Бїгінгі нґмірде: Кез келген сайлау – ќоєамныѕ саяси жетілуініѕ кґрінісі 2-бет Нўрлы жол – болашаќќа жол 3-бет Жекешелендірудіѕ басты шарты – ашыќтыќ 6-бет
№194 (28417) 4 ҚАЗАН СЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Кґрме ќўрылысы бекітілген кестеге сəйкес жїргізілуі тиіс Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияевті қабыл дады, деп хабарлады Пре зи денттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Т.Ермегияев ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық пен Көрме кешені құрылысының барысы туралы баяндады. Қазақстан Президенті Ұлттық компанияның алдына үлкен міндет қойылғанын, оны бүкіл жұртшылық бақылап отырғанын айтты. – Дайындық шаралары бекітілген кестеге сəйкес жүргізілуі тиіс. Көрме кешенін салу арқылы Астананың келбеті де өзгереді, ел экономикасы оң серпін алады. Құрылысқа қажетті материалдар шығарумен айналысатын шағын жəне орта бизнес субъектілерін жұмыспен қамтыған жөн. Тағы
бір маңызды мəселе – көрме нысандарын көрме өткеннен кейін пайдалану, олар көрмеден кейін де қолданыста болуы керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы өз кезегінде көрме нысандарының құрылысы құрылысмонтаж жұмыстарының бекітілген кестесіне сəйкес жүріп жатқанын айтты.
– Жыл аяғына дейін облыс əкім діктерімен бірқатар меморандум жасау жоспарланып отыр. Онда құрылысқа қажетті материалдар пысықталады. Бүгіннің өзінде құрылыс материалдары жергілікті компаниялардан сатып алынуда, – деді Т.Ермегияев. Ол, сондай-ақ, компания қар жыландырудың балама көздерін тарту тетіктерін əзірлегенін айтты. «Астана
Мейірім мерекесі – Ќўрбан айт ќўтты болсын!
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Қадірменді ағайын! Мұсылман қауымының ұлық мерекесі – Құрбан айт құтты болсын! Айтқа аман-есен жеткізген Алла тағалаға сансыз шүкірлер мен мақтаулар болсын! Құрбан айт – бірлік пен игілік, мейірім мен кешірім мерекесі. Биыл мұсылман қауымы бұл мерекені 4-7 қазан аралығында тойлайды. Бұл күндері мұсылмандар қайырлы, ізгі амалдар арқылы Жаратушыға жақындайды. Құрбан айттың бірінші күні мешітте айт намазы оқылғаннан кейін Алланың разылығы үшін құрбандық шалынады. Қаржылық мүмкіндігі жоқ адамға құрбан шалу міндет
емес. Құрбандық еті ағайынтуыс, көрші-қолаң, тұрмысы төмен отбасыларына, жетім мен жесірлерге, мүгедектер мен сырқат жандарға таратылады. Мұндай игі амалдар адамдар арасында мейірім, қамқорлық, кешірім, қайыр-шапағат секілді көркем мінез бен жақсы қарым-қатынас қалыптастырады. Алланың разылығы үшін құрбан шалу арқылы пенденің иманы күшейіп, тақуалығы артады. Қасиетті Құранда: «Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Аллаға жетпейді. Оған жететін нəрсе – жүректеріңізге ұялаған тақуалық, Аллаға деген құрмет» («Хаж» сүресі, 37-аят), – деп баяндалған.
Қажылыққа аттанған мұсылман бауырларымыз, отандастарымыз жүздерін қасиетті Қағбаға қаратып, Арафат тауында еліміздің игілігі мен халқымыздың бірлігін, екі дүниенің бақытын тілеп, Жаратқанға жалбарына дұға жасауда. Мүбəрак мейрамның құрметіне орай, барша отандастарымды, кəсіпкер бауырларымды, дін жанашырларын Құрбан айтта мүгедектер, жетімдер мен жесірлер, əсіресе қараусыз қалған ата-аналар үшін арнайы қайырымдылық ісшаралар өткізіп, айттың қуанышын сездіріп, оларға мүмкіндігінше көңіл бөлуге шақырамын. Алла тағала баршамыздың дұға-тілектеріміз бен ізгі амалдарымызды жəне шалған құрбандықтарымызды қайырымен қабыл еткей! Ұлттар мен ұлыстарды мейірімділікке, игілікке, бірлікке үндейтін ұлық мереке – Құрбан айт мүбəрак болғай, ағайын. Жаратушы Иемізден отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық, кəсіптеріңізге адалдық пен береке тілеймін. Еңселі елдің болашағы баянды, Тəуелсіздігіміз мəңгі болғай! Əумин! Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.
Батыс Ќазаќстанда басым баєыттар дамытылуда Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өңір басшыларының дəстүрлі баспасөз мəслихаты жалғасын тапты. Бұл жолы Батыс Қазақстан облысының əкімі Нұрлан Ноғаев өңірдің əлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері мен салалық бағдарламалардың жүзеге асырылуы жөнінде баяндады. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».
