03112013

Page 1

Бүгінгі нөмірде: БҰЛАР ЕНДІ ҚАШАН СЕРПІЛЕДІ? 2-бет ҰШАҚ ЕМЕС, ТЕҢГЕ ҰШТЫ... 3-бет АҚИҚАТТАН АЖЫРАМАЙЫҚ 5-бет ХАС ТҰЛПАРДАЙ «ЖАС ТҰЛПАР» ЕДІ 6-бет

№246 (28185) 5 ҚАРАША СЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

ЌАУЌАРСЫЗ ЇКІМЕТ, ƏРЕКЕТСІЗ ƏКІМДЕР

Елбасы сынынан шўєыл ќорытынды шыєаруы тиіс

Берілген тапсырмалар бойынша наќты жўмыс жїргізілуі тиіс Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Президент Əкімшілігінің қызметін жетілдіру мəселелеріне арналған кеңес өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Нұрсұлтан Назарбаев Президент Əкімшілігінің идеологиялық, аумақтық-ұйымдастыру жəне экономикалық бағыттар аясындағы тиімді жұмысын жолға қоюдың маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысы таяуда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалар бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, олар бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялануы керектігін тағы да еске салды. – Аппарат мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын бақылап, кемшіліктерді айқындауға жəне оларды тиімді іске асыру жөнінде нақты шараларды белгілеуге тиіс. Үкіметтің кеңейтілген отырысында менің тарапымнан айтылған сындардан тиісті қорытынды шығарылуы керек. Бұл бағыттарда қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны, кімдер жауапқа тартылғаны жəне жазаланғаны туралы əрбір факт бойынша халық алдында есеп беріп, БАҚ-тарда жариялау туралы тапсырма берілген болатын. Мен айтқан сын бойынша тек «Тұрғынүй-құрылысжинақбанкінің» жағдайы жөніндегі деректер

ғана айтылды, өзге ешқандай ақпарат болған жоқ. Тіпті, бұл ретте менің тарапымнан айтылған сынның бір бөлігі газет беттерінде көрініс таппаған жəне телеэфирден де берілмеген. Сондықтан, əркімнен тек өз бағыты бойынша бағдарламалардың орындалуымен ғана емес, сондай-ақ, Үкіметтің, министрліктер мен ведомстволардың жұмысындағы кемшіліктерді жою жөніндегі барлық нұсқауымның орындалуы бойынша қатаң түрде жұмыс жүргізуін талап етемін, – деді Мемлекет басшысы. Бұған қоса, Қазақстан Президенті еліміздегі патриоттық тəрбие мен діни ахуал саласындағы жұмыстардың тиімділігі кемшін түсіп жатқанын атап көрсетті. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев өңірлердің əлеуметтікэкономикалық дамуына мониторинг жəне талдау жүргізу бөлігінде Президент Əкімшілігінің қызметін жақсарту қажеттігіне тоқталды. – Президент Əкімшілігінің мемлекеттік инспекторлары облыстардағы ахуалды толық білмейді. Олар өз өңірлеріндегі барлық əкімдерді, ауылдық əкімдерді

Кїн тəртібі ќаралды

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенаты бюросының отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Бюрода Конституциялық заңнама, сот жүйесі жəне құқық қорғау органдары коми те ті не Қазақстанның Түрік Респуб ликасымен сотталған адамдарды беру туралы келісімді жəне Қытай Халық Республикасымен сотталған адамдарды беру туралы шартты, сондай-ақ, Қазақстан мен Чехия арасындағы

қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы заң жобалары берілді. Бюро мүшелері, одан басқа, биылғы 7 қарашада болатын палата отырысының күн тəрті бін талқылады. Отырыста халық ара лық құжаттарды ратификациялау туралы бірқатар

 Қазақстан Судьяларының VІ съезі қарсаңында

Сот ісін жїргізудегі олќылыќтар

Мемлекеттік тілдіѕ адымын аштырмай отыр Судьялардың алғашқы съезі сонау 1996 жылы өткен еді. Содан бері елімізде сан сындарлы өзгерістер болғаны белгілі. Енді көп ұзамай Қазақстан Судьяларының VІ съезі өтеді. Алайда, сан сындарлы өзгерістер болып жатқанымен «əттеген-ай» дейтін тұстардың барлығы да жанға батады. Соның бірі – тіл мəселесі. Əділ ҚҰРЫҚБАЕВ,

Жоғарғы Соттың судьясы.

