Бүгінгі нөмірде: 21 жасында батальон басқарған 3-бет Киев көктемі 5-бет Уран ұранмен өндірілмейді 7-бет Жолдың қожайыны «джип» мінгендер ме?! 10-бет
№121 (28060) 4 МАМЫР СЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Айбын
2013 жылғы 7 мамырда «Отар» 40-шы əскери базасының полигонынан Отан қорғаушы күніне арналған жауынгерлік парад тікелей трансляцияланатын болады. Полигонда Құрлық əскерлерінің барлық қаружарақ түрлерінен жауынгерлік атыстар жүзеге асырылады. Қазақстан Əскери-əуе күштерінің ұшақтары мен тікұшақтарынан зымырандар нақты түрде жіберіліп, бомбалау тəжірибе жүзінде қолданылады. Каспий теңізі акваториясындағы Қазақстан Əскеритеңіз күштері кемелерінің жауынгерлік атысы онлайнрежімінде таратылады. Жауынгерлік парадқа 7 мыңнан астам əскери қызметші, 400-ден аса бронды машина мен автомбильді техника, 86 ұшақ пен тікұшақ қатысады.
Əскери-теѕіз кїштерініѕ əлеуеті артып келеді
Биыл Қазақстанның Əскери-теңіз күштерінің құрылғанына – 20 жыл. Əскеритеңіз флоты мемлекет Қарулы Күштерінің құрамдас бөлігі саналатындықтан, оның негізгі қызметі теңіздегі (мұхиттағы) ұрыстар кезінде дұшпанның Əскери-теңіз күштерін талқандауға, оның жағалаудағы өнеркəсіптік-эконо микалық аудандары мен маңызды əскери нысандарын жоюға немесе құрлықтағы өз нысандарын теңізден (мұхиттан) жасалған шабуылдардан қорғауға бағытталған. Бұл, əрине, үлкен жауапкершілікті талап ететін ауыр да абыройлы міндет. Отанымызда алғаш рет өткізілгелі отырған жауынгерлік парад қарсаңында бұл жауапкершілігі мол шараға Əскери-теңіз флотының үлес қосатынын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Əскери-теңіз күштерінің Бас қолбасшысы, контр-адмирал Жандарбек ЖАНҰЗАҚОВҚА жолыққан болатынбыз. Əңгіме барысында өзгеше жауапкершілік міндетін арқалаған Əскеритеңіз күштерінің бүгінгі əлеуеті жайында əңгіме қозғалған еді.
– Жандарбек Сəдуұлы, 1993 жылдың 2 сəуірінде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қа зақстанның Əскери-теңіз күштері құрылып, 1998 жылы Шекара күзеті күштерінің құрамына енгізілгені белгілі. Теңіз флотилиясының басты мін деті – шекарашылармен біріге отырып, Қазақстанның Каспий теңізінің жағалауы арқылы өтетін мемлекеттік шекарасын күзету. Демек, бұл міндеттің осы салада күн-түн демей қызмет атқарып, азаматтардың əрқайсысынан айрықша қажыр-қайратты талап ететіні анық. Əңгімеңізді алдымен осындай ауыр да жауапкершілігі мол қолбасшылық қызметке келу жолынан бастасаңыз. – Мен 1966 жылы Қостанай облысында дүниеге келдім. 1983-1988
Жауынгерлік парад
алдындаєы бас жаттыєу ќорытындыланды «Отар» 40-шы əскери базасында елімізде тұңғыш рет өткізілгелі отырған жауынгерлік парадтың бас жаттығулары болып өтті. Бұл 7 мамырда кең көлемде мерекеленетін Отан қорғаушы күніне арналған алғашқы жауынгерлік парадқа дайындықтың соңғы қорытынды кезеңі болып табылады. Қанат ЕСКЕНДІР,
«Егемен Қазақстан».
