Бїгінгі нґмірде:
№103 (28581) 4 МАУСЫМ БЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ
Тґрт Олимпиаданы кґрген байраќ 4-бет Керей мен Жəнібек 8-бет Єажайыптар мекені 10-бет Журналистер мен блогерлер неге аула сыпырады? 12-бет
● Бүгін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рəміздер күні
КҐК ТУДЫЅ ЖЕЛБІРЕГЕНІ – ЕЛІМНІЅ АСЌАЌ БЕДЕЛІ
Компания ќызметініѕ маѕызы аталды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шетел инвесторлары кеңесінің 28-ші отырысына қатысуға келген «Ситигруп» компаниясының бас атқарушы директоры Джеймс Коулзбен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Кеңес қызметінің басты бағыттары, сондай-ақ, Қазақстанның бұдан əрі қарай дамуының бес институттық реформаны қамтитын негізгі жоспарлары талқыланды. Мемлекет басшысы компанияның біздің елдегі жұмысын жəне Шетел инвесторлары кеңесінің қызметіне қатысуының маңыздылығын атап өтті. – Біз «Ситигруп» сияқты ірі конгломератпен ынтымақтастықты ба ғалаймыз. Компания Қазақстанда белсенді жұмыс атқарып отырғанын жəне оның еліміздің экономикасын дамытуға қатысу əлеуеті зор екенін атап өткім келеді. Қазіргі уақытта біз бизнес жүргізу үшін заңнаманы жетілдірумен айналысып жатырмыз, сондықтан сіздің
топтың осы үдерістегі тəжірибесі мен көмегі біз үшін өте маңызды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Дж.Коулз Қазақстан Президентіне елде шетелдік корпорациялардың жемісті инвестициялық қызметіне жағдай жасалғаны үшін алғыс айтты. – Таяу уақытта біздің компанияның Кеңес жұмысына көмегі өте құнды болуы мүмкін деп есептейміз. Біз Қазақстанға 1994 жылы келдік. Көрсетіп отырған қолдауыңыз үшін Сізге алғыс айтқым келеді. Біз Қазақстанның əлеуеті мен болашағына сенеміз. Ел алдына қойылған міндеттер жете ойластырылған əрі сараланған деп санаймыз, – деп атап көрсетті «Ситигруп» компаниясының бас атқарушы директоры.
Екіжаќты тиімді ынтымаќтастыќ жалєасады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шетел инвесторлары кеңесінің 28-ші отырысына қатысуға келген «Камеко» компаниясының бас басқарушы директоры жəне президенті Тим Гитцельді қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Əңгіме барысында тараптар Қазақстандағы уран өндіру саласының даму перспективасын талқылады. Сондай-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Т.Гитцельдің Кеңес жұмысына қатысатынына ризашылығын білдірді. – «Камеко» компаниясының Қазақстандағы қызметінің тарихы қалыптасып келеді. Компания 1996 жылдан бастап Инкай кені шін де жұмыс істей бастады. Осы уақыт аралығында ол
табысты жобалардың біріне айналды. Сондықтан біз сізбен бейбіт мақсаттағы атомды игеру саласындағы ынтымақтастықты жалғастырғымыз келеді. Осыған байланысты келісімге қол қою біздің елге жəне сіздің корпорацияға пайдалы болады деп үміттенемін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Т.Гитцель өз кезегінде «Камеко» мен «Қазатомөнеркəсіп» компаниялары арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Елтаѕба ґмірге келген кїн
Ќазаќстан Республикасыныѕ еѕбек сіѕірген сəулетшісі, Мемлекеттік сыйлыќтыѕ лауреаты, еліміздіѕ Елтаѕбасыныѕ тел авторы Шот-Аман УƏЛИХАНМЕН мґлтек сўхбат – Құрметті Шот-Аман Ыдырысұлы, Елтаңба идеясы қалай туды? Ең басты мемлекеттік рəміздің өмірге келуі қалай жүзеге асты? – Мен Елтаңбаны əзірлеумен Қазақстан тəуелсіздігі жарияланғаннан көп уақыт бұрын айналыса бастағанмын. Қазақстан Рес пуб ликасының рəміздері бойынша жұмыстар топтамасы үшін Қазақ стан Сəулетшілер одағының алтын медалін иеленген едім. Осы са ла дағы еңбегімнің қорытындысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының дүниеге келуі болды. Мемлекеттік Елтаңбаның жасалу тарихы да нышандарға толы.