Аталған облыс еліміздің батыс қақпасы екендігін жəне онда 627 мың тұрғын ғұмыр кешетіндігін айтқан аймақ басшысы, негізгі қол жеткізген табыстары жөнінде əңгімеледі. Мəселен, 2014 жылғы қаңтар-тамызда Батыс Қазақстан облысының өнеркəсіптік өндірісі 3,8 пайызға өскен. Сондай-ақ, кен өнеркəсібінде табиғи газ бен газ конденсаты өндірісінің ұлғаюы есебінен өндіріс көлемі 4,9 пайызға артқан. Өңдеуші өнеркəсіптің машина жасау, құрылыс индустриясы, металлургия салаларында да үлкен табыстарға қол жеткізіліп жатқанын жеткізді.
Мемлекеттік шекараны қорғауға арналған катерлердің, мұнай-газ жабдықтары мен аграрлық сектордың өңдеуші кəсіпорындарына арналған жабдықтардың өндірісі, полиэтилен құбырлар, жылу сақтайтын шыны, металл черепица, қызыл керамикалық кірпіш сияқты құрылыс материалдарының өндірісі игерілді, кен өндіру өнеркəсібіне арналған кен шарларының өндірісі жаңартылды. Құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын желілер іске қосылған. «Өңірдің бағыты ескеріле отырып, өнеркəсіп саласы 2015-2019 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасында анықталған мұнай мен газ өндіру, мұнай
химиясы жəне онымен байланысты машина жасау салалары мен мұнай-газ өнеркəсібіне арналған сервистік қызметтер бойынша ұлттық кластердің аясында дамытылады», деді Н.Ноғаев. Əкім аймақта биыл мол астық жиналғанын, оны төкпей-шашпай қамбаға құйып алғандарын да айтты. Атап айтқанда, биыл өңірде 232 мың тонна астық бастырылыпты. «Қазіргі таңда біз күздік жəне жаздық бидайымызды орып, қамбаларға жинап алдық. 320 мың гектардың 70 мың гектары күздік егіс алқабы болатын. Күздік егістік өнімділігі гектарына 16 центнерден айналды. Жаздық егістікпен бірге санағанда гектарына орташа 8 центнерден өнім алдық. Жалпы, 232 мың тонна астық жинадық. Облыстың қажеттілігі 110 мың тонна», деп сөзін толықтырды облыс басшысы. Əкімнің сөзіне ден қойсақ, облыстағы егіс алқабы 507 мың гектарды құрайды. (Соңы 7-бетте).
ЭКСПО-2017» Ұлт тық компаниясы» АҚ басқарма басшысының ақпаратына қарағанда, қонақ үйлер, тұрғын үйлер мен өзге де нысандарды қоса қамтығанда, тікелей шетелдік инвестициялардың болжамды көлемі 800 миллион доллар болады. Кездесудің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді. Бекітілген жоспарға сəйкес, ЭКСПО-2017 барлық 38 нысанын пайдалануға беру 2016 жылдың желтоқсанына жоспарланып отыр. Көрменің халықаралық қатысушылары өз экспозицияларын дайындау жұмыстарын 2017 жылдың қаңтарында бастайды. 2017 жылдың 10 маусымынан 10 қыркүйегіне дейін созылатын ЭКСПО-2017 көрмесіне 100-ден аса ел, оннан кем емес халықаралық ұйымдар, инновациялық технологиялардың 10 шақты көшбасшы-компаниялары қатысады деп жоспарлануда. Көрмені 2 миллионнан астам адамның келіп көруі күтілуде, соның шамамен 85 пайызы қазақстандықтар болмақ. ----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Ќазаќстан Президенті Нўрсўлтан Назарбаевтыѕ Ќўрбан айт мерекесімен ќўттыќтауы Қымбатты отандастар! Сіздерді Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын! Құрбан айт – ежелден мұсылман қауымының бейбітшілік, бірлік, мейірімділік пен өзара көмек сияқты мəңгі адами құндылықтарды нығайтатын ең басты мерекелерінің бірі. Біздің елімізде Құрбан айт мейрамын тойлау мəдени жəне рухани құндылықтарды дамытуда, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайтуда елеулі орын алады. Құрбан айт халықтың басқа да діни мерекелері сияқты қазақстандықтардың рухани өміріндегі, моральдық-адамгершілік қағидаларын
нығайтудағы, қоғамның ауызбіршілігін бекітудегі маңызды оқиғаға айналды. Қастерлі Құрбан айт мерекесі – игіліктің, мейірімділіктің, кеңпейілділіктің, жақындарға жанашырлық пен қамқорлықтың салтанат құруының нышаны. Бұл күндері жетімдерге, қарттарға, мүгедектерге жəне барша мұқтаж жандарға көрсетілетін көмек жүректерді ізгілік пен ризашылыққа толтырады. Жаратушымыз тілектерді қабыл етіп, құт-береке сыйласын! Елімізде əрқашан бейбітшілік, бірлік жəне келісім болсын! Барша қазақстандықтарға зор денсаулық, сəттілік жəне амандық тілеймін!
