03122015

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№232 (28710) 3 ЖЕЛТОҚСАН БЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Нидерланд – еліміздіѕ маѕызды сауда серіктесі

ЖАЋАНДЫЌ ЖАЅА ЖАЄДАЙЄА ЖАУАП 4-5-беттер Ќиындыќтар ќўрсауы жазылар емес 7-бет Абыралы: айтылмаєан аќиќат 8-бет Жаѕа белестерге жетелейді 12-бет

● Жолдау жүгі

ШИРЫЄАТЫН, ШЫЅДАЛАТЫН ШАЌ ТУДЫ Ќазаќстан Республикасы Парламенті Сенатыныѕ Тґраєасы Ќасым-Жомарт ТОЌАЕВПЕН сўхбат

Кездесу барысында саудаэко номика, мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, көлік жəне ғарыш салаларындағы ынтымақтас тықты нығайту мəселелері талқыланды. Тараптар күн тəртібіндегі мей лінше өзекті халықаралық мəселелер жөнінде пікір алмасты. Қазақстан Президенті Нидерланд біздің еліміздің маңызды серіктесі болып табылатынын атап өтті. – Біз осымен төртінші рет кездесіп отырмыз. Менің былтыр Сіздің елге сапарым жемісті болды, оның қорытындыларын

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Нидерланд Корольдігінің Премьерминистрі Марк Рюттемен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

мен жоғары бағалаймын. Сіз 2010 жылы Астанада өткен Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымы саммитіне қатыстыңыз. Нидерланд Корольдігі біздің елге салған инвестиция көлемі жөнінен ЕО елдері ішінен бірінші орын алады жəне Қазақстанның маңызды сауда серіктестерінің бірі болып саналады. Біз Сіздің сапарыңызды екіжақты қарым-қатынастарды жаңа сапалы деңгейге көтеруге деген ұмтылыс ретінде қабылдаймыз. Сіздің Нидерланд іскер топтары өкілдерін ерте келгеніңіз де маңызды жайт болып отыр,

Елбасы ќабылдады

Ынтымаќтастыќќа ыќылас їлкен

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Д.Ақышев кездесу барысында Қазақстан Президентіне қаржы нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету жəне ұлттық валютаның күрт ауытқуына жол бермеу үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде, сондай-ақ, айналымға номиналы 20 мың теңгелік ақшаның енгізілгені туралы баяндады. Сонымен қатар, Ұлттық банк төрағасы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған, соның ішінде қаржы институттарын басқару, инфляция деңгейін төмендету, тиімді ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мəселелеріне қатысты тапсыр ма ларды орындау жұмыстары басталғанын айтты.

Кеше Үкімет басшысы Кəрім Мəсімов елімізге ресми сапармен келген Нидерланд Премьер-министрі Марк Рюттемен кездесті. Премьерлер екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық бағыты бойынша екіжақты келіссөздер жүргізді. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

«Кездесу барысында біз негізінен экономикалық ынтымақтастық мəселелерін талқыладық. Яғни, мұнай мен газ саласында «Royal Dutch Shell» компаниясымен дəстүрлі өзара іс-қимыл бар. Инновациялар саласында өте маңызды ынтымақтастық орнаған, атап айтқанда, бұл Назарбаев Университеті мен «Phillips» компаниясы арасында технологиялық паркті дамытуға қатысты.

–––––––––––––––––––––– Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

(Соңы 3-бетте).

ҚР ПРЕЗИДЕНТIНIҢ 2015 ЖЫЛҒЫ 30 ҚАРАШАДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ ҚОҒАМДЫҚ ПIКIРГЕ САУАЛНАМА ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ қазақстандықтар Жолдау-2015 жылдың ең маңызды оқиғасы деп санайды

– деді Мемлекет басшысы. Өз кезегінде М.Рютте Қазақстан жүзеге асырып жатқан, əсіресе, экономиканы əртараптан дыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын ескергенде, ынтымақтастық үшін кең ауқымды мүмкіндіктер бар екеніне тоқталды. Сондай-ақ, Нидерланд Премьер-министрі қараша айында Роттердам қаласында «Астана» алаңының салтанатты түр де ашылғаны елдеріміздің арасындағы достық қарымқатынасты нығайтудың жарқын айғағы екеніне назар аударды.