1991 жылғы 2 қазанда Тоқтар Əубəкіров қазақ арасынан бірінші болып ғарышқа ұшқан кезде мен Баспасөз жəне ақпарат министрі Қуаныш Сұлтановтан өзім жасаған естелік таңба беріп жіберген едім. Таңбада туған үйдің, Отанның белгісіндей шаңырақ бейнеленіп, оны айнала ұшу символы, жайылған қос қанат көрініс тапқан. Бір топ ғарышкерлер осы таңбаны Қазақстанның ғарыштық эмблемасы етуді ұсынды. Комиссия бұл ұсынысты бірау ыздан қолдап, бекітті. Эмбле маның кішірейтілген көшірмесі жасалып, оған бүкіл экипаж бен алмастырушылар да қол қойды. Ғарышкерлердің скафандрларына бір жағынан
Ќызу талќыланєан есеп Сенатќа жол тартты Кеше Парламент Мəжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен палатаның кезекті жалпы отырысы болып өтті. Бұл күн тəртібіне он бір мəселе шығарған барынша ұзаққа созылған отырыстардың бірі болды.
Басталєан жўмыстыѕ болашаєы зор
Баєыттар мен жоспарлар ќарастырылєан ќабылдау
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шетел инвесторлары кеңесінің 28-ші отырысына қатысуға келген «Гленкор Интернешнл» компаниясының бас атқарушы директоры Айван Глазенбергті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесуде компанияның Қазақстан индустриясын дамытуға қатысуының негізгі бағыттары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары қарастырылды. Мемлекет басшысы компанияның еліміздегі кəсіпорындары тұрақты жұмыс істеп, экономиканың дамуына оң ықпал етіп отырғанын атап айтты. Нұрсұлтан Назарбаев компа-
нияның Жəйрем тау-кен байыту комбинатын меншігіне алуының маңыздылығын, оның айтарлықтай əлеуетке ие екенін атап өтті. А.Глазенберг Жəйрем кенішін одан əрі дамыту компанияның шикізаттық базасын кеңейтуге мүмкіндік беріп, қорғасынмырыш саласының ұзақ мерзімді тиімділігін арттыруға ықпал ететініне тоқталды.
Телефон арќылы сґйлесті
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Моңғолия Президенті Цахиагийн Элбэгдоржбен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Əңгіме барысында саяси, сауда-экономикалық жəне гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мəселелері егжей-тегжейлі талқыланды. Екі ел басшылары Қазақстан мен Моңғолияның көптеген халықаралық мəселелер жөніндегі ұстанымының ортақтығын жəне көпжақты ұйымдар мен форумдар аясындағы ықпалдастық
деңгейінің жоғарылығын атап өтті. Тараптар көпғасырлық достық пен мəдени ортақтыққа негізделген қазақ-моңғол қарым-қатынастары алдағы уақытта да Қазақстан мен Моңғолия халықтарының игілігі үшін қарқынды дами беретініне сенім білдірді. Телефон арқылы сөйлесуге Моңғолия жағы бастамашылық етті.
Тараптар инновациялық технологиялар саласында жұмыс жүргізетін компанияның Қазақстанда бастаған қызметінің перспективасын талқылады. Кездесу барысында Мемлекет басшысына өнеркəсіп саласында қолдануға арналған əзірлемелер таныстырылды. Б.Хамилтон компанияның
–––––––––––––––––– Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Лайыќтылар алатын сыйлыќ Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».
