі үшін жаңа жауапкершілік. (Соңы 2-3-беттерде).
Уаќыт жаѕаша жўмысты талап етеді «Жері байдың – елі бай» деп халық дəл айтқан ғой. Малға да, жанға да, дəнге де, кенге де бай Қостанай өңірінің келбетіне қалай шүкірлік етпейсің! Аталарымыз Арқаның сайын даласында мыңдап жыл қы айдаған, сол кең даланы сырт көзден қорғаған батыр лар тұлпарының тұяғы дү бірлеткен. Бүгінгі асыл тұқымды, көркі де, күші де бірдей Қостанай жылқыларының түбі осы өңірдегі батырлардың мінсе – қанаты, жесе – қазықар тасы, ішсе – қымызы болған қазанатқа барып тіреледі. Ал бүгінгі Қостанай даласында тек жыл қы емес, төрт түлік түгел дамып келеді. Зеңгібабаның əулиекөл жəне қазақтың ақ бас сиыры тұқымы бүкіл елге Қостанай өңірінен тарап жатқанын айтсақ та жеткілікті болар. Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».
Өткен ғасырдың ортасындағы тың көтерілген жылдардан бастап, бұл өңір астық державасына айналды. Астық өндіру жағынан елімізде Қостанайдың алдына түскен ешкім жоқ. Еліміздегі барлық астықтың ширек бөлігі осы өңірде өндіріледі. Биыл өңір жұртшылығы тың жəне тыңайған жерлерді игерудің 60 жылдығын атап өтуде. Темір кенін өндіретін СоколовСарыбай кен өндіру бірлестігі тек Қостанай өңірінің ғана мақтанышы емес, ол Қазақстан өндірісінің көшбасшысына айналған.
Сонымен қатар, бұл алып кəсіпорын дүниежүзіндегі санаулы кен алыптарының бірінен саналады. Кеншілердің алғашқы шатыры тігіліп, комбинаттың алғашқы қазығы қағылғанына биыл 60 жыл толды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қостанай өңіріне биылғы сапары осындай қуанышты, мерейлі шаралармен тұспа-тұс келді. Əдетте, Нұрсұлтан Əбішұлы жыл сайын күзде Қостанай өңіріне бір келіп кетеді. Диқандардың моншақтаған маңдайтерінің қайтарымындай жайқалған егінді көріп, күзгі жиын-теріндегі қызу еңбекке куə болады. Кеше де Президент кортежі
əуежайдан егіс даласына бет алды. Қостанай ауданындағы Ермек Жұмабеков басқаратын «Нұр Тоба» шаруашылығының егіні жайқалып тұр. 65 адамға жұмыс беріп отырған шаруашылық 10 мың гектар жерді күтіп-баптап, жыл сайын оның 7 мың гектарына бидай егеді. Өткен жылы шаруашылықтың гектар айналымы 10 центнерден келді. Ылғал сақтау тех нологиясын енгізген шаруашылықтың қайсысы болсын ауа райы қалай құбылса да өнімсіз қалмайды. «Нұр Тоба» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егіс даласына құрған ақ шатырдың ішіне енген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев
алдымен осы озық технологияның таратушысы жəне насихатшысы, кеше ғана қайтыс болған белгілі ғалым агроном, Қазақстанның Еңбек Ері Валентин Двуреченскийді үнсіз тұрып еске алып, көңіл айтты. «Валентин Иванович ауыл шаруашылығының ірі маманы еді, жоғары лауазымды қызметтерде істеді, 30 жылдан бері білемін, жыл сайын Қостанайға келгенімде қарсы алатын, жақсы азамат еді», – деді Нұрсұлтан Əбішұлы. Мұнан кейін облыс əкімі Нұралы Сəдуақасов Елбасын облыстың жалпы экономикалық жағдайы мен даму жоспарынан хабардар етті. Əкім алдымен егін
жинау науқанын ауызға алды. Биыл диқандар 25 тамыздан егінге орақ салған болатын. Астық жинауға бүгін еш кедергі жоқ. Жанаржағармайы жеткізілді, элеваторларда 7 миллион тонна астық сыятын орын бар. Егіннің күтімі де жаман емес. Екі жыл қатарынан құрғақшылық болған соң, көрші елден ауған шегірткеге қарсы 1,7 миллион гектар алқапта заласыздандыру жəне профилактикалық жұмыстары жүргізілді. Дегенмен, диқанның маңдайтері төгілсе де, астықтың шығымы ауа райына тəуелді. Биыл мамыр-маусым айларында көктен тамшы тамбады да, шілденің шіліңгірінде құйған жаңбыр егінге аса қолайлы бола қоймады. Сонда да қостанайлық диқандар гектар айналымын 10,511 центнерден келтіріп, 4,5 миллион тонна астық жинайтынына сенімді отыр. Қазір ауыл шаруашылығы саласы нарыққа жақсы бейімделіп келеді. Облыста соңғы жылдары егін шаруашылығын əрта раптандыру ісі жылдамдатыла бастады. Осыдан үш-төрт жыл бұрын бидай барлық егін алқабының 91 пайызын алса, қазіргі күні ол 79 пайызға төмендеді. Оның есесіне майлы дақылдардың көлемі 2,4 есеге артты. Облыс өңірінде 9 май сығатын зауыт бар, олар жылына 9,5 мың тонна өсімдік майын дайындайды. Облыс сыртқа өсімдік майын шығара бастады. Соңғы жылдары мал шаруашылығының дамуына орай, жем-азық шөптердің алқабы да кеңейе түсті. Ол бұрнағы жылдарға қарағанда, 3,5 есеге жуық өскен. (Соңы 4-бетте).