АҚПАРАТТАР аєыны №146 (28624) 4 ТАМЫЗ СЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ
Экономиканыѕ ахуалы талќыланды
Елбасы ќабылдады
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр К.Мəсімовтің жəне Президент Əкімшілігінің Басшысы Н. Нығматулиннің қатысуымен кеңес өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Елбасы Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Мəжіліске, сондай-ақ, ПремьерМинистрдің бірінші орынбасары Б.Сағынтаев, Президент Əкімшілігі Басшысының орынбасары Б.Майлыбаев, Президенттің көмекшісі Н.Онжанов жəне Ұлттық экономика министрі Е.Досаев қатысты. Кеңес барысында ел экономикасының қазіргі ахуалы жəне оны одан əрі дамыту шаралары, сондай-ақ, Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру
жəне өткізу мəселелері талқыланды. Сонымен қатар, алдағы мерейтойлық даталарға – Қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына жəне басқа да халықаралық шараларға байланысты дайындық мəселелері қаралды. Мемлекет басшысы кеңеске қатысушылардың назарын əлемдік экономикадағы тұрақсыздықтың Қазақстанға тигізетін теріс ықпалдарына аударды.
Нарықтағы конъюктураның нашарлауына, ел бюджетінің ахуалына, сондай-ақ, біздің негізгі экспорттық тауарларымызға деген бағаның төмендеуіне байланысты жалпыға бірдей қаражат үнемдеуді енгізу қажет. Бұл шараларды келесі жылдың бюджетінде де ескеру керек. Ешқандай қиындыққа қарамастан, біз экономика өсімінің қарқынын төмендетуге жəне азаматтарымыздың əлеуметтік жағдайын нашарлатуға жол бермеуге тиіспіз. Халық алдындағы барлық əлеуметтік міндеттемелерді орындау керек. Біз осы бір күрделі кезеңді еңсеруге тиіспіз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Телефон арќылы сґйлесті Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Президенттер əңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен келешегін, сондай-ақ, халықаралық
күн тəртібіндегі өзекті мəселелерді талқылады. Сонымен қатар, Петр Порошен ко
Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына өтуімен құттықтады. Телефон арқылы сөйлесуге украиналық тарап бастамашылық етті.
Тараз. Тойєа дайындыќ. Ќызу ќўрылыс Ешбір халық тарихсыз болмайды. Сол сияқты қазақ халқының да өзіне тəн терең тарихы бар. Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтудің басты мақсаты – тарихы сонау тереңнен басталатын халқымыздың өткенін ұмытпай, бүгінін бағалап, болашаққа нық сеніммен қарау. Той бір-екі күнде дуылдап өте шығады. Ал оның тарихта қалар орны, сипаты, ізі болуы керек емес пе? Оралхан ДƏУІТ, «Егемен Қазақстан».
Алла қаласа, Қазақ хандығының мерейтойы 11 қыркүйек күні Астана қаласында, 9-10 қазан күндері Таразда аталып өтпек. Дəл қазір тойға дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Той қарсаңында Тараз қаласында бірқатар нысандардың бой көтеріп, еліміздің барлық облыстары мен қалалары мерейтойға атсалысып, қаланы көркейтуге, абаттандыруға өз үлестерін қосып жатқанын бұған дейін жазған болатынбыз. ПремьерМинистрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев той дүбірі басталғалы бері осы өңірге бірнеше мəрте атбасын бұрып, құрылыстардың жай-күйімен танысып, облысқалалардың қолға алған нысандарын аралап көрді. Шынында, еліміздің 14 облысы көмекке келіп, көне қаланың той өтетін жерлерін абаттандыру, жаңарту, көркейту жұмыстарын жүргізуді
Кездесу барысында Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуге дайындық мəселелері, сондай-ақ, «100 нақты қадам» ұлттық іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру аясындағы министрліктің қызметі талқыланды. Мемлекет басшысы мерекелік шараларды даярлау барысында негізгі салмақ Мəдениет жəне спорт министрлігіне түсетінін айтты. Осы жылдар ішінде Мемлекет тарихы институты құрылды, көптеген ғалымдарымыз тарихи материалдар іздеп табу жəне оларды жан-жақты зерделеу үшін шетелдерге шықты. Ел болу үшін, сондай-ақ, жастарды патриоттық тұрғыда тəрбиелеу үшін бізге Қазақстанның шынайы тарихы керек, – деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті мерейтойды қалыптасқан күрделі экономикалық жағдайда артық шығынсыз, бірақ халық жадында қалатындай сапалы өткізу керек тігін айтты. Мемлекет басшысы
