Бїгінгі нґмірде: Ґзімізге де, ґзгеге де ґз тауарымызды ўсынатын кез келді 4-бет Атыѕнан айналайын, Ќарќаралы 5-бет Шерлі шежіре шындыєы 7-бет Ќадыр аќынныѕ кґші 10-бет
№172 (28395) 4 ҚЫРКҮЙЕК БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Кемелдікке бастайтын кешенді істер Елбасыныѕ Аќмола ґѕіріне сапары кезінде кґрінді
Ќостанайда машина жасау саласы дамытылмаќ
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өңірлерге жұмыс сапары барысында кеше Ақмола облысына келді. Елбасы мен оның жанындағы ресми адамдарды облыс əкімі С.В.Кулагин Көкшетаудың жаңартылған əуежайында қарсы алды. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».
Елбасы бүгінде 190 жылдығын атап өту үстіндегі Көкшетау қаласының əлеуметтік нысандарын аралап көрді. Мемлекет басшысы алдымен бизнестің əлеуметтік жауапкершілігі аясында салынған Теннис орталығында болды. Жұртшылық игілігіндегі жобаның жалпы құны 765,2 миллион теңгені құрайды. Бұл қаржыны қаланы нəрлендіруші кəсіпорындардың бірі «Алтынтау-Көкшетау» ЖШС
бөліп отыр. Спорт ғимаратында 3 жабық корт, 3 ашық корт заманалық талаптар деңгейінде жабдықталған. Теннис залының ішінде осы тектес орталықтың техникалық жəне технологиялық жұмысы үшін қажетті барлық қосалқы орынжайлар қарастырылған. Ашық корттарда жанкүйерлер үшін 200 орындық трибуналар орнатылыпты. Теннис орталығы жыл бойы жаттығу жүргізуге бағыт талған жəне барлық жастағы əуесқой жəне кəсіби спортшылардың облыстық,
республикалық деңгейдегі жарыстарын өткізуді қамтамасыз ететін болады. Мемлекет басшысы жаңа «Достық үйінде» болып, оның қызмет ерекшеліктерімен танысты. «Достық үйі» – этноəлеуметтік жоба, оның құрылысы аяқталуын облыстың барлық этномəдени бірлестіктері тағатсыздана күткені айқын. Себебі, облыс орталығында арнайы салынған ғимарат болмағандықтан, жұртшылық көптеген қолайсыздықтар көріп келген еді. Ақмола өңірінде 105 ұлттың өкілі тату-тəтті тұрмыс кешуде. Мұнда 45 этномəдени бірлестік құрылған, соның 20сы аталған «Достық үйінде» тұрақты жұмыс істейтін болады. Достық үйінің пайдалануға берілуі өңірдің мəдени-көпшілік,
Шўєыл заѕ жобалары ќарауєа алынды
Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповтың жетекшілігімен кеше палатаның екі айлық жазғы үзілістен кейінгі алғашқы жалпы отырысы болып өтті. Депутаттар қорытынды əзірлеу үшін тоғыз заң жобасы бойынша қысқаша баяндамаларды тыңдап, тиісті комитеттерге бекітіп берді. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы бойынша Экономикалық реформа жəне өңірлік даму комитетінің төрағасы Сейітсұлтан Əйімбетов баяндап берді. Заң жобасы Үкімет, орталық жəне
жергілікті атқарушы органдар арасындағы құзыреттерді бөлуге бағытталған. Сондайақ, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да депутаттар назарына ұсынылды. (Соңы 3-бетте).
Оќырман назарына!
Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу мүмкін болып отыр. Ол үшін, құрметті оқырман, мына көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз. Сонымен қатар, аталмыш желілер арқылы «Егемен Қазақстан» газетінің бай сурет қорымен танысуға да тікелей мүмкіндік алатындықтарыңызды естеріңізге сала кетпекпіз.
