03122014

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны №237 (28460) 3 ЖЕЛТОҚСАН СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

ЌАЗАЌСТАН – ТЇРІКМЕНСТАН:

Сенімді стратегиялыќ серіктестік

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Түрікменстан астанасы – Ашғабадқа келді. Сапар барысында екiжақты əрiптестiктiң маңызды қырлары, əсiресе, саудаэкономикалық, көлiктiк жəне аймақтық қарым-қатынастар мəселелері талқыланды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовтің кездесуі барысында екі мемлекет арасындағы достық пен əрiптестiктi одан əрі нығайтуға мүмкіндік беретін байланыстар жайы əңгіме өзегіне айналды. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан» – Ашғабадтан (Түрікменстан).

Дəстүрлі байланыстар дəйім жалғасады

Қазақстан мен Түрікменстан арасында бұрыннан қалыптасқан дəстүрлі байланыс бар. Көршілес жатқан мемлекеттердің тарихы да, діні мен ділі де, тіпті, тілі де бір тамырдан бастау алады. Екі мемлекет халқы ұдайы əрі тығыз араласып келе жатқандықтан, олардың бір-біріне деген қарым-қатынасы да, сенімі де жоғары. Аймақтық əрі жаһандық мəселелерде де Қазақстан мен Түрікменстанның ұстанымдары үнемі ұқсас. Екі мемлекет те Орталық Азия мен Каспий аймағындағы тұрақтылықтың сақталуын қалайды. Қазақстан-Түрікменстан қарым-қатынастарының негізгі тіні – сауда-экономикалық ықпалдастық.

Осы саладағы бірлескен ірі жобаларды жүзеге асыру, бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі жүргізу – қос тараптың назарында тұр. Əлем экономикасында байқалған жағымсыз үрдістерге қарамастан, қос мемлекеттің тауар айналымында ілгерілеушілік, едəуір өсім байқалады. Бұған өзара тауар айналымының қарқын алуы дəлел. Мəселен, 2013 жылғы көрсеткіш бойынша өзара тауар айналымының көлемі 393 млн. АҚШ долларын құрады. 2012 жылы бұл көрсеткіш 311 млн. АҚШ доллары болған еді. Ал 2014 жылдың 9 айында өзара тауар айналымы 407,9 млн. АҚШ долларына жеткен, бұл – салыстырмалы түрде алғанда, 2013 жылдың осы мерзіміндегі көр сет кіштен 23 пайызға артық. Себебі, өткен жылдың 9 айында өзара тауар айналымы 331 млн. АҚШ долларын құраған-тын. Жалпы, екі елдің Президенттері мемлекеттік сапар аясында алғаш рет осыдан 7 жыл бұрын, яғни 2007 жылдың мамыр айында

Кґшбасшы факторы – еліміз табысыныѕ негізі Жақында «Болашақ» қауымдастығы Астанада Қауымдастық кеңесінің төрағасы Бауыржан Байбектің қатысуымен «Болашақ: іске асыру əлеуеті» атты конференция өткізді. Конференция барысында аталған ұйымның ағымдағы жылдағы қызметінің қорытындысы, 2015 жылғы жоспары талқы ланды, Қауымдастықтың реви зия лық комиссиясының жаңа құ рамы сайланды, Кеңестің шешімімен жаңа мүшелері қабылданды. Конференция қа ты су шыларына арнап «Болашақ» қауымдастығының төрағасы Бауыржан Байбек сөз сөйледі. 2014 жылы іске асырылған жобалар туралы бірлестіктің атқарушы директоры Ермек Мақашев əңгімелеп берді. Конференция барысында болашақтықтардың Елбасы ның

«Нұрлы Жол» жаңа экономикалық бағытын қолдау туралы үндеуі қабылданды. Қауымдастық мүшелері барлық қазақстандықтармен бірге Елбасы бастамаларын іске асыруға үлестерін қосатындықтарын мəлімдеді. Конференцияға 300-ден астам болашақтықтар қатысты. Қатысушылар Қауымдастықтың жұмыс шараларының жоспарына өз ұсыныстарын енгізді. Болашақтықтар идея алмасты, өз жұмыстары, келешектегі жоспарлары туралы пікірлерімен бөлісті. (Соңы 3-бетте).