Сот ісін жүргізудегі мемлекеттік тілдің тағдыры туралы ойлар Қылмыстық істер жүргізу кодексінің жаңа жобасымен танысқан нан кейін қайта туындады. Əрине, мемлекеттік тілдің күнделікті өмірдегі орны мен қолда ны луы ту ралы аз айтылып та, аз жа зылып та жатқан жоқ. Алайда, елі міз де гі тілдік идеология, тілдік саясат орыс тіліне, орыс тілділердің сұ ра нысын қанағаттандыруға ғана басымдық беруде. Солардың көңілін аулап,

бабын тапсақ, елде сый лас тық пен келісім орнайды деген қағида үстем болып келеді. Мем лекеттік тілді меңгеруге байланысты қазақстандық қоғам бүгін гі күні тілдік принцип бойынша қазақ тілді жəне орыс тілді болып екіге бөлінуде. Мемлекеттік тілдің өз мəртебесіне лайықты болмауының бір себебі – қазақ халқы тұрғындардың 70 пайызына жуығын құраса да, қазақ тілінде «ана тілі» ретінде сөйлейтін қазақтардың санының төмен болып қала беруінде. (Соңы 5-бетте).

жүзбе-жүз танып, əрқайсысының жұмыс ерекшелігін ажырата білуге тиіс. Мемлекеттік инспектордың жұмысы барлық істен хабардар болу үшін де істеледі. Мысалы, Батыс Қазақстан облысына сапар барысында мемлекеттік инспектор қажетті ақпараттың бəрін білмейтін болып шықты. Ол жаңадан келген адам болуы мүмкін əрі бəрінің қыр-сырын терең меңгеріп үлгермеген шығар. Бірақ, соның өзінде оларда өңір жөнінде жергілікті атқарушы билік қызметіндегі жетістіктер мен кемшіліктерді, сондай-ақ, проблемалар мен іске асырылып жатқан жобаларды қамтитын толық ақпарат болуға тиіс. Олай болмаған жағдайда олардың атқарып отырған лауазымына сəйкестігі жөнінде белгілі бір қорытынды жасау қажет болады, – деді Қазақстан Президенті. Кеңес қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мəселелерге жəне биылғы жылдың соңына дейін жоспарланған қоғамдық маңызы бар іс-шараларға тиімді ұйымдастырушылық-ақпараттық қолдау көрсетуге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

заң жобаларын қарау жоспарланып отыр. Олар – Түрік Республикасымен сотталған адамдарды беру туралы келісім, Қытай Халық Республикасымен сотталған адамдарды беру туралы шарт жəне Қазақстан мен Чехия арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарт. Сондайақ, сенаторлар еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қон мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын екінші оқылымда қарайтын болады.

 Оймақтай ой Есебі жоқ ант ішпе.

АБАЙ.

 Бəрекелді!

