03112015

Page 1

Бїгінгі нґмірде: Сексеуілдегі серпіліс

№210 (28688) 3 ҚАРАША СЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

4-бет Гїл мен жан 5-бет Босќындар легін дуал тоќтата алмайды 6-бет Ќазаќ елі табиєатына тəнті болєан 8-бет

Мемлекет басшысы – Ўлыбританияда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания жəне Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіне ресми сапары аясында Лондон

қаласына келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Сапар барысында Ұлыбритания Премьер-министрі Д.Кэмеронмен,

ІІ Елизавета Пат шай ыммен, сондай-ақ британдық жетекші компаниялардың басшыларымен кездесулер өткізу жоспарланған.

Заѕнаманы жаѕєырту – озыќ стандарттарєа сай келу Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне қол қойды.

АЌШ-тыѕ Мемлекеттік хатшысымен кездесті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Джон Керримен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті Дж.Керридің біздің елге жəне осы өңірге алғашқы сапармен келгеніне ризашылық білдірді. – Таяуда мен Нью-Йоркте АҚШ Президенті Барак Обамамен кездестім, екіжақты ықпалдастық мəселелері жөнінде сөйлестік. Біздің республикамыз желтоқсанда 24 жылдығы тойланатын тəуелсіздігінің алғашқы

күндерінен бері сіздің елмен ынтымақтасып келеді, егемендігіміз бен экономикамыздың дамуына ұдайы көрсетіліп келе жатқан қолдау үшін Қазақстан халқы риза. Бүгінде елімізде америкалық капиталдың қатысуымен 500ге жуық компания жұмыс істейді. Біз осы жұмысты жалғастыруға ниеттіміз, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен АҚШ ядролық қарусыздану жəне таратпау мəселесі бойынша да ынтымақтасып отырғанын айтты. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Б.Обаманың бұл бағыттағы бастамаларына қолдау білдірді.

Елбасыныѕ їндеуі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына үндеу жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы өз үндеуінде Қ.Келімбетовті Ұлттық Банк төрағасы лауазымынан босату туралы шешім қабылданғанын мəлімдеді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 4-тармағына, 55-бабының 2-тармақшасына сəйкес, Нұрсұл тан Назарбаев Ұлттық Банк төрағасы лауазымына Президенттің көмекшісі қызметін уақытша атқарушы – Президент Əкімшілігінің Əлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі Данияр Ақышевты тағайындауға келісім беру жөнінде Парламент Сенатына өтініш жолдады. Нұрсұлтан Назарбаев Д.Ақышевтің біліктілігін жəне мол

тəжірибесі бар екенін атап өтті. – Ол Қазақ мемлекеттік басқару академиясын үздік бітірген. 18 жылдан астам уақыт Ұлттық Банк те еңбек етті, соның жеті жылында төрағаның орынбасары болды. Қазіргі уақытта Пре зидент Əкімшілігінде қызмет істейді, еліміздегі ахуал мен эко номикалық мəселелерді жан-жақты зерделей біледі, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті Ұлттық Банк басқару жүйесінің, əсіресе, мемлекеттік қаржыны басқарудың маңызды элементі болып табылатынын айтты. – Қазір банкке жəне ұлттық валюта – теңгеге деген сенім азайды,

Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

бұған жол беруге болмайды. Елде теңге өтімділігінің тапшылығы сезіледі, экономиканы несиелеу көлемі төмендеуде. Бұлар – төмен көрсеткіштер, оларды түзету үшін жұмыс істеу керек. Д.Ақышевтің білімі мен тəжірибесі оған осы міндетті атқаруға септігін тигізетініне сенімдімін. Парламент Сенатынан елдің қаржы жүйесінің игілігі үшін менің осы шешімімді қолдауды сұраймын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы отандық экономиканың жағдайына бірқатар факторлар ықпал ететінін айтты. Олардың қатарында негізгі экспорттық тауарлар бағасының төмендеуін, əлемдегі геосаяси жағдайды, сондай-ақ, Қытайдағы экономикалық ахуалды атауға болады. – Біз бұл қатердің бəрін еңсереміз, ол үшін қажетті мүмкіндіктер бар, жоспарлар əзірленген. Қазақстанның мемлекеттік қарызы төмен деңгейде. ІЖӨ-нің 40 пайызы көлемінде резервтеріміз бар, егер соны тиімді пайдаланатын болсақ, экономиканың дамуын жалғастыра аламыз жəне халықтың əлеуметтік көңіл-күйінің нашарлауына жол бермейміз. Біз жүргізіп жатқан индустрияландыру жəне «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық бағдарламасы сыртқы теріс ықпалдардың əсерін азайтуға бағытталған. Барлық өнеркəсіптік ірі кəсіпорындарға тағы да сөз арнай отырып, жұмыс орындарын сақтауды қамтамасыз етуге шақырамын, – деді Қазақстан Президенті.