қазақстандықтар 2015 жылдың 30 қарашасында ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Жолдау жасағанынан хабардар

қазақстандықтар ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Жолдау-2015-те айтқан шараларын қуаттайды жəне қолдайды

● Оймақтай ой Дүниедегі барлық кереметтерді адамның табанды, сүйікті еңбегі жаратқан. Максим ГОРЬКИЙ.

Ел жұртшылығы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» деп аталған жаңа Жолдаумен жан-жақты танысып жатыр. Халқымыздың қазіргідей жауапты кезеңде, дер шағында жария етілген Елбасы Жолдауына мұндайлық қатты қызығушылық танытуы заңды да. Президент Жолдауы – жылдың басты құжаты. Мемлекеттің бағыт-бағдарын айқындайтын, халықтың алдына жаңа міндеттер қоятын бұл құжат қағидаларының жүзеге асырылуы елдің күрделі əлемдік конъюнктура жағдайындағы дамуының жаңа траекториясын айқындайды. Біз Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтан Президент Жолдауының ел өмірінің жаңа бетбұрыс кезеңіндегі алар орны, оны орындауға қатысты туындайтын міндеттер туралы «Егемен Қазақстан» газетінің оқырмандарымен ой бөлісуін сұраған болатынбыз. – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Əңгімеміздің басында мен сізден жалпы Елбасы Жолдаулары жайында, олардың біздің өміріміздегі, барша қазақстандықтардың тағдырындағы атқарар рөлі туралы айтып өтуіңізді сұраймын. – Қазақстан халқына елдегі жағдай мен республиканың ішкі жəне сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайын Жолдау арнау – Мемлекет басшысының аса маңызды конституциялық міндеті. Осыдан жиырма жыл бұрын бұл міндет елдің Негізгі Заңына жазылған болатын. Содан бері Президент Жолдаулары əр жылдың басты саяси оқиғасына айналып келеді. Елбасының мұндай бағдарламалық сөздері ел дамуының болжамын жасауға мүмкіндік береді, мемлекет пен қоғам институттарына өз қызметін жоспарлауға жол ашады, адамдардың ертеңгі күнге деген сенімін нығайтады. Кезінде Мемлекет басшысы «Қазақстан-2030» Стратегиясын 1997 жылғы қазанда жасаған Жолдауының шеңберінде жария еткені белгілі. «Қазақстан-2050» Стратегиясы да халыққа Елбасы Жолдауы арқылы жеткен болатын. – Президент Жолдауы сияқты аса маңызды құжатта бəрі де мəнді

екені белгілі. Жылдың басты құжатының аталуында да көп мағына болмақ. Жолдаулардың «Қазақстан экономикалық, əлеуметтік жəне саяси жедел жаңару жолында», «Дағдарыстан жаңару мен дамуға», «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу, Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері», «Қазақстан азаматтарының əл-ауқатының өсуі – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» сияқты болып келетіні есте. Биылғы Жолдау «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» деп аталды. Бұл көзқарасты сіз қалай түсіндірер едіңіз? – Қазіргі Сингапурдың негізін қалаушы Ли Куан Ю өзінің соңғы кітабында: «Ұлттың ұлылығы елдің көлеміне ғана байланысты емес. Адамдардың ерік-жігері, жұмылушылығы, шыдамдылығы, төзімділігі, тəртіптілігі, сондай-ақ, олардың көшбасшыларының сипаты – міне, ұлтқа тарихтан лайықты орын алып келетін қасиеттер осылар» деп жазған болатын. Бүгінгі заманғы көшбасшылықтың сипаты туралы толғанған тұсында патриарх əлеуметтік бақуаттылық пен популизмнің ара-шегі шайылып бара жатқанын қынжыла айтқан еді. (Соңы 2-бетте).

Реформалар арќылы ґсіп, дамимыз Сергей ДЬЯЧЕНКО,

Парламент Мəжілісі Төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы фракциясы жетекшісінің бірінші орынбасары.