11 қазан күні өткен кеңейтілген Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік атқарушы органдар жұмысындағы бірқатар кемшіліктерді ашып көрсетіп, сын тезіне салған еді. Содан бері үш аптадай уақыт өткеніне қарамастан осы сыннан қорытынды шығаруда жайбасарлықтың бар екені де сезіледі. Негізінде мемлекет қазір даму бағытындағы жұмыстардан, əлеуметтік мəні бар істерден қаржыны аяп жатқан жоқ. Бірақ, сол қаржыны ұқыптап жұмсау мəселесінде, тиімді

жұмыс атқарып, оны ел игілігіне айналдыруда «əттеген-ай» дейтіндей олқылықтарымыз аз емес екен. Бірді екі ететіндей адалдық пен ептіліктің, қатаң талап қоя білушіліктің жетпей отырғаны сезіледі. «Егемен Қазақстанның» ел ортасында жүрген тілшілерінен түскен бірқатар мақалалар легі осыны растайды. Иə, Үкімет пен оның жергілікті жердегі атқарушы билік органдарының жұмысында іркілістер мен кемшіліктердің бар екені байқалып-ақ отыр. Төмендегі мақалалар соның бір дəлелі.

Ќазынаныѕ ќаржысы – шенеуніктіѕ кґлденеѕ табысы

Қазақстан министрлері нақты бір мəселені шешуге келгенде, өте шабан қимылдайды. Олар алдарына қойылған қандай да бір мəселені шұқшиып «май шаммен» қарауға бейіл келеді. Неге? Бұл Үкіметтің жұмысының тиімділігін жоққа шығарады.

Тендерлерге министр мен əкім дербес жауап бермесе, параќорлыќ бəсекесі тыйылмайды Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Адам жемқор болып тумайды. Ол анық. Өзі де, қызметі де өсе келе жабысатын жаман əдет болса керек бұл. Пендауи пейілі тарылып, ақшаға ашкөзденіп, қаржыға құнығып, түйені түгімен, көлікті жүгімен жұтатын жемсауы кең жемқорды қоғамның өзі тəрбиелеп шығаратын сияқты. Бəсеке қызған. Басшы бар, қосшы бар бəрі де ашкөздене жеп жатқан сияқты. Айлық-жалақылары өспесе де, жыл сайын көліктері

мен коттедждері көбейіп келеді. Бірінен-бірі қалғысы келмейді. Себебі, айналасы сондай. Қазынаның қаржысын иесі жоқ көре ме, əлде сұраусыз жатқан ақша санай ма, мүмкін өздерінің жекеменшігі екен деп қала ма, əйтеуір, мына заманда жемқорлықтың оты өршіп тұр. Теледидарды қосып қалсаң да, газет-журналды ашып қалсаң да, радионы басып қалсаң да жемқорлық, сыбайластық туралы ақпараттар өріп жүреді. (Соңы 3-бетте).

Министрлер мəселе шеше алмаса, неге отыр? Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Осы орайда Еуропа жəне адам құқықтары сараптама институтының директоры Марат Башимов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мəслихатында жоғары лауазымды шенеуніктердің бірде-бір маңызды мəселені өз беттерінше шеше алмайтындарын қатты сынға алды. Біздегі шаруасы шалқыған шаруаның бəрі оған

Мемлекет басшысы араласқаннан кейін ғана өзінің орайын табады. Танымал сарапшыны Елбасының зейнетақы реформасын жүргізу мен ауыс-артық дүниелерге салық енгізу жайына араласуына тура келгенін мысал етеді. Ол сондай-ақ, Кеден одағы аясындағы мемлекеттердің өзара теңсіздігі мəселесін де ең алдымен Министрлер Кабинеті емес, тікелей Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі көтергенін алға тартады. (Соңы 2-бетте).

Тоќыма кластері тоќырауєа ўшырады Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

