СІЗ не дейсіз? Аймаќта ел ризыєы мол Шығыс Қазақстан облысында диқан ризығы – астықтан бұрын-соңды болмаған рекордтық өнім алынатын түрі бар. Қазірдің өзінде өңірдегі дəнді дақылдардың 85 пайызға жуығы бастырылды. Əр гектардан орта есеппен 1718 центнерден ақмаржан жиналуда. Бүгінде орақ барысы қалай өтуде? Алтын дəнді сақтау орны дайын ба? Оны өткізу барысы қалай жүзеге асырылмақ? «Егемен Қазақстан» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі Оңдасын Елубай облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Дүйсембай Селихановқа:
– Сіз бұған не дейсіз? – Несін айтасыз, осыдан үш-төрт жыл бұрын Кенді Алтайда астық бітік өсіп, ауа райы қолайлы болып, нəтижесінде 1 миллион тонна астық бастыр ған едік. Ал биыл барлық өңірлердегідей, Шығыста да табиғат ана жомарттық танытып, көктемнен басталған жаңбыр жаз бойы жауып, егін бітік өсті. Бір ғана мысал. Өткен жылы 1 миллион гектарға дəнді дақылдар себіліп, орта есеппен 10,9 центнерден астық бастырылған еді. Биылғы нəтижеге қарап, 1 миллион тонна астық бастыруға мүмкіндік бар деп есептеп отырмыз. Егін, əсіресе, Зырян, Глубокое, Шемонаиха, Ұлан, Бородулиха аудандарында бітік өсті. Кейбір шаруа қожалықтары гектарынан 20-25 центнерге дейін астық бастырып жатыр. Күнбағысты оруға əлі біраз уақыт керек. Ол қажет ті кондицияға жеткен жоқ. Күнбағыстан да ауыл шаруашылығы құрылымдары биыл мол өнім алатын түрі бар. Мəселен, Зырян ауданында 30 мың гектардан астам аумақта күнбағыс ерекше бітік өсіп тұр. Қажетті техника жеткілікті, қазір ауданда рапсты ору басталды. Рапс дақылынан май алынатыны белгілі. Ал Үржар ауданында соя дақылы да бітік өсті. Сояның қадірін диқандар да түсіне бастады. Мəселен, көрші Қытай сояның əр тоннасын астыққа қарағанда, екіүш есе қымбатқа сатып алады. Демек, алдағы уақытта пайдасы көл-көсір дақылды өсіруге ынта танытатындардың қатары көбейетіні анық. Сонымен бірге, көкөністен де мол өнім алынуда. Ең күрделі мəселе орылған ел ризығын қамбаларға құйып алу екені белгілі. Облыста егінді сақтайтын қамбалар аз емес. Кейбір жеке меншік қамба иелерімен келісім жасалды. Қысқасы, Кенді Алтай диқандарының биыл астықтан мол өнім алатыны айқын. Ал егін орағы жақын арада аяқталатын болады. Шығыс Қазақстан облысы.
№225 (28164) 3 ҚАЗАН БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Өңір өмірі
Мəуелі аєаш – майысќаќ Оралхан ДƏУІТ,
«Егемен Қазақстан».
«Жемісті ағаштың басы төмен» деген сөз сірə, осындайда айтылса керек. Биыл Оңтүстіктің егіншісі – мəрт, жері жомарт болып тұр. Жемісін көтере алмай, басы жерге иіліп тұрған мəуелі ағаштарын көргенде биыл бақ-береке осы өңірдің бау-бақшасының басына қонған ба деп қалатының анық. Жалпы, күз мезгілі Алла тағаланың үйіп-төгіп берген ырзық-несібесін, берекесін шашпай-төкпей жинап алып, арқаны кеңге салған бір рахат шағы емес пе? Жерін баптай білген диқан берекелі алтын күзде астық пен жемісін қаптай біледі. Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында көкөніс, бақша, картоп дақылдарынан алынған өнім, өткен жылмен салыстырғанда, 250 мың тоннаға артып, 2 млн. 200 мың тонна өнім жиналды. Ал, жеміс-жидек пен жүзім дақылдарынан алынған өнім өткен жылмен салыстырғанда, 24 мың тоннаға артып, 163 мың тоннаға жетті. Міне, осылайша Оңтүстіктің жері – семіз, дəні – егіз болып тұр.
