04102013

Page 1

Абылайдың арманына қазіргі Қазақстан қол жеткізгенін ерекше мақтан тұтып, ішкі ынтымағымызды, сүттей ұйыған татулығымызды сақтауға қызмет ету баршамыздың парызымыз.

№226 (28165) 4 ҚАЗАН ЖҰМА 2013 ЖЫЛ

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. («Абылай аңсаған азаттық»).

 Ел жəне Елбасы

 Жасампаздық жемістері

Дамудыѕ даѕєыл жолында

Аталы сґзге алєыс айтамыз

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2006 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында ел алдында таяудағы он жылда əлемдегі бəсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиялық міндетін қойды.

Елбасының «Егемен Қазақстанда» жарияланған «Абылай аңсаған азаттық» атты мақаласы – елдік сананы дүр сілкіндірген елеулі еңбек. Газет редакциясына Шығыс Қазақстан облысындағы ардагерлер атынан келіп түскен хат осының бір дəлелі. Осы аймаққа аты белгілі аға ұрпақ өкілдері Бошай Кітапбаев, Хафиз Матаев, Нəсен Сембаев, Қанипа Бітібаева, Геннадий Бердюгин, Фрунзе Жақсылықов, Əзімхан Сəдуақасов, Анатолий Еременко, Арап Еспенбетов, Гүлбарам Етекбаева Мемлекет басшысының жоғарыда аталған мақаласына былай деп үн қатады.

Аса құрметті Нұрсұлтан Əбішұлы! Өзіңіздің «Абылай аңсаған азаттық» атты тағылым мен парасатқа толы мақалаңызды мұқият оқып, еліміздің өткені мен келешегіне деген асқан жауапкершілігіңізге тағы бір мəрте тəнті болдық. Өткенсіз болашақ жоқ... Тасқа қашалып жазылған төл тарихымызды қайта қолға алып, объективті бағасын беру жас ұрпақтың бойында өз еліне, туған жеріне деген асқақ сезімін оятып, игілікті істерге бастайтындығы сөзсіз. Абылайдай даңқты тұлғаның ел егемендігі үшін атқарған абыройлы саяси-дипломатиялық қызметі кешегі қысылтаяң шақта ескерілмеді. Ел егемендігін алған тұста ғана тарих ақтаңдақтарының беті ашыла бастады. Абылайдың Қазақ елінің егемендігін сақтап, шекарасының бүтіндігіне нұқсан келтірмеу жөнінде Аспанасты елі мен Ресей империясы сынды алпауыт мемлекеттер арасында жүргізген салиқалы саясаты бүгінгі ұрпақ жадында мəңгіге сақталуы тиіс. Себебі, соның арқасында Алтай мен Атырау, Қаратау мен Қызылжар аралығындағы ұлан-ғайыр атырап бүгінгі ұрпаққа аманат болып жетті. Ең бастысы – халқымыз бұның барлығына береке-бірліктің арқасында ғана қол жеткізуге болатындығын жете түсінуі тиіс. Дана халқымызда «бөлінгенді бөрі жейді» деген сөз бар. Біз жүзге, руға бөлінгеннің салдары қандай болатындығын жақсы білеміз. Алайда, небір нəубет жылдарды басынан өткерген қазақ елінің, азуын айға білеп, қолға қару алып Отан үшін отқа түскен күндерден де бейхабар емеспіз. Əрісі Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек, Қарасай, берісі Бауыржан, Қасым, Төлеген, Талғат, Əлия мен Мəншүк сынды ерлік, өрлік рухымен сусындаған батырларымыздың аңсаған басты арманы киелі Тəуелсіздігіміз еді. Тəубе, бүгінгі күні өзіңіздің білгір басшылығыңыздың арқасында төрткүл əлемге

