Бїгінгі нґмірде: АНА ТІЛІМІЗ МƏЅГІЛІК ЕЛІМІЗБЕН БІРГЕ МƏЅГІЛІК ТІЛ БОЛДЫ! 3-бет ЇШІНШІ ИНДУСТРИЯЛЫЌ РЕВОЛЮЦИЯ 6-бет ЎЛЫТАУДЫЅ БАСЫНДА ЎЛЫЄАН ЖЕЛ... 7-бет ГОЛОВКИН БИЫЛЄЫ ЖЫЛДЫ ДА ЖЕЅІСПЕН БАСТАДЫ 10-бет
№23 (28247) 4 АҚПАН СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Бəрекелді!
Ширек финалєа шыќтыќ!
Ќазаќстан баєыты ќашанда ќолдауєа лайыќ Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Нидерланд Корольдігінің Сыртқы істер министрі Франс Тиммерманспен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында түр лі салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мəселелері қаралды. Атап айтқанда, сауда-экономикалық жəне инвестициялық салалардағы өзара ықпалдастық аясын кеңейтуге ерекше назар аударылды. Халықаралық күн тəртібіндегі өзекті мəселелер де талқыланды. Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрінің Қазақстанға ресми сапарына ризашылығын білдірді. – Нидерланд – Қазақстан экономикасына ірі инвестиция салушы əрі Еуропа елдері арасындағы сауда-экономикалық серіктесіміз. Біз екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға мүдделіміз. Бұл сапар
мемлекеттеріміз үшін маңызды болып саналады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сыртқы істер министрі кездесудің өтуіне жасалған мүмкіндік үшін алғысын айтты. – Алғашқы ресми сапардағы міндетім – Гаагада өтетін Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке қатысу үшін Нидерланд Королінің біздің елге келу жөніндегі шақыруын жеткізу. Сондай-ақ, Премьер-министрмен екіжақты кездесулер жоспарланған. Біз теңізге шығатын жəне порттық инфрақұрылымдары дамыған ел, ал Қазақстан орасан əлеуеті бар ел ретінде күш-жігер біріктіріп, зор нəтижеге жетеміз деп санаймыз, – деді Ф.Тиммерманс.
Айтайын дегенім...
Ќаєазбастылыќтан ќашан ќўтыламыз? Мария АРЫНОВА,
педагогика ғылымдарының кандидаты, оқытушы, аудармашы.
Осы күні қағаз толтырудан бізде қай мекеме болсын алдына жан салмайды. Ел Президентінің өзі мұғалімдер мен дəрігерлерді қағазбастылықтан босатыңдар дегенді ашық айтты. Ол сөз газеттерде де жазылды, бірақ, құлақ асып жатқан ешкім жоқ сияқты. Олай дейтінім – менің жоғары оқу орнында қызмет еткеніме көп жыл болды. Əсіресе, соңғы жылдарда біз толтыратын қосымша қағаздар еселеп көбейіп барады. Өзім жұмыс істейтін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі жағдай да нақ осындай. Оқу жүйесі бұзылмай тұрған сонау жылдары бірінші жарты жылдықта, демек, семестр біткенде, бір бет, жазда тағы бір бет есеп жазатын едік. Сонымен қоятынбыз.
Ал, өткен 2013 жылы жылдық есеп өткізу үшін əр мұғалім 2030 бет қағаз толтырып, оған кем дегенде үш адамға қол қойғызып, əупірімдеп əзер өткіздік. «Жазған құлда жазық жоқ», бюджеттің ақшасына қарап отырған мұғалім лəм деп аузын ашпайды. Бастыққа «бұл қалай?» десең өзіңе жауығып, ізіңе түседі. Содан, мұғалімдер күңкілдейді де қояды. Осылай жалғаса бермек пе? Зачет деген болушы еді ғой, оны аралық бақылау (рубежная контрольная) деп алдық. Алдымен орысшасын біліп алмасаң неғылған аралық екенін түсінбес едік. Бізге аралық бақылау сонау 90-жылдардың ортасынан келді. Бірақ, оның қосымша қағазы жыл өткен сайын көбейіп, қалыңдап барады. Азаттық алғанымызға аттай жиырма жылдан асса да, бар қағазды ең алдымен орысша жазып, содан соң қазақшаға аударамыз. (Соңы 2-бетте).