Кандидатураны маќўлдады Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының жалпы отырысы өтті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Онда Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Басшысы Нұрлан Нығматулин Данияр Ақышевті Ұлттық

Банк төрағасы лауазымына тағайындауға келісім беру туралы Мемлекет басшысының үндеуін оқыды.

Сенаторлар бұл кандидатураны бірауыздан мақұлдады. Конституцияға сəйкес, Қазақстан Республикасының Президентіне Ұлттық Банктің төрағасын тағайындауға келісім беру Сенаттың ерекше қарауына жатады.

Кґѕіл айту жеделхатын жолдады

● Оймақтай ой

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге Ресейдің «Когалымавиа» компаниясының «Airbus A321» ұшағы апатқа ұшырауына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Барлық халық, барлық ұлт барлық ұлы жəне тамаша нəрселерді жасауға қабілетті.

Жеделхатта апат салдарынан адамдардың қаза тапқаны туралы қайғылы хабарды Мемлекет басшысы зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген. Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына жеке өзінің жəне Қазақстан халқының атынан көңіл айтты.

«Егемен Қазақстан».

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Б.Обаманың Нью-Йоркте өткен ядролық қаруды таратпау, қарулы экстремизмге қарсы іс-қимыл, Ауғанстандағы жағдай жəне ДАИШ топтарына қарсы күрес мəселелері талқыланған келіссөздерінің қорытындысын жоғары бағалайтынын атап өтті. Сонымен қатар, Дж.Керри Қазақстан мен АҚШ-тың тығыз серіктестігі Бес институттық реформа мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру ісіне елеулі ықпал ететініне сенім білдірді. – АҚШ расында да Қазақстандағы ірі инвесторлардың бірі болып саналады. Бүгін мен Америка сауда палатасының Қазақстандағы өкілдерімен кездестім. Олар өздерінің сіздің елде қол жеткізген табысына қанағаттанатындарын білдірді, – деді АҚШ Мемлекеттік хатшысы.

Бауыржан МОМЫШҰЛЫ.

Қол қою рəсімі кезінде сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы бұл құжаттың бүкіл ел, əрбір Қазақстан азаматы үшін мəнінің зор болуына байланысты заңға қол қою тұңғыш рет жария түрде өткізіліп отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев осы рəсімге БАҚ өкілдерінің қатысуы жаңа Кодекстің мəні мен маңызын халыққа кеңінен түсіндіруге мүмкіндік беретінін айтты жəне Бес институттық реформа мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру үшін 59 жаңа заңнамалық акт қабылдау қажеттігін атап көрсетті. «Келесі жылдың 1 қаңтарынан реформаларды бастау үшін ел Парламенті

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Д.Т. Аќышевты Ќазаќстан Республикасы Ўлттыќ Банкініѕ Тґраєасы ќызметіне таєайындау туралы

Данияр Талғатұлы Ақышев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 2 қараша. № 109 Данияр Талғатұлы АҚЫШЕВ 1976 жылы туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген, мамандығы бойынша – экономист. Еңбек жолын Орталық-Азия қор биржасында бастады. 1995-2007 жылдарда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде жетекші экономист, бас экономист, бөлім бастығы, басқарма бастығы, департамент директорының орынбасары, департамент директоры болып жұмыс істеді. 2007 жылдан 2014 жылға дейін Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары лауазымында қызмет атқарды. Соңғы кезде Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Əлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2015 жылғы тамыздан ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі міндетін уақытша атқарды.

Таєайындау

Мемлекет басшысының Өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Əлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Хроника

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Нематұлы Келімбетов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы қызметінен босатылды. *** Мемлекет басшысының Өкімімен Данияр Талғатұлы Ақышев Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Əлеуметтікэкономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметінен, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі міндетін уақытша атқарудан босатылды.