танылып үлгерген көпұлтты Қазақстан халқы, кешегі Абылайдың аңсаған арман-мұраттарына жетіп, баянды ғұмыр кешуде. Бейбітшіліксүйгіш қазақ елі бүгінде өз Тəуелсіздігін нығайтып, бір атаның баласындай еңбектеніп, жұмыстың жемісін татуда. Себебі, алдымызға қойылып отырған мақсатымыз ортақ. Ол – «Қазақстан-2050» Стратегиясында айтылған озық отыз елдің қатарына кіру. Бұл мақсатымыз толықтай орындалатындығына сенімдіміз. Қазіргі таңда «Қазақстан» мен «бейбітшілік» сөздері егіз ұғымға айналғандай. Өйткені, біз ядролық арсеналымыздан өздігімізбен бас тартып, əлемге ынтымақты ту еткен ел ретінде танылдық. Ал бұл оқиғаның еліміз үшін, соның ішінде Семей жері үшін қаншалықты қуаныш əкелгендігі жақсы белгілі. Лайым, қуанышымыз ортаймасын! Екі ғасырдың тоғысқан шағында еңбек еткен біз əлі күнге дейін кешегі кеңестік дəуірмен бүгінімізді салыстырумен келеміз, көп ойланамыз, бүгінімізге мың да бір шүкіршілік етеміз! Қазіргі мақсатымыз – кешегі бабалар аманатын адал орындап отырған өзіңіздей Президентіміздің ертеңгі болашақ жөніндегі пайымды ойларын іске асыратын жастарымызға баталы сөзімізді айтып, дұрыс жолға бағыттау. Абайдай дананы, Шəкəрімдей бабаны, мұхит ойлы Мұхтардай алыптарды тудырған киелі Шығыс елі өзіңіздің əр бастамаңызды толық қуаттайды. Аса құрметті Нұрсұлтан Əбішұлы! Абылай аңсаған азаттығымыз мəңгілік болсын! Оны мəңгілікке апарар ұрпағымызға Құдай мықты денсаулық, ақыл-парасатын молынан берсін. Ел іргесі аман болсын. Сəбилеріміздің ұйқысы тыныш болсын. Аманатқа қиянат жасамайтын Қазақ елінің маңдайы жарық болсын! Өзіңізге мықты денсаулық, амандық тілейміз! Абылайдай дананың атын асқақтатқан аталы сөзіңізге алғыс айтамыз.

Біліктілікті арттырудыѕ бїгінгі байламы Кеше Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Астана жəне Алматы қалалары мен облыстық əкімдіктер аппараттарының басшылары үшін «А» корпусының əкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру семинары басталды. Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Семинар үш күнге созылады. Оның мақсаты тыңдаушылардың жобаларды басқару бойынша құзыреттерін дамыту, мем лекеттік органдардағы ішкі аудиттің негізгі аспектілерімен таныстыру, көшбасшылық дағдыларды жетілдіру, қақтығыстану

са ла сын дағы білімді кеңейту, сондай-ақ, əлеуметтік қақтығыстардың алдын алу мен шешуге атсалысу болып табылады. Семинардың ашылу рəсімінде Президент Əкімшілігі Басшысының орынбасары Ғабидолла Əбдірахымов, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Əлихан Байменов, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару

академиясының ректоры Болатбек Əбдірасылов сөз алып, жиынның мақсаты мен мəнін түсіндірді. Семинардың бағдарламасы блок-модуль қағидаты бойынша құрастырылған екен. Оны əзірлеуге Еуропалық Одақтың сарапшылары қатысқан. Семинардың бірінші күні «Policy Advisory Group» сарапшылары интерактивті тренинг өткізді. Онда жобаларды басқарудағы басты дағдылар нақты мысалдармен көрсетілді. Ал бүгін, екінші күні əлемдегі жетекші мамандардың бірі - Шпайер Академиясынан

АҚПАРАТТАР аєыны  Қазақстанның үздік 48 ұстазы ның əрқайсысына 1,7 млн. теңгеден сыйақы тапсырылды. Кеше Астанадағы «Шабыт» шығармашылық сарайында осыған арналған салтанат болып өтті.  Алматыда 2014 жылы 1 мың мұғалімнің жалақысына үстеме қосылады. Бұл туралы кеше қала əкімі Ахметжан Есімов мəлімдеді. «Бұл үшін келесі жылдың бюджетінде 650 миллион теңге қарастырылып отыр», деді ол.  Өскемен қаласы жылыту маусымына көшті. Мұнда техникалық жағынан дайын көп қабатты үйлерге жылу беріле бастады. Жалпы, жылу жүйелеріне қосу жұмыстары биыл 2-11 қазан аралығында жүргізілуде.  Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі Ресей орденімен марапатталды. Кеше Ресейдің Қазақстандағы елшісі Михаил Бочарников «Достық» деп аталатын осы награданы Асқар Мырзахметовке арнайы келіп табыс етті.

 Қызылорда облысының əкімдігі тірек елді мекендер жайын тал қылады. Осыған арналған алқа оты рысында облыс əкімі Қырымбек Көшербаев аймақта 2014 жылы мұндай ауылдардың саны артуы керек екенін айтты.  Павлодарда мүгедектер арнайы автобустармен жүретін болды. Осыған орай, облыс əкімі Ерлан Арын кеше «Павлодар автокомбинаты» кəсіпорнына жаңа автобустардың кілттерін салтанатты түрде табыс етті.  Қапшағай су қоймасына 180 мыңнан астам биылғы шабақтар жіберілді. Олардың арасында уылдырық шашу-өсіру шаруашылығында өсірілген тұқы, дөңмаңдай жəне ақ амур сынды су маржандарының ұрпақтары бар. «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.