Сыртқы саясат ведомствосының басшысы Қазақстанның əлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру туралы жоспарын іске асыруға Нидерландтың атсалысу ниеті барын атап өтті. Гаагада өтетін алдағы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке қатысты Ф.Тиммерманс ядролық қару салдарынан болатын қасіреттер туралы Қазақстан өзге елдердің бəрінен де жақсы білетініне тоқталды. – Семей полигоны аумағында ядролық сынақтар жүргізіліп, оның зардаптарымен ұзақ жылдар бойы күресуге тура келді. Қазақстан бұл шараның қаншалықты шығын əкелетінін біледі. Сондықтан бізге қауіпсіздіктің барлық мəселесін сақтауға мүмкіндік беретін тиімді халықаралық жүйе құру керек. Оны сақтау үшін Қазақстан ұстанып отырған бағытты барлық ел қолдайды, – деді министр.
Депутаттар аймаќтарєа аттанады
Ақпанның 5-і мен 14-і аралығында Парламент Сенатының депутаттары Мəжіліс депутаттарымен бірлесе отырып, елі міздің аймақтарына жұмыс бабындағы сапарға шығады. Басты мақсат – Президент Н.Назар баевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» халыққа Жолдауын түсіндіру.
Парламентшілер жергілікті халықпен, еңбек ұжымдарымен жəне бизнес өкілдерімен кездесулер өткізеді. Депутаттар Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету жəне осы құжаттың ережелерін іске асыру мəселелерін талқыға салады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Жақында Астанада теннистен өткен Дэвис кубогының 1/8 финалдық кездесуінде Қазақстан командасы Бельгия құрамасын 3:2 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты. Бірінші күні біздің отандастар қарсыластарын 2:0 есебімен ұтып, 1/4 финалға шығудың негізін қалады. Осы күні өткен матчты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев келіп, тамашалады. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан».
Кездесудің алғашқы күні алдымен əлемдік рейтингте 67-орындағы Михаил Кукушкин бельгиялық қарсыласы Рубен Бемельмансты қиналмай ұтты. Төрт сетке созылған матч 6:4, 6:7, 6:2, 6:3 есебімен аяқталды. Екінші ойында Андрей Голубев пен Давид Гоффен кездесті. Бұл ойын аса тартысты өтті. Ол төрт сағатқа созылды. Бірінші сет тайбрейкке дейін жалғасты. Голубев 11:9 есебімен
Ынтымаќтастыќтыѕ жаѕа мазмўны
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Нидерланд Корольдігінің Сыртқы істер министрі Франс Тиммерманспен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Жүздесушілер екіжақты қатынастардың əртүрлі мəселелері жəне əлемдегі жағдайлар туралы пікір алмасты. Сенат Төрағасы атап өткендей, Нидерланд Қазақстанның Еуропалық Одақтағы негізгі əріптестерінің бірі болып табылады. Президент Н.Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауындағы міндеттер аясында екіжақты ынтымақтастықтың экономикалық жəне ғылыми-техникалық мəселелері жаңа мазмұнға ие болып келеді. Өз кезегінде Ф.Тиммерманс Қазақстанның əлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіру стратегиясына жоғары баға берді. Нидерланд ауыл шаруашылығы жəне балама энергетика салаларында тəжірибе алмасу арқылы бұл жобаға қатысуға ниетін біл дірді. Биылғы жылғы наурыз айында Гаагадағы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит қарсаңында Нидерланд СІМ басшысы ядролық қарусыздану мəселелеріндегі Қазақстан көшбасшылығының мəні зор екенін атап өтті. Кездесу барысында Қ.Тоқаев Қазақстан мен Нидерланд парламентаралық байланыстары туралы өз ойларымен бөлісті. Атап айтқанда, Қазақстанда голланд депутаттарының, оның ішінде Нидерланд Сенаты Төрағасының өзекті мəселелер бойынша пікір алмасу үшін Астанаға сапары екіжақты ынтымақтастыққа серпін береді деп санайды. Одан басқа, Қазақстан Парламентінің депутаттары ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы аясында көптарапты байланыстарды дамытуға да ниеттеніп отыр.
