Бїгінгі нґмірде:
№167 (28645) 3 ҚЫРКҮЙЕК БЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ
Жарќын болашаќќа бірлескен ќадам Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары жалғасуда.
Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан» – Бейжіңнен.
Кеше Елбасы Бейжіңде мемлекеттік сапары аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізіп, Қытай Коммунистік партиясының Орталық Комитеті жанындағы Партия мектебінде болды. Қазақстан Президенті түске дейін Цзянсу провинциясы халық өкілдерінің Бүкілқытайлық жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы – партия комитетінің хатшысы Лоу Чжицзюнмен кездесті.
«Қазақстан үшін Цзянсу провинциясымен ынтымақтастықтың зор маңызы бар. Біз Қытай Халық Республикасы басшылығымен уағдаластық бойынша Ляньюньган портында жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұл – Қа зақстанның Тынық мұ хитқа тарихи тұрғыдан алғаш қы қадам басуы. Мұны ынты мақ тас тығымыздың басы ғана деп ойлаймын», – деді Нұрсұлтан Назарбаев Лоу Чжицзюнмен кездесуін де. Қазақстан Президенті сондай-ақ, бұған дейінгі күндерде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен
Əлеуметтік ќамсыздандыру – басты назарда
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықова «Əлеуметтік қамсыздандырылатын ақпараттық жəне коммуникациялық технологиялар саласындағы стандарттар мен бірыңғай шешімдер жолында» атты ХIV халықаралық конференцияға қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Конференцияны Халықаралық əлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы (ХƏҚМ), Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Əлеуметтік сақтандыру қоры ұйымдастырды. Оның жұмысына Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенова, ал ХƏҚМ тарапынан жоғары басшылықтың өкілдері – президент Эррол Франк Стуве, бас хатшы Ханс-Хорст Конколевски қатысты. Г.Əбдіқалықова қатысушыларға арнаған сөзінде Қазақстан өзін əлемдегі күрделі экономикалық ахуал жағдайында халқының əл-ауқатын жақсарту шараларын дəйектілікпен жүзеге асырып келе жатқан тұрақты əрі дамыған мемлекет ретінде көрсетіп отырғанын айтты. Бұл үшін республикада тиісті əлеует пен экономикалық алғышарттар бар. Қазақстан Президенті «100 нақты қадам»: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» – Ұлт жоспарында таяу болашақта мемлекеттік қызметтердің бірыңғай жеткізушісіне (провайдеріне) айналатын «азаматтарға арналған
үкімет» мемлекеттік корпорациясын құру мəселесін айқындап берді. Халықаралық тəжірибе көрсетіп отырғандай, əлеуметтік саладағы мемлекеттік саясаттың тиімділігі, мемлекеттің əлеуметтік міндеттемелерді орындауы үйлесімді əлеуметтік жəне экономикалық саясат жүргізгенде ғана мүмкін болмақ. Конференция халықтың əлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында техникалық жəне əкімшілік жұмыс тəсілдерін жетілдіру арқылы əлеуметтік қамсыздандыруды дамытуға бағытталған маңызды мəселелерді талдау жəне талқылау үшін бірегей жаһандық тұғырнама болып саналады. Аталған халықаралық ісшара аясында Қазақстанның əлеуметтік саладағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларының жетістіктері көрсетіледі. Əлемнің түрлі өңірлерінің əлеуметтік қамсыздандыру ұйымдары өз жетістіктерін паш етеді жəне оларға дүниежүзілік деңгейдегі ақпараттық-коммуникациялық индустрия өкілдері тарапынан баға беріледі.
Облыс жаєдайымен танысты
Кеше Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қызылорда облысы бойынша жұмыс сапарын жалғастырды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Елбасының тапсырмасымен Вице-премьер «Союз ТМА-18 М» ғарыш кемесі ұшырылған Байқоңыр ғарыш айлағына барып, корабльдің ұшу сəтіне куə болды. Экипаж құрамында Айдын Айымбетов (Қазғарыш), Сергей Волков (Роскосмос) жəне Андреас Могенсен (ЕКА, Дания) бар. Жұмыс бағдарламасы аясында Б.Сапарбаев содан кейін Қармақшы ауданының кейбір
шаруа қожалықтарында болып, күріш жинау барысымен танысты. Қызылордада Вице-премьер əлеуметтік саланың бірқатар нысандарын – оқу жылының басталуы туралы мəлімет берілген жаңа орта мектепті жəне «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылын, оқу сыныптарын аралап, балаларды тəрбиелеу жағдайларымен танысты. (Соңы 4-бетте).