демалыс қызметінің деңгейін көтереді, ойын-сауық шараларын өткізу үшін қажетті жағдайлар жасайды, бұқаралық іс-шаралар мен концерттерге тұрғындардың көптеп келуін қамтамасыз етеді. «Достық үйінің» басшысы Наталья Замолоцкихтің айтуынша, үш қабатты əсем ғимарат қала көркін аша түсті. Оның айналасы абаттандырылып, сəулелі субұрқақпен, балғын талтеректермен көркемделді жəне қалалықтардың жайлы демалысын ұйымдастыруға қолайлы жағдайлар жасалған. Тəрбиеленушілер хореография, музыка, актерлік шеберлік, ана тілі мен этномəдениет бойынша кəсіби курстарға қатысатын болады. (Соңы 2-бетте).
Ґзара пікір алмасты Кеше Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Р.Түсіпбеков Венгрия Куриясының (Жоғарғы Соты) Төрағасы П.Даракпен кездесті. Кездесуде Қазақстан Республикасы мен Венгрияның сот жүйелері дамуының көкей кесті мəселелері бойынша пікір алмасылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөлімі.
АҚПАРАТТАР аєыны ● Кеше Қазақстанда республикалық меншіктегі алғашқы нысан сатылды. Қаржы вицеминистрі Руслан Дəленовтің айтуынша, бұл нысан «Ғимараттар мен көліктерге қызмет көрсету» ЖШС көрінеді. Аукционда оның саудасаттығы 7,6 млн. теңгеден басталды, нəтижесінде 12,3 млн. теңгеге жеткен. ● Астанада республикадағы ең ірі хореография академиясының құрылысы басталды. «Базис» компаниясы салатын академия аумағы төрт корпустан тұрады. Соның құрамындағы театр ғимаратында классикалық ярус нұсқасымен жасалған 800 орындық көрермен залы бар. ● Еліміз аймақтары ішінен биылғы оқу жылы қарсаңында жаңа мектептерді ең көп
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қостанай облысына сапарының екінші күні Қостанай қаласындағы өндіріс орындарын аралады. Ол алдымен «ЕвразКаспианСталь» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне келді. Металды өңдеп жəне қайта өңдеп, арматура жасайтын, ұсақ сортты прокаттар шығаратын кəсіпорын еліміздегі үдемелі индустриялықинвестициялық даму бағдарламасы шеңберінде өмірге келген жобалардың бірегейі деуге лайық. Кəсіпорын толық күшіне енгенде жылына 450 мың тонна құрылыс арматурасын өндіретін болады. Онда 250-300-ге тарта қостанайлық жұмыс орнын табады. Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».
Мемлекет басшысы «ЕвразКаспианСталь» зауытының
цехтарын аралап көрді. Елбасына ірі инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы мен зауытта бүгінде атқарылып жатқан істер, яғни металл илек жасайтын технологиялық
желінің жұмысы мен өндіріс технологиясы туралы баяндалды. Енді жергілікті құрылыс компаниялары темір-бетон құрылымына салатын сомтемірді алыстан іздемейді, ол үшін Ресей аспайды, қасында, бір қалада тұрған «ЕвразКаспианСталь» зауытынан жеткізе қояды. Сонымен қатар, болат илек зауыты Қазақстанның құрылысқа ең қажетті материал жөніндегі ішкі нарығын қанағаттандырады, сыртқа тəуелділікті азайтады. Елімізде бұрын шығарылмаған жаңа өнімге Елбасының көңілі толды. (Соңы 2-бетте).