Елбасының Жолдауы бір мезгілде болашақты жəне бүгінгі шынайы жағдайды көздеген мазмұны бай, стратегиялық

тұрғыдан терең, перспективалық жағынан алысты болжаған құнды құжат болып табылады. Сондықтан да болар, оны қоғам ерекше ықыласпен жəне зор үмітпен күтті. Əрине, бұл толықтай түсінікті себептерге, бірқатар сыртқы факторларға негізделген шынайылық деуге болады. (Соңы 4-бетте).

● Заманмен үндес заңғар басылым

АҚПАРАТ КѲ ЗДЕРI*: Теледидардан қарады –

Газеттен оқыды – Интернеттен оқыды – Жолдау мазмұны туралы достарымен/ əріптестерімен əңгімеден білді – Радиодан естіді –

* Респонденттер жауаптың біреуден артық нұсқаларын таңдай алды

Жолдаудың уақытылы жəне көкейкесті екенін атап көрсетеді

Жолдауда айтылған шараларды жүзеге асырудың өзі үшін жəне өз отбасы үшін оң əсер ететініне сенімді ел Президенті айтқан шаралардың жаһандық экономиканың дағдарысты көріністеріне қарсы тұруға жағдай жасайтынына сенімді Жолдау-2015 өз күткендеріне сəйкес келеді деп есептейді

Телефон арқылы сауалнаманы «Əлеуметтік-саяси зерттеулер институты» ҚҰ 2015 жылдың 30 қарашасынан 2 желтоқсанына дейін жүргізді. Сауалнамаға Қазақстанның барлық өңірлеріндегі қалалар мен ауылдар тұрғындарынан 1120 адам қатысты. Іріктеу есебі барысында ел тұрғындарының негізгі əлеуметтік-демографиялық сипаттамалары ескерілді, сондай-ақ, іріктеу қатесі 3% құрайды.

Ўлт ўстазы Шəмша БЕРКІМБАЕВА.

Мен қарапайым қазақ ауылында туыпөстім. Ауыл балаларымен бірге оқыдым. Бұл өткен ғасырдың 50-ші жылдарының бас кезі. Алапат соғыстан кейінгі өте бір қиын кезең. Мектептің шағын ғана бөлмесінің бір бұрышында қолдан-қолға ауысып əбден ескірген санаулы ғана кітаптар болушы еді. Сол бөлмеге жиі-жиі барамыз. Бірақ, ол кітаптарды негізінен жоғары сынып оқушыларына береді. Мен төртінші сыныпта оқып жүргенде біздің үйге кішкене ғана балалар газеті келіп тұрды. Аға-əпкем

жаздырды ма, əлде мектептен беріп тұрды ма, ол жағы қазір есімде жоқ. Бір сөзін түсініп, бір сөзін түсінбеймін, бірақ түгел оқимын. Бір күні апамның жиен сіңлісі күйеуімен қонаққа келді. Сол ағамыз шылым орауға газет шетінен жыртып алыпты. Мен бағалы затымнан айырылғандай егіл-тегіл жылағаным есімде. Ана кісі əбден қысылып, үй ішіндегілер ұялып, кəдімгідей сасқалақтап қалған ғой. Айтайын дегенім, менің газетжурналдарға қызығушылығымның бастауында сол кішкентай ғана балаларға арналған басылым тұрған шығар деп ойлаймын.

Кішігірім əңгімелер, қысқа ертегілер болушы еді. Өлеңдер мен жұмбақ-жаңылтпаштарды жаттап аламын. «Не оқыдың, қане, айта ғой», деген үлкендердің қолпаштауын мақтаныш көрем бе, қайталап айта берем. Ойлап тұрсам, нағыз тіл ұстартудың, əдебиетке қызығушылықтың мектебі екен ғой. Кейінірек үлкен мемлекеттік қызметке келгенде «Ұлан» газеті арқылы еліміздің оқушы жастарына «Айналайын балалар» деп сөз арнауға мүмкіншілік туғанына қуандым. Ата-аналар, ұстаздар қауымы балалардың неше түрлі өсек-аяң өріп жүрген интернетті қазбалай бермей, кітап оқуға, балаларға рухани азық ұсынатын өздерінің басылымдарын оқуға баулығаны абзал. Бұл əдетке айналса, үлкен классик-жазушылардың кітаптарын өздері іздеп оқиды.

(Соңы 6-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.