Бїгінгі нґмірде:
№61 (28539) 4 СƏУІР СЕНБІ 2015 ЖЫЛ
Индустрияландыру игілігі
Жалпы отырыстыѕ кїн тəртібі ќаралды Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мəжіліс бюросы өтіп, жалпы отырыстың күн тəртібі нақтыланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Депутаттар назарына 2009 жылғы 6 қазандағы Қазақстан мен Франция үкіметтері арасындағы Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесін жəне ғарыш аппараттарының құрастырусынау кешенін құру мен пайдалану шарттары туралы келісімге түзетулерді қарастыратын хаттаманы ратификациялауға қатысты заң жобасы ұсынылады. Халық қалаулылары құрылыстағы баға белгілеу, сəулет-құрылыс бақылауын, сондай-ақ, объектілерді пайдалануға қабылдауды жүзеге асыру мəселелері бойынша, сонымен қатар, Каспий теңізінде төтенше жағдайлардың
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өңірге жұмыс сапарының екінші күнін Ақтөбе рельс арқалығы зауытының жұмысымен танысудан бастады. «Сабақты ине сəтімен» дегендей, Елбасының осы зауытқа соғып, кəсіпорын жұмысшыларымен кездесуінің өзіндік реті бар еді. Өткен жылы Жалпыұлттық телекөпір кезінде Елбасы «2020 жылға дейінгі мемлекеттік индустриялық-инновациялық бағдарламасы» аясында салынған зауыттың іске қосу-реттеу жұмысын бастауға пəрмен берген болатын. Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».
Орталық Азия елдерінде теңдесі жоқ бірегей кəсіпорынның жалпы аумағы 57 гектарды құрайды. Зауытта үш негізгі жəне 17 қосымша цехтар жұмыс істейтін болады. Екі жылдан астам уақытта бой көтерген ірі кəсіпорын өңірдің экономикалық қуаттылығын арттыра түспек. Жобаның құны – 76,6 миллиард теңге. Кəсіпорынның іске қосылуреттеу жұмыстары аяқталып келеді. Зауыт үстіміздегі жылдың ортасында толықтай пайдалануға берілмек. Жылына 430 тонна өнім өндіреді, оның 200 мың тоннаға жуығы теміржол рельсі, қалған 230 мың тоннасы бір қалыпта құйылған прокат (швеллер, арқалықтар, қырлы бұрыш темірлер, арнаулы профильдер) болып табылады. Кəсіпорын шығаратын рельстер, басқа да өнімдер Өзбекстан,
Түрікменстан, Ресей нарықтарына шығарылады. Сонымен қатар, Грузия, Қырғызстан, Əзербайжан, Тəжікстан, Иран мемлекеттерінің нарықтарының сұраныстары да қарастырылуда. Бұл зауытта инновациялық термотөзімді, жоғары сапалы рельстің ұзындығы 25-120 метр етіп құйылады. Өнім жоғары жылдамдықпен жəне қозғалысы көп желілерге қолданылатын болады. Рельстің ұзын болуы мұндағы дəнекерлеу арқылы жалғау жұмыстарын азайтады əрі қауіпсіздікті күшейтеді. Тағы бір ерекшелігі – зауыт шығарған өнім жылжымалы құрамның жылдамдықты арттыруына ықпал етеді. Қазірдің өзінде «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-пен он жылға өнім жеткізуге келісім жасалған. Зауыт жұмысшылары мен теміржолшылар Елбасын асқан
көтеріңкі көңіл күйде қарсы алды. Əңгіме барысында Мемлекет басшысы Ақтөбе облысының даму қарқыны жалпы еліміздің жүйелі аяқ алысына сай екенін атап өтті. – Өңірдің дамуына соңғы жылдары 500 миллиард теңгеден астам қа ра жат жұмсалды, 500 мың шаршы метр баспана пайдалануға беріліп, 5 мектеп, 2 балабақша салынды. Сəбилердің 90 пайызының балабақшаларға баруы өте маңызды. «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында жолдар, əуежайлар салынатын болады. Бүкіл қазақстандықтар жұмыспен қамтылады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті Орталық Азиядағы ірі əрі бірегей кəсіпорын облыс экономикасын нығайтуға зор үлес қосатынын айтты. Сондай-ақ, бірегей зауытты еліміздегі индустрияландыру саясатының үздік үлгісі ретінде бағалады. – Зауыт индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының озық жобаларының бірі саналады. Ол «Сименс» компаниясының заманауи құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Құрылыс кезінде 1000 адам жұмыс істеді, енді 760 адам жұмысқа орналасады. Əр адамға шаққандағы өнімділік