Елбасыныѕ апталыќ кестесі 6 қазанда Нұрсұлтан Назарбаевтың «Самұрық-Қазына» АҚ трансформация форумына қатысуы жоспарлануда. Бұл шараға шетелдік дербес қорлардың топ-менеджерлері шақырылған. 8-9 қазанда Мемлекет басшысының Бельгия Корольдігіне жұмыс сапары күтілуде, оның аясында осы елдің жəне
Ўлы Жібек жолы – теѕдесі жоќ ќўбылыс Сенат Тґраєасы Ќ.Тоќаев бастаєан ќазаќстандыќ парламентшілер ЕЌЫЎ Парламенттік Ассамблеясына ќатысуда 2 қазанда Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған қазақстандық делегация ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының «Қауіпсіздіктің жаңа қатерлері: парламенттердің рөлі» тақырыбына арнал ған 13-ші Күзгі сессиясына қатысу үшін Женеваға келді. Парламенттік Ассамблея аясында əскери-саяси, экономика-экология жəне адамзаттық өлшем бойынша сессиялар болады. Делегация құрамында сенаторлар Икрам Адырбеков, Георгий Ким, Дулат Құсдəулетов жəне Мəжіліс депутаттары Қуаныш Сұлтанов пен Светлана Бычкова бар. Сапардың алғашқы күні Қ.Тоқаев ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысы Оливер Спенсермен, Женева саясат жəне қауіпсіздік орталығының, Миналарды зақымсыз залалсыздандыру жөніндегі Женева халықаралық орталығы мен Қарулы күштерді демократиялық бақылау жөніндегі Женева орталығының қызметкерлерімен кездесті. Кеше Сенат Төрағасы Қ.Тоқаев Женева Дипломатия жəне халықаралық қатынастар институтының тыңдаушыларының алдында «Қазақстан жəне Еуразиядағы Ұлы Жібек жолы дипломатиясы» тақырыбы бойынша сөз сөйледі. Шараға институт тыңдаушылары, профессорлық-оқытушылар құрамы жəне оқу орнының басшылығы қатысты.
Еуропа комиссиясының басшыларымен бірқатар кездесулер жоспарланған. 10 қазанда Қазақстан Президенті Минск қаласына барады. Мұнда ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің, сондайақ, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық кеңесі мен Жоғары Еуразиялық
экономикалық кеңестің мемлекет басшылары деңгейіндегі кезекті отырыстары өтеді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
● 5 қазан – Мұғалімдер күні
ЎСТАЗ – БАЛА БАЄБАНЫ
Азат еліміз əр жыл сайын қазан айының алғашқы жексенбісін мұғалімдер күні ретінде атап келеді. Астана мен Алматыдан бастап бүкіл Отанымыздың барлық өңірлері бала бағбаны саналатын ұстаздарға құрмет көрсетіп, ілтипат танытып жатады. Бір замандары ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һəм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы», деген екен. Бұл ақиқат сөз. Тарыдай болып келіп білім ұясының табалдырығын аттаған ұл мен қыз ұлағатты ұстаздың алдын көрсе, оның іргетасы мықты білім-білігі жоғары болары хақ. Қазір бүкіл Отанымыз бойынша 300 мыңға таяу мұғалім 2 жарым миллионнан аса оқушыға сабақ беруде. Осы атаулы күнге орай материалдар топтамасын оқырмандарымызға ұсынып отырмыз.
–––––––––––––––––––––––
Тақырыпқа байланысты материалды 8-беттен оқисыздар.
(Соңы 7-бетте).
● Бəрекелді!
Ќазаќстанныѕ 6 боксшысы – Азиада чемпионы Алтын медальдар саны жаєынан рекордтыќ кґрсеткішке жеттік! 3 қазан күні Қазақстан спортшылары Азия ойындарының аяқталар қарсаңында спорттың 5 түрі бойынша сайысқа түсіп, 8 алтын жəне 3 күміс медаль жеңіп алып, алтын жүлделер санын 28ге жеткізді. Сөйтіп, спортшыларымыз өздері бірінші рет қатысқан 1994 жылы жапонның Хиросима қаласындағы Ойындарда жинаған 25 алтын медальдық көрсеткіштен асып түсіп, жаңа рекордқа қол жеткізді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан» – Инчхоннан (Корея Республикасы).
Айтатыны жоқ, боксшыларымыз шынында да ерледі. Біздің олардан толайым табыс күткеніміз рас-тын, бірақ оның дəл мынадай деңгейде болып шығатынына оншалықты сенімді де бола қойған жоқ едік. Ал олар алды да, айды аспанға бір-ақ шығарды. Тек гүрзі
жұдырықты жігіттеріміздің өзінде ғана қазір Азиаданың 6 алтын, 1 күміс жəне 1 қола медалі бар. Жиынтық саны – 8. Со ның арқасында командалық бірінші орынды өзімізден кейінгі 2 алтын, 2 күміс медальді қоржындарына салған алаң иелері – Оңтүстік Корея боксшыларынан көп алда кеттік. Мұның сыртында қыздарымыз қатарға қосқан 1 күміс, 1 қола медаль тағы тұр. (Соңы 14-бетте).