Қыркүйекте жарияланған беделді Дүниежүзілік экономикалық форумының 2012-2013 жылдар ға арналған Жаһандық бəсе кеге қабілеттілік индексінің (ДЭФ ЖБИ) қорытындыларына сəйкес Қазақстан Рес пуб ли касы өзінің позициясын өткен

жылмен салыстырғанда 1 тармаққа жақсартып, 50-орынды иеленді (2012-2013 рейтингте – 51 орын), 2011 жылдан бастап – 22 тармақта (2011-2012 – 72 орын). 2013 жылғы рейтингте бағаланатын мемлекеттер саны 148-ге дейін ұлғайды (өткен жылы – 144).

ДЭФ ЖБҚИ 114 көрсеткіштен саналады, олардың ішінде 80ні орта жəне ірі кəсіпорындар басшыларының сауалнамасы, ал қалғандары статистикалық деректер негізінде саналады. Экономикалық дамудың түрлі деңгейлерінде орналасқан əлем елдерінің бəсекеге қабілеттілігін егжей-тегжейлі сипаттайтын 12 фактор бар. Бəсекеге қабілеттілікті бағалау əдіснамасына қатысты

рейтингке қатысатын барлық елдер экономикасының даму сатылары бойынша бөлінеді. Жан басына шаққандағы ІЖӨ деңгейі елдерді бөлу критерийі болып табылады. Сонымен бірге, минералды ресурстарға тəуелділігі жоғары елдер үшін, сондай-ақ, соңғы бес жылдағы экспорттың (тауарлар мен қызметтердің) жалпы құрылымындағы шикізат экспортының үлесі бойынша анықталатын екінші критерий қолданылады. (Соңы 2-бетте).

 Ел тынысы: мың бір мысал

Павлодар картобы Якутияєа дейін жетті Осыдан алты-жеті жыл бұрын біздің облысқа картоп пен көкөніс өнімдері ылғи да оңтүстіктен келетін-ді. Жергілікті шаруашылықтар картоп өсіруді қолға ала қоймаған кез еді. Қазір жағдай басқаша, мемлекет қолдауы арқасында облыс шаруашылықтары көкөніс пен картоп өсірудің жаңа технологиясын игеріп, бұл күндері мол табысқа кенелуде. Жергілікті өнім нарыққа еніп, өз орнын тапты, оңтүстік жақтан келетін көкөніс, картоп азайды. Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Биыл да облыста астық пен көкөніс өнімдері, картоп мол өнім беруде. Өңір бойынша 320 мың тонна картоп жиналады деп күтілуде. Бұл – облыс тұрғындары бір жылда тұтынатын мөлшерден 6 есеге көп. Қазір күзгі жиынтеріннің қызған шағы. Облыс орталығында «Павлодар картобы – 2013» атты жəрмеңке өтті. Əр ауданның көкөніс картоп өсірушілері жəрмеңкеге өздері өсірген өнімдерін алып келді. доктор Джулия Флейшер (ГФР) мемлекеттік органдарда ішкі аудитті жүргізудің əдіснамасы мен еуропалық тəжірибесі туралы айтып береді. Біздің елімізде қазіргі уақытта осы проблема бойынша нормативтік құқықтық база əзірленіп жатқанын атап өту керек. Қорытынды күні ENA-ның танымал сарапшысы (Франция Ұлттық мемлекеттік басқару мектебі) Пьер Жевар əлеуметтік шиеленістерді басқаруға басты назар аудара отырып, көшбасшылықты қалыптастыру бойынша тренинг өткізеді. Бұл шараның барысында əлеуметтік шиеленістердің алдын алу мен шешу шаралары қарастырылады деп күтіліп отыр.

Картоп пен көкөніс түрлері, қарбыз, балдың түрлі сорттары жұртшылық назарына ұсынылып, шаруалар əр өнімнің ерекшеліктерін əңгімелеп берді. Мəселен, Қашыр ауданының «Түленов», «Песчан асыл тұқымды мал орталығы», «Бөлтекпаев», «Жас нұр» шаруашылықтары 107 гектар жерге егілеген картоптың онға жуық сорттарын алып келіпті. Гектарынан 30-35 тонна өнім жинапты. Қазіргі күні келісін 35 теңгеден сатуда. Ертіс өзенінің жайылмасы көкөніс, картоп өсіруші шаруашылықтар үшін тамаша мүмкіндік. Сонымен қатар, суармалы жерлердің