жəне ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен кез де су лері барысында көліклогистика саласындағы өзара іс-қимыл жайы басым мəселенің бірі болғанын атап өтті. Осыған орай кездесу барысында негізінен Тынық мұхитындағы Ляньюньган портындағы Қазақ станның логистикалық терминалы арқылы жүк тасымалы ауқымын кеңейту перспективалары талқыланды. Елбасы кеше сондай-ақ, Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің
төрағасы Чжан Дэцзянмен кездесті. Кездесуде екі елдің парламентаралық өзара іс-қимыл мəселелері талқыланды. Мемле кет басшысы Қазақстан мен Қытайдың заң шығарушы органдары басшыларының тұрақты байланыстары мемлекетаралық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын жүзеге асыру үшін тиімді құқықтық алаң қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. «Бейжіңге осы жолғы мемлекетаралық сапар аясында біз екіжақты қарым-қатынастың жаңа кезеңіне негіз қаладық. Соңғы онжылдықта сіздің ел жүргізген реформа жəне ашықтық саясаты қуатты экономика құрып, ҚХР беделін биік деңгейге көтерді. Бұл орайда Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы елеулі рөл атқарды», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Өз кезегінде Чжан Дэцзян Қазақстан Президентінің мемлекеттік сапарына қытай тарапы зор мəн беретінін айтты. «Қазақстан мен Қытай халқы арасындағы достықты нығайту үшін Сіздің əрдайым зор күшжігер жұмсайтыныңызды білемін. Сіз жəне ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин қол қойған жан-жақты стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңі туралы шарт екіжақты қарым-қатынастарымызды жаңа деңгейге көтереді», – деді Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы. (Соңы 2-бетте).
Парламент Мəжілісі кеше жазғы үзілістен кейінгі алғашқы жалпы отырысын өткізді. Оны сөз сөйлеп ашқан палата спикері Қабиболла Жақыпов бесінші сессия өз жұмысын аса күрделі геосаяси жəне экономикалық жағдайда бастап отырғандығымен бөлісті. Жалпы, депутаттар бұл сессия барысында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын заңдық тұрғыдан қамтамасыз етуге белсене кірісетін болады.
Комитеттерге берілді Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Төраға өз сөзінде пре зидент тік сайлаудың жақындап келе жатқан экономикалық дағдарыстың алдында өтуінің ө з і е л і мі з д і ң о сы сын ақ т а лайықты болуына мүмкіндік жасағандығын жəне де бұл дана саяси шешім бүгінгі таңда мемлекетіміздің ұлттық мүдделеріне қызмет етіп келе жатқанын атады. Сондай-ақ, Елбасының халық арасындағы жəне халықаралық деңгейдегі зор беделі мен жоғары тұлғалық қасиеті Ұлы даланың қорғаны болып отырғандығын да алға тартты. Қазіргі кезде ел басшылығы тарапынан экономикалық тұрақтылықты сақтау, халықтың əл-ауқатын көтеру жəне тəуелсіздікті нығайту мен мемлекетімізді жаңғырту бойынша кешенді шаралар қолға алынуда. Осыған байланысты Қ.Жақыпов: «Ұлт
жоспарын қамтамасыз ететін заңдарды қабылдау арқылы біз жаңа экономикалық саясат жағдайында өмір сүретін боламыз. Жаңа қаржы-несие саясаты жүргізіледі. Мемлекет басшысы экономикадағы құрылымдық реформаларды жандандыруға жəне əлеуметтік тұрғыдан əлсіз азаматтарға қолдау көрсететін заңдарды қабылдауға тапсырма берді», деді. Бұл ретте палатаның Ұлт жоспарын заңмен қамтамасыз етудің орталығына айналып отырғандығы, заң жобаларын қарастыру күнделікті жұмыс топтарында жүзеге асырылатыны тілге тиек етілді. Сондықтан да спикер барлық депутаттар мен Үкімет мүшелерін, мемлекеттік орган басшыларын осындай жұмыс режіміне дайын болуға шақырды. Осы тұста атап өтейік, күн тəртібіне шығарылған 44 заң жобасы да жұмысқа қабылданды. (Соңы 2-бетте).
Заѕ жобалары ќаралды Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі жəне құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі. Шарт 2015 жылғы 22 қаңтарда Астанада бекітілді. Құжат қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету мəселелерінде Қазақстан Республикасы мен
Италия Рес пуб ликасы құзы рлы органдарының өзара іс-қимылын реттеуге бағытталған. (Соңы 2-бетте).
Жаѕа экономикалыќ шаралар – ўлттыќ мїддені ќорєау 5-бет Ер Жауєаш 6-бет Кəрі ќўрлыќ келімсектерден кґз ашпай ќалды 8-9-беттер Сəйгїліктер бəйгеде сыналады 14-бет
Ќарым-ќатынастар жайы талќыланды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу Қазақстан Пре зидентінің ҚХР-ға мемлекеттік сапары аясында өтті. Мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастың өзекті
мəселелерін талқылап, халықаралық күн тəртібіндегі маңызды жайттарға қатысты ұстанымдарды қарастырды.
