Бїгінгі нґмірде:
№43 (28267) 4 НАУРЫЗ СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Кəсіпкердіѕ ќўќын ќорєау 2-3-беттер Сґз бен істе алшаќтыќ кґп 6-бет Ќазаќ ќыраныныѕ ќамќор ўстазы еді 7-бет Мерейлі Мергенов 14-бет
Кеѕес мїшелерімен кездесті
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық консультативтік кеңес мүшелерімен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Ақордада өткен кездесуге Австрия Республикасының эксфедералды канцлері Альфред Гузенбауэр, Польшаның экс-президенті Александр
Квасьневски, Еуропалық комиссияның экс-төрағасы əрі Италияның бұрынғы премьер-министрі Романо Проди қатысты. Əңгімелесу барысында
Қа зақ станның экономикалық əлеуе тін одан əрі іске асы рудың негізгі бағыттары, республиканың халық аралық бас тамаларын жүзеге асыру барысы, сондай-ақ ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге дайындық жайы талқыланды. Бұдан бөлек, халықаралық күн тəртібіндегі мəселелер, соның
ішінде Украи на дағы жағдай жөнінде пікір алмасылды. Мемлекет басшысы Қазақстан үшін қызығушылық тудыратын халықаралық аренадағы өзекті мəселелер талқыланатын кездесуді Кеңес мүшелерімен тұрақты өткізіп тұрудың маңыздылығын атап өтті.
Кґѕіл айту жеделхатын жолдады Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Рес публикасының Төрағасы Си Цзиньпинге Куньмин қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.
Өз жеделхатында Нұрсұлтан Назарбаев Куньминде көптеген жазықсыз адамның қаза болғаны жəне зардап шеккені туралы қайғылы хабарды күйзеле қабылдағанын айтқан. «Адамзатқа қарсы қыл мыс тарға ешқандай ақтау болмайтынын жəне мұндай жантүршігерлік əрекеттерді Қазақстан қатаң айыптайтынын атап өтемін. Халықаралық қоғамдастық қара ниет пен қазіргі замандағы
Ўсыныстар талќыланды
Сенбі күні Премьер-Министр Серік Ахметов Мемлекет басшысының «Кəсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» Жарлығын жүзеге асыру бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Кеңеске орталық атқарушы ор ган«Сондай-ақ 2014 жылдың 1 маудардың, Ұлттық кəсіпкерлер палатасының, сымына дейін тиісті заңнамаларға толық ұлттық компаниялардың басшылары қа- ревизия жүргізу керек, 1 сəуірге дейін тысты. Парламентке рұқсат беру мен хабарБұл мəселе бойынша Премьер-Ми- лау мəселелері бойынша заң жобасын, нистрдің бірінші орынбасары Б.Сағынтаев, 1 қыркүйекке дейін жағдайды түбегейлі Өңірлік даму ми нистрі Б.Жəмішев, жақсарту бойынша заң жобасын енгізу Ұлттық кəсіпкерлер палатасының бас- қажет», деді С.Ахметов. қарма төрағасы А.Мырзахметов сөйледі. Мұнымен қатар, Премьер-Министр Кеңес барысында кəсіпкерлік үшін Мемлекет басшысы Жарлығын жүзеге жағдайды одан əрі жақсарту бойынша ша- асыру бойын ша кəсіпкерлер арасынралар мен ұсыныстар талқыланды. да түсі нік жұмыстарын жүргізудің Кеңесті қорытындылай келе, Премьер- маңыздылығын атап өтті. Министр: «Мемлекет басшысының Жар«Аталған құжаттың мазмұны əрбір лығын орындау бизнесті дамыту үшін кəсіпкерге түсінікті жеткізілуі керек. Біз қуатты қозғау болады», деп атап өтті. аудандық деңгейге дейін үлкен түсінік «Президент Жарлығына сəйкес тексе- жұмыстарын жүргізуіміз қажет. Орталық ру жүргізудің барлық регламенттерін же- жəне жергілікті атқарушы органдар бұл дел түрде қайта қарау, барлық ресімдерді Жарлықты жүзеге асыру бойынша түсінік заңмен бекіту мəселелерін пы сық тау жұмыстарын жан-жақты қамтамасыз етуі қажет», деді Премьер-Министр. тиіс», деп түйіндеді сөзін С.Ахметов.