80 мың долларды құрайды. Бұл – біздің еліміз үшін жоғары өнімділік. Мұндай кəсіпорын Қазақстанда бұрын болмаған, оның шығаратын өнімі де жаңа. Бұрын біз рельсті сырттан сатып алатынбыз, енді ішкі нарықтың сұранысын өтеп қана қоймай, экспортқа да шығара аламыз. Сонымен қатар, мұнда құрылысқа қажетті нəрселердің бəрі өндірілетін болады, – деді Мемлекет басшысы. Кездесуде сөз алған Қазақстан теміржолының ардагері Тыныштықбай Əуесбаев алдымен Елбасына арайлы Ақтөбе өңіріне қош келдіңіз деп алып, тəуелсіздік жылдары ғаламат істер атқарылғанын, 2500 шақырым теміржол салынғанын, осы заманғы электровоздар, тепловоздар, жүк жəне жолаушы вагондарын құрастырып шығаруға қол жеткізілгенін, еліміздің Еуразиядағы логистикалық-транзиттік орталыққа айналғанын мем лекеттің ұтымды саясатымен сабақтастырды. Жас маман Серік Бимағамбетов зауыт жұмысшыларының 70 пайызы жастар екенін, кəсіпорынды əлемдегі үздіктер қатарына шығаруға үлес қосатындарын жеткізді.
Жеѕіс кїнін тойлауєа дайындыќ ойдаєыдай Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықова «Ардагерлер ұйымы» Орталық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев бастаған ұйымның өкілдерімен жəне мемлекеттік органдар басшылары: Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы Сəкен Жасұзақов, Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму вицеминистрі Дəулет Арғындықовпен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге дайындық мəселелері бойынша кездесу өткізді. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».
Өзінің сөзінде Мемлекеттік хатшы Ұлы Отан соғысына 1 млн. 800 мыңға жуық қазақстандықтың қатысқанын атап өтті. Жауынгерлік ерлігі үшін жүздеген мың қазақстандық жауынгерлер мен офицерлер орденмедальдармен марапатталды. Соның ішінде 500-дей адам Кеңес Одағының Батыры атанды, 110
жауынгер «Даңқ» орденінің үш дəрежесімен наградталды. 630 мыңнан астам қазақстандық қиянкескі ұрыстарда қаза тапты немесе ауыр жарақаттардың салдарынан көз жұмды. Сондай-ақ, жүздеген мың адам хабар-ошарсыз кетті жəне тұтқыннан оралмады. Жалпы айтқанда, қолына қару ұстап майданға барған əрбір екінші адам Жеңіс жолында құрбан болды. Г.Əбдіқалықова 2015 жылғы 1
наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 4776 соғыс ардагері мен 192 980 тыл еңбеккері бар екенін хабарлады. Ол ел Президенті Нұрсұлтан Назар баевтың «ардагерлер қаһармандықтың, ынтымақтың, бірліктің үлгісін көрсетті, сондықтан бүгінгі күн көптеген ұрпақ үшін ақиқат салтанат құрған күн болып саналады» деген сөзі өзекті екенін атап өтті. Ө.Озғанбаев Жеңіс күнін мерекелеуге қатысты ардагер лер арасындағы хал-ахуалмен таныстырды. Сөзін ардагер лер мəселесіне бөлініп отыр ған назарға жəне олардың мəселелерін талқылауға беріліп отырған мүмкіндікке алғыс айтудан бастаған ол қарттарымыздың арасындағы жалпы ахуалдың жақсы екенін жеткізді. Со ғыс арда герлеріне үлкен қамқорлықтар жасалып отыр. Оларға
тұрғын үйлер берілуде, коммуналдық төлемдерден босатылған, медициналық көмектер үйлерінде жасалып тұрады. «Өмір белдеуі» акциясы үшін ардагерлерден алғыстар жаууда. Осы күндері барлық майдангерлерге «жедел жəрдемді» тура шақыра алатын «төтенше түймешесі» бар ұтқыр жабдықтар таратылып болып қалды. Бұл біздің майдангерлеріміздің өмірін ұзарта түсуге септігін тигізуде. Жуырда ғана ардагерлер арасында өткен «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер!» республикалық көркемөнерпаздар шығармашылығының фестивалі аяқталды. Оған еліміздің барлық түкпірінен 50 мыңнан артық ардагер тартылып, өздерінің өнерлерін ортаға салып серпіліп қалды. (Соңы 2-бетте).