Елбасыныѕ жеке їлесі аталды
Əлемдік жəне дəстїрлі діндер кґшбасшылары съезі Хатшылыєыныѕ отырысы ќорытындыланды Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы Қайрат Мəми Астанада өткен жұмыс бабындағы кеңесте Съезд Хатшылығы XII отырысының жəне «Өркениеттер үнқатысуындағы дінаралық Астана форумының рөлі» халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференциясының жұмысын қорытындылады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Кеңеске Сыртқы істер министрлігінің, Дін істері жөніндегі агенттіктің, Халықаралық мəдениет жəне діни орталықтың өкілдері қатысты. Онда Съезд Хатшылығы отырысына жəне конференцияға қатысушылардың баяндамаларына шолу жасалды. Атап айтқанда, меймандардың бəрі толеранттылық жөніндегі жаһандық үнқатысуды дамытудағы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан На зарбаевтың жеке үлесін атап өтті. 10 жылда Съезд əлемдік дін көшбасшыларының іс жүзіндегі үнқатысу алаңы ретінде қалыптасты. Қ.Мəми Хатшылық отырысы жəне конференция барысында айтылған ұсыныстар мен идеяларға мұқият талдау жасап, сондай-ақ, соның негізінде келешек шаралар
Оңтүстік Қазақстан облысы. ------------------------------------Суреттерді түсірген Қайсар ШЕРІМ.
жоспарын əзірлеуге тапсырма берді. Хатшылық мүшелері V Съездің жалпы тақырыбын «Дін жəне тұрақты даму» атауымен бекіткен болатын. Таяу уақытта секциялық отырыстар, сонымен бірге, келесі Съездің мерзімі мен өтетін орны бойынша ұсыныстар пысықталады. Кеңесте Съездің арнаулы қорын құру, сондай-ақ съездер аралығында Хатшылық мүшелерінің қызметін үдету, діни қайраткерлер арасында жүйелі ақпарат алмасуды қалыптастыру, бірлескен білім беру бағдарламалары мен оқу құралдарын əзірлеу, сондайақ, азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды өрістету туралы ұсыныстарды зерделеуге тапсырма берілді.
Тўрєындар тілегі ескерілуі тиіс
Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында депутаттар еліміздің Азия Даму банкінен қарыз алуы жəне психикалық бұзылушылықтардан зардап шегетін адамдарды мəжбүрлеп емдеу мəселелеріне қатысты заң жобаларын қарады. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Орталыќ органдардыѕ əріптесі
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Мəдениет жəне ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Отырысқа Президент Əкімшілігінің, орталық мемлекеттік органдардың, сондайақ, еліміздің ірі ҮЕҰ-ларының өкілдері қатысты. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
– Өздеріңіз білесіздер, үкіметтік емес ұйымдар деген сөз, ұғым бізге тəуелсіздік алғаннан кейін келді. Тəуелсіздіктің алғашқы жылдарында елімізде санаулы ғана үкіметтік емес ұйымдар болып, олар көбінесе шетелдік түрлі ұйымдар
тарапынан қаржыландырылып келсе, тəуелсіздік алған жылдарда мыңдаған үкіметтік емес ұйым пайда болды. Бұл ұйымдар қазіргі кезде үкіметтік орталық органдардың толыққанды əріптесіне айналды. Қызметтің барлығын бірдей орталық мемлекеттік органдар атқара беруі шарт емес. Халықтың арасында жұмыс істеу үшін, əр сала
АҚПАРАТТАР аєыны «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының мұнай қоры 2022 жылы 1,4 млрд. тоннаға жетеді. Ал қазіргі дəлелденген қор 823 млн. тонна мұнай мен конденсатты құрайды. Жаңа оқу жылында Назарбаев Университетінде 2 мыңнан астам студент оқиды. Сонымен қатар, оқытушыпрофессорлар құрамындағы адамдар саны 250-ге жетіп отыр. Астанада күзгі əскерге шақыру науқаны басталды. Елорданың Алматы, Сарыарқа жəне Есіл аудандарында əскерге шақыру жəне медициналық комиссиялар өз жұмысын бастады. Елорданың Сарыарқа ауданының əкімдігінде ұстаздарға сый-құрмет көрсетілді. Басқосуда аудан əкімі Ермағанбет Бөлекпаев мұғалімдерді мерекелерімен құттықтап, қала əкімі Иманғали Тасмағамбетовтің атынан 2 пəтер кілтін тапсырды. Қызылордада «EXPO LAND2013» жастар идеясы мен жобалары жəрмеңкесі болды. Инновациялық идеялар мен жобалар жəрмеңкесі қаланың
195 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылды. Заңсыз сақталған қаруды тапсырғандары үшін Шығыс Қазақстан тұрғындары 27 млн. теңге алады. Акция барысында облыс тұрғындары 292 оқпен атылатын қару, 2094 дана оқ-дəрі тапсырған. Солтүстік Қазақстан полицейлері заңсыз емдеумен айналысқан діни бірлестікті анықтады. Петропавл қаласының 49 жастағы тұрғыны «Алла аят» деп аталған ағымды ұйымдастырғаны үшін əкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қаржы полициясы 3 млрд. теңгеден астам бюджет қаражатының қолды болуын тоқтатты. Бұл туралы кеше Экономикалық қылмыс жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі ақпараттық-талдау департаментінің басшысы Олжас Бектенов айтты. «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.
