Бїгінгі нґмірде: Ќиєаштаєы кґпір
3-бет Біздіѕ Отанымыз – бірліктіѕ берекелі бесігі 4-5-беттер Ќара дауылєа ќарсы ўшќан ќыран 6-бет Текетірес 9-бет Моѕєол ќўпиясы 10-бет
№65 (28289) 4 СƏУІР ЖҰМА 2014 ЖЫЛ
Президент Əкімшілігіне жоєары жауапкершілік жїктеледі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Президент Əкімшілігінің басшылық құрамымен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы кездесу барысында Кəрім Мəсімовке Президент Əкімшілігі Бас шысының қызметінде атқарған жұмысы үшін алғыс айтты. – Бұл шешім осындай күрделі кезеңде Үкімет жұмысына тың серпін беру үшін қабылданды. Біздің «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясында мақсаттарымыз бар жəне Үкімет оларға қол жеткізу үшін жасалатын жұмысты
жандандырғаны жөн. Бұл міндет жауапты əрі оңай емес, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті өз Жарлығымен Əділбек Жақсыбековтің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы лауазымына тағай ындалғанынан хабардар етті. – Мемлекеттік хатшы кең ауқымдағы міндеттерді атқарады, ал Ə.Жақсыбековтің бұдан
бұрынғы қызмет салаларында жинаған тəжірибесі мен білімі жаңа қызметіндегі міндеттерді шешуге айтарлықтай септігін тигізетін болады, – деді Мемлекет басшысы. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев Президент Əкімшілігінің Бас шысы лауазымына Нұрлан Нығматулинді тағайындағаны туралы мəлімдеп, оның өңірлік деңгейде де, орталық деңгейде де мол жұмыс тəжірибесі бар екенін атап өтті. – Өздеріңіз білетіндей, Президенттің Əкімшілігіне жоғары
жауапкершілік жүктелген, мемлекеттік басқару жүйесі нің тиімділігі сіздердің жұмыстарыңызға байланысты. Сондай-ақ, Əкімшілік өңірлік жəне орталық атқарушы органдардың жұмысын үйлестіре отырып, қабылданған шешімдер мен тапсырмалардың орындалуын қадағалайтын негізгі бақылаушы орган болып саналады. Осыған байланысты негізгі міндет – ел азаматтарының мүддесіне сай келетін барлық қажетті шешімдердің қабылдануын қамтамасыз ету жəне жүзеге асыру, – деді Қазақстан Президенті.
Ќарулы Кїштер ґз міндетін орындауєа əрдайым дайын болуєа тиіс Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы кездесу барысында Серік Ахметовтің Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалғаны туралы хабарлай келіп, оның басшылық жұмыста мол тəжірибесі бар екенін айтты. – Бүгінгі күні ол бұл қызметке ең лайықты адам деп санаймын. Біз Қорғаныс министрі етіп
азаматтық тұлғаны тағайындау бағытын ұстанып келеміз. Бізге қорғаныс кешені кəсіпорындарын дамытуды, армиямызды заманауи техникамен жабдықтауды жалғастыру, сондай-ақ, мемлекет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті жақында
өткен жедел-стратегиялық кеңес кезінде алға қойылған міндеттерді іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Соңында Мемлекет басшысы еліміздің Қарулы Күштері əскери міндеттерін орындауға əрдайым дайын болуға жəне өз кəсіби шеберліктерін ұдайы жетілдіріп отыруға тиіс екеніне тоқталды.
----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің Қаулысы
Ə.Р.Жақсыбековті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындау туралы
Н.З.Нығматулинді Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Басшысы қызметіне тағайындау туралы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің Төрағасын сайлау туралы
Əділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын.
Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2014 жылғы 3 сəуір. №781 Əділбек Рыскелдіұлы ЖАҚСЫБЕКОВ 1954 жылы туған. Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын, Мəскеу халық шаруашылығы институтын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Институтты бітіргеннен кейін Кине матография жөніндегі мемлекеттік комитеттің аға бухгалтері-ревизоры, Целиноград облыстық кинофильмдер прокаты жөніндегі мекеме басқарушы сының орынбасары, бас инженері болып жұмыс істеді. Кəсіпкерлік қызметпен айналысты. Парламент Сенатының депутаты болып сайланды. Ақмола облысы əкімінің бірінші орынбасары, Астана қаласының əкімі, Индустрия жəне сауда министрі, Президент Əкімшілігінің Басшысы лауазымдарына тағайындалды. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі лауазымдарында қызмет атқарды. 2011 жылғы сəуірден – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы С.Н.Ахметовті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі қызметіне тағайындау туралы Серік Нығметұлы Ахметов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 3 сəуір. № 783
Астана, Ақорда, 2014 жылғы 3 сəуір. №782 Нұрлан Зайроллаұлы НЫҒМАТУЛИН 1962 жылы туған. Қарағанды политехникалық институтын, БЛКЖО ОК жанындағы Жоғары комсомол мектебін бітірген. Саяси ғылымдар докторы. Ағылшын тілін меңгерген. Еңбек жолын «Қарағандыоблгаз» өндірістік бірлестігінде инженер болып бастады. Ленин аудандық жəне Қарағанды облыстық комсомол комитеттерінің бірінші хатшысы, Қазақстан Жастар ұйымдары комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді. «Тенгри» қазақ-америка бірлескен кəсіпорнының президенті болды. 1995-1999 жылдары Президент Əкімшілігінің Ұйымдастырубақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары болып қызмет етті. Астана қаласы əкімінің орынбасары, Көлік жəне коммуникация вице-министрі, «Отан» партиясының аппарат басшысы қызметтерін атқарды. Президент Əкімшілігі Басшысының орынбасары, Қарағанды облысының əкімі, «Нұр Отан» халықтықдемократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары лауазымдарына тағайындалды. 2012 жылғы қаңтардан – Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депутаты, Мəжіліс Төрағасы.
