04072013

Page 1

Бүгінгі нөмірде:

№163 (28102) 4 ШІЛДЕ БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Ел. Елорда. Елбасы 3-бет Тұғыры биік, қуаты зор 4-бет Сыбызғышы 5-бет Қауіп бар ма, жоқ па? 10-бет

Мўхиттан маржан терген

 Бəрекелді!

Адамзат үшін жақсы кітаптан асқан байлық жоқ. Өйткені, ой түбінде жатқан «таза, мінсіз асыл сөз» халыққа көбінесе кітап арқылы ғана жетеді. Адам баласы ең асыл рухани құндылықты кітаптан ғана алады. Астананың 15 жылдық мерейтойы қарсаңында «Назарбаев орталығы» көп функциялы ғылымиталдамалық жəне гуманитарлық-ағартушылық мекемесі де лайықты тарту жасап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың əр жылдарда жарық көрген кітаптарынан, мақалалары мен сөйлеген сөздерінен сүзіп, ұлағатты ойлары мен қанатты сөздерін теріп алып, «Жылдар мен ойлар» атты қазақ тілінде, «Времена и думы» атты орыс тілінде жеке кітаптар құрастырыпты. Кеше аталған орталықта осы кітаптардың тұсаукесер рəсімі болып өтті. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Балет – бекзаттыќ биіктігі Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана опера» театрында болып, П.И.Чайковскийдің əлемге əйгілі «Ұйқыдағы ару» балетінің жаңа қойылымын тамашалады. Айгүл СЕЙІЛОВА,

«Егемен Қазақстан».

Шарль Перро есімді ертегіші шал осыдан үш жүз жылдан аса уақыт бұрын өзі құрастырған мейірімділік пен зұлымдықтың айқасы туралы сюжетінің бүкіл əлем тамашалайтын классикаға айналып шыға келетінін ойламаған да болар, сірə? Оның ертегісі «Ұйқы дағы орман аруы» деп ата латын. Кейіннен ағайынды Гриммдер бұл ертегіні өз жандарынан толықтырып, екінші

нұсқасын жазып шыққаны, сондай-ақ, осы ертегінің сюжеті негізінде музыка, кино, бейнелеу өнері салаларында жүздеген туындылардың өмірге келгені тарихтан мəлім. Əсіресе, балет өне рінде «Ұйқыдағы арудың» бəсі жоғары. Ф.Герольдтің композиторлығымен, либреттосын Эжен Скриб жазған «Ұйқыдағы арудың» еуропалық көрерменге жол тартқанына, міне, екі ғасырға таяпты. Ал, П.И.Чайковскийдің «Ұйқыдағы аруы» 1890 жылы жазылып, сол жылы Мария

театрында сахналанған. Кешегі қойылымды осы соңғы автордың музыкасы негізінде əлемге танылған хореограф Юрий Григорович қоюшы суретші, сценограф Эцио Фриджерио жəне Оскар сыйлығының иегері, киім жөніндегі суретші Франка Скуарчапиномен бірлесіп сахнаға шығарды. Юрий Григорович редакциялап, Эцио Фриджерио сценографиясын жаңартқан «Ұйқыдағы ару» балеті бұған дейін «Метрополитен опера», «Ковент-Гарден» театрларында, Варшаваның ұлттық опера театрында, Ресейдің Үлкен театрында қойылған болса, енді, міне, кезек бізге де келді. Жаңадан

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Ұ.С. Қарабалинді Қазақстан Республикасының Мұнай жəне газ министрі қызметіне тағайындау туралы

Ұзақбай Сүлейменұлы Қарабалин Қазақстан Республикасының Мұнай жəне газ министрі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 3 шілде. № 597.

Жаѕа министрді таныстырды

Кеше Премьер-министр Серік Ахметов Мұнай жəне газ министрлігінің ұжымына жаңа министрді таныстырды.

