Бїгінгі нґмірде:
№108 (28332) 4 МАУСЫМ СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
● 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рəміздер күні
ТУ
Тїркиядаєы саммитке ќатысады Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Түрік Республикасына келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Қазақстан Президенті Түркияның Бодрум қаласына Түркітілдес
Ғасыр қанша өз еркің жоқ дегізген, Сабақ алдық тарихи өткен ізден! Көк Туымыз бояуын алған екен Ашық аспан, кең дала, көк теңізден!
Ел ўтатын ќадам 2-бет Еуразиялыќ одаќ – келешегі зор ќўрылым 3-бет Бекем бетбўрыс 5-бет Маѕдайшадаєы жазулар ауысќанмен... 6-бет
мемлекеттер Кеңесінің төртінші саммитіне қатысу үшін келді.
Саммит аясында Нұрсұлтан Назарбаев Кеңеске мүше мемлекеттер басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр.
Еркін елдің ертеңі
ЎБТ
Түспесін деп ешкімнің көзіне мұң, Тақпасын деп ешкім де сөзіңе мін Адамзатқа арайын шашып тұрған Отан-Күннің жылуын сезінемін!
Алєашќы кїнніѕ ќорытындысында дайындалєандар дара шыєып, ґте шыєамын дегендер ґкініп ќалды
Аманат боп мəңгілік қалатын да, Жүректердің алауын жағатын да, Қазағымның арман мен мұраты бар Қалықтаған қыранның қанатында!
Сүлеймен МƏМЕТ,
Дəлелдеген мұраның мың жылдығын Салт-дəстүрім əлемге үлгі бүгін! Алтын түсті өрілген ою-өрнек Көрсетеді ұлтымның құндылығын!
«Егемен Қазақстан».
Алтын ұя мектепке тарыдай болып келіп, таудай болып шыққан мектеп түлектерінің алған білімін сарапқа салған биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күнгі қорытындысы төмендегідей болып отыр. Емтиханға еліміз бойынша алғашқы күні өтініш берген 27 670 түлектің 26 134-і, яғни 94,5 пайызы қатысқан. Тестілеу қалалар мен аудан орталықтарындағы жан-жақты жабдықталған 61
Шуақ шашып тұрғанда шұғыла Күн, Алыстарға тарайды тұнық əнім. Азат елді əлемге əйгілеген Көк байрақтың қадірін ұғынамын! Бейбіт күнді əрдайым ел тілесін! Тек шаттықпен жүректер елжіресін! Абыройын көтеріп асқақ елдің Желбіресін көк Туым, желбіресін! Айбатыр СЕЙТАҚ. АСТАНА.
пункт базасында өткізілген. Түрлі жолдармен сынақтан мүдірмей «өтудің» жолын алдын ала ойластырған үміткерлердің 5962-сінен ұялы телефон, 1783інен шпаргалка, 121-інен калькулятор, 6-ынан фотоаппарат, 2-уінен рация табылған. Сөйтіп, олар ескерту алған. Ал он бір жыл бойы топ жарып, ҰБТ-ға өзінің біліміне, білігіне, дайындығына сеніп келген Алматы қаласындағы № 178 лицейдің түлегі Айғаным Бақытқызы Əбдіжаппар
мыңдардың ішінен топ жарып, аламан бəйгеде ең жоғары 125 балды қанжығасына байлап, маңдайы жарқырады. Сол секілді 3797 түлек (14,5 пайыз) 100-ден астам балл жинапты. Бұл көрсеткіш өткен жылы 14 пайызды құрағанын еске сала кетелік. Бірінші күнгі сынақтың орта балы – 76,6 болса, 2013 жылы 75,5 екен. Жоғарыдағыдай жетістікпен қатар, ең төменгі көрсеткіш қандай болды дегенге келетін болсақ, ағымдағы жылы жоғары оқу орындарына түсу үшін белгіленген 50 балды да жия алмағандар – 6 233 (23,8 пайыз) болған. Өткен жылы ондай төменгі көрсеткіш – 6 368, яғни 26,4 пайыз еді. Сонымен, мықтылардың мерейін өсірген, көппен көрген ұлы той, өте шығамыз дегендерді өкіндірген ҰБТ-ның алғашқы күнгі нəтижесі осылай аяқталды.
Тəуелсіздігіміздіѕ тўєыры Əбдірахман ҚЫДЫРБЕК, «Егемен Қазақстан».