көлемін ұлғайтудың жəне озық технологияларды қолданудың арқасында жыл сайын өнім көлемі артып келеді. Мемлекет қаржысына қазіргі күні жаңадан су жүйелері салынып, оның тармақтары шаруашылықтардың алқаптарына жеткізілуде. Біздің өңір еліміздің аумағындағы картопты ең көп экспорттаушы болып отыр. Павлодардың картобын Ресейдің Омбы, Түмен, Новосібір қалаларына, тіпті, Якутия, Бурятия елдеріне тасымалдауда. Бұл жергілікті картоптың халықаралық нарықта бəсекеге қабілетті екенін көрсетуде. Бүгінгі күнге дейін биылғы жылдың 10

Қостанай облысында Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі Əсет Исекешев бастаған жұмыс тобы болып қайтты. Сапар мақсаты – өңірдегі Индустрияландыру картасы нысандары жағдайы мен үдемелі индустриялықинновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру барысымен танысу, проблемаларды талқылау.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

3-бет

экономикалық маңызы үлкен бірнеше өндіріс орындарын аралады. Ол алдымен «Агромаш Холдинг» АҚ-та болып, осы өндіріс жəне «Сарыарка АвтоПром» ЖШС шығарған «Ssang Yong», «Chance» жəне «Peugeot» автомобильдерін көрді.

Мəжілісті ашқан партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек: «Елбасының тапсырмасы бойынша бəріміз де – үкімет мүшелері, Саяси кеңес, бюро мүшелері, біздің фракцияның депутаттары аймақтарға шығып, аудандар мен қалаларға барып, жалпы жұртшылықпен, партияластармен кездесіп, ол жүздесулерде Саяси доктринаның жобасын кеңінен талқыладық. Енді алда партия съезі келе жатыр, аймақтарда конференциялар өтіп, съезге 1200 делегат сайланды. Астанада партия форумы екі күнге жалғасады. Оны партия құрылтайы деп айтуға болады», дей келе, қай кезде де съезде ел үшін маңызы бар шешімдер қабылданатынын атап көрсетті.

(Соңы 4-бетте).

(Соңы 2-бетте).

Ќазаќстан жəне əлемдік кґрмелер

4-бет

Ауылда жїрген бір талант

10-бет

Міндет орындалуымен ќўнды

Кеше «Нұр Отан» партия сының Орталық ап паратында сайлауалды тұғырнаманың 2013 жылғы бірінші жартыжылдықта іске асырылуы мен аймақтарда Сая си доктрина жобасын талқылау жұмыстарын қорытындылаған мəжіліс өтті.

Абылай хан жəне Ахмад шах

5-бет

Павлодар облысы.

Машина жасау ісіне маѕызды кґзќарас

Бїгінгі нґмірде:

Зейнетаќы жїйесін жаѕєырту

мың тонна картобы сыртқа сатылды. Облыста əлеуеті мықты картоп өсірушілердің каталогы да жасалып қойды. Оны барлық өңірлерге таратуды жоспарлап отыр. Картоп тамақ ретінде ғана емес, мал азығына, медицинада, химиялық салада, парфюмерияда кеңінен қолданылады екен. Облыста картопты суармалы танаптарда отырғызуға назар аударылуда. Осы жылы өңірдегі суармалы жердің 35 пайызына картоп егіліпті. Тамшылатып суару əдісі арқылы картоп өсіру технологиясында голландық əдісті іске қосқан 20-дан астам шаруашылық бар. Сонымен қатар, көкөніс өсірушілер өнімді делдалсыз жеткізу, экспорт аумағын кеңейтуге байланысты пікірлерін айтуда. Мысалы, «Кеңес-Агро» ШҚ басшысы Қалқаман Омаров сауда желілері өнімді егіс даласынан тиеп алып кететіндей жүйе құрылуы қажет дейді. Бұл дамыған елдерде бар. Нəтижесінде, тұтынушы қолына арзан əрі сапалы картоп тұрақты жетіп тұрады. Облыс əкімінің орынбасары Нұржан Əшімбетовтің айтуынша, алдағы уақытта облыста картоп жəне көкөніс өсірушілердің жергілікті ассоциациясы құрылады. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, кəсіпкерлік жəне сауда, Қазақстанның картоп жəне көкөніс өсірушілері ассоциациясы, сондай-ақ, «ҚазАгроМаркетинг» АҚ арасында ынтымақтастық туралы төртжақты меморандум да жасалды.

Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Үстіміздегі жылдың екінші жартысында Қостанай облысында құны 31,8 миллиард теңге болатын 8 жоба өмірге жолдама алмақ. Оларда болашақта 828 қостанайлық жұмыс орнын табады. Ə.Исе кешев


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
04102013 by Egemen - Issuu