Қаралған мəселелердің ішіндегі ең күрделісі – Үкіметтің жəне Бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2014 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін тыңдау болды. Үкімет тарапынан негізгі баяндама жасаған Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың айтуына қарағанда, 2014 жылғы бюджет теңгерімді атқарылған. Шамамен 6 трлн. теңге түсім, 7,1 трлн. теңге шығыстар болды. Демек, бюджет тапшылығы 1,1 трлн. теңге. Атқарылу пайызы алдыңғы жылдарға қарағанда, біршама жоғары деңгейге жетті. Қаражат барынша көп көлемде пайдаланылды, барлық əлеуметтік міндеттер толық қаржыландырылды, деді Бақыт Сұлтанов. (Соңы 2-бетте).
(Соңы 2-бетте).
«Егемен Қазақстан».
мамандарын өз тəжірибелері негізінде оқытуды жолға қою арқылы Қазақстандағы инновациялық дамуға қолдау көрсетуге ниетті екенін білдірді. Сонымен қатар, ол ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға əзір екенін атап көрсетті.
(Соңы 5-бетте).
Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əб діқалықованың төрайымдығымен Қазақстан Республикасының əл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы болып өтті. Мемлекеттік хатшы Г.Əб діқа лықова Мемлекет басшысы ұсынған бес институттық реформа жəне Ұлт жоспарының 100 нақты қадамында білім жəне үздік технологиялар заманауи Қазақстан қоғамының іргесі мен зияткерлік əлеуеті болатынын атап өтті.
Жақсыбай САМРАТ,
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Daqri компаниясының вицепрезиденті Брайан Хамилтонды қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
КСРО мем лекеттік гербі, ал екінші жағынан Қазақстанның жаңадан пайда болған ғарыштық эмблемасы бекітілді. Болашақ Қазақстан Елтаңбасының түп негізі сол таңба болған деп есептеу керек. Менің бастапқы идеям «Қазақ əдебиеті», «Ана тілі», «Экспресс К», «Советы Казахстана» газеттерінде шықты, ал 1992 жылы Қазақстан Республикасының Елтаңбасына бəйге жарияланғанда менің Жандарбек Мəлібековпен бірлесіп жа саған жобам Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы ретінде бекітілді.
● Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының V съезі қарсаңында
Рухани келісімге ќол жеткізу – əлемдік жəне дəстїрлі діндердіѕ негізгі маќсаты Ќазаќстан Республикасыныѕ Мəдениет жəне спорт вице-министрі Марат ƏЗІЛХАНОВПЕН əѕгіме – Армысыз, Марат Алмасұлы! Əңгімемізді өзекті жаңалықтардан бастасақ. Алдымызда дін өкілдерінің дүбірлі жиыны – Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбас шыларының V съезі жақындап келеді. Осы айтулы шараға бүгінгі күн биігінен қандай баға берер едіңіз? – «Бүгінгі күн биігінен» деген сөзді өте орынды қолдандыңыз. Шынында да, Əлем дік жəне дəстүрлі діндер көш басшыларының тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан съез дері толымды тəжірибе жинақтап, тағылымды тарих қалып тастырып, биіктен көз салатын дəрежеге
жетіп үлгерді десек, артық айтқанымыз емес. Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың əлемдік қоғамдастық назарына ұсынылған осы тың бастамасы əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары мен саяси жетекшілер тарапынан қызу қолдау тапқаны баршаға аян. Оның айқын дəлелі – Астана төрінде табысты түрде өтіп, Қазақстанның əлем алдындағы абыройын асқақтатқан төрт бірдей съезд отырысы. Бұл шараның басты мақсаты – əлемдік жəне дəстүрлі діндердің жасампаз əлеуетін жаһандық бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағыттау,
діндер мен мəдениеттер арасындағы үнқатысуды баян ды ету, діни қауымдар арасындағы өзара түсіністік пен құрметті тереңдету, діни экстремизм идеологиясына қарсы тұра алатын толеранттылық пен өзара құрмет мəдениетін қалыптастыру. Осынау жалпыадамзаттық маңызы зор ізгі мүддені жүзеге асыру əлемдегі діндер, мəдениеттер жəне өркениеттер арасындағы үнқатысуды өрістетуді мақсат ететін барлық халықаралық ұйымдар мен құрылымдардың терең ынтымақтасуына ықпал етуге бағдарланды. (Соңы 7-бетте).