03102014

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№193 (28416) 3 ҚАЗАН ЖҰМА 2014 ЖЫЛ

● Өңір өмірі

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 2 қазандағы № 19/247 қаулысына қосымша

Мəуелі аєаш – майысќаќ Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Əрине, əр істің өз қиындығы, өз бейнеті болады ғой. Бірақ, гектарлап алма бақ егіп, оны күтіпбаптап ұстаудың азабын тілмен жеткізіп айту қиын. Шынын айту керек, алма бақпен «ауырған», осы іске шындап ден қойып, нағыз фанатына айналған жандар болмаса, ағаш еккеннің көбісі əлдеқашан-ақ қолдарын бір сілтеп кетіп қалар еді. Көшет дегенді жерге отырғызып, түбіне су құя берсең, екі-үш жылдан кейін жеміс сала береді деп ойлайтындар қатты қателеседі. Алма да адам сияқты. Сəт сайын күтім жасамасаң, алма бағы да ауруға ұшырайды, азады, тозады. Тегінде «Меркі – жердің көркі» деп бекер айтылмаған ғой. Шыбық шаншысаң шынар өсетін осынау көк-жасыл өлкеде бау-бақша екпеудің өзі күнə сияқты. Асау аттың қалың жал-құйрығындай тал-терегі мол мекен ғой бұл. Біз əңгіме еткелі отырған Үсен Қабылбековтің негізгі мамандығы авиатехник. Фрунзе (қазіргі Бішкек) авиациялық техникалық училищесін бітіргеннен кейін, Тараздың іргесіндегі шағын аэропортта еңбек жолын бастаған-ақ екен. Бірақ, бұл салада өзге ұлттар көп болғандықтан көсіліп жұмыс істей алмапты. «Мамандығым бойынша «ЯК-40» ұшағымен көкке самғауға құқым бар болса да, басшылық «АН-2» ұшағының өзін əрең қиды», дейді Үсеннің өзі. Сонымен біраз жыл еңбек еткеннен кейін қолды бір сілтеп, еліне қайтады. Сөйтіп ауылға келген жас жігіттің көзі ең алдымен алмаға түсіпті.

Өмірден түйгені көп Үсен алма көшетін егу үшін алдымен Алматыға барып, ауыл шаруашылығы мамандарымен ақылдасады. Одан кітаптар ақтарады. Алақайлап аспанда ұшып жүргенде алманың кереметі туралы естісе сенбес еді. Міне, апорты көп Алматыда осы саланың небір мықты ғалымдарымен жолығып, əңгімелесіп, тəтті жемістің таңғажайып кереметтеріне көз жеткізіп, бау-бақшаға ықыласы біржолата ауады. Сонымен, үйдің іргесіндегі 2 гектар жерге алма бағын отырғызды. Ынтышынтысымен кіріскендіктен

Ќазаќстан делегациясы – Женевада

3-5 қазанда Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған қазақстандық парламентшілер делегациясы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Женевадағы «Қауіпсіздіктің жаңа қатерлері: парламенттердің рөлі» тақырыбына арналған 13-ші Күзгі сессиясына қатысады. Парламенттік Ассамблея əскери-саяси, экономика-экология жəне гуманитарлық сессиялар аясында өтеді.

Делегация құрамында сенаторлар Икрам Адырбеков, Георгий Ким, Дулат Құс дəулетов жəне Мəжіліс депутаттары Қуаныш Сұлтанов пен Светлана Бычкова бар. Сапар аясында Сенат Төрағасы Қ.Тоқаев Швейцария Президенті Д.Буркхальтермен, Дүниежүзілік шіркеулер кеңесінің Бас хатшысы О.Твейтпен, Женева саясат жəне қауіпсіздік орталығының, Миналарды зақымсыз залалсыздандыру

жөніндегі Женева халықаралық орталығы жəне Қарулы күштерді демократиялық бақылау жөніндегі Женева орталығының қызметкерлерімен кез де седі. Сондай-ақ, Сенат Төр а ға сы Қ.Тоқаев Женева Дипломатиялық акаде мия сының тыңдаушыларының алдында «Қазақстан жəне Еуразиядағы Жібек жолы дипломатиясы» тақырыбы бойынша сөз сөйлейді, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

«Жасыл белес» шаруа қожалығының төрағасы Үсен Қабылбеков.