жылдары Владивосток қаласында С.О.Макаров атындағы Тынық мұхиты əскери-теңіз училищесінде оқыдым. Училищені «Корабльдер қару-жарағы» мамандығы бойынша тəмамдап шықтым. 2001-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Щучье қаласындағы Ұлттық қорғаныс университетінде, 2008-2010 жылдары Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Мəскеудегі Бас штабының əскери академиясында оқыдым. 1988-1995 жылдары Петропавл-Камчатск қаласында, 1995-2000 жылдары Ақтауда Қазақстан Рес пуб ликасының Əскери-теңіз күштері қатарында қызмет атқардым. Ал 2000-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінде қызмет еттім. Бұдан кейінгі, яғни 2003-2008 жылдары Атырау қаласындағы
«Батыс» өңірлік басқармасында əртүрлі қолбасшылық қызметтер атқардым. Менің əскери азамат болуыма бала кезімдегі мынадай бір жағдай себеп болды. Ол кезде біз Ресейде тұрушы едік. Мен бір күні көрші үйдің баласының теңізшінің киімін киіп жүргенін көріп қалдым. Сол кезде маған əлгі жігіттің киімі қатты ұнап, керемет əсер қалдырды. Содан бастап мен кішкентай кезімнен солдат емес, міндетті түрде теңізші боламын деп өз-өзіме сөз бердім. Ол арманым біртіндеп, сатылап жүзеге асты. Біздің отбасымызда əскери адамдар жоқ. Дегенмен, мен осы абыройлы теңізші атына дақ түсірмей алып келе жатырмын деп ойлаймын. – Əскери-теңіз күштеріне Бас қолбасшы болып тағайындалған
Пасха мерекесімен ќўттыќтады Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Онда былай делінеді: «Қымбатты отандастар! Барша православие христиандарын жарқын да мерейлі Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Біздің көпконфессиялы елімізде қазақстандықтар діни сенімдері мен этностық ерекшеліктеріне қарамастан, маңызды діни мейрамдар қуанышын өзара бөліседі, сол арқылы халықтың рухын одан əрі асқақтата түседі. Бұл мейрамдар адамгершілік, тəрбие,
қайырымдылық мəдениетін дамыту, гуманизм мұраттарын орнықтыру, əлеуметтік тұрақтылықты бекемдеу арқылы жаңа мазмұнға ие болуда. Діни төзімділік, тату көршілік, жақын-жуыққа қамқорлық қазіргі заманғы Қазақстан қоғамының ізгі бағыттарынан берік орын алып отыр. Православие діни қауымы бейбітшілік пен келісімді нығайтуға өзінің қомақты үлесін қосып келеді». Президент құттықтауының соңында қазақстан дық тарға шаңырақтарыңыздан шаттық арылмасын дей келіп, сүйіспеншілік пен бақ-береке тілейді.
АҚПАРАТТАР аєыны Үкімет өзін өзі жұмыспен қамтыған 865 мың адамды өнімді еңбекпен қамтамасыз етуді көздейді. Бұл 2020 жылға дейінгі аралықта жүзеге асатын жоба. Бұдан бөлек, биыл жалпы, шағын несиеге бөлінетін қаражатты Үкімет екі есеге дейін арттырып отыр. Былтыр Қазақстанда жиналған салық 3 трлн. теңгеге жуықтады. 2012 жылы республикалық бюджетке сыртқы заемдарды қоспағанда, 4 трлн. 889,2 млрд. теңге түскен. Бұл жоспардың 100,7 пайызға орындалғанын көрсетеді. Биыл мектеп бітірушілердің 72 пайызы ҰБТ тапсыруға ниет білдірді. Олардың жалпы саны – 99560. Соның ішінде, түлектердің
68 315-і қазақ тілінде, 31 245-і орыс тілінде тест тапсырады. Мерзімінде төленбеген салық 81 млрд. теңгеден асып түсті. Бұл жайында мəлім еткен Қаржы министрі Болат Жəмішев сонымен бірге, мерзімінде төленбеген салық 2012 жылдың 1 қаңтарына қарағанда 3,6 есеге қысқарғанын айтты. Алматы – Қорғас жолын жаңғыртуға 1 068 млн. доллар қарыз қаражаты бөлінеді. Ол халықаралық даму банкісінен 1 068 млн. доллар қаржыны қарызға алу арқылы жүзеге асады. Ал Үкіметтің бірлесіп қаржыландыруы 188,5 млн. доллардан аспайды. Биылғы қарашадан бастап елімізде «əмбебап полицейлер»
кезіңізде алдыңызға қойған мақсаттарыңыз қаншалықты орындалды? – Біріншіден, менің осы уақытқа дейінгі еңбегім бағаланып, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2009 жылғы 30 қыркүйектегі №368 Өкімі мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Əскери-теңіз күштерінің Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалдым. Маған сеніп тапсырылған осынша абыройлы қызметті əрдайым мінсіз орындау – мен үшін ең басты міндет. Əрине, мақсаттар орындалып жатса да, алда талай тапсырмалар көп. Сондықтан, біз тек бір ғана жетістіктермен шектеліп қалмауымыз керек. Мəселен, биыл Əскери-теңіз күштерінің жиырма жылдығын атап өттік. Егемен еліміздің Əскери-теңіз күштері əлі жаңадан
Тағайындау Мемлекет басшысының Өкімімен Ардақ Əшім бекұлы Қазақстан Республикасы Пре зидентінің Күзет қызметі басты ғының бірінші орынбасары – Президент қауіпсіздігі қызметінің бастығы болып тағайындалды.