бойынша қордаланған мəселелерді шешу үшін, оларды зерттеу үшін үкіметтік емес ұйымдар кей жағдайда мемлекеттік органдардың да қызметін атқарып отырған жағдай бар, деді отырыста Мұхтар Құл-Мұхаммед. Оның айтуынша, осыдан 3 жыл бұрын үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын тек қана бір министрлік – Мəдениет жəне ақпарат министрлігіне емес, əр саланы басқарып отырған министрліктерге беру жөнінде шешім сол себепті қабылданған екен. Соған сəйкес, бюджетке тиісті өзгерістер мен толықтырулар да енгізіліпті. Осының нəтижесінде қазір əрбір салалық министрлік өз саласындағы үкіметтік емес ұйымдармен қоян-қолтық жұмыс істеуге толықтай мүмкіндік алған. (Соңы 2-бетте).
Бїгінгі нґмірде: Кґшбасшы партияныѕ жаѕа баєыты 2-бет
Ќаймаєы бўзылмаєан ќазаќы орта 5-бет
Ќўштарлыќ 6-бет
ТАҒАЙЫНДАУ
Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Бақытжан Жарылқасынұлы Əбдірайым Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне; Эльвира Əбілқасымқызы Азимова Қазақстан Рес публи касы Əділет министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
10-бет
(Соңы 2-бетте).
Өнер
Сазды, назды наќыш «Астана Опера» мемлекеттік опера жəне балет театрында Камералық залдың ашылу құрметіне əрі халықаралық музыка күніне орай «Барокко данышпандары» атты өнер кеші өтті. Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».
Барлаушылар
Алдымен күн тəртібіне сəйкес «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 3 Дəліз жолын реконструкциялау жобасы / «Шымкент – Ташкент» жол учаскесі/ / «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дəлізіне кіреберіс/) ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Аты айтып тұрғандай, Келісім Азия Даму банкінің Қазақстанға «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» ав томобиль дəлізі шеңберінде «Шымкент – Ташкент» жол учаскесін дамыту
үшін қарыз беруді көздейді. 125 миллион долларлық қарыз елімізге 4 жылдық жеңілдік кезеңін қоса алғанда 16 жылға беріліп отыр. Пайыздық мөлшерлеме LIBOR+0,6 пайызға тең. Ал Қазақстан Үкіметінің бір лесіп қаржыландырылуы 22 миллион АҚШ долларынан аспайды. Ел бюджетінің қаржысы құрылыс жұмыстарын бірлесіп қаржыландыруға жəне салықтарды төлеуге жұмсалады деп күтілуде. Жоба бойынша Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шымкент пен Ташкент арасындағы жолдың 36,7 шақырымын реконструкциялау қолға алынады.
«Биылғы халықаралық музыка күнінің біз үшін орны бөлек. Себебі, акустикасы мен əсемділігі ауыз толтырып айтарлықтай 250 орындық Камералық залдың тұсаукесерін
осы мерекемен ұштастырып өткізудеміз. Бұл шараға белгілі меццо-сопрано Дариға Назарбаеваны, Қазақстанның халық əртісі Айман Мұсақожаеваны жəне де басқа танымал өнер саңлақтарын арнайы шақырып отырмыз. Бірі Демеушілер кеңесінің, екіншісі
Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылатын өнер шеберлерінің мерекелік кеште орындайтын шығармаларының белгілі бір кезеңнің інжу-маржандарынан іріктелуі бекер емес. (Соңы 10-бетте).