Əлем жəне Қазақстан
Алыс та жаќын Жапония Үстіміздегі жылғы 28-29 тамызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықова Жапонияның Премьер-министрі С.Абэнің шақыруы бойынша Күншығыс елінде жұмыс сапарымен болып, аталған мемлекеттің білім, əлеуметтік-мəдени, рухани-гуманитарлық салаларының басшыларымен өзара тиімді екіжақты байланыстарды нығайту тақырыбында кездесулер өткізді жəне əйелдерге арналған «WAW! Tokyo-2015» атты бүкілəлемдік конференцияның екінші отырысына қатысып, баяндама жасады.
Мемлекеттік хатшының Жапония еліне жасаған екі күндік сапарының қорытындылары бойынша əзірленген шолу мақаламыздың тақырыбын «Алыс та жақын Жапония» деп қоюымыздың өзіндік себебі бар. Шығыс Азия жағалауларына жақын маңдағы Тынық мұхиты аралдарында орналасқан бұл мемлекеттің орталығы Токио мен еліміздің бас қаласы Астананың арақашықтығы 5562 шақырымды немесе 3456 мильді құрайды екен. (Соңы 4-бетте).
Мемлекет мерейі
СƏРСЕНБІНІЅ СƏТІНДЕГІ САМЄАУ Кеше Тəуелсіз еліміздің ғарыш кеңістігін бағындырудағы жаңа өмір парағы ашылды. Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Əубəкіровтің орны бір төбе. Ғарышқа бір емес, үш рет барып қайтқан Талғат Мұсабаевтың жөні жəне басқа. Екеуі де алаштың атпал азаматтары, халқымыздың қайраткер-қаһармандары. Оған дау жоқ. Ал Айдын Айымбетовтің жолы тіпті бөлек. Өйткені, Қазақстан өзі өз болып, көйлегі бөз болып, туған ұлын туған елінің атынан тұңғыш рет ғарышқа аттандырып жатыр. «Қазғарыш» агенттігі өз қыранын баптап, əуеге самғатты. Сондықтан кеше ғана жерден кіндігін кесіп кеткен Айымбетовтің аты егемен еліміздің тарихында алтын əріптермен жазылатын болады.
Єарыш пен ќарыш Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
АЙДЫН ЖƏНЕ ӨЗГЕ ҒАЛАМШАРЛЫҚТАР Қазақстан қалың ұйқыда жатқанда Байқоңырға жиналған қаламгерлер асай-мүсейін асынып ғарышкерлер жатқан орталыққа қарай жиналды. Тарихи сəтті таспалауға, мəн-мағынасын тəпсірлеуге асық бəрі. Сол себепті ерте бастан қамданып, құрамында қазақ ғарышкері Айдын Айымбетов бар «Союз ТМА-18М» экипажының əрбір сəтін бақылап, назарда ұстап, жүрек лүпілдетер сəттен жылы жаңалық жеткізбекке
ниетті. Осы арада аталған шараны насихаттау үшін АҚШ, Ресей, Испания, Франция, Дания, Португалия, Бразилия секілді мемлекеттерден жүзден аса журналист келгенін айта кеткен абзал шығар. Ал ұшырылым сəтін тамашалауға əлемнің əр түкпірінен туристер ағылып келіп жатты. Ғарышкерлерді шығарып салуға ағайындары да келді. Айдынның зайыбы Лилия ұлдары Əмірді жəне қыздары Диана мен Даянаны ерте келіпті. Ғарышкердің туған бауыры Айдар да жүр ортамызда. Айдар Айымбетовпен аз-кем сөйлесудің сəті түсті. «Мен де
əскери адаммын. Шекарада қызмет етемін. Ең алғаш Айдынға ғарышкерлерді дайындайтын орталыққа құжат тапсыруға кеңес берген едім», дейді ол. «Осының алдында ғарышқа ұшпай қалғанында Айдынның көңіл-күйі қандай болды?» дейміз біз. «Əрине, оңай тиген жоқ. Бірақ ол бір сəтсіздік үшін бəрінен баз кешіп кетпеді. Соңғы кезге дейін үмітін үзбеді», деп жауап берді. Лилияның əкесі Əлмұхаммед ақсақал да осында екен. Байқо ңырда жиырма жылға жуық қызмет етіп, кейіннен Талдықорғанға көшіп, сол жақта зейнет керлікке шыққан. «Айдын ғарышқа ұшады», деген ақпаратты естігенде сенгеніміз жоқ. Тіпті, Ресейдегі ғарышкерлерді дайындайтын орталықта қысқа мерзімде оқу-жаттығудан өтіп, одан АҚШқа барып келгенінде де бойымызда күдік болды. Елбасының қабылдауында болып, батасын алғаннан кейін барып қана қанша жылғы арманымыздың ақиқатқа айналғанына сендік», деп ағынан жарылды ол. Ең əдемі əңгіме Айдынның кенже қызы Даянамен арамызда өрбіді. «Əкемнің өзге ғаламшарлық адамдармен танысып, дос болуын тілеймін», деді ол. Жұртты риясыз жымитқан мұндай тілекті жүрегі таза, көңілі ақ бала ғана айта алса керек. (Соңы 3-бетте).