болар, бағы бір жылдан кейін-ақ өнім бере бастады. Сонда, міне, тоғыз жылдан бері бұл бақ тонналап алма беруде. Басқасын айтпағанда, былтыр осы 2 гектар жерден 150 тонна өнім алыпты. 50

Сайлауєа орай пікір алмасты Жүздесу барысында тараптар Қазақстан Парламенті Сенаты сайлауының қоры тындысымен жəне жалпы сайлау науқанының қызметі жайын талқылады. Қабиболла Жақыпов Парламентаралық Ассамблеяға байқаушылар миссиясын ұйымдастырғаны жəне оң баға бер гені үшін ризашылығын білдірді. Алексей Сергеев ТМД Парламентаралық Ассамблеясының байқаушылық миссиясы осы бағытта Қазақстанда жұмыс жасап жатқалы биыл 20 жыл толып отырғанын айтып, ұйымның сайлауды аса ұйымшылдықпен

Бəсі биік бас газет

бен салт-дəстүрлеріміз сан алуан қырынан жазылып жүр. Əсіресе, жас мемлекетіміздің орнығуына, Мемлекет басшысының салиқалы саясатын кеңінен түсіндіруде, ұлттар мен ұлыстар арасындағы достық пен бірліктің одан əрі нығаюына қосқан үлесі өлшеусіз. Бүгінде қоғамдық-саяси басылымдардың нық көшбасшысына айналып, оқылымдық, сапалық жағынан да кемелдене түскенін аңғарамыз.

(Соңы 2-бетте).

Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов ТМД Парламентаралық Ассамблеясының Бас хатшысы Алексей Сергеевпен кездесті, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.

● Заманмен үндес заңғар басылым

Еліміз бен халқымыздың сан қырлы тарихын үзбей жазып, шынайы шежіресін қалыптастыруға зор үлес қосып келе жатқан ұлттық бас басылымның орны қашанда бөлек. Əр саны қызғылықты оқылады, көңілде көміліп жатқан небір шетін мəселелерді тамыршыдай тап басады. «Егемен Қазақстан» газетінің аты қанша өзгергенімен, заты елдіктің биік мінберінен көрініп келеді. Ұлттық рухты ту еткен сүйікті газетіміздің жүріп өткен жолы да бай. Оқырмандарына берген тағылымы, дарытқан ізгілігі, рухани шапағаты мол. Елбасымыз «Отанымыздың бас газеті» деп баға берген басылымды Тəуелсіздігіміздің жарқын жылнамасы десек, артық айтқандық емес. Осы кезең ішінде өзіне жүктелген аса жауапты міндетті мүлтіксіз атқарып, уақыт талабына сай қызмет етіп келеді. Сан қырлы өзекті тақырыптарға үзбей қалам тартылып, ана тіліміз

тонна жүк сиятын қоймасы бар. Соның арқасында өнімінің бір бөлігін Алматы, Астанаға апарып саудалайды.

Президенттің басшылығымен жасалып жатқан маңызды саяси, экономикалық оқиғаларды үзбей көрсетудегі, қазақстандықтарды қайырымды істер жасауға шабыттандырудағы, ортақ мақсат жо лына біріктірудегі, рухын көтерудегі, жасампаздық жаңалықтарға ұмтылдырудағы рөлін атап көрсеткен жөн. Мен өзім кəсіби қызметімді бастаған алғашқы күннен төл газетімізден бір елі ажыраған емеспін. Көп жылдан бері бір топ еңбек ардагерлерін, аз қамтылған отбасыларды «Егеменге» тегін жаздыртып келеміз. Өйткені, шыға бастағанына 95 жыл толғалы отырған бас басылымның орны бөлек екенін баса айтқым келеді. Жомарт ҚАЖЫРАХЫМОВ, Ұлттық банк Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры.

Солтүстік Қазақстан облысы.

өткізді деген пікірін жеткізді. Кездесу барысында А.Сергеев Қабиболла Жақыповқа ТМД ПАА Кеңесінің Төрағасы, Ресей Федералдық Жиналысы Федерациясы Кеңесінің Төрайымы Валентина Матвиенконың биылғы жыл дың 27-28 қарашасында Санкт-Петербургте өтетін парламенттік шараларға шақыру қағазын табыстады. ТМД Парламентаралық Ассам блеясы шеңберінде ТМД елдері парламенттерінің өзара тығыз бай ланыста болатынын атап өтіп, Мəжіліс Төрағасы алдағы өтетін шаралар барысында да ынтымақтасып нəтижеге жететіндіктеріне сенім білдірді.