Мемлекет мерейі
ЌАЗАЌСТАН ДАМУ ДЕЅГЕЙІ ЖОЄАРЫ ЕЛДЕР ТОБЫНДА 2014 жылдың 3 қыркүйегінде Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) 2014-2015 жылғы Жаһандық бəсекеге қабілеттілік туралы жыл сайынғы есепті жариялады. Осы жылы рейтингті соңғы 6 жыл қатарынан тұрақ ты позицияға ие болып отырған Швейцария бас тап отыр. Одан кейін Сингапур, АҚШ, Финляндия жəне Германия орналасқан. Дүниежүзілік экономикалық форумның 2014-2015 Жаһандық бəсекеге қабілеттілік индексінде (ЖБИ) бағаланатын елдер саны 144 елді құрады (өткен жылы – 148). Осы жылы рейтингке Тəжікстан қайта оралды, ал Бенин, Босния жəне Герцеговина, Бруней, Эквадор, Либерия сияқты 5 ел кірген жоқ. ЖБИ 114 көрсеткіштен есептеледі, оның 34-і статистикалық мəліметтер негізінде, ал қалғандары
орта жəне ірі кəсіпорындар басшыларының бағалаулары негізінде есептеледі. 144 көрсеткіштен эконо микалық дамудың түрлі деңгейлерінде орналасатын əлем елдерінің бəсекеге қабілеттілігін сипаттайтын 12 бəсекеге қа білеттілік факторлары шы ғарылады. Рейтинг нəтижелері бойынша Қазақстан өткен жылғы нəтижелерді тұрақты ұста нып 4,4 орташа балмен
тапсырған Оңтүстік Қазақстан болды. Облыста 21 білім ошағы бірінші мəрте оқушыларға құшағын айқара ашты. Соның ішінде Сарыағаш жерінде – 6, Шымкент қаласында – 5, Төлеби ауданында 3 мектеп қатарға қосылды. Өңірдегі барлық 1022 мектепке 576 918 оқушы барса, бұлардың 66 259-ы алғаш рет білім мекені табалдырығынан аттады.
атты күмістен жасалған мүсіндердің көрмесі қанат қақты. Ол негізінен белгілі суретші, «Болашақ» президенттік сыйлығының лауреаты Марат Габдрахмановтың туындыларынан құралды. Бұл өнегелі жерден, сондай-ақ, оралдық Ерғали Бекешевтің, аты рау лық Серік Матениязовтың жəне астаналық Тоқтар Ермековтің еңбектерін де көруге болады.
● Павлодар облысы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдар ламасын жүзеге асыруда елімізде алдыңғы қатарда келеді. Мұнда «Пайыздық мөлшерлемені субсидия лау» бағыты бойынша 2014 жылы республикалық бюджеттен 2 530,9 млн. теңге бөлінген. Жыл басынан бері экономиканың басым салалары бойынша барлығы 59 жоба мақұлданған.
● Петропавлдың Ботаникалық бағында сирек кездесетін юкко өсімдігі гүлдеді. Ол осында өткен «Өңір берекесі» атты бақша фестивалі кезінде көрсетілді. Бұл мерекеге қаланың көптеген кəсіпорындары мен бағбандары өздерінің экспозицияларын əкелді.
● Атырауда «Көшпенділер»
● Қызылорда облысы Қазалы ауданында 10 күннің ішінде 4 амбулатория ашылды. Бұл туралы хабарлаған аудандық əкімдіктің
қайтадан 50-орынға ие болды. Қазақстан даму деңгейі əлдеқайда жоғары елдер тобында орналасқан, мұнда тиімділік жəне экономикалық даму факторлары үлкен рөлге ие болып отыр. Рейтингке қатысатын барлық елдер экономиканың даму кезеңдері бойынша бөлінеді. Елдерді бөлу критерийі жан басына шақ қандағы ІЖӨ деңгейінің көрсеткіші болып табылады. Алайда минералды ресурстарға тəуелділігі жоғары елдердің, оның ішінде Қазақстанның даму кезеңін анықтау үшін ел дамуының негізгі факторлардан тəуелділік дəрежесін өлшейтін екінші критерий пайдаланылады. (Соңы 3-бетте).
баспасөз хатшысы Балгүл Мəмен осындай соңғы нысанның кеше Үрмəш Түктібаев ауылында пайдалануға берілгенін мəлімдеді. Құрылысын «РЗА» АҚ жүргізген емхананың сметалық құны 83,1 млн. теңге. Мұндағы 41 бөлменің ішінде негізгі емдеу 23 бөлмеден тұрады. ● Қостанайдағы түзету мекемесі жанынан лицей ашылады. Жазасын өтеушілер əзірге мұнда токарь жəне тігінші мамандықтарын игереді. Оған жастары 30-ға дейінгілер міндетті түрде тартылады. Себебі, олардың арасында орта білім алмағандар өте көп. Хабарлар «ҚазАқпарат», BNews.kz, Egemen.kz агенттіктерінің, «Қостанай таңы» газетінің, облыстық жəне аудандық əкімдіктер сайттарының деректері бойынша дайындалды.