04032015

Page 1

Бїгінгі нґмірде: Жастар їшін аса маѕызды їдеріс 3-бет Əлеуметтік тўрєын їй кґлемі артады 5-бет Адами ќўндылыќтар алєа озады 7-бет 104-ші ќаћарман! 8-бет

№42 (28520) 4 НАУРЫЗ СƏРСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Елеулі жобалар – ел игілігіне

Таєайындау

Мемлекет басшысының Өкімімен Дина Төлеубекқызы Ғалиева Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

● Мемлекеттік мəселе

ОТБАСЫ – ОТАН ТІРЕГІ Гүлшара ƏБДІҚАЛЫҚОВА,

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Президент жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы.

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Назарбаев Университет» автономды білім беру ұйымына арнайы барып, ондағы «NURIS» қанатқақты технопаркін жəне «Өмір туралы ғылымдар орталығын» аралап көрді. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Назарбаев Университетті аралау барысында Елбасы онда қол жеткізілген ең елеулі жетістіктермен жəне уни верситетте жүзеге асырылып жатқан сан түрлі ғылыми-инновациялық жобалардың нəтижелерімен танысты. Мəселен, Нұрсұлтан

Назарбаевқа геномдық зертхана жəне персоналды медицина аясында жүзеге асырылатын жұмыстар көрсетілді. Президент, сондай-ақ, биосенсорлар мен биоқұралдар, ағысты цитометриялар, иммунобиология жəне микроскопия зертханаларын аралап көрді. Мемлекет басшысы «NURIS» технопаркінде университеттің оқытушылары мен студенттері

əзірлеген жоғары технологиялық жобаларымен де танысып шықты. Бүгінде «NURIS» ғалымдары «Heartstitch» жобасының шеңберінде Ұлттық медицина холдингімен бірлесіп, əртүрлі паталогиялары бар науқастардың жүрегіне операциялар жасауды бастаған екен. Яғни, Қазақстанда бұған дейін мүлдем жасалмаған жаңа операциялар көкірек қуысын кеспей-ақ, жүрек ауруларының проблемаларын шешуге мүмкіндік беретін болады. Сонымен қатар, «NURIS» қызметкерлері «диагностикалық

шеңбер» деп аталып жүрген жұқпалы аурулардың жедел диагностикасы бойынша да арнайы жоба ұсыныпты. Технопарк ғалымдары экологиялық қауіпсіздікті арттыру, суды тұшытуға арналған энергия үнемдеу мембраналары технологиясы, нанотехнологиялар бойынша қолға алған зерттеу жұмыстарын да таныстырды. Жалпы, «NURIS» 2013 жылдан бері 3 нысаналы ғылыми бағдарламаны іске асырып келеді. Олардың біріншісі – Қазақстанда биомедицина

индустриясының негіздерін құру үшін 2014-2015 жылдар аралығында трансляциялық жəне дербестендірілген медицинаны дамыту, екіншісі – 20142016 жылдар аралығында энергия тиімділігі жəне энергияны үнемдеу, жаңартылған энергетика, қоршаған ортаны қорғау салаларында арнайы зерттеулер жүргізу, үшіншісі – энергия көздерін зерттеудің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық бағдарламасын əзірлеу. (Соңы 4-бетте).

БІЗДІЅ ТАЅДАУЫМЫЗ – БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫЌ Бўл – Отанымыздыѕ табысты дамуыныѕ басты кепілі

Ел сенетін Ер керек Дүние дүрбелең күй кешіп тұр қазір. Əлем ертеңі үшін алаңдаулы. Тіпті, алаңдауы абыржуға айналып бара жатқан сыңайлы. Себебі, болашақта не болып, не қояры белгісіз. Алмағайыптардан қауіп ойлайды. Сол үшін де күллі жаһан жанталасқа түскен. Осындай жағдайда қазағымның – халқымның, Қазақстанымның – елімнің тағдыр-талайы қандай талқыға түсер екен, маңдайында қандай жұлдыз жарқырап тұр екен деп əсіресе, біз сияқты қарт қаламгердің баяғы абыздарша толғануы жөн-ақ. Ал сол Асан Қайғылар, ел қамын жеген Едігелер, арғы-бергі абыздар не дер еді? «Құйрығы жоқ, жалы жоқ, Құлан қайтіп күн көрер?» деп төге келе: «Елім қайтіп күн көрер?!» дейтін шерлі де тебіреністі сауалды алға тартар еді ғой. Осындай абыз сауал бүгін де, бүгінгі Қазақ елінің тағдыр-талайы жөнінде де қойылып отыр. Қазақстанның болашағы үшін ел сенетін, сыннан өткен Ер керек. Ертеңгі болатын сайлауда маңдайы жарқырайтын Еріміз Нұрсұлтан Назарбаев деп білемін. Ол өз халқының аяғы да, қолы да, жалы да, қанаты да болып та келген, болып та жүр, бола да алады. Ел сенетін Еріміз – Нұрсұлтан. Бұл жағдайды Елбасымыз да, оның соңынан ерген елі де ескерсе керек. Менің айтар аманат тілегім осы. Шерхан МҰРТАЗА, Қазақстанның халық жазушысы.

