04062013

Page 1

Бүгінгі нөмірде:

№140 (28079) 4 МАУСЫМ СЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Айдынды Алакөл 4-бет Кванттық механика жəне діни таным 5-бет Білім – өркениет өрісі 6-бет Қиял қанаты талмайды 8-бет

Ќазаќстан – Латвия:

Ынтымаќтастыќтаєы жаѕа ќадам Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізге ресми сапармен келген Латвия Республикасының Президенті Андрис Берзиньшпен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан-Латвия қарымқатынастарын сапалы жаңа деңгейге көтеруге ба ғытталған өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары қарастырылды. Тараптар саудаэкономикалық жəне көліктранзиттік ынтымақтастық аясын кеңейту жолдарын да талқылады. Айқын НЕСІПБАЙ, Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Ќазаќстан мен Еуроодаќ – стратегиялыќ серіктестер Кеше Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуропалық комиссияның төрағасы Жозе Мануэль Баррозумен кездесіп, Еуроодақ пен еліміз арасындағы қарым-қатынастың сан қырлы мəселелерін талқылады. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Кездесуден соң журналистерге арнап берілген брифингте Елбасы: «Қазақстан Еуропалық Одақпен қарым-қатынасты дамытуға страте гиялық тұрғыда мəн береді. Еуропалық Одақ, Еуропа мемлекеттері Қазақстан үшін ең үлкен экономикалық əріптес болып табылады», дей келе, екі арадағы сауда-саттық көлемінің 53 млрд. доллардан асып отырғанын, тəуелсіздік жылдары ішінде Еуропа елдерінен Қазақстанға тартылған инвестицияның 80 млрд. долларға жетіп, жалпы инвестиция көлемінің 49 пайызын құрағанын айтып өтті. «Сондықтан біздің бүгінгі кездесуіміз өте нəтижелі болды

деп санаймын. Кездесу барысында Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы кеңейтілген серіктестік жəне ынтымақтастық туралы жаңа келісімді тезірек қабылдау мəселесін қарастырдық», деген Елбасы Қазақстанның БСҰ-ға өтуіне Еуропалық Одақ тарапынан қолдау көрсету, екіншіден, қазақстандық ұшақтардың Еуропа кеңістігінде ұшуына қарсылық жасамау мəселесін қарау, үшіншіден, виза бойынша Қазақстанға жеңілдіктер қарастыру бағыттарында Еурокомиссия төрағасымен келі сімге келгенін назарға салды. Мемлекет басшысы сондайақ гу мани тарлық байланыстар, жастардың білім алуы, басқа да бірқатар салалар мен халықаралық, өңірлік мəселелер бойынша өзара

пікір алма сылғанын жеткізді. Еуропалық комиссия төрағасы өз кезегінде былай деді: «Қазақстан Президентіне шақырғаны үшін алғысымды жеткізгім келеді. Нұрсұлтан Назарбаевтың Брюссельге сапары жақсы есімде. Ол бір өте табысты сапар болып, екіжақты байланыстардың тереңдей түсуіне зор ықпал жасады. Ал менің осы сапарымды нағыз қажет мезгілде жасалған барыскеліс деп есептеймін. Бұл сапар екі арада дипломатиялық қатынастар орнауының 20 жылдығы тұсында өтуімен ғана емес, сонымен бірге, біздің қарым-қатынастарымыздың жан-жақты, сан-салада дамуымен ерекшеленетін тұста өтіп отырғанымен құнды». Осылай деген ол Еуропалық Одақ пен Қазақстанның арасындағы кеңейтілген серіктестік жəне ынтымақтастық туралы жаңа келісім жаңа буын келісімі болатынына сенім білдірді. (Соңы 2-бетте).

 4 маусым – Мемлекеттік рəміздер күні

Ел абыройы:

Елтаѕба, Ту, Əнўран

Дəуір тудырєан, халыќ ќалаєан Шəмші Қалдаяқов пен Жұмекен Нəжімеденовтің осыдан жарты ғасыр шамасы бұрын жазылған «Менің Қазақстаным» əні уақыт сынынан өтіп, халықтың қалауымен 2006 жылдың қаңтарында дүйім қазақ елінің

əнұранына айналды. Əн өлеңнің мəтініне уақыт пен тəуелсіздік талабына сай тиісті өзгерістерді өз қолымен енгізгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік əнұраны етіп қабылдау туралы ұсынысты ел

Тағайындау

Парламентіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қолдаған болатын. «Менің Қазақстаным» əні, бір замандағы «Елім-ай» сияқты, дəуір тудырған тағдырлы əн. Оның шығу тарихын зерделеген салиқалы еңбектер дүниеге келуде. Солардың бірі – қарағандылық заң қызметкері Марат Азбанбаевтың «Менің Қазақстаным – Жұмекен» атты деректі эссе-толғамдар кітабы. Ал біртуар Шəмшінің іні досы, көп жылдар бойы аралас-құралас болып, сан сырды көкейіне түйген белгілі қаламгер Еркінбай Əкім құловтың «Əн патшасы Қалдаяқов» атты роман-эссесінен де елдің осы бас рəмізі хақында алар тағылым аз емес. Біз осы екі автордан «Менің Қазақстаным» əніне себеп болған жайлар туралы өз пайымдарын айтып берулерін өтінген едік. (Соңы 3-бетте).