«Oxy Textile» ЖШС Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» еркін экономикалық аймақтағы тоқыма кластері аясында жүзеге асқан алғашқы табысты жобалардың бірі. Жоғары сапалы мақта өнімдерін шығаратын кешенді автоматтандырылған жіп иіру фабрикасы қазақстандық шикізатты өңдеуге бағытталған. Мəселен, мақта жібін алу үшін шикізат 2 рет өңдеуден өту арқылы құны 4 есеге дейін өсе түседі. Сонымен қатар, кə сіп орын шығаратын өнім Еуропа елдеріне экспортқа шығарылады». Міне, 2010 жылдың қазан айында іске қосылып, Елбасы Н.Назарбаевтың өзі жұмысына сəттілік тілеген «Oxy Textile» ЖШС туралы ақпарат құралдары сол кезде осылай деп жарыса жазыпты. Əрине, журналист ағайындарда не жазық бар, жергілікті билік дайындап берген ақпаратты өңдеп, елден сүйінші сұрап, бұқараға тезірек жеткізгені болмаса... Алайда, жарты əлемге жар салған кəсіпорын жарытып жұмыс істемеді. Мақтадан жіп иіре тін фабриканың жобасын

қаржыландыруға 5,5 миллиард теңге жұмсалған. Жылына 6 мың тонна жіп иіретін фабрикада 260 адам жұмыс істеуі тиіс еді. Сол жылы-ақ «Ең үздік кəсіпорын» номинациясында «Алтын сапа» сыйлығын алып үлгерді. Бірақ, бірнеше айдан

кейін кəсіпорын тоқтап қалды. Айтылған желеу – шикізаттың жоқтығы. Күні кеше тұсауын кескен кəсіпорын ғимаратының қазіргі таңда тозығы жете бастады. Тоқыма өнеркəсібін кеңейту арқылы Оңтүстік аймақтың экономикасын дамытуға септігін

тигізбек болған ең қымбат жоба – «Ютекс.кз» кəсіпорнына миллиардтаған қаражат жұм салды. Мамандардың айтуынша, жобаның құны 19,3 миллион долларды құраған. (Соңы 3-бетте).

Стивенсті сілейтіп салды Қазанның 3-і күні WBA жəне IBO белбеулерінің 72,6 килоға дейінгі салмақтағы иесі Геннадий Головкин өзінің осы атақтарын тоғызыншы мəрте қорғады. Ол АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы атақты «Мэдисон сквер гарден» спорт кешенінде америкалық Кертис Стивенспен қолғап түйістірді. Қазақстандық кəсіпқой боксшы ұзын саны 12 раундқа шақталған шайқастың 8-бөлігінде техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Сөйтіп, ол биылғы жылы өткізген төртінші жекпе-жегін тағы да ұтыспен аяқтады.

Əдеттегідей бұл жекпе-жектің алдында да қауырт қарбаласқа кезек берілді. Бұл жолы да болғалы тұрған кездесудің өзегіне алдын ала май құюға ұмтылушылық көрініс тапты. Сол «қызды-қызды» қолпаштардың бір қолатында екі боксшының да «тілдері шықты». Осы тұста өз су бүркушілерінің «өрмегіне» түсіп қалған Кертис

Стивенс тіпті Геннадий Головкиннің бейітін қазуға бара жатқанын да айтып салды. Бірақ қанша жерден қарсыласының үрейін туғызып, құтын қашырып, мысын басу үшін айтылғанымен, бұл мəлімдеменің артықтау естілгені анық еді. Себебі, қапелімде көлденең келген көк аттының көкпарына айнала салатындай біздің бағлан да оңай шағылар

жаңғақ емес-тін. Сонда да болса Гена шамына тиетін бұл сөздерге аса қатты шамырқана қойған жоқ. Ол өзіне тəн байсалдылығымен бəрін рингтегі шайқастың шешетінін айтып, тоқтай қойды. Алайда, сөз қағыстыру сорабы мұнымен де тынбады. Сол кезде Геннадий алдағы шайқасты нағыз көшенің төбелесіне айналдырып жіберетінін айтып, əруақ шақырды. Осы сөздің оспағында: «Бұл шайқаста міндетті түрде нокаут болады. Мен əзірге оны кімнің жасайтынын білмеймін. Бұл – бокс. Алайда, өзімнің нокаутқа жібергім келеді», – дегенді бір ширатып өтті. (Соңы 8-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.