«Мемлекет басшысының Жарлығына сəйкес, Сауат Мыңбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Мұнай жəне газ министрі қызметінен босатылды. Министрліктің жаңа басшысы болып Ұзақбай Қарабалин тағайындалды», деп хабарлады С.Ахметов. Үкімет басшысы бұрынғы басшы С.Мыңбаевтың еңбегін атап өтті. «Мұнай жəне газ министрі ретінде Сауат Мұхамет байұлы Қазақстанның мұнай-газ саласының дамуына, мұнай өңдеу зауыттарының жаңғыртылуына, ірі халықаралық жобалардағы қазақстандық үлестің артуына үлкен үлес қосты», деген С.Ахметов С.Мыңбаевқа алғысын білдіріп, мұнан кейінгі қызметіне табыстар тіледі. Жаңа министрді ұжымға таныстыра отырып, оның елдің мұнай-газ секторында көпжылдық тəжірибесі бар екендігін атап өтті. «Ұзақбай Сүлейменұлы əр жылдары мұнай жəне газ өнеркəсібі министрінің орынбасары, энергетика жəне минералдық ресурстар вице-министрі қызметтерін

атқарып, 6 жылдан астам уақыт «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясын басқарды. Ұзақбай Қарабалин осы жаңа қызметінде де Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғарғы сенімін ақтайтындығына күмəнім жоқ», деді Үкімет басшысы. Өз кезегінде Ұзақбай Қарабалин өзіне көрсетілген сенімге алғысын білдіріп, Президенттің Мұнай жəне газ министрлігіне берген тапсырмаларын орындауға бар күшін салатындығын жеткізді. Серік Ахметов министрліктің алдында тұрған бірқатар міндеттерді атап көрсетті. «Министрлік пен мұнай-газ саласының алдында үлкен міндеттер тұр. Бұлар – жаңа мұнай химия бағыттарын құру жəне дамыту, қазақстандық үлесті арттыру, кадрларды дайындау мəселелері. Əрине, оларды орындау жеңіл емес. Алайда, еліміздің мұнай-газ саласында заман талабына сай əзірліктерден өткен менеджерлер жұмыс істеуде» дей келіп, министрлік ұжымына, оның басшылығына алға қойылған міндеттерді орындауда табыстар тіледі, деп хабарлады ПремьерМинистрдің баспасөз қызметі.

 Оймақтай ой Өмір – мұхит, уақыт – толқын. Абай.

Хроника

Мемлекет басшысының Жарлығымен Сауат Мұхамет байұлы Мыңбаев бас қа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Мұнай жəне газ министрі қызметінен босатылды.

Ынтымаќтастыќ мəселелері ќаралды

Кеше Ақордада Қазақстан Президенті Əкімшілігінің Басшысы Кəрім Мəсімов Қытай Ком мунистік партия сы Ор талық комитетінің Бюро мүшесі, ҚКП ОК Ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Чжао Лэцзимен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Əңгіме барысында екіжақты ынтымақтастық мəселелері жəне Қазақстан-Қытай өзара іс-қимылын əртүрлі салаларда одан əрі жандандыру перспективалары қаралды.

ашылған «Астана операның» кең залында əлемдік классиканың інжу-маржанынан рухани қуат алдық. Өз əртістеріміздің осындай тамаша туындыны шеберлікпен орындай білгеніне шын көңілден қуандық. Əсіресе, бас кейіпкер Аврораның рөліндегі Əйгерім Бекетаева мен Дезире ханзаданы сомдаған Таир Гатауовтың, зұлым сиқыршы КарабосБауыржан Мекембаев пен ақ ниетті Мамыргүл сиқыршы – Əнел Рүстембековалардың музыка ырғағына сай мың құбылған билері көпшілік көңілінен шықты деп ойлаймыз. Зұлым сиқыршының кесірінен жүз жыл бойы ұйықтап жататын сұлу ханшайым туралы бұл балеттің

тартымдылығын, əсерін тілмен айтып жеткізу қиын. Көрерменді ертегі əлеміне, оның ішінде патша сарайына, оқиға жазылған XVII-XVIII ғасырларға жетелеу оңай болмағаны анық. Бұл орайда костюм жөніндегі суретшіге біраз тер төгуге тура келген. Ол екі ғасырға да тəн киім үлгілерін жасап шыққан. Барлық көйлектер қолмен кестеленіп, оларды əзірлеуде өрнекпен айналысатын мамандар, суретшілер мен кестешілер еңбектенген. Костюмдердің дені Милан мен Мəскеу шеберханаларында дайындалса, кейбірі Қазақстанда тігіліпті. (Соңы 10-бетте).