оны өз пайдасына шеше білді. Екінші сетте 6:3 етіп ұтқан қарсыласы есепті теңестіріп кетті. Үшінші сетте тағы да Гоффен басымдық көрсетті. Бұл жолы ол 6:4 есебімен жеңді. Ал төртінші сетте қазақстандық теннисші екі брейкті сəтті орындап, жалпы есепті қайта теңестірді – 6:2. Сөйтіп, кімнің басым екенін соңғы сет шешті. Ақырғы айқас 12 геймге дейін жалғасты. Осы тұста Гоффеннің шаршап қалғаны анық байқалды. Мұны жақсы пайдаланған Голубев сетті 12:10 етіп аяқтады. Осылайша, жарыстың алғашқы күні
Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен алға шықты. Екінші күні Евгений Королев пен Денис Евсеев жұбы Оливье Рохус - Киммер Коппеянс тандемімен ойнады. Бұл кездесуде қарсыластар 2:6, 7:4, 3:6, 6:7 (4:7) есебімен ұтты. Соңғы күні Михаил Кукушкин Оливье Рохустан ұтылды. Бельгиялықтар есепті теңестірді. Ал шешуші матчта Андрей Голубев Рубен Бемельманспен ойнап, 6:2, 6:3, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Қорытынды есеп – 3:2. Сөйтіп, Қазақстан құрамасы осымен үшінші рет ширек финалға жолдама алды. Енді біздің құрама тағы да Швейцариямен ойнайды. -----------------------------------------
Алќа отырысында аныќталєан оѕ ќадамдар
Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».
Алқа мəжілісіне сала мамандарымен қатар, Парламент депутаттары мен Президент
Əкім шілігі қызметкерлері келді. Жиналған қауымды күн тəртібімен таныстырған А.Жұмағалиев, өткен жылдың қорытындысы туралы баяндай келіп, дəл бүгінгі
(Қазіргі заманғы даму институты дайындаған 2013 жылдың басқа да маңызды оқиғаларымен 4-беттен танысасыздар).
ешкімді мəжбүрлей алмаймыз» деп жауап берген болатын халық қалаулыларының сұрағына облыстық білім басқармасының басшылары. Оңтүстікте бұл мəселенің күн тəртібінен түспей келе жатқанына біраз жылдардың жүзі болды. О баста өзбек сыныбында оқитын қазақ оқушыларының саны 350 болған екен. Қазір ол 150-ге төмендепті. Өзбек сыныбында оқитын қазақ оқушылары негізінен Сайрам ауданының Аққала жəне Манкент ауылдарында кездеседі. Бұл жағдай мүмкіндіктің жоқтығынан емес, атааналардың өз балаларын өзбек сыныбына беруінен туып отыр. Болмаса өңкей өзбек ауылында тұратын бірлі-жарым қазақ отбасылары амалының жоқтығынан балаларын өзбек мектебіне беруге мəжбүр. Əйтсе де, өзіңіз ойлаңызшы, əңгіме өзбек мектебінде
(Соңы 2-бетте).
Жағымды жаңалық
Кеденніѕ кенен кірісі
Атырау кеденшілері ел бюджетін 275 миллиард 887 миллион 695 мыѕ теѕгемен толыќтырды Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».
Мұнайлы Атыраудың АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Франция, Қытай, Жапония, Корея, Түркия, Ресей, Германия секілді экономикасы өрге басқан көптеген елдермен сауда-экономикалық байланыс орнатуының жемісі кедендік түсімдерге оң ықпал етіп отыр. Осы жəне өзге де елдермен бірлесе құрылған кəсіпорындар жұмысы да жандануда. Өңірде іске асырылып жатқан маңызды жобаларға шетелдерден тасымалданатын импорттық тауарлардың түрлері де мол. Атыраудан əлемнің əр түкпіріне жөнелтілген экспорттық өнімдердің үлесі ұлғаюда. Ал бұл өңір кеденшілеріне үлкен жауапкершілік жүктеп отырғаны даусыз. Ел шекарасы арқылы контрабандалық
Талай ќазаќ баласы ґзбек мектебінде оќып жїр Бəлкім, бұл мəселені саясиландырудың қажеті жоқ шығар. Бірақ, Сайрам ауданында қазақтың бірталай ұл-қыздары өзбек сыныптарында оқып жүргені рас. Облыстық білім басқармасының үлкен жиында айтқан мəліметіне қарағанда, бүгінде 150 қазақ баласы өзбек мектептерінің партасында отыр. Бұл мəселені алғаш рет облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Балқия Көмекбаева айтқан болатын. Ілешала облыстық мəслихаттың депутаттары мəселе етіп көтерді. «Өзбек мектептерінде оқитын оқушылардың бірінің анасы өзбек, бірінің əкесі өзбек. Тіпті, Манкент ауылынан интернат та аштық. Бірақ ата-аналар балаларын онда бергісі келмейді. Ал, біз
күнде министрліктің алдында тұрған міндеттер жөнінде əңгімеледі. Мемлекет басшысы мен Үкімет жүктеген тапсырмалар мүлтіксіз іске асырылып жатқаны жайлы айтты. «Өткен жылы 2200 шақырым республикалық маңызы бар автожол жөнделді. Заман талабына сай 13 бірдей электронды таразы орнатылды. Сондайақ, көліктік бақылаудың 11 тұрақты бекеті жабы лып, теңіз порттарының жүктерді өткізу қабілеті 16,8 млн. тоннаға дейін ұлғайтылды.