мерейтойлық шараның басты мақсаты барша қазақстандықтардың патриотизмін нығайту жəне олардың рухани тұрғыдан өсіп-жетілуін қамтамасыз ету болып саналатынын атап өтті. Мəдениет жəне спорт министрі мерекелік шаралар Астанада жəне Таразда өтетінін айтты. Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу Қазақстан халқының біртектілігі мен бірлігін нығайту үшін өте маңызды. Біз бірінші кезекте халықаралық ғылымитəжірибелік конференциялар өткізуге көңіл бөлеміз. Сонымен қатар, қазіргі кезде Таразда этнографиялық музей жəне орталық салынуда. Маңызды археологиялық жұмыстар жүргізілуде, – деді А.Мұхамедиұлы. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Карл БРАУНЕР:
«Бўл Ќазаќстанныѕ бейбітшіліксїйгіш саясатыныѕ нəтижесі» Үстіміздегі жылдың 27 шілдесі күні Дүниежүзілік сауда ұйымының Женевадағы штаб-пəтерінде осы ұйымға мүше елдер (ұйымға 161 ел мүше) өкілдерінің қатысуымен Қазақстанның мүшелікке қабылданғаны туралы хаттаманың əзірленгендігі белгілі. Осы шара аясында ұйым бас директорының орынбасары Карл БРАУНЕРМЕН сұхбаттасудың сəті түсті. – Кеше Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына қабылданды. Осы шара тұсында штаб-пəтердегі атмосфералық
көңіл-күй ахуалы қандай болды? – Көңіл-күй ахуалы өте жоғары болды деп айтар едім.
Жалпы, мен мұнда соңғы екі жылдан бері қызмет істеп келемін. Осы мерзім ішінде дəл кешегідей ұйымға мүше елдер өкілдерінің бəрінің де бірдей бірауыздан келісімді жағдайда жүргендігін көрмеп едім. Мұның себебі түсінікті. Біріншіден, осы шараға ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қатысты. Мұны біз ұйымға көрсетілген құрмет деп түсінеміз. Алдағы уақытта ұйым мүшелігіне қабылданатын елдер басшылығының да шараға осылайша мəн беруін қалар едік. Əрине, мүшелікке өтетін енді көп ел қалған жоқ. Алжир жəне Қазақстан орналасқан төңіректегі бірнеше елді айтуға болады. (Соңы 3-бетте).
Соңғы айда Қазақстанда өнеркəсіп жəне азық-түлік өнімдерінің бағасы арзандады. Статистика комитетінің мəліметінше, 2015 жылғы шілдеде маусым айымен салыстырғанда, тау-кен өнеркəсібіндегі бағалар 1,5 пайызға, өңдеу өнеркəсібіндегі бағалар 0,7 пайызға арзандады. Өндірістік өнімдер бағасы 1,2 пайызға төмендеді, ал өндірістік сипаттағы қызметтер бағасы 1,2 пайызға қымбаттады. Бас прокуратура құқық қорғау органдарын реформалау мəселелері жөніндегі интернет-сайтты іске қосты. Енді аталған сайт Мемлекет басшысы жариялаған бес институттық реформаларды жəне «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша мақсатты түрде жұмыс жүргізетін болады. Іске қосылған порталға (www. pro. kz) кез келген азамат құқық қорғау жүйесін реформалау жəне заңнаманы жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын қалдыра алады. Астанадағы «Саранда» шағын ауданында 240 орындық балалар бақшасы ашылды. Білім саласының мамандары бұл қаладағы балабақша кезегін азайтады дегенді айтуда. Жаңа орталықтың басты ерекшелігі, ғимарат едені арқылы жылытылады. Сондай-ақ, шкафтарда киімдер мен аяқкиімдерді кептіруге болады. Алматы облысындағы ірі кондитерлік компания – «Алматы өнімі» айына 800 тоннаға дейін тəтті өнім шығаруға кірісті. Қазір мұндағы екі цехта 480 адам жұмыс істейді. Кəсіпорын тəтті тағам түрін өндіретін Орталық Азиядағы ең ірі зауыт болып есептеледі. Қарағанды облысының тауар өндірушілері ЭКСПО нысандары құрылысы бойынша жасалған келісімшарттар сомасын 6 млрд.-тан астам теңгеге жеткізді. Облыстық өнеркəсіп жəне индустриялықинновациялық дамыту басқармасының хабарлауынша, ЭКСПО-2017 нысандарын салатын мердігер компаниялар аймақтағы 12 кəсіпорынмен 15 келісімшартқа қол қойған. Павлодар облысының Железинка ауданында ағаш өңдейтін жаңа комбинат іске қосылды. Мұнда тек қайың ағашы өңделеді. Комбинаттың ашылуы шағын ауылдың тамырына қан жүгірткендей əсер беріп отыр. Қазіргі күні 37 тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылды. Петропавл əуежайында ұшу-қону алаңдарын жөндеу жұмыстары басталды. Онда ұшу-қону жолағын қалыңдығы 10 см болатын асфальтты бетонмен жабу, оны 300 метрге ұзарту, 18 метрге кеңейту, сонымен қатар, ұшу жолы мен перронды қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіледі. Осыған орай, құрылыс аяқталғанға дейін бұл əуежай арқылы ұшуқону тоқтатылды. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.