кездескен еді. Дəл сол жылы Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедов Қазақстанға мемлекеттік сапармен келсе, ал қыркүйек айында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстанға ресми сапармен барған болатын. Бұдан кейін мемлекеттер басшылары əртүрлі халықаралық шаралар аясында əлденеше мəрте кездесті. Былтырғы жылдың мамыр айында Түрікменстан Президентiнің Қазақстанға ресми сапармен келгені белгілі. Астанадағы кездесу барысында əріптестіктің негізгі бағыттары бойынша өзара іс-қимылды жандандырудың кең ауқымды мəселелері, мəселен, сауда-экономикалық, отынэнергетикалық жəне транзиттіккөліктік, сондай-ақ, мəдени-гуманитарлық серіктестік салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастық қырлары қарастырылған болатын. Бір атап өтерлігі, бүгінде екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 20 жылдан астам уақыт өтті. Осы жылдар аралығында қазақтүрікмен ынтымақтастығы жоғары деңгейге көтеріліп, əртүрлі салалар бойынша байланыстар нығая түсті. Қазіргі таңда Қазақстан түрікмен жұртына күнбағыс, ұн, металл, ағаш өнімдерін экспорттаса, Түрікменстаннан бізге, негізінен, минералды жəне химиялық өнімдер, тоқыма бұйымдары келеді.

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назар баев Түрікменстанға ресми сапары аясында ең алдымен осы елдің Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовпен кездесті. «Оғызхан» сарайындағы ресми қарсы алу рəсімінен кейін мемлекеттер басшылары шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесу барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық жəне мəдени-гуманитарлық ынтымақтастығының даму болашағы мен халықаралық күн тəртібіндегі өзекті мəселелер талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Түрікменстанның ежелден қалыптасқан тарихи жəне мəдени байланыстардан бастау алатын екіжақты қарым-қатынастары дəстүрлі достық сипатта екендігін атап өтті. Мемлекет басшысы өзінің сөзінде бүгінгі жағдайда Қазақстан – Түрікменстан – Иран арқылы өтетін «Өзен – Берекет – Горган» теміржол магистралі екі елдің экономикалық серіктестігіне елеулі серпін беретінін айтты. Парсы шығанағына қарай теміржол төселуіне байланысты осы жылы тауар айналымы 38% өсті. Бұрын мұндай болған емес. Ынтымақтастыққа қажетті резервтер көп, оларды халықтарымыздың игілігіне пайдаланған жөн, деді Қазақстан Президенті. Елбасы, сонымен қатар, Қазақ стан мен Түрікменстанның көлік тік-транзиттік əлеуетін

дамытуды қамти отырып, екіжақты ынтымақтастықтың барлық жағы бойынша өзара іс-қимылды ұлғайту керектігіне тоқталды. Біз сауда, саяси жəне мəдени байланыстардың деңгейін көтеру үшін бар күш-жігерді жұмылдыруға тиіспіз деп санаймын. Қазақстан Түрікменстан үшін газ құбырының ғана емес, теміржолдың да транзиттік бағыты болып саналады, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті, сондай-ақ, екі мемлекеттің халықаралық мəселелердегі өзара түсіністігі мен ұстанымдарының ұқсастығына да назар аударды. Өз кезегінде Гурбангулы Бердымұхамедов Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түрікменстанға сапары өзара байланыстарды барлық жағынан кеңейту тұрғысында маңызды екенін атап өтті. Біз Сіздің сапарыңызға зор мəн береміз жəне ол Түрікменстан мен Қазақстан арасындағы мемлекетаралық үнқатысуға жақсы серпін беретініне сенімдіміз, деді Г.Бердымұхамедов.

Экономикалық əріптестікке – ерекше назар

Екіжақты кездесу кеңейтілген құрамдағы келіссөздермен жалғасты. Кеңейтілген отырыста Қазақстан Президенті Нұрсұлтан

Назарбаев ресми сапармен келуге шақырғаны жəне қонақжайлық танытқаны үшін Түрікменстан басшылығы мен түрікмен халқына алғысын білдірді. Мен осы бір сəтті пайдаланып, БҰҰның шешімімен бейтарап ел деп танылған, 12 желтоқсанда атап өтілетін, сіздер үшін маңызды саналатын күнмен құттықтаймын. Бауырлас түрікмен халқының өсіп, өркендеуіне, Түрікменстан мемлекетінің гүлденуі мен дамуына тілектестігімді білдіремін. Біз Түрікменстанға бауырлас ел, жақын көрші, сенімді əріптес ретінде қараймыз. Екі ел арасында ешқандай өзекті əрі түйткілді мəселелер жоқ. Себебі, біз – шын мəнісінде бауырлас халықтармыз, деді Қазақстан басшысы. Қазақстан Президенті Г.Бердымұхамедовтің өткен жылы Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарын жылылықпен еске алды. Сол сапар аясында біз теміржол желісінің Қазақстан мен Түрікменстандағы учаскесін ашқан болатынбыз. Демек, осындай сипаттағы, сондай-ақ, бүгінгідей кездесулер біздің халықтарымыздың өзекті деген мəселелерін достық ауанда шешуге мүмкіндік береді. Біз екіжақты кездесу барысында мемлекеттер үшін маңызды саналатын барлық мəселе туралы əңгімелестік. (Соңы 2-бетте).