Ќазаќстан мен Финляндия – маѕызды əріптес елдер
Парламент Мəжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Мəжілістің шақыруымен Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Финляндия Парламентінің Төрағасы Ээро Хейнялуомамен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Тараптардың атап өткеніндей, екі мем- қазақстандық бастамаға қолдау көрсетіп, лекет – сыртқы саяси жəне экономикалық «Жасыл көпір» əріптестігі бағдарламасы маңызды əріптестер. Екі ел басшыларының туралы Хартияға қосылады деп есепетене байланыстары да екі жақты қарым- тейміз», деді. қатынасты одан əрі қарқынды дамытуға Қазақстанның болашақ дамуы туралы деген құлшыныстың айқын көрсеткіші. айтқанда Нұрлан Нығматулин Елбасының Өзара ынтымақтастықтың маңызды «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге бағыттарының қатарында инновация, асыру асыл мұраттарға жету жолында «жасыл экономика», білім, сондай-ақ, барша қазақстандықтарды біріктіргенін БҰҰ, ЕҚЫҰ, Еуропа Кеңесі, басқа да атап өтті. халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар Өз кезегінде Ээро Хейнялуома, Қазақаясындағы белсенді іс-қимылды атап станның аймақтағы жəне əлемдік ареөтуге болады. Мəжіліс Төрағасы: «Біздің надағы рөлін жоғары бағалай келіп, біздің елдеріміздің «жасыл көпір» бағдарламасы еліміз жетістіктері, сондай-ақ, Қазақстан шеңберіндегі ықпалдастығы «жасыл» дамуындағы тұрақтылық дүниежүзі елдері технологиялар саласындағы өзара іс- үшін үлгі екендігін айтты. қимылдың жарқын үлгісі бола ала(Соңы 6-бетте). ды. Біз финляндиялық əріптестеріміз
қауіп-қатерлердің тамырына балта шабуға күш-жігерін жұмылдыруға тиіс», делінген жеделхатта. Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге жəне қаза тап қандардың отбасыларына қай ғырып көңіл айтып, зардап шеккендердің барлығының тезірек сауығып кетулеріне тілектестігін білдірді.
Ыќпалдастыќ əлеуеті жоєары
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Финляндия Парламентінің Төрағасы Ээро Хейнялуомамен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесуде екіжақты ынтымақтастық перспективалары, сондай-ақ, халықаралық күн тəртібіндегі өзекті мəселелер талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев Финляндия Парламенті Төрағасының алғашқы сапарына ілтипатын білдіре келіп, бұл елмен Қа зақстан экономикалық жəне саяси ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін атап өтті. – Қазіргі уақытта өзара тиімді ынтымақтастығымызды одан əрі дамыту үшін екі ел парламенттері қарауға тиіс бірқатар келісімдер бар. Финляндияның соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктері
тəнті етеді жəне біз білім беру, жаңа технологияны дамыту мен енгізу саласындағы сіздердің тəжірибелеріңізді қабылдауға дайынбыз. Біздің индустриялықинновациялық бағдарламамыз бірқатар фин компанияларының Қазақстанда жұмыс істеуіне мүмкіндіктер береді, – деді Мемлекет басшысы. Э.Хейнялуома екі ел арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейде екенін атап өтті жəне Финляндия
Президенті С.Ниинистёнің сəлемін жеткізді. Сондай-ақ, Финляндия Парламентінің Төрағасы бизнес саласындағы ынтымақтастықтың əлеуетіне тоқталды. – Көптеген фин компаниялары энергия үнемдеуші жəне энергия жағынан тиімді «таза» технологиялармен, сондай-ақ, «жасыл» табиғи ресурстар өндірумен айналысады, ол жағдайда табиғат бүлінбеген күйінде сақталады, – деді Э.Хейнялуома. Сонымен қатар, ол «Finnair» Финляндия ұлттық авиатасымалдаушысы Астана мен Хельсинки арасында тікелей рейстерді жүзеге асыруға дайын екенін хабарлады. Бұған қоса, Финляндия Парламентінің Төрағасы өз елінің Қазақстан Президентінің бастамасы болып табылатын «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы туралы хартияға қосылатыны жөніндегі шешімі туралы айтты. –––––––––––––––––––––––––– Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
● Тілшіге тығыз тапсырма
Тасќын ќаупі. Ґѕірлер дайындыєы ќалай?
Ќатер ќайдан демеѕіз Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
Бұрнағы күні Жаңақорған ауданының Бірлік ауылындағы шеткі екі көшеге таудан су жетті. Осылайша, 8 үйдің ауласын қарғын су шайып кетті. Биыл өзі жердің тоңы 50 сантиметрден аса болды. Оның үстінде қалыңдығы 30-35 сантиметр қар жатты. Оған күннің күрт жылынғанын қоссаңыз, қауіптің қалай болғанын аңғару қиын емес шығар. Осындай себептерден соң ауыл шетіндегі Балапансайға су сыймай, ернеуінен асқан. Ол кешкі сағат 18:30 шамасында ауылға жеткен. Дегенмен, жедел жұмыстың арқасында түнгі сағат 21:30-да қарғын судың беті қайтарылып, қауіп сейілді. Аудан басшылығы төтенше жағдай орын алған жерде болып, жедел штаб отырысын өткізіп, жауапты сала басшыларымен
кеңесіп, кезекшілік кестесін түзді. Көктем сайын Сырдың сырбаз мінезінен айырылатыны белгілі ғой. Осы ретте, ықтимал қауіптің алдын алу, сақтық жұмыстары да жүйелі жүріп жатыр. Облыс бойынша Сырдария арнасы қауіпті 73 учаскеге бөлініп, оған 133 жауапты мекемелер бекітілген. Аталған мекемелерде 199 арнайы техника жəне 383 жүк тасымалдауға арналған көлік бар. Су тасқыны болған жағдайда 1672 адам қауіптің бетін қайтаруға сақадайсай отыр. Сондай-ақ, қазіргі уақытта Қызылорда қа ласы мен аудандарда тасқын су кезеңінде халықты көшіруге арналған 83 эвакуациялық жинақтау жəне 100 қабылдау пункттері дайын тұр. Оларда адам тасымалына қажетті 1029 техника жəне 602 жүк көліктері бар. Қызылорда облысы.