● Кəсібің – нəсібің
Шырша ґсіріп, жылыжай салєан Ќайыргелді Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
міндеттеріне алғалы бері Тараздың төріндегі құрылыстар қатары күн санап көбейіп, қарқын алып келеді. Қазірдің өзінде Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Атырау, Павлодар облыстарының алды
Транскаспий транзиті
Транскаспий өңіріне маңызы зор оқиға Каспий теңізінің Əзербайжан астанасы Бакуден 65 шақырым жерде өткізілді. Жаңадан ашылған Алят теңіз портында Транскаспий транзиттік «Шихази (ҚХР)–Достық–Ақтау порты–Алят порты–Кишлы (Баку маңында)» бағдарымен алғашқы қарлығашы «Номад экспресс» контейнерлік пойызын қарсы алу салтанаты болды. Салтанатты шараға Əзербайжан Премьер-министрінің орынбасары Əбид Шарифов, Көлік министрінің орынбасары Ариф Əскеров, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин, «Əзербайжан темір жолы» ЖАҚ төрағасы Джавид Гурбанов, Грузия темір жолының басшысы Мамука Бахтадзе, Қытай Халық Республикасының Əзербайжан Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Хун Цзюинь қатысты. (Соңы 2-бетте).
міндеттеріне алған құрылыстарды аяқтауға жақындаса, соңы жұмыстың жартысынан астамын еңсеріп тастапты. (Соңы 5-бетте).
Бїгінгі нґмірде: Ұлылықты ұлықтаған ұстаным 4-бет
Ақын өміріндегі елеулі оқиғалар 6-бет
Ауданға барған іссапар кезінде Əбжан ауылына да жол түсті. Біздің газетіміздің тұрақты оқырманы, өзі де мақалалар жазатын Қайыргелді ағамыздың қаладан ауылға көшіп келгенін естіп, сəлемдесіп шығайық деп ойладық. – Əбжанға «Егемен» келеді дегенді естіп бұ кісіде ұйқы жоқ, – деп жеңгеміз бізді əзілдей күліп қарсы алды. Қақпадан кірген бетте көргеніміз, бау-бақшалы аула, айнала егілген қалың шырша тіпті, бойлап қалыпты. Қанша ауылға барып жүрсек те, ауыл қазағының дəл мынадай бағбаншылығын, бау-бақша өсіруге ден қойған пысықтығын сирек көресің. – Отандық, ауылдық өнім деген осы! Əбжан ауылына хош келдіңіз! – деп ағамыз да əзілдей қарсы алып жатыр. Өткен жылы Қайыргелді ағамыз «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының аясында 1,5 миллион теңге несие алыпты.
– Содан бірден жылыжай құрылысын бастадым. Өзімнің мамандығым агроном. Осы бір жылыжай салуды өмір бойы армандап келдім. Зейнетке шыққан соң сол мақсат жүзеге асты. Қаладан ауылға көшіп келдік.
Қияр мен қызанақты жылыжайда, ал, ауламызда басқа да көкөніс түрлерін өсіруді əйеліміз екеуміз осылай бастадық, – дейді Қайыргелді ағай. Сөйтіп, аумағы 135 шаршы метрді құрайтын жылыжайдың
жобасын əзірлейді. Жобасының жүзеге асуына «Стальмонтаж» ЖШС директоры көрші ауылда өскен Александр Терентьев қолдау көрсетіпті. Құны 60 мың теңгені құрайтын жобалық жұмыстарын тегін жасап береді. Жылыжайдың металл құрылғыларын дайындап, құрастырады. Ағыл-тегіл болмаса да, үйдегі құдықтан келетін сумен-ақ жылыжайын, ауласын күтіп-баптап отыр. (Соңы 3-бетте).