● Еліміз Қырғызстанға электр энергиясын жеткізе бастады. «Самұрық-Энерго» АҚ-тың баспасөз қызметі хабарлағандай, «Т.Батуров атын дағы Жамбыл МАЭС» АҚ аталған көрші елдегі энергия жүйесінің мұқтаждықтары үшін 230 МВт электр қуатын өндіріп отыр. Бұл Мемлекет бас шысының Қырғызстанға көмек көрсету туралы шешімі негізінде жүзеге асырылуда. ● «Алтын сапа» байқауына биыл 293 өтінім түсті. Техни калық реттеу жəне метрология комитетінің төрағасы Ғалымжан Дұғаловтың айтуынша, олардың 228-і шағын жəне орта кəсіпкерлік саласынан, ал 65-і ірі бизнес өкілдері тарапынан келген. ● Астанада Тұңғыш Прези дент күнінде 60 сəби дүниеге келді. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы мəлімдегендей, бұлардың 27-сі ұл, 33-і қыз бала. Айта кетейік, былтыр аталған күні елордада 50 сəби туған. ● Шымкентте құны 1,5 млн. долларды құрайтын күн электр стансасы іске қосылды. «Су ресурстары маркетингі» ЖШС бас директоры Анарбек Орманның сөзіне қарағанда, аталған стансаның қуаттылығы – 1 мВт. Бұл жоба «Жасыл экономика» бағдарламасы аясында жүзеге асқан. ● Шығыс Қазақстанның Ұлан ауданында бір күнде үш жаңа мектеп ашылды. Бұлар Қанай, Алғабас, Тарғын ауылдарында бой көтерген. Облыс əкімінің орынбасары Жақсылық Омар аталған білім ошақтары Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде ел игілігіне ұсынылғанын жеткізді. ● Қызылорда облысы Шиелі ауданында жастар баспаналы болды. Аудан əкімінің баспасөз қызметі мəлім еткендей, өңірдегі ірі мекемелердің бірі – «Волковгеология» №23 геологиялық барлау экспедициясы» филиалы жас мамандарға арнап төрт пəтерлік екі үй салып берген. Олардың құрылысы өткен жылы басталған. ● Тұңғыш Президент күні Ақтөбеде 320 орындық балабақша пайдалануға берілді. Облыс əкімдігінің баспасөз қызметі бұл мекеменің құрылысына бюджеттен 471,6 млн. теңге қаралғанын жеткізді. Онда заман талабына сай жабдықталған музыка залы, медициналық кабинет, асхана жəне ойын бөлмелері бар. ● Солтүстік Қазақстанда заманауи элеватор бой көтерді. Облыс əкімдігі баспасөз қыз метінің дерегіне сүйене сөйлесек, «ИКЕА ТАСС групп» компаниясы іске қосқан кəсіпорынның қуаттылығы 60 мың тоннаға тең. Мұнда сағатына 100 жəне 50 тонна дəнді тазалап, кептіретін америкалық қондырғылар жұмыс істейді. Жобаны қаржыландыруға 12 млн., теміржол тартуға 1,5 млн. доллар жұмсалған. Мұнда 50 адам еңбек етеді. ● Ақтау АЭА-да 600 млн. теңгенің индустриялық құ рылыс комбинаты іске қосылды. «КИС-Ақтау» ЖШС меншігіндегі бұл кəсіпорында жаңа технологияны пайдалану арқылы темірбетон бұйымдары, бағаналар, арқалықтар, тіреуіштер, лифт шахталары, жиек тастары жəне т.б өндіріледі. Кəсіпорын директоры Алмас Сатанов осы өн ді ріс ошағының ашылуы Маңғыстау облысындағы баспана тапшылығын қысқартуға жəрдемдеседі деп есептейді. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары мен «ҚазАқпарат» агенттігінің деректері бойынша дайындалды.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.