Кеше Астанада Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Көлік жəне коммуникациялар министрлігінің алқа отырысы болды. Оған аталған саланың министрі Асқар Жұмағалиев төрағалық етті. Мəжілісте өткен жылғы жұмыстар қорытындыланып, алда атқарылатын міндеттер нақтыланды.
Мəселенің мəнісі
Оралхан ДƏУІТ, «Егемен Қазақстан».
Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
оқып жүрген қазақ балалары туралы болып отыр. Бірақ, «ата-анасының бірі өзбек ұлты» дегенді қалай түсінуге болады? Əкесі өзбек болса, ол баланы қалай қазақ деп айтамыз? Анасы өзбек, əкесі қазақ болса бір сəрі? Яғни, бұл жерде «ата-анасының бірі басқа ұлт» деп, елді шатастырудың қажеті жоқ. Осы мəселе бойынша жақында Сайрам ауданына қарасты Аққала ауылында болып қайттық. Мұнда 360-тан астам түтін бар. Жолы нашар демесеңіз, Аққалада жарық, су, көгілдір отын, бəрі бар. Осы ауылдың тұрғыны Омар Умербековтің 4 қыз, 1 ұлы бар екен. Өзі қазақ, шешесі мен əйелі өзбек ұлтынан. Ала тақиялы ағайындармен араласып, үнемі өзге тілде сөйлегендіктен болар, Омар ағаның өзінің де, ұл-қыздарының да тілі де, түрі де өзбек
тауарлардың өтпеуін қырағылықпен қадағалайтын өңір кеденшілері ел бюджетіне кіріс түсіру көлемін жыл сайын арттыра түсуде. Облыстық кедендік бақылау департаменті ұсынған мəліметке сүйенсек, былтыр Атырау кеденшілері ел бюджетіне 275 миллиард 887 миллион 695 мың теңге кіріс түсірді. Бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 63 миллиард 716 миллион 597 мың теңгеге артты. Кеденнен түскен кенен кірісті əр кеденшінің үлесіне шаққанда 1 миллиард 232 миллион теңгеден келеді екен. Демек, ел қоржынын кедендік кірістер мен түсімдер арқылы толтыруда Құрманғали Тасмағанбетов жетекшілік ететін атыраулық кеденшілер тағы бір рет биік межеден көрінді деуге толық негіз бар. Атырау облысы.
ұлтынан аумайды. Тіл арқылы тəрбие беріледі ғой, ұл-қыздарының еңбекқор, жер өңдеуге икемі бары, отағасының өзі де шаруаға пысық екені там-тасынан-ақ көрініп тұр. «Үлкенім мектепті өзбекше бітіріп, қазір Шымкентте оқиды. Балам мектепке дейінгі даярлық тобын өзбек тілінде оқып, биыл ашылған қазақ сыныбына бердім. Балаларды қазақ мектебіне апарып оқытайық деген ой мазалайды, бірақ, қазақ мектебі алыс орналасқан. Екіншіден, қыздарым 6-9 сыныптарда оқығандықтан енді қазақ сыныбында сабақты игеріп кете ала ма, жоқ па, ол жағы да алаңдатады. Жақында мектептің директоры жиналыс жасап «Қазақшы оқимын деген оқушыларды көрші Ақбұлақ ауылындағы мектепке беріңіздер» деген. Бірақ, оған жағдайымыз жоқ, күн сайын балаларды апарып-алып келу де оңай емес. (Соңы 2-бетте).