Демократияныѕ даусыз дəлелі 4-бет Ўлылыќтыѕ рухы – Ўлытауда 6-бет Отбасы – Отанныѕ ошаєы 9-бет Азиада: жеті боксшымыз «алтыннан» їмітті! 14-бет

2014 жылєы 1 ќазанда болєан Ќазаќстан Республикасы Парламенті Сенатыныѕ депутаттарын сайлаудыѕ ќорытындылары туралы ХАБАР

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 871 Жарлығына сəйкес 2014 жылғы 1 қазанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау болды. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нəтижелері туралы облыстық, Астана жəне Алматы қалалық сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы сайлау Қазақстан Республикасының 14 облысында, Астана жəне Алматы қалаларында болды деп танылғанын хабарлайды. 39 кандидат дауысқа түсті. 3279 таңдаушының 3236-сы немесе таңдаушылардың жалпы санының 98,69 пайызы дауыс беруге қатысты. Сайлау бюллетеньдерінің жалпы санынан 12 сайлау бюллетені жарамсыз деп танылды. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудың мынадай қорытындылары анықталды: - Ақмола облысынан Əкімов Рашит Қайыржанұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 250 (92,9 пайыз), Жүніс Болат Ғаббасұлы үшін 19 (7,1 пайыз) дауыс берілді; - Ақтөбе облысынан Сағиев Айбек Игілікұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 19 (9,5 пайыз), Тағымов Марат Мырзағалиұлы үшін 181 (90,5 пайыз) дауыс берілді; - Алматы облысынан Мұсаханов Аңсар Тұрсынханұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 285 (88,8 пайыз), Темірбаев Алик Едресұлы үшін 36 (11,2 пайыз) дауыс берілді; - Атырау облысынан Еңсегенов Сəрсенбай Құрманұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 114 (87,0 пайыз), Сəрсемалиев Ғилман Əміржанұлы үшін 8 (6,1 пайыз), Теміров Қамбар Əндіржанұлы үшін 9 (6,9 пайыз) дауыс берілді; - Батыс Қазақстан облысынан Мұқаев Ерболат Рахметұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 181 (94,8 пайыз), Саққазов Асылбек Ғұмарұлы үшін 10 (5,2 пайыз) дауыс берілді; - Жамбыл облысынан Дүйсембаев Махамбет Ахметұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 10 (5,0 пайыз), Жолдасбаев Мұратбай Сматайұлы үшін 179 (89,5 пайыз) дауыс, Новоселов Владимир Борисович 11 (5,5 пайыз) дауыс берілді; - Қарағанды облысынан Ершов Сергей Михайлович үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 269 (94,1 пайыз), Распопов Николай Иванович үшін 17 (5,9 пайыз) дауыс берілді; - Қостанай облысынан Бегісбаев Темірхан Серікболұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 26 (9,0 пайыз), Бектұрғанов Серік Шыңғысұлы үшін 240 (82,8 пайыз), Жəркенов Асқар Кəрімбайұлы үшін 24 (8,2 пайыз) дауыс берілді; - Қызылорда облысынан Еламанов Бекмырза Қайыпұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 120 (82,8 пайыз), Оразбекұлы Əшім үшін 13 (9,0 пайыз), Өмірзақов Серікбай Ыдырысұлы үшін 12 (8,2 пайыз) дауыс берілді; - Маңғыстау облысынан Əбуғалиев Қадырбек Өтеуліұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 14 (12,5 пайыз), Бортник Михаил Михайлович үшін 98 (87,5 пайыз) дауыс берілді; - Оңтүстік Қазақстан облысынан Бектаев Əли Əбдікəрімұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 238 (77,8 пайыз), Үсенов Данияр Қозыбайұлы үшін 68 (22,2 пайыз) дауыс берілді; - Павлодар облысынан Жапарбеков Айтқазы Нұрғазыұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 15 (7,4 пайыз), Көбенов Манап Шарапиденұлы үшін 164 (80,8 пайыз), Нұрмағамбетов Қайрат Қайыржанұлы үшін 24 (11,8 пайыз) дауыс берілді; - Солтүстік Қазақстан облысынан Отрадных Владимир Васильевич үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 33 (16,2 пайыз), Перепечина Ольга Валентиновна үшін 171 (83,8 пайыз) дауыс берілді; - Шығыс Қазақстан облысынан Кутовой Виктор Александрович үшін дауыс беруге қатысқан