Міндеттер айќындалды
Кеше Премьер-Министрдің орынбасары Б.Сапарбаевтың төрағалығымен əлеуметтік саладағы кең ауқымды мəселелерді талқылау бойынша селекторлық мəжіліс өтті. Оған қатысушылар Отан қорғаушылар күнін мерекелеу бойынша тұжырымдаманың жобасын жəне іс-шаралар жоспарын талқылады. Аталған құжаттарда мерекені наси- қарастырылды. Облыс басшыларының хаттау, жастар арасында патриоттық қатысуымен өткен селектор барысынсезімдерді күшейтуге қатысты іс- да еңбек ақыны уақтылы төлемей шаралар айқындалған. Вице-премьер отырған кəсіпорындар нақты аталып, мемлекеттік орган басшыларының на- жұмысы талқыға түсті. Б.Сапарбаев зарын жоспардың уақтылы жəне сапалы мүдделі мем лекеттік органдарға орындалуы қажеттігіне аударды. еңбекақы жөнінде берешектікті жою Сонымен қатар, мəжілісте жұ- бойынша тиісті шараларды қабылмысшылардың еңбек құқықтарының дауды тапсырды. сақталуы жəне оған кепілдігі мен (Соңы 2-бетте). жалақыны уақтылы беру мəселелері
– Мен қатардағы инженерден осындай бірегей кəсіпорынның директорлығына дейінгі еңбек жолынан өттім. Бұл бəрімізді іргелі істерге құлшындырады, – де ді «Ақтөбе рельс арқалығы зауыты» ЖШС-нің бас директоры Андрей Кузьмин. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев зауыт құрылысына атсалысқан барлық мамандарға алғыс айтып, жұмыстың тезірек бас талуын жəне бұдан əрі де табысты болуын тіледі. Президент «Ақтөбе-орталық» ЖШС-нің көлік-логистика орталығында болды. Мұнда Мемлекет басшысын орталықтың жұмысымен облыс əкімінің орынбасары Мұхтар Жұмағазиев таныстырды, онда сақталатын өнім түрлері көрсетілді. Орталықтың қуаты 17 мыңнан астам палле торынға лайықталған. Оның аумағы – 4,7 гектарды, қоймаларының алаңы 12 400 шаршы метрді құрайды. Нұрсұлтан Назарбаев агроөнеркəсіп кешені мен бизнестің өзге де салалары өкілдерімен əңгімелесіп, облыстың орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды. (Соңы 2-бетте).
Кірме сґзге кіріптарлыќ 5-бет 17 Алєыс хат 7-бет Еѕбекті еншілеген ел 8-бет Əбігерге тїскен əлем 9-бет «Жамбылдыќ əдіс» 16-бет
алдын алу жəне оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге жəне 2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ға рыш айлағында «Бəйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру тура лы келісімге түзетулерді көздейтін хаттамаға қатысты екі ратифи кациялық құжат бойынша қорытынды əзірлеу мерзімін тағайындайды. Осы күні мəжілісмендер, сақтандыру жəне исламдық қаржылан дыру мəселелері бойынша заң жобасына Парламент Сенаты енгізген өзгерістерді қарайды.