Əзірлік деѕгейі ќалыпты Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан».
Əр жыл бір-біріне мүлдем ұқсамайтынын, өзінің күтпеген тосын жайттарын ала келетінін ескерсек, биылғы көктемде су тасқыны болмайтынына ешкім кепілдік бере алмайды. Өйткені, күз айлары жаңбырлы болды. Сөйтіп, жерге ылғал мол түсті. Қыс кезінде аймақта ақырған аяз соқты. Бұл жағдай жерге мол ыл ғал қорын ұстап тұра алатын тоңның қатуына əсерін тигізді. Таяуда шалғайдағы Казталов ауданына жолымыз түсті. Мұндағы тұрғындар тоңның қалыңдығы 60 сантиметрге жеткенін айтып отыр. Оның үстіне биылғы қыстағы қардың түсу мөлшері де жыл сайынғы қалыпты деңгейден кем емес. Батыс Қазақстан облыстық əкімдігінен алынған деректерге сүйенсек, өңірде тасқын суға қарсы іс-шаралар жөнінде арнайы жоспар бекітілген.
Соған сай техникалық ресурстар мен материалдардың қажетті қоры жасалған. Мұз жарғыш арнайы бригадалар өз қызметтеріне кірісуге əзір. Олармен тиісті келісімшарттар жасалған. Көп нəрсенің түйіні гидробекеттердегі су деңгейіне күн сайын бақылау мен мониторинг жүргізуге байланысты шешімін таба алады. Мəселенің бұл жағы да ұмыт қалмаған. Орал өңірінде тасқын су қаупі кейбір жағдайларда жоғарыда отырған Ресейдің көршілес аумақтарынан, трансшекаралық өзендердің жоғары ағысынан келетін болғандықтан Орынбор, Саратов облыстарындағы Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдіктерімен алдын ала келісімдер жасалуы да күтілген қауіпті сейілте түседі. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі күні Батыс Қазақстанда алдағы тасқын суды зардапсыз өткізу мақсатын көздейтін тас-түйін əзірлік көріністері байқалады. Батыс Қазақстан облысы.
Бґгендер берік пе? Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Бүгінде облыста 117 су қоймасы бар. Олардың 5-уі республикалық, 7-уі жеке, ал 105-і коммуналдық меншікте. Өткен 2011-2013 жылдары коммуналдық меншіктегі су қоймаларының 53-і «Жамбыл су қоймалары» коммуналдық мемлекеттік ме кемесінің теңгеріміне өткен. Бұлардың 61-і балық шаруашылығын дамыту мақсатында пайдаланылса, 26-сы өңірдегі 6819 гектар суармалы егістік алқаптарын нəрлендіруде. Қалған 18 су қоймасы экологиялық мақсатта, яғни жасыл өскіндер мен аң-құстарды өсіріп-өндіруге пайдаланылады. Жиналған судың көлемі аталған cу қоймаларында 60-70 пайызды ғана құрайды. Оған ағып келіп жатқан су мен ағып кетіп жатқан су мөлшері жіті бақылауға алынған. Өйткені, облыстың коммуналдық меншігіндегі су қоймаларында жинақталған су қорының есебін жүргізу, техникалық жағдайын қадағалау басқарманың жəне аудан əкімдіктерінің бақылауында.
Сондықтан су қоймалары мен бөгендердің қазіргі уақыттағы жағдайлары қанағаттанарлық. Дей тұрсақ та, Талас ауданындағы Қызылəуіт ауылының аумағына орналасқан Ақтөбе жəне Шұқырəуіт су қоймалары ағымдағы ішінара жөндеуді қажет етеді. Жамбыл ауданындағы Көлқайнар ауылдық округінің аумағына орналасқан Қайрақбай су қоймасының үлкен су өткізгіш қақпасы жұмыс істемей тұр. Бөгетті де су шайып, жұқарып қалған. Сондықтан, бөгетті көтеріп, қосалқы су қашыртқы жасау қажет, дейді мамандар. Сондайақ, су айдынындағы қамыстарды, қоқыстарды тазарту қажеттігі анықталып отыр. Сол сияқты, мамандар Шу ауданындағы Тасөткел ауылдық округінің аумағына орналасқан Қайыңды су қоймасының бетон тіреуіштері жəне дамбасы мүжілген, гидроқұрылғылары істен шыққан, су өлшеуіш бағаны жоқ екендігін анықтаған. Аталған осы 7 су қоймасының иелеріне тиісті ескертпе беріліпті.
Жамбыл облысы.
(Осы тақырыптағы топтаманың соңын 13-беттен оқи аласыздар).