Бүгінгі нөмірде:
№99 (28038) 4 СƏУІР БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Ќазаќстан салыќты ќосќанда 77 миллиардќа жуыќ доллар иеленді Кеше Тəуелсіздік сарайын да Мем лек ет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Теңізшевройл» ҚазақстанАмерика бірлескен кəсіпорнының құрылғанына 20 жыл толуын мерекелеу рəсіміне қатысты. Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».
Іс-шараға Премьер-Министр С.Ахметов, Президент Əкімшілігінің Басшысы К.Мəсімов, «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Д.Уотсон, компания директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы К.Дерр, «Шеврон» Еуразиялық бөлімшесінің басқарушы директоры С.Дэвис, сондай-ақ Қазақстанның мұнай-газ саласында жұмыс істейтін компаниялардың өкілдері қатысты. Алдымен сөзді қонақтар алды. Олар өз сөздерінде жиырма жыл бұрын басталған жемісті серіктестік ең алдымен Қазақстан басшысының алысты ойлаған, терең саясатының арқасында жүзеге асқанын атап көрсетті. «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы К.Дерр жаңа елорда əрбір тұрғынынан, сондайақ Президенттің ұлттық жəне жаһандық ауқымдағы көшбасшылығынан көрінетін бүкіл елдің керемет ілгерілеуін айқын танытатынын айтты. «Мен үшін жобаның бастауында Сізбен бірге болу мəртебе болды. Үлкен үмітті оятқан сол күн – сейсенбі, Алматыдағы 1993 жылғы 6 сəуір əлі есімде, біз Қазақстан Президенті екеуміз Теңіз жөнінде тарихи келісім-шартқа қол қойдық. Оны біздің компаниямыз бен Қазақстан Республикасы арасындағы өзара сенім мен жауапкершіліктің символы деп атағанымызды ұмытқан жоқпын. Бүгін ол шынымен солай жəне əрқашан солай бола береді», – деді К.Дерр.
Сонымен қатар, компанияның директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мемлекет басшысына жəне Қазақстанға көп жыл бойы өсіп-өркендеп, мемлекеттіліктің өңірлік те, жаһандық та деңгейде нығая беруін тіледі. Іс-шара барысында АҚШтың Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Кеннет Фэйрфакс АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керридің хатын оқып берді, онда Қазақстан мен «Шеврон» корпорациясы серіктестігінің ұзақ мерзімді
ынтымақтастыққа жол ашып, Қазақстан мен АҚШ арасындағы табысты экономикалық өзара қарым-қатынастардың негізіне айналғаны айтылған. Мемлекеттік хатшы Қазақстан халқын тəуелсіздік жылдарындағы жетістіктермен құттықтады, сондай-ақ Бүкілəлемдік сауда ұйымына кіру жəне ұлттық мұрат – əлемнің ең бəсекеге қабілетті экономикалары қатарына ену үшін реформалардың одан əрі жүзеге асырылуында АҚШ тарапынан достық ниет пен қолдау
Барлыќ нысан жоспарлы ќуатында жўмыс істеуі тиіс Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Серік Ахметовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. С.Ахметов Мемлекет басшысына еліміздің əлеуметтік-экономикалық дамуының 2013 жылдың бірінші тоқсанындағы қорытындылары мен негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері туралы баяндады. Қазақстан Президенті экономиканың одан арғы өсу қарқынын жəне егіс науқанына уақтылы дайындықты қамтамасыз етуге назар аударды. – Көктемгі егіс жұмыстары басталып та кетті. Туындап отырған барлық мəселені дер кезінде шешу қажет. Оңтүстік өңірлердің əкімдерімен кеңес өткізу кезінде мен осы мəселелердің бəрін ерекше бақылауда ұстауды тапсырдым. Тағы бір өте маңызды міндет – индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында тапсырылған барлық нысанның жоспарлы қуатында іске қосылуы. Əр жыл сайын барлық өңірде біз жаңа зауыттар мен фабрикалар ашудамыз.