Ќазаќстан туы Вьетнам жерінде желбіреді Парламент Мəжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыповтың Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапары барысында Ханой қаласында Қазақстан Республикасы елшілігінің жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рəсімі өтті. Шараға қазақстандық парламентарийлер делегациясы, Вьетнамның мемлекеттік жəне қоғамдық ұйымдары мен дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты. Лентаны кесу рəсімінен кейін Қазақстан Республикасы Əнұранының салтанатты əуенімен Отанымыздың Көк байрағы елшіліктің үстінен көтерілді. Парламент Мəжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыпов өз сөзінде Қазақстанның Вьетнамдағы елшілігінің ашылуы тараптардың екіжақты қатынастарды нығайтудың жарқын дəлелі болып табылатыны жəне бұл елдеріміздің ерекше достық қарым-қатынастарының, сенімі жəне серіктестігінің белгісі деп атап өтті. Вьетнам Сыртқы істер министрінің орынбасары Буй Тхань Шон екі ел арасындағы дəстүрлі достық қатынастарды атап өтіп, Ханойда Қазақстан елшілігінің ашылуы Қазақстан басшылығының Вьетнаммен ынтымақтастықты дамытуға шын ниетінің дəлелін растап, екіжақты ынтымақтастықты одан əрі
кеңейту мен тереңдетуге қызмет ететінін атап өтті. Қазақстан мен Вьетнам арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 22 жыл болды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Вьетнамда Қазақстан елшілігін ашу туралы Жарлығы 2013 жылғы қараша айында жарияланған, ал Вьетнамның Астанадағы елшілігі 2008 жылдан бері өз қызметін атқарып келеді. Қазақстанның Вьетнамдағы елшісі Бекетжан Жұмаханов Сенім грамотасын Вьетнам Президенті Чыонг Тан Шангқа 2014 жылғы 6 наурызда тапсырған болатын. Екі елдің сауда айналымы 2014 жылы 271,9 млн. АҚШ долларын құрап, соңғы 5 жыл ішінде 3 есе артты (2009 ж. – 88,379 млн. АҚШ долл.). «Егемен-ақпарат».
● Қазақстанда жасалған
Ґркениет ґріне ґрлеу
экономикасы кері шегінбеген əлемдегі санаулы елдер ќатарындаєы Ќазаќстан їшін басым баєыт болып ќала беретінін Дубай тґріндегі шара таєы бір айєаќтап берді Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Біріккен Араб Əмірліктерінен қуанышты хабар мұхит өрлей, теңіз көктей өтіп, құстай ұшып жетті. Қызылжар өңіріне! Сүйіншілеген – облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Алтынбек Абдоллаев. Атына заты сай бауырымыз дүниенің төрт бұрышына жақсы таныс еліміздің тағы бір биік шыңды бағындырғанын бөліскенше асыққан сыңайлы. Алдында облыс əкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров бастаған топ Қазақстан делегациясының құрамында БАƏ-ге сапарлап кеткенін естігенбіз. Асықпайық, аптықпайық, олжалы оралған соң емен-жарқын сұхбаттасармыз дегенбіз. Самал желдей тербетіп,
жан-дүниемізді жадыратқан жаңалық қолымызға еріксіз қалам алдыртты. Олай болса, əңгімені басынан сабақтайық. Елбасы Н. Назарбаевтың Үкіметтің соңғы кеңейтілген отырысында «тиісті меморандумдар бекіте отырып, қазақстандық қамту жөніндегі форумдар өткізу тəжірибесін қайта жаңғырту керек. Барлық сауда желілерінде отандық тауарлар секциясы пайда болу үшін «Қазақстанда жасалған» акциясын бастаймыз. Облыс əкімдері мұны қадағалап отыруы керек. Барша азаматтарға осы күрделі жағдайда патриот болып, қазақстандық өнімді сатып алу жөнінде сөз арнаймыз», дегені бəріміздің есімізде. Бағалы бастама ел ауқымында қолдау тауып, бүгінде жер-жерлерде қызу жалғасып келеді. (Соңы 9-бетте).