Президент поштасынан
Араб жəне мўсылман əлемі їшін ерекше мəні бар баєдарлама
Интеграция игілігі
Мемлекет басшысының атына Ливан Парламенті «Мустакбаль» партиясы парламенттік блогының көшбасшысы, экс-Премьерминистр Фуад Синиорадан хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Жақында ғана, 29 наурыз күні «Егемен Қазақстан» «Жасампаз жобаға – жиырма жыл» деген ортақ тақырыппен арнаулы нөмір дайындаған болатын. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Мəскеу мемлекеттік университетінде Еуразиялық Одақ құру жөніндегі бастамасын жария етуінің дəл жиырма жылдығына орайластырылған материалдар Қазақстан басшысының Еуразиялық экономикалық қауымдастықты, Кеден одағын құру, Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру идеяларының бəрі де кезең-кезеңімен жүзеге асып келгенін көрсеткен, алдағы кезде Еуразиялық экономикалық одақты құруға дайындықтың барысын ашқан еді. Газет бүгінгі нөмірде де осы аса маңызды тақырыпты жалғастырып, «Интеграция игілігі» ортақ атауына топтастырылған жарияланымдарды 3-бетте оқырмандар назарына ұсынып отыр.
Автор өзінің хатында Мемлекет басшысының Қа зақстан халқына биыл ғы Жолдауымен зор қызы ғушылық білдіре отырып танысып шыққанын, онда елдің болашағы көрініс тапқанын жəне басты мақсатқа – Қазақстанның 2050 жылға дейін əлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуға қол жеткізу жолдары айқындалғанын айтады. Ф.Синиора Жолдауда аталған даму бағыттарының араб жəне мұсылман əлемі үшін ерекше мəні бар екенін атап өткен. «Сіз біздің ислам əле мін дегі
талқылауларымызда айтыла бермейтін аса маңызды тақырып – өсім, жаңғырту жəне экономикалық дамудың маңызды əрі тиімді біріктірушілік қағидаттар болып саналатыны туралы айттыңыз», делінген хатта. Автор Қазақстанның даму жолында алға қой ған мақсаттарға қарай қадам баса отырып, өзге мұсылман жəне араб елдері үшін үлгі болатынына сенім білдіріп, хат соңында Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық жəне барлық ойға алған жоспарларын іске асыру жолында табандылық тілеген.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабының 1-тармағына сəйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің Мəжілісі қаулы етеді: Депутат Жақыпов Қабиболла Қабенұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің Төрағасы болып сайлансын. Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі Төрағасының орынбасары С.ДЬЯЧЕНКО. Астана, 2014 жылғы 3 сəуір. № 729 -V ПМ Қабиболла Қабенұлы ЖАҚЫПОВ 1949 жылы туған. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, Алматы Жоғары партия мектебін бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты. № 8 «Оралауылқұрылыс» тресінде еңбек жолын бастап, бас инженер, ПМК-811 бастығы қызметтерін атқарды. Содан соң «Оралколхозқұрылыс» тресінің бас инженері болды. Орал қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, қаладағы Ленин аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, қалалық атқару комитетінің төрағасы, Батыс Қазақстан облысының əкімі қызметтерін атқарды. Көлік жəне коммуникациялар министрінің бірінші орынбасары, Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының орынбасары – Үкіметтің Парламенттегі өкілі болып тағайындалды. 2007 жылы Парламент Мəжілісінің депутаттығына сайланды. 2012 жылғы қыркүйектен бері – Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі Төрағасының орынбасары.
Мəжіліс Тґраєасы сайланды
Кеше түс қайта арнайы өткізілген жалпы отырыста үш мəселе қаралды. Депутаттар күн тəртібінде Мəжіліс Төрағасын, оның орынбасарын жəне палатаның Əлеуметтік-мəдени комитетінің басшылығына кандидаттарды сайлау мəселесін қарады. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Парламент ғимаратына арнайы келген бұрынғы Мəжіліс Төрағасы, қазіргі Мемлекет басшысының Жарлығымен Президент Əкімшілігінің
Басшысы болып тағайындалған Нұрлан Нығматулин палатадан өз өкілеттігін тоқтату туралы ұсынысын ортаға салды. Ол ұсыныс депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тапты. (Соңы 2-бетте).
Ортаќ іске арналєан орталыќ Алматы қаласынан дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталық құрылады. Бұл жайлы Сенат Төрағасы ҚасымЖомарт Тоқаевтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында Ресей жəне Қырғызстанмен төтенше жағдайларға қатысты қарым-қатынастарды реттейтін заң жобаларын қараған отырыс барысында айтылды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Алдымен депутаттар «1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы өнеркəсіптік авариялардың, апаттардың, дүлей зілзалалардың алдын алу жəне
олардың зардаптарын жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдарының мемлекеттік шекараны кесіп өтуінің оңайлатылған тəртібі туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын қарап, қабылдады. (Соңы 2-бетте).