● Толғандырар тақырып

таңдаушылар санынан 45 (14,7 пайыз), Плотников Сергей Викторович үшін 262 (85,3 пайыз) дауыс берілді; - Астана қаласынан Жақсыбеков Серік Рыскелдіұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 23 (92,0 пайыз), Қаратаев Бейсембек Шоқтайұлы үшін 0 (0 пайыз), Смородин Александр Викторович үшін 2 (8,0 пайыз) дауыс берілді; - Алматы қаласынан Баймұхамбетов Қуандық Сергейұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 2 (5,9 пайыз), Мадибраимов Қалдыбай Махатайұлы үшін 2 (5,9 пайыз), Мұқашев Төлеубек Төлеуұлы үшін 30 (88,2 пайыз) дауыс берілді. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып сайланғандар: Ақмола облысынан – Əкімов Рашит Қайыржанұлы, 1954 жылы туған, Ақмола облысы əкімінің бірінші орынбасары, Көкшетау қ., қазақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі; Ақтөбе облысынан – Тағымов Марат Мырзағалиұлы, 1952 жылы туған, Ақтөбе облысы əкімінің орынбасары, Ақтөбе қ., қазақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі; Алматы облысынан – Мұсаханов Аңсар Тұрсынханұлы, 1966 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Алматы облысының Қазыбек бек ауылы, қазақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі; Атырау облысынан – Еңсегенов Сəрсенбай Құрманұлы, 1963 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Атырау қ., қазақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі; Батыс Қазақстан облысынан – Мұқаев Ерболат Рахметұлы, 1961 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Орал қ., қазақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі; Жамбыл облысынан – Жолдасбаев Мұратбай Сматайұлы, 1957 жылы туған, Жамбыл облысы əкімінің орынбасары, Тараз қ., қазақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі; Қарағанды облысынан – Ершов Сергей Михайлович, 1960 жылы туған, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШСнің жобалау қызметін дамыту жөніндегі директоры, Жезқазған қ., орыс, «Нұр Отан» партиясының мүшесі; Қостанай облысынан – Бектұрғанов Серік Шыңғысұлы, 1957 жылы туған, Қостанай облысы əкімінің орынбасары, Қостанай қ., қазақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі; Қызылорда облысынан – Еламанов Бекмырза Қайыпұлы, 1950 жылы туған, Қызылорда облыстық мəслихатының хатшысы, Қызылорда қ., қазақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі; Маңғыстау облысынан – Бортник Михаил Михайлович, 1960 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Ақтау қ., украин, «Нұр Отан» партиясының мүшесі; Оңтүстік Қазақстан облысынан – Бектаев Əли Əбдікəрімұлы, 1962 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы əкімінің орынбасары, Шымкент қ., қазақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі; Павлодар облысынан – Көбенов Манап Шарапиденұлы, 1957 жылы туған, Павлодар облыстық мəслихатының хатшысы, Павлодар қ., қазақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі; Солтүстік Қазақстан облысынан – Перепечина Ольга Валентиновна, 1967 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облыстық статистика департаментінің басшысы, Петропавл қ., орыс, «Нұр Отан» партиясының мүшесі; Шығыс Қазақстан облысынан – Плотников Сергей Викторович, 1960 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Өскемен қ., орыс, «Нұр Отан» партиясының мүшесі; Астана қаласынан – Жақсыбеков Серік Рыскелдіұлы, 1956 жылы туған, «Цесна Корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, Астана қ., қазақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі; Алматы қаласынан – Мұқашев Төлеубек Төлеуұлы, 1950 жылы туған, Алматы қалалық мəслихатының хатшысы, Алматы қ., қазақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы.

Ќорыќ їшін ќорыќпауымызєа бола ма?.. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Уақыт өткен сайын табиғи жəне экологиялық өзгерістерге ұшыраған тау-тас, өсімдіктер əлемі мен адамдардың ашкөздікпен араласуы салдарынан саны кемуге бағыт алған жан-жануар, аң-құстар дүниесі қорық ретінде өз алдына арнайы сақтауды қажет етеді. Осы мақсатта елімізде бірқатар қорық қызмет етеді десек, батыс өңіріндегі бірден-бір қорық – Үстірт қорығы. Ашылуына осыдан 30 жыл бұрын Үстірт тау қойының Маңғыстауда жойылып кету қаупі себеп болған қорық – қазір өңірдегі іргелі мекемелердің бірі. Жаңаөзен қаласынан 200 шақырым қашықтықта, Қарақия ауданының шығыс бетінде орналасқан қорықтың жер көлемі 223342 га болса, ол аумақтағы тау, қыр, тік құлама жар, сорлар мен бұлақтарда өсімдіктердің 336 түрі өсіп, сүтқоректі жануарлардың 29 түрі, бауырымен жорғалаушылардың – 15, омыртқасыздардың – 794, құстардың – 165, қосмекенділердің 1 түрі мекен етуде. Олардың арасында сирек кездесетіндер мен жойылып кету қаупі төнген, еліміздің Қызыл кітабы мен Халықаралық табиғатты қорғау одағының (ХТҚО) Қызыл тізіміне енгендері де бар.

(Соңы 11-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.