Мемлекет басшысының Өкімімен Асқар Ахметұлы Мусинов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды. *** Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Ахметұлы Мусинов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Əмірліктеріндегі Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы қызметінен босатылды.

Қазақстанға ресми сапармен келген Латвия Президенті Андрис Берзиньш өткен жексенбіде бұрынғы Спасск лагері орнында болып, осында елдеріне орала алмаған кешегі отандастарына арнап орнатылған ескерткіштің ашылу рəсіміне қатысқан еді. Бұл жерде көптеген латыштардың қаза тапқанын, олардың əрқайсысы əрқашан есте сақталатынын айтып, латыш халқы атынан ескерткіш жанына гүл шоқтарын қойды. Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпақтары Даугава өзенінің жағалауынан орамалға түйіп əкелінген топырақты əкеағалары қабіріне септі. Олар барша халыққа ортақ қасірет құрбандарын есте тұтып, құрмет көрсетуге арнал ған шараларға қолдау көрсетуші қазақстандықтарға ризашылықтарын білдірді. Аты аталса жан түршіктірер ГУЛАГ-тың кешегі кеңестік кеңістіктегі қаптаған бөлімшелерінің бірі болған ҚАРЛАГ та зұлымдық ордаларының қайқайсысынан артық соқпаса кем болмағаны белгілі. Сталиндік саяси зорлық-зомбылық шарықтаған шақта сан мың адамның шетсізшексіз далалық түрмесіне айналған онда көптеген қуғындалған халықтармен бірге латыштар да азап шекті. Балтық жағалауындағы

шағын елдің 1 мыңға тарта азаматы оны алғашқы толтырушылар болды. Бұлардың тобында соғыс алдындағы тəуелсіз мемлекеттің туын жоғары ұстаушы, Латвия теңіз флотының қолбасшысы, адмирал Теодар Спаде сынды айтулы тұлғалар аз болмады. Осынау содыр саясат зардабына жазықсыз ұшыраған жандар ұрпақтары жанын сыздатқан жара жазылған жоқ. Ол сол қорқынышты уақытта жұрт үрейін ұшырған Спасск лагері құрбандары жерленген жерде одан сайын жүрек өртейді. Қарағандыға жолы түскен əр елдер басшылары алдымен ауыр тағдырға тап болған жерлестері топырағына тағзым етеді. Келіссөздер кезінде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Латвияны Балтық жағалауындағы маңызды серіктес санайтынын атап өтті. Сіздің сапарыңыздың екі ел арасындағы өзара қарым-қатынастарды жандандыру үшін өте үлкен мəні бар. Сіздер Еуроодаққа

кіру қарсаңында тұрсыздар, онда жүріп жатқан үдерістерге қатысты көзқарас тұрғысынан алғанда, бұл біз үшін де қызығушылық туғызады. Біздің келіссөздеріміз жемісті болады, ал бизнес-форум іскерлік топтардың байланыс орнатуына оң ықпал етеді деп ойлаймын, деді Мемлекет басшысы. Ал Андрис Берзиньш Латвияның бизнес қоғамдастығы өкілдерінің қазақстандық серіктестерімен бірлескен жобаларға қызығушылығы жоғары екенін атап өтті. Бірлескен баспасөз мəслихатында кездесуді қорытындылай келіп, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Латвия қарым-қатынасы жүйелі дамуымен ерекшеленетініне тоқталды. Бүгінде біздің елдеріміз арасындағы екіжақты саяси үнқатысу белсенді жəне сенімді сипатта. Парламенттер мен үкіметтер, министрліктер мен ведомстволар, іскерлік жəне ғылыми топтар деңгейінде тығыз байланыс қалыптасқан. Біздің елдеріміз

Ќарым-ќатынас арта тїспек Екі ел арасындағы сауда айналымы бүгінде 350 млн. АҚШ долларын құрап отыр. Мұны кеше Астанада өткен Қазақстан-Латвия бизнес форумында ПремьерМинистр Серік Ахметов айтты. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Форумға Латвияның Президенті Андрис Берзиньш бастаған делегация қатысты. Делегация құрамында 70-тен астам адам бар. Олардың арасында министрлер мен кəсіпкерлер, экспорттық компанияларының жетекшілері кездеседі. Форумның А.Берзиньштің елімізге ресми сапармен келуіне орай өткізілгені мəлім. Іс-шараны Латвияның инвестиция жəне даму агенттігімен ынтымақтастықта жүрген Қазақстан ның сауда-өнеркəсіптік