Тұсаукесер рəсімін Президент Кеңсесінің бастығы Махмұт Қасымбеков ашып, жүргізіп отырды. Ол жақында орталықта баспа үйі ашылғанын да жеткізді. Аталған кітаптар сол баспа үйінің алғашқы қарлығаштары екен. Сонымен бірге, М.Қасымбеков бұған дейін де Президент Н.Назарбаевтың «Туған елім – тірегім», «Өзекжарды ойлар», «Ой бөлістім халқыммен» атты жинақтары жарық көргенін айтты. «Жылдар мен ойлар» солардың заңды жалғасы іспеттес. Бұл кітапты солардың мейлінше толықтырылған нұсқасы деп айтуға болады, деді М.Қасымбеков. Кітап Президентіміздің қатардағы ел басшысы емес, тұңғиық терең ойлы, алдағыны адаспай болжайтын көреген, өткір тілді шешен, оның үстіне парасатты жəне мəдениетті ақыл иесі екенін таныта түскен. Ақылды, нақылды сөздердің бəрі 15 тарауға бөлініп, тақырыптарға жіктелген. Соның ішінде Отан, жер тағдыры, тəуелсіздік, тұрақтылық, ұлттық сана, ел бірлігі, ұлттық намыс жəне тағы басқа тақырыптарға біріктірілген сөздердің əрқайсысы асыл қазына деуге болады. Кез

келген ойшыл азамат жазатын тақырыбына Елбасының осынау сөздерін темірқазық етіп ұстаса, адаспасы көрініп тұр. Басқа тақырыптарына бармайақ, мерейтойын атап өткелі отырған Астана тақырыбына арналған сөздерінен ғана бірер мысал келтіре кетелік. «Астана – Қазақстан халқының жүзеге асқан үміт-арманының бейнесі», «Алматы – тəуелсіздігіміздің бесігі, Астана – болашағымыздың есігі», «Астана – Отанымыздың жүрегі, тəуелсіздігіміздің тірегі», «Астана келбеті – ұлт келбеті», т.т. осындай тұжырымдардан артық қалай айтарсың. Тұсаукесер рəсімінде сөйлеген М.Жолдасбеков, Қ.Сұлтанов, А.Смайыл, Ж.Ерғалиев, Н.Айтұлы, Д.Досжанов, Ə.Асқаров жəне т.б. мемлекет жəне қоғам қайраткерлері, ақындар мен жазушылардың бəрі де осы ойларды барынша өрбітіп, мейлінше ширатты. Кітаптың таралымы 8 мың дана, полиграфияның соңғы жетістігімен əсем безендірілген. Ол еліміздің барлық кітапханаларымен қатар, сауда орындарына да түсіріледі. -----------------------------------

(Бұл тақырыпқа қатысты материалдар газеттің 2-бетінде жарияланып отыр).

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру жəне Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Шымкент – Ташкент жолының учаскесін реконструкциялау) ратификациялау туралы 2012 жылғы 12 желтоқсанда Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру жəне Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім (Шымкент – Ташкент жолының учаскесін реконструкциялау) ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан – Ресей мемлекеттік шекарасында бірлескен бақылауды жүзеге асыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы 2009 жылғы 11 қыркүйекте Орынборда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан – Ресей мемлекеттік шекарасында бірлескен бақылауды жүзеге асыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 2 шілде. № 114-V ҚРЗ.

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 2 шілде. № 117-V ҚРЗ.

2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының жəне Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан – Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тəртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы 2012 жылғы 7 маусымда Астанада жасалған 2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының жəне Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан – Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тəртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама ратификациялансын.

Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Инвестицияларды көтермелеу жəне өзара қорғау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы 2010 жылғы 25 қарашада Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Инвестицияларды көтермелеу жəне өзара қорғау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы хаттама ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 2 шілде. № 115-V ҚРЗ.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 2 шілде. № 118-V ҚРЗ.

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының Заңы

1992 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы достық, ынтымақтастық жəне өзара көмек туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы 2012 жылғы 7 маусымда Астанада жасалған 1992 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы достық, ынтымақтастық жəне өзара көмек туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Румынияның Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу жəне өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы 2010 жылғы 2 наурызда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Румынияның Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу жəне өзара қорғау туралы келісім ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 2 шілде. № 116-V ҚРЗ.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 2 шілде. № 119-V ҚРЗ.

Қазақстан Республикасының Заңы


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
04072013 by Egemen - Issuu