Үкімет олардың толыққанды жұ мыс істеуін жəне еліміздің эко номикалық дамуына нақты үлесін қадағалағаны жөн, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы елімізде темір жол жəне автомобиль салаларында ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асырылып жатқанына тоқталды. Қа зақстан Президенті оларды бел гіленген мерзімде орындау қажеттігін атап көрсетті. – Жалпы, əлеуметтік-экономикалық даму оң қарқын танытуда, экономикалық өсім болжамы 4,3 пайыз деңгейінде болады деп күтілуде. Егер инвестиция құ рылысқа қосымша қарқын беретін болса, онда біз 4,5 пайыз шамасындағы өсімге қол жеткіземіз. Сіздің тапсырмаңыз бойынша Үкімет жүзеге асырып отырған мұндай қарқын жəне барлық атқарылған жұмыс жыл қорытындысы бойынша экономиканың 6 пайызға өсуін
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деді Премьер-Министр. Сондай-ақ, С.Ахметов бірінші тоқсандағы инфляция деңгейі, бағалау бойынша, 1,9 пайызды құрайтынын, өнеркəсіп өндірісінің 1 пайыздық өсімі күтілетінін мəлімдеді. Мұндай көрсеткіштер еліміздің экспорттық серіктестері бар Еуропадағы дағдарыстық құбылысқа қарамастан, экономикалық дамуды тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Бұған қоса, Премьер-Министр «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасын іске асыру барысын жəне денсаулық сақтау мен білім беру салаларындағы, атап айтқанда, апат алдында тұрған мектептер мəселесін ше шуге жəне үш ауысыммен оқытуды жоюға мүмкіндік туғызу үшін бөлінген қаржыны оңтайлы бөлуге бағытталған жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу жөнінде қабылданған шаралар туралы баяндап берді. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Сыртќы саяси басымдыќтарєа басты назар Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Е.Ыдырысов Мемлекет басшысын ведомствоның қазіргі сыртқы саяси жұмысы
туралы хабардар етті. Бұған қоса, дипломатиялық қызмет бағдарламасының негізгі қырлары талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті таяу перспективадағы сыртқы саяси басымдықтар жөнінде нақты тапсырмалар берді.
жасалатынына қазақстандықтарды сендірген. Өз сөзінде «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Д.Уотсон өзі үшін осы жерде болудың жəне тарихи серіктестік құру жолында негізгі рөл атқарған екі адамның – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен «Шевронның» бұрынғы төрағасы К.Деррдің қасында болудың зор мəртебе екенін атап өтті. «Бүгін біз тарихи серіктестікке қол жеткізгенімізді ғана емес, сондай-ақ оның тарихқа
айналып, барған сайын нығая түскенін атап өтудеміз. Серіктес бола отырып, біз əлемдегі ең күрделі мұнай кен орындарында – Теңіз бен Қарашығанақта жұмыс істейміз. Жəне біз бүкіл индустрияда стандарттар бекіте отырып, қауіпсіздік пен өндірісті оңтайландыруда əлемдік деңгейдегі нəтижелерге біртіндеп қол жеткіземіз», – деді Д.Уотсон. Сондай-ақ ол Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «Серіктестік қуаты» мүсінін табыс етті. «Бұл мүсін Теңізде жаңа
Тағайындау
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.
жобаны бастауға алғашқы жол салушы қалаған іргетасын бейнелейді», – деді Д.Уот сон өз сөзінде. – Мұндағы мұнайшылар Қазақстан мен «Шеврон» арасындағы тығыз ынтымақтастықты білдіреді. Сонымен бірге, мүсіндегі құбыр мен бұрандалар серіктестіктен туындаған энергияны айқындайды. Ал мүсіндегі глобус 20 жыл ішінде халықаралық аренада аз уақытта Қазақстанның мойындалуына ықпал еткен энергияны суреттейді». Сөзінің соңында «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Атырауда Жастар сарайының құрылысы басталғаны, оның білім, кəсіптіктехникалық бағдарлау жəне демалыс үшін жаңа мүмкіндіктер беретін озық орталыққа айналатыны туралы айтып өтті. Оның айтуынша, компания еліміздің əлеуметтік дамуына жəне орнықты экономикалық прогресіне көмек көрсетуді жалғастыра бермек. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Теңіз жобасының тарихы кеңестік кезеңнен басталатынын атап өтті. Мен Қазақстанның жаңа тарихында жүретін жолдарын іздестіріп, 1990 жылы АҚШ-қа бардым. «Шеврон» корпорациясының барлық маңызды кəсіпорындарында, соның ішінде Мексика шығанағында орналасқан кəсіпорындарда да болдым. Оның экологиялық жəне технологиялық мүмкіндіктерімен таныстым. Серіктестік басталған кездері бізде инвестицияны қорғау, жер қойнауы, салықтар жəне басқа да құқықтық базалар туралы заңдар болған жоқ. Өткен 20 жылда «Шеврон» шамамен 20 миллиард доллардай инвестиция салды. Қазақстан салықты қосқанда 77 миллиардқа жуық доллар иеленді. Атырау облысының əлеуметтік дамуына 800 миллион доллар жұмсалды. Мыңдаған қазақстандық мамандар даярланды, онда біздің 3300 азаматымыз жұмыс істейді. Бүгінде Атырау еліміздегі ең əсем қаланың