АЛМАТЫ.

● Президент поштасынан

Сенеміз жəне ќолдаймыз Елбасы атына келіп жатќан хаттар мен жеделхаттардыѕ негізгі айтары осы

Президент сайлауын өткізу туралы шешімге қолдау білдірген жəне Нұрсұлтан Назарбаевтың өз кандидатурасын ұсынуға келісуін өтінген хаттар мен жеделхаттар легі келуін жалғастыруда, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысының атына еңбек ұжымдарынан, қоғамдық бірлестіктердің мүшелерінен, медицина қызметкерлерінен, білім беру саласының өкіл дерінен, сондай-ақ, елдің түрлі өңірлеріндегі тұрғындардан Нұрсұлтан Назар баевтың алдағы сайлауға қатысуын өтінген хаттар легі толассыз келіп түсуде. Атап айтқанда, Екібастұз

қа ласынан «Богатырь Көмір» ЖШС мыңдаған адамдық еңбек ұжымы Елбасының басшылығымен Қа зақстан əлемдік қоғамдастықтың элитасына кіріп, өз орнын мықтап бекіткенін айтады. «Біз өз елімізді мақтан етеміз жəне оның қуатын одан əрі арттыра беруге ниеттіміз. Біз Сізге сенеміз. Сіз көпұлтты еліміз де

татулықты, келісім мен тұрақты лықты қамтамасыз еттіңіз, бұл бүкіл əлемге айқын. Біздер, кеншілер, Сіздің саясатыңызды қолдап, Сізге сене отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы сайлауына түсуіңізді сұраймыз», – делінген хатта. Астана қаласындағы «Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаж зауытының жұмысшылары Мемлекет басшысының жүргізген саясатының арқасында олар инновациялық кəсіпорындағы қызықты жұмысқа кіріскендерін айтады. (Соңы 5-бетте).

Ежелгі замандардан бері отбасыны Отан тəрізді ұлы құндылықпен қатар қойып, əлеуметтік ұйысу мен ұрпақ жалғастырудың ұлағатты ұясына балаған халқымыз үшін шаңырақ қай кезде де киелі ұғым, қастерлі түсінік саналған. Сондықтан, бүгінде əлемдік деңгейде отбасының əлеуметтікмəдени феномен ретіндегі мəнінің басқаша сипат ала бастауы, қазақстандық отбасының дүниетанымдық таңдауларының өзгеріске ұшырауы біздің қоғамды да алаңдататын құбылыстар. Мəселен, бір кездері заңнан тыс əрекет ретінде қарастырылып, сол үшін қудаланған жағымсыз құбылыстардың қазіргі уақытта интернетте ашық көрсетілуі немесе əлемнің бірқатар мемлекетінде түрлі құқықтық мəртебелермен біржынысты некелерге, олардың бала асырап алуына рұқсат етілуі сияқты оқиғалардың кездесуі елімізде отбасы институтын дəстүрлі жолмен нығайтуда жəне жастарға тəрбие беру ісінде əлі де қыруар жұмыстар күтіп

тұрғанын аңғаруға болады. Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев өткен жылы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы жеңімпаздарын марапаттау рəсімінде: «Біріншіден, жердегі өркениеттің бүкіл хронологиясы – кез келген қоғамның негізі ретіндегі Адамзат Отбасының Ұлы тарихы. Екіншіден, отбасы – өте ұлы құндылық. Мыңжылдықтар мен ғасырлардан бері отбасы əрбір қоғамның ұрпақтанұрпаққа жалғасқан моральдық салттардың, ұлттық дəстүрлердің сақтаушысы болып табылады. Үшіншіден, отбасы – өз халқыңа, оның мəдениеті мен тұрмысына деген сүйіспеншіліктің сарқылмас қайнар көзі. Ол ата-аналар, балалар мен немерелер бақытының призмасы арқылы өтетін патриотизм мен Отанның өркендеуіне деген мəңгілік қамқорлықтың қайнар көзі. Ол ұрпақтардың ғасырлық өзара байланысы. Төртіншіден, ХХІ ғасырда жаһандану дəуірі отбасы мен бақытты неке құндылықтарын прогрестің маңызды шарттары етеді. Оны қазіргі заманғы əлемнің барлық табысты елдерінің тəжірибелері айғақтайды» деп, отбасылық құндылықтардың мəнін егжейтегжейлі ашып көрсетті. (Соңы 6-бетте).