4 маусым – егемен еліміздің мемлекеттік рəміздері қабылдан ған күн. Бұл айтулы дата осымен жиырма екінші рет мерекеленіп отыр. Атаулы мерекеге орай кеше Астана қаласы ішкі саясат басқармасы «Атамекен» Қазақстан картасы» этномемориалдық кешенінде қала əкімдігі жанындағы Мемлекеттік рəміздер жөніндегі комиссияның мерекелік отырысын өткізді. Шараны Астана қаласы əкімінің орынбасары Аида Балаева жүргізді. «Жиырма жылдан астам уақыттан бері тəуелсіз
Қазақстанның мемлекеттік Туы, Елтаңбасы жəне Əнұраны ел рухын көтеру, егемендіктің іргетасын бекіту мақсатында көптеген игілікті жұмыстар атқарды деп білемін. Өйткені, соңғы жылдары жастарымыздың, жалпы азаматтарымыздың ел рəміздеріне деген көзқарасы мүлде өзгерді. Бүгінде Көк байрағымыз əлемдік деңгейдегі жарыстарда, Олимпиадаларда желбіреп, жастарға патриоттық жігер беруде. Осы уақыт ішінде елдігімізді білдіретін, тəуелсіздігімізді тұғырландыратын көзқарас қалыптасып, ел бірлігі нығайды. Осы орайда ерекше атап өтетін бір мəселе, əлі де болса елімізге мемлекеттік насихат өз
дəрежесінде болмай тұр. Біздің Туымыз əр уақытта жоғары болуы керек, Елтаңба жəне Əнұранымыз бізге күш-қуат береді деп ойлаймын», – деді Елтаңба автор ларының бірі Жандарбек Мəлібеков. «Біз рəміздер деген уақытта көбіне мемлекеттік рəміздер төңі регінде айтамыз. Алайда мемлекеттік рəміздердің құрамдас бөліктері Қазақстанның көрі ністері мен оның құндықұнды деректері дер едім. Мұның барлығын да бір рəміз ретінде айтуға болады. Оны Елбасымыз Мəңгілік Ел деп айтты. Мəңгілік Ел деген сөз – өте үлкен мағынадағы ауқымды ұғым», – деген Мемлекет тарихы институты
Ел тынысы: мың бір мысал
Əуедегі «жедел жəрдем» Санавиация кїдікті їмітке айналдырады Мұрат ТЕЛЕУОВ,
Қызылорда облыстық медицина орталығының директоры.
Дəрігерлердің де дəрменсіздік танытар кезі болады. Алдындағы науқастың ауыр жағдайы, диагноз қоюда жеткілікті медициналық құралжабдықтардың болмауы, дəрігер біліктілігінің кемшіндігі жұмыс барысында кездесіп жатады. Сондайда шұғыл медициналық көмекті шақыртуға тура келеді. Міне, осы сəтте санитарлық авиация көмек қолын созады. Еліміздің даму стра тегиясының басты міндеттерінің бірі – тұрғындар денсаулығын
нығайту жəне қолжетімді меди циналық көмекпен қамтамасыз етіп, сапалы емдеу тəсілдерін пайдалану деп білеміз. Бұл тұрғыда да санитарлық авиацияның қызметі зор көмегін көрсетіп тұр. 2009 жылы республиканың кей бір облыстарында, соның ішінде Қызылорда өңірін дегі облыстық медицина орталығының базасында санитарлық авиация қызметі қолға алынды. Ол үшін республикалық бюджеттен 16,2 миллион теңге бөлініп, АН-2 ұшағы берілді. Сондай-ақ, арнайы мамандандырылған санитарлық топтан тұратын бөлімше ашылды. Бөлімше тəуліктің қай мезгілінде де
толыққанды медициналық көмек көрсетуге дайын білікті мамандардан құралды. Олар ана мен балаға, инсульт алған науқастарға дер кезінде кө мектесе алатын жағдайда болды. Сонымен қатар, апатты жағдайларға арналған мамандандырылған құрал-жабдықтармен жабдықталды. Санитарлық авиация бөлімшесі құрылған жылдың өзінде 421 шақырту түссе, оның 26-сына жедел түрде ұшақпен көмек көрсетілді. Ал 2010 жылы санитарлық қызметке 555 шақырту жасалып, оның 28-і ұшақпен жеткізілді. (Соңы 4-бетте).
директорының орынба сары Амангелді Қашқымбаев бүгін гідей шаралар жиірек өткізіліп тұрса деген тілегін білдірді. Сондай-ақ, ол «Атамекен» Қазақстан картасы» этномемориалдық кешеніндегі елдің тамаша көріністері ЭКСПО-2017 халық аралық көрмесінде дүние жүзінен келген қонақтарға тағылымды тұрғыдан таныстырыла түссе дегенді де назардан тыс қалдырмады. Мемлекеттік рəміздер туралы заңнаманы түсіндіру жəне тұрғындар арасында ел рəміздерін насихаттауды мақсат еткен аталмыш отырыс өзге де пікір алмасулармен мағыналы жалғасын тапты.