жұмыс істей бас тайды. Бұл ел аумағындағы патрульдік жəне жол полициясы əскери бөліністерін біріктірудің негізінде жүзеге асады. Батырхан Шүкенов түскен «Оқытушы» жастар комедиясы прокатка шықты. Балтық жағалауы елдерінің клипмейкерлері Виктор Вилкс жəне Славомир Леонтьев оны «Қазақфильм» АҚ тапсырысымен Vox Pictures компаниясы арқылы 1,5 миллион долларға түсірді. Қызылордада ескерткіштер орнатуға уақытша мораторий жарияланды. Бұл, аймақта тарихи-мəдени мұралардың барлық нысандарын тəртіпке келтіру жөнінде жұмыстар жүретіндігіне байланысты болып отыр. «ҚазАқпарат», Tengrinews, «Қазақстан жаңалықтары» агенттіктерінің хабарлары бойынша дайындалды.
қалыптасу үстінде. Жиырма жылдық мерейтойымыз 13 сəуір күні Ақтау қаласында аталып өтті. Алдымен, облыс əкімінің, Қазақ стан Республикасы Қарулы Күш тері Əскери-теңіз күштері басшыларының, Ақтау гарнизоны əскери қызметкерлерінің, жергілікті басқару органдары өкілдерінің жəне ардагерлердің қатысуымен ҰОС жылдарының құрбандарының рухына арнап, «Мəңгілік алау» мемориалына гүл шоқтары қойылды, сосын 35950 ə/б арнайы мақсаттағы жасағының «Кемеде кепілге алынғандарды босату» үлгі көрсетілімі жасалды. Содан кейін Каспий теңізінің жағалауында Ақтау қаласының тұрғындарына арналған концерт өтті. (Соңы 2-бетте).
Қорғаныс министрі Əділбек Жақ сыбеков пен Қарулы Күштердің барлық жоғары шенді қолбасшылары қатысып, пысықтаған əскери жаттығулар кезінде Құрлық əскерлері жəне Əуе қорғаныс күштері зымыран ату, бомба тастау, сондай-ақ, қаружарақтың барлық түрінен шартты нысаналарды атқылап, нағыз
(Соңы 2-бетте).
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы, генерал-полковник Сəкен ЖАСҰЗАҚОВ.
Кґшбасшылар їнќатысуы 22-24 мамыр аралығында VI Астана экономикалық форумы өтеді. Бұл форум бүгінде өзінің туы астына əлемге танылған теоретиктер мен тəжірибелі мамандарды жинайтын жаһандық құбылысқа айналды. Осы үрдіс бойынша үстіміздегі жылғы 24 мамырда VI Астана экономикалық форумының ең басты қорытынды шарасы – «Көшбасшылар диалогы: G-Global форматында үйлестірілген экономикалық өсімді қамтамасыз ету» атты отырыс өткізіледі. 2007 жылдан бері əлем экономикасы жаһандық рецессиядан арыла алмай қойды. Экономикалық дағдарыс
жауынгерлік атысты көрсетті. Жауынгерлік парадтың дəстүрлі əскери шеруден басты ерекшелігі Қазақстан Отан қорғаушыларының кəсіби шеберліктерін жəне еліміздің əскери қолданысындағы заманауи қару-жарақ пен əскери техниканы қолдану біліктілігін жан-жақты көрсету мүмкіншілігі басым болады.