Əйелдер белсенділігі артып келеді Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Гүлшара Əбдіқалықова «БҰҰ - Əйелдер» ұйымының Қазақстандағы өкілі, Орталық Азиядағы «БҰҰƏйелдер» бірнеше елге арналған бөлімшесінің директоры Илейн Конкиевичпен кездесті. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Мемлекеттік хатшы Қазақстан мен «БҰҰ-Əйелдер» ұйымы арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екенін атап өтті. Г.Əбдіқалықова гендерлік теңдікті ілгерілету, еліміз қатысушысы болып табылатын əйелдерге қатысты шектеудің барлық пішіндерін жою туралы БҰҰ Конвенциясының ережелерін сақтау жөніндегі бірлескен жұмысқа да қанағаттанатынын білдірді. «БҰҰƏйелдер» ұйымының бел сенді ықпал етуімен Қазақстан Республикасының 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы əзірленіп, қабылданды. Г.Əбдіқалықова қазіргі жағдайдағы əйелдер рөлінің көпқырлылығын айта келіп, олардың жанжақты дамуы мен жасампаздық əлеуетін іске асыруға жағдай

жасау қажеттігін атап көрсетті. Мемлекеттік хатшы Елбасының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жаңа Экономикалық Саясатының аясында жаңа жұмыс орындары мен өндіріс орындарының құрылуына байланысты іске асырылатын барлық инфрақұрылымдық жобаларға əйелдерді белсенді тартуға Ұлттық комиссия барынша ықпал ететінін көлденең тартты. Тараптар əйелдерді жұмыспен қамту, əйелдер кəсіпкерлігіне қолдау көрсету, ана мен баланы қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасылық жəне руханиадамгершілік құндылықтарды нығайту мəселелерін шешудегі ын ты мақтастықтың одан арғы келешегін талқылады. Кездесуге Ұлттық комиссия төрайымының орынбасары, Парламент Мəжілісінің депутаты Елена Тарасенко қатысты.

● Сақтансаң – сақтайды

Су тасќынына дайындыќ пысыќталды Жақында облыс əкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен өткен төтенше жағдайлардың алдын алу жəне жою жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысында су тасқынына қарсы шаралар жəне оған дайындық туралы кеңінен əңгіме болды. Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бауыржан Сыздықовтың хабарлауынша, көктемгі су тасқынын өткізуге қажетті кешенді дайындық жұмыстары қазірдің өзінде қолға алынған. Облыстық, қалалық жəне аудандық су тасқынына қарсы комиссиялар жұмыс істеуде. Облыс аумағындағы 145 су шаруашылығы

нысандарының 8-і республикалық, 118-і коммуналдық, 18-і жекеменшік бағынысқа жатады. Өткен жылдардың тəжірибелерін талдау қорытындылары бойынша облыс аумағының су басу қаупі бар орындарының төлқұжаты жа салып, бекітілген. Алдын ала алынған ақпараттарға қарағанда, қазіргі уақытта елді мекендерге жақын орналасқан су шаруашылығы нысандарының жай-күйі қанағаттанарлық, елді

мекендерге төніп тұрған үлкен қауіп жоқ. Алайда, жергілікті билік жəне су шаруашылығы мекемелері тарапынан Ақтөбе, Қарғалы жəне Сазды су қоймаларына баса назар аударылуда. Қазір Ақтөбе су қоймасында 142 миллион текше метр су бар, бұл – жобалық көлемнің 58 пайызына тең. Қарғалы су қоймасында 152 миллион текше метр ұсталуда немесе жобалық көлемнің 54 пайызы. Сазды су қоймасында 2,2 миллион текше метр су бар, ол жобалық көлемнің 32 пайызын құрайды. Өңірде су тасқынын болдырмау мақсатында 84 тонна жағаржанармай, 6860 тонна инерттік

материалдар, 8490 қаптар, 10 тонна жарылғыш заттар қоры жасалған. Су тасқынын қалыпты өткізуге жəне аталған шараларды атқаруға 90 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Бүгінгі күнге Ақтөбе қаласының аумағынан жəне облыстың елді мекендерінен 98 мың тоннадан астам қар шығарылды. Тиісті дəрі-дəрмек жағы қарастырылып, санитарлық шаралар ойластырылды. Апаттардың алдын алу медициналық орталығының жедел əрекет ету жəне алғашқы көмек көрсету бригадалары ұйымдастырылды. (Соңы 5-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.