АҚПАРАТТАР аєыны ● Ақтөбе қаласында балалардың жазғы демалысына 51,7 млн. теңге бөлінді. Бұл қаражат облыс орталығындағы мектептердің 42 мыңнан астам оқушысына жаратылады. Сондай-ақ, 7 мың оқушыны қамтитын спорттық-аулалық клубтар жұмысы ұйымдастырылады. ● Оңтүстік Қазақстан облысында «Жыл шебері» байқауы мəресіне жетті. Аймақ басшысы Асқар Мырзахметовтің бастамасымен қолға алынған бұл шараға Шымкент қаласындағы техникалық жəне кəсіптік білім беретін мекемелердің арнайы пəн оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері мен оқушылары қатысып, шеберлікті сынға салды. ● Шығыс Қазақстан облысының əкімі дарынды балалармен арнайы кездесу өткізді. Осы басқосу барысында Бердібек Сапарбаев түлектерге аймақта қандай мамандықтар бойынша сұраныстың жоғары екенін айтты. Оның мəліметінше, өндірісті өңірге түсті металлургия, ақпараттық технология, құрылыс, энергетика секілді салалар үшін мамандар ауадай қажет. ● Ақмола облысында барлық əлеуметтік нысан 15 тамызға дейін дайын болады. Мұны айтқан аймақтың жаңа басшысы Сергей Кулагин аппарат кеңесінде өңірдегі көктемгі дала жұмыстарына бұрынғысынша айрықша мəн берілетініне де тоқталды. ● Соңғы күндері қызылордалық 5 жасар вундеркинд елдің аузында жүр. Шынында, қаланың 5 жасар тұрғыны Ерхан Исламбектің математикаға ынтасы мен есте сақтау қабілеті ерекше таңғалдырады. Ол миллионға дейінгі есептерді ауызша шекілдеуікше шағып, шығара береді. ● Талдықорғанда Серік Сəпиев туралы деректі фильмнің тұсауы кесілді. Ілияс Жансүгіров атындағы сарайда өткен шараға атақты боксшының өзі де қатысты. Ал 30 минуттық лентаны оның авторы əрі продюсері Ольга Сапожникова өз қаржысына түсірді. «ҚазАқпарат», 24.kz, Аltaynews.kz, Alau.kz, Egemen.kz агенттіктері мен облыстық əкімдіктер сайттары ақпараттары бойынша дайындалды.
Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.
● Бəрекелді!
Бірінші болып 125 балл жинады 2 маусымда өткен Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші күнінің қорытындысы бойынша Алматы көш бастап тұр. Мұндағы физика-математика пəндерін тереңдете оқытатын №178 лицей түлегі, «Алтын белгі» үміткері Айғаным Əбдіжаппар Ұлттық тестілеу орталығы таратқан ақпарат бойынша ең жоғары көрсеткіш – 125 балды иеленді. Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
2012 жылдың 1 желтоқсанында – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ашылған лицейдің директоры, «Құрмет» орденінің иегері Əбдімəжит Өтеш: «Биылғы оқу жылында осы білім ұясын бітірген 109 түлектің ішінде 22 халықаралық ғылыми жобалар жарыстарының, халықаралық конкурстардың қатысушылары мен жеңімпаздары, 21 «Алтын белгі» иегері, 15 ерекше үлгідегі аттестат иегерлері өздеріне артқан сенімді ақтай білді. Мектептің ҰБТ қорытындысы бойынша орта балл 105,8 болды», – деді. Тест тапсырушылардың
арасында алғашқы болып «Алтын белгісін» ең жоғары баллмен аяқтаған А.Əбдіжаппарды құттықтап, бірнеше сауал қойдық. – ҰБТ сұрақтары қиын болды ма? – Əртүрлі, күрделі де, қарапайым да сұрақтар болды. – Таңдаған пəнің? – География – Қай пəнге көп уақыт кетті? – Математикаға – Болашақта кім болғың келеді? – Қаржы саласының маманы болсам деймін. – Шетелге оқуға барасың ба?
– Жоқ. Қазақстан университеттерінде-ақ білім алғым келеді. – 125 балл алғаныңа таңғалдың ба? – Қалай десем екен... Мен өзіме өзім сенімді болдым. Өйткені, алдын ала өткен сынақтарда жоғары көрсеткішке қол жеткізіп жүргенмін. – Білім алған мектебіңе риза шығарсың? – Иə, біздің лицей физикаматематика пəндерін тереңдете оқытады ғой. Осында оқимын деген үміткерлер өте көп. АЛМАТЫ.