құрсауынан шығатын тиімді жол тауып, экономиканы дағдарысқа дейінгі даму соқпағына түсіру бүгінгі таңдағы шешімі күрделі мəселеге айналып отыр. Нақ осындай болашағы бұлыңғыр күрделі кезеңде ірі халықаралық бірлестіктердің белсенді мүшесі ретінде Қазақстан G-Global жобасын өмірге əкеліп, үнқатысудың жаңа форматын ұсынады. Еуропа қарыз құрсауында тұншықса, дамыған елдер жұмыссыздық тығырығына тірелді. Шикізат ресурстарының бағасы төмендеп, экономикалық қатынастар бұзылуда. Міне, осындай күрделі экономикалық құбылыстар кешегі өндірісі
дамып, əлеу мет тік саласы гүлденген елдердің өзін əлеуметтік сілкініс шегіне əкеліп қойды. Қазір дүние жүзінде жаһандық реттеудің бірнеше топтары бар. Олардың қатарына G20, G8 жəне БҰҰ-ның бірыңғай өкілетті форматына біріккен басқа да бірлестіктерді айтуға болады. Өкінішке орай, осы құрылымдардың барлығы əлемнің барлық елдерінің мүддесіне қатысты көкейкесті проблемаларды шешуге қабілетсіз болып отыр. Міне, осындай жағдайда G-Global үнқатысу алаңы жаһандық ауқымда адамзат болашағына алаңдайтын ой толғаныстардың тоғысатын арнасына айналды. Осы формат шеңберінде өтетін «Көшбасшылар диалогының» ауқымы да арналы болмақ. Отырыста əлемнің озық ақыл-ой иелері төрткүл дүниені толғандырып отырған түйінді шешудің тиімді жолын табуға тиіс. Нияз ЖЫЛҚЫБАЕВ.
Талап жəне тəртіп
Аќша жўмсалды...
Біраќ ауыл əлі таза су іше алмай отыр Оралхан ДƏУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Соңғы кездері Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы күшіне мінді. Бас көтермей бұрқыратып жұмыс істеп жатқаны болар, əйтеуір, елді елең еткізерлік мəліметтерді жиі тарататын болды. Жақында Оңтүстіктің ауыз суына байланысты ауыр-ауыр сөздер айтылды. Облыстық прокуратураның басқарма прокуроры Қуаныш Ешанқұловтың мəліметіне қарағанда, жер асты суларының
талапқа сай емес екендігін жауапты орган өкілдері жасырып қалған көрінеді. Мақтаарал мен Сарыағаш аудандарында «Ақ бұлақ» бағдарламасының орындалуын тексерген кезде біраз ауылдағылар əлі күнге кермек дəмі бар суды тұтынып отырғаны мəлім болыпты. Сарыағаш ауданының Қазақстан елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында бөлінген 116 миллион теңгенің 10 миллионы қолды болған. Ал, Ордабасы ауданының Мамыр ауылының тұрғындарын таза сумен қамту үшін 185 миллион теңге
бөлінген, бұл жұмыс та аяғына жетпеген. Жалпы, прокуратураның араласуымен 37 нысанға берілген сараптама шешімдері қайтарылды. Бұл нысандарда жер асты суларының қоры жіті анықталмаған. Əрине, ауыр айыптау. Соншама қыруар қаржы шығындап, құбыр тартқан кезде ауыз судың таза болмай шығуы есіл еңбектің бəрін еш қылып тұрған жоқ па?! Сонда желге ұшқан қаржының сұрауы кімде? Неге алдын ала жер асты су қорын зерттеп, сараптап, көз жеткізіп болғаннан кейін тірлікті қолға алмады? Біз мұны облыстық энергетика жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Батырбек Көшербайдан сұрадық. (Соңы 7-бетте).