Бұлдыр болашақ 4-бет Тағдыр талқысы жəне талант тегеуріні 5-бет Күле білген, өмір сүре де біледі 6-бет Саратовтағы Наурыз тойы 8-бет бірі болып саналады, біз оны Қазақстанның мұнайлы астанасы деп атаймыз, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы компания өндірісті 26 есе арттырғанын, ал Қазақстан экономикасы 15 жылда 16 есе өскенін атап өтті. Қазақстандық үлес үлкен маңызға ие болды. Бүгінде еліміздегі барлық сатып алудың үштен біріне жуығы компания еншісінде. Біз бұл көрсеткіштің арта түскенін қалаймыз. Сіздер менің өтінішімді орындап, полиэтилен құбыры зауытын, Атырау облысында теңіз академиясын салғандарыңызға ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ, Атырауда Жастар сарайының құрылысы басталғаны туралы айтып өткім келеді. Бұл барлық атыраулықтар үшін қуанышты оқиға деп ойлаймын, деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев бірлескен жұмыстың жалғасатынын, алда жаңа міндеттер, компанияны одан əрі дамыту, тағы да 7,5 миллиард доллар салу жоспарланған өндіру көлемін ұлғайту жобасы күтіп тұрғанын атап өтті. Мен үшін «Шеврон» компаниясының біздің елде сəттілікке қол жеткізгені, бүкіл əлемге жəне өзге компанияларға Қазақстанда жұмыс істеуге əрі табысты жұмыс істеуге болатыны көрсетілгені маңызды болды. Сіздер соны жасадыңыздар, мен сол үшін ризамын. «Шевронның» арқасында біз АҚШ-пен жақсы қарым-қатынас орнаттық, көптеген америкалық компаниялар Қазақстанда табысты жұмыс жасауда. Біз алдымызға 2050 жылға қарай дамыған 30 елдің қатарына кіру міндетін қойдық, сондықтан елді индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасын жүзеге асырып жатырмыз. Мен «Шеврон» бұған белсене атсалысады деп сенемін. Үкіметпен бірлесіп, сіздер мұнай өндіру, өңдеу кəсіпорындарын салуларыңыз, мұнай өндіру мен өңдеу құралжабдықтарын шығаруларыңыз, жаңа жұмыс орындарын, жаңа кəсіпорындарды құруларыңыз қажет, деді Мемлекет басшысы. Салтанатты қабылдаудың ресми бөлігі аяқталған соң оған қатысушылар қазақстандық өнерпаздардың концертін тамашалады. Салтанатты шара бүгін Атырау қаласында жалғасады. ----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Мəселенің мəнісі
Хроника
Мемлекет басшысының Өкімімен Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметінен босатылды.
Айтайын дегенім...
Ойдым-ойдым, шўрќ тесік жол
сґз бен істіѕ їйлесімсіздігін кґрсетеді Сүлеймен МƏМЕТ,
«Егемен Қазақстан».
Бір замандары өмір шындығын тап басып көрсеткен орыс жазушысы Н.Гогольдің Ресейдің екі соры туралы айтқаны бар еді. Оның біріншісі жолдың жайы болатын. Бүгінгі таңда миллиондаған машина жортып жүрген Қазақ елі
жолының да көп жағдайда сын көтере бермейтіні айдай анық. Əсіресе, көктем келіп, қар ерігеннен кейінгі кезеңде жолдардың от орнындай ойдым-ойдым, шұрқ-тесік болып жүргізушілердің жүйкесіне тиетінін ешкім жоққа шығара алмаса керек. (Соңы 8-бетте).
«D» аралындаєы аќаудыѕ себебі аныќталды Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».
Бұған дейін, яғни наурыздың басында Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы «D» аралында техникалық ақау орын алған еді. «D» – маусым айында бастапқы мұнай тонналары алынатын «Қашаған» кенішіндегі жасанды аралдардың бірі. Теңіз төріндегі кен орнында болған техникалық ақаудың себебі туралы НКОК компаниясының сыртқы байланыстар жөніндегі менеджері Ханс Венк төмендегіше түсініктеме берді. 1 наурызда сағат 17:45-те «D» аралында мердігер орындап жатқан ұңғыманы іске қосу жұмыстары кезінде техникалық ақаулар орын алған. Жұмыс барысында майысқыш сорғы-компрессорлық құбырларының мұнара секциясы гидравликалық жаб дықтың істен шығуына
байланысты бүгіліп кеткен. Ұңғыма сенімді бітелген жəне қауіпсіз жағ дайда. Қызмет көрсетуші қыз меткерлерге, қоршаған ортаға, сондай-ақ ұңғыманың жұмыс жасау жағдайына қауіп төнген жоқ. ҚР Өнеркəсіптік қауіпсіздік ережелеріне сəйкес, тиісті мемлекеттік органдарға өз уақытында хабарланды. «Норт Каспиан Оперейтинг Компании» (Солтүстік Каспий жобасының операторы) жəне «Аджип» ҚКО агент-компаниясы мердігерлермен жəне билік органдарымен тығыз байланыста бола отырып, жабдықтың ақаулығын тексеруді аяқтап, ұңғымадағы жұмыстарды жалғастыру үшін техникалық шешімдерді əзірлеуде. Ұңғыманы қалпына келтіру бойынша осы шаралар өндірістік нысандарды қолданысқа енгізу жəне қосу бойынша басқа жұмыстарға əсер етпейді. Атырау облысы.