пала тасы, сондай-ақ еліміздің Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігі ұйымдастырып отыр. Сөз кезегі берілген Латвия Президенті Қазақстанның тəуелсіздік жылдары қол жеткізген табыстарына тоқталып, екі ел арасындағы экономикалық əрі мəдени байланыстарды дамытуға əруақыт мүдделі екендіктерін білдірді. Одан кейін сөз алған С.Ахметов екі ел арасындағы қазіргі сауда айналымының көлемін Қазақстан місе тұтпайтынын жеткізді. Екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды тағы екі

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «Республикалық бюджет жобасын əзірлеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы №861 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Қаулы етемін: 1. «Республикалық бюджет жобасын əзірлеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 861 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 36, 342-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: жоғарыда көрсетілген Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджет жобасын əзірлеу қағидалары осы Жарлыққа қосымшаға сəйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 30 мамыр

№575

--------------------------------------------------Жарлықтың түсіндірмесі 7-бетте жарияланып отыр.

есеге ұлғайтуға мүмкіншілік бар екен. Балтық бойындағы басқа елдермен салыстырғанда біздің Латвиямен арадағы саудаэкономикалық айналымымыз өте жоғары. Шынайы санды алар болсақ ол шамамен 350 млн. долларды құрайды. Əрине, бұл бізді қанағаттандырмайды, егер бар мүмкіндіктер мен əлеуетті тиімді пайдалана білсек, бұл көрсеткішті екі есеге ұлғайтуға болады. Өйткені, қазіргі таңда елімізде 130-ға жуық бірлескен кəсіпорын жұмыс істеуде. Сондай-ақ, Қазақстанда екі елдің кəсіпкерлері бірлесіп жұмыс істей алатын салалар жеткілікті, деді Қазақстан Премьері. Премьер-Министр Латвияда ауыл шаруашылығы саласының да өркендеп дамығаны туралы

арасындағы қарым-қатынастар аясы уақыт өткен сайын кеңейе түсуде, деді Елбасы. Қазақстан Президенті елдерімізді саяси жəне экономикалық байланыстар ғана емес, сондайақ тарихымыздың ортақтығы байланыстыратынын атап өтті. Қазақ жəне латыш халықтары əр дайым бір-бірін құрметтеп, қолдау көрсетіп келеді. Латвия Президентінің сапары кезіндегі негізгі бір шара – Қарағанды облысының Спасск елді мекенінде саяси қуғын-сүргін құрбаны болған латыштарға арналған ескерткіш ашу. Бұл – тағдырдың жазуымен қазақ даласына келген отандастар рухына деген шынайы құрметтің белгісі. 1938-1994 жылдары Қазақстанға 17 мыңға жуық латыш жер аударылған. Латвияға 2006 жылғы сапарым барысында мен Қазақстанды мекен еткен, қуғынсүргінге ұшыраған латыштардың 268-інің құжатын тапсырдым. (Соңы 2-бетте). əңгі меледі. Латвия Еуропаның дəл ортасында орналасқан. Сондықтан жаңа технологиялар трансфертін қолдану мүмкіндігіне тоқталып, шикізатқа технология айырбасы ұстанымын əр кезде де пайдалану керектігін қадап айтты. Форумда Латвияның экономика министрі Д.Палютса, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың президенті А.Мамин, т.б. бірнеше мекеме жетекшілері сөз сөйледі. Екі тараптың мемлекеттік мекеме өкілдері мен кəсіпкерлері жылжымайтын мүлік, қаржы, заңдық қызметін ұсыну, туризм, көлік жəне логистика, ауыл шаруашылығы, құрылыс, телебайланыс, білім мен ғылым, т.б. салалар бойынша ынтымақтасудағы мүмкіндіктерді талқылады. Тəжірибе алмасты. Сөйтіп, шара аясында екі елдің министрліктері мен ведомстволары бірқатар келісімдерге қол қойды.

Іскерлік байланыстарды ныєайту жолында Бұған дейін хабарлағанымыздай, Премьер-Министр Серік Ахметов өткен жұма күні Минскіде Біртұтас экономикалық кеңістік елдерінің Іскер адамдар форумына қатысты. Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік құру жаһан дық сын-қатерлер алдын да экономикалық əлеуетті біріктірудегі саналы таңдау жəне объективті қажеттілік болып табылады, деді С.Ахметов өзінің құттықтау сөзінде. Ол БЭК-ке мүше мемлекеттердің тең дік пен прагматизм қағидаттарына негізделген экономикалық интеграцияға бағыт

ұстанатынын атап көрсетті. С.Ахметовтің пікірінше, сыйым дылығы шамамен 170 млн. адамды құрайтын, тиісінше тауар айналымы ар та түсетін бірегей ірі рынокты құру БЭКке мүше мемлекеттердің бизнесқауымдастықтары сезінген басты артықшылықтардың бірі болып табылады. (Соңы 2-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
04062013 by Egemen - Issuu