белсене жұмыс жасауда. Қазірдің өзінде 16 заңға қол қойдым, жаңа Кодекс соның 17-шісі», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Осылай дей келе, Мемлекет басшысы жаңа Азаматтық процестік кодекс құқық саласын түбегейлі жақсартатынын жеткізді. «Жаңа Кодексті қабылдау заң үстемдігін

5 қарашада болатын Сенат отырысында күн тəртібі келісілді. Онда жеті заң жобасын қарау жоспарланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жəне палата бюросының мүшелері қабылдаған қаулыға сəйкес, депутаттар қарауына «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заңның жобасы, заңнамаға екінші дең гейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызмет көрсету жəне қаржы ұйымдары мен Ұлттық Банктің қызметі туралы мəселелер бойынша түзетулер бірінші оқылымда қарауға шығарылады. Сондай-ақ, салық салу, кедендік əкімшілендіру мəселелері

«Егемен Қазақстан».

Төрткүл дүниенің назары ауған Милан қаласындағы

ЭКСПО көрмесінің жабылу шарасына арналған алқалы жиында Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталес жəне ЭКСПО-2015

бойынша заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар бірінші оқылымда қаралатын болады. Бұдан басқа, Еңбек кодексінің жобасы, еңбекті реттеу, көшіқон, жұмыспен қамту мəселелері бойынша заңнамаға түзетулер бірінші оқылымда талқыланады. Сенаторлар үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мəселелері бойынша заңнамаға өзгерістерді екінші оқылымда қарайтын болады. Заң жобалары «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге бағытталған.

Наќты мəселелер талќыланды

Кеше Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Астанаға жұмыс сапарымен келген АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керримен кездесті. Тараптар екіжақты келісімдерді іске асыру бойынша тəжірибелік қадамдарды кеңінен талқылады. Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Басқосу барысында Қазақстан мен АҚШ Президенттерінің кездесулерінде, оның ішінде БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында Нұрсұлтан Назарбаев пен Барак Обаманың қатысуы шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, олар екіжақты, өңірлік жəне көпжақты

ЭКСПО туы – Ќазаќстанда

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,

(Соңы 2-бетте).

Кїн тəртібі келісілді

Милан кґрмесі аяќталды: Бүкілəлемдік жетістіктер көрмесі шежіресінде аса табысты өткен көрмелердің бірі деп бағаланған Италиядағы «EXPO MILANO-2015» көрмесі салтанатты жағдайда жабылды. Милан көрмесінің жабылу салтанатында ЭКСПО туы Қазақстан Республикасына тапсырылды.

қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қосады. Біз жаңа Кодексті қабылдау арқылы осы міндетке кірісетін боламыз. Заңнама аясында барлық заман ауи негізгі құқықтық институттар қамтылған.

көрмесінің Бас комиссары Бруно Паскуино салтанатты жағдайда «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының басшысы Ахметжан Есімов пен Бас комиссар жəне ЭКСПО-2017нің комиссары Рəпіл Жошыбаевқа ЭКСПО көрмесінің туын тапсырды. Италия республикасының президенті Серджио Матарелла Милан қаласында 6 ай бойы жалғасқан Бүкілəлемдік жетістіктер көрмесінің жабылу салтанатында

ынтымақтастық бойынша кең ауқымды мəселелерді талқылай келіп, бірлескен мəлімдеме қабылдады. Ерлан Ыдырысов пен Джон Керри басым бағыттар бойынша екіжақты қатынастарды нығайтудың маңызды жəне табысты тетігіне айналған Стратегиялық əріптестік жөніндегі комиссиясының қызметін жоғары бағалады. (Соңы 2-бетте). сөйлеген сөзінде Италияда өткен көрмеге қатысушылардың барлығына шексіз алғысын білдіріп, «Астана ЭКСПО-2017-нің» сəтті өтуіне шынайы тілегін білдірді. Бүкілəлемдік жетістіктер көрмесінің тарихында Миланда өткен «ЭКСПО-2015» көрмесі ең сəтті көрмелердің бірі деп бағаланды. Бұл көрмені 21 миллионнан астам адам тамашалаған көрінеді. Əлемнің жетекші мемлекеттері қатысқан бұл көрмеде Қазақстан Республикасының Ұлттық павильоны «Контент жəне тақырыпты үздік ашу» номинациясы бойынша ең үздік үштіктің қатарынан табылды. (Соңы 2-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.