Бїгінгі нґмірде: Ќазаќстандыќ патриотизм
«Мен ґзімді ќыр баласындай сезінемін» 6-бет Ўлылыќ ўлаєаты 8-бет
№215 (28438) 4 ҚАРАША СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Елбасыныѕ апталыќ кестесі
Президенттің баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін алдағы ісшаралар туралы хабарлады.
5 қарашада Қазақстан Президентінің Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнайы қызметтері басшыларымен кездесуі жоспарланған. 6-7 қарашада Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевтың Қазақстанға мемлекеттік сапары өтеді. Сапар аясында Қазақстан Республикасы мен Қырғыз
Республикасының Жоғары мемлекетаралық кеңесінің 4-отырысы болады деп күтілуде.
Палата отырысыныѕ кїн тəртібі талќыланды
Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенаты бюросының отырысы болды. Сенаттың тұрақты комитеттері мен аппаратына Парламент Мəжілісінде мақұлданған заң жобалары берілді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
«2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын одан əрі пысықтау үшін бас комитет болып Қаржы жəне бюджет комитеті белгіленді. Халықаралық қатынастар, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитеті Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу үшін
жер учаскелерін өзара беру туралы келісімді ратификациялау туралы; «Дамуға ресми көмек туралы»; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дамуға ресми көмек мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша бас комитет болып белгіленді. (Соңы 2-бетте).
Экономикалыќ ґсім саќталуы тиіс
Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев экономикалық өсімді қамтамасыз ету жəне жылыту маусымын өткеру мəселелері жөнінде селекторлық кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
2014 жылдың соңына дейін экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарында мұнай-газ саласындағы, ауыл шаруашылығындағы, кен өндірісі мен өңдеу өнеркəсібіндегі өндіріс көлемін ұлғайтуға бағытталған шаралар, сол сияқты ШОБ-ты қолдау, халықты жұмыспен қамтамасыз ету жəне жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу шаралары қарастырылған. Энергетика министрлігінің мəліметтері бойынша, республиканың энергия жүйесі штаттық режімде жұмыс істеп тұр, тұтынушылардың электрмен тұрақты қамтамасыз етілуі аталып өтілуде. 76,5 млрд. кВт/сағат электр энергиясы өндірілді, ол өткен жылдың осындай кезеңінен 1,5 пайызға көп. Қарашаның басында отын
қоймаларында 4,1 млн. тонна көмір мен 120 мың тонна мазут жинақталған. Сол сияқты кеңестің күн тəртібіндегі мəселелер бойынша облыс əкімдері орынбасарларының баяндамалары тыңдалды. Талқылау қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік органдар басшылары мен облыс əкімдіктеріне Экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарының барлық пункттерін уақытында орындау жөнінен қажетті шаралар қабылдауды, сондай-ақ, жөндеу жұмыстарын мерзімінде аяқтап, жылыту маусымын мүлтіксіз өткізу үшін энергия кəсіпорындарын отынмен қамтамасыз етуді тапсырды.
Їкімет фермерлерге несиені жабуєа кґмектеспек Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров пен «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дəурен Мақажанов агроөнеркəсіп кешенін қаржылық сауықтыру тақырыбы бойынша брифинг өткізді. Венера ТҮГЕЛБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
АӨК саласындағы түйткілді несиелердің көлемін азайту, олардың несиелік салмағын төмендету мен банкротқа ұшырау қаупін барынша төмендету мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК субъектілерін қаржылық жағынан сауықтыруда. Бұл шара агроөнеркəсіп кешенін дамыту бойынша жүргізіліп жатқан «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асуда, деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі С.Омаров. Бүгінге дейін жалпы берешек сомасы 312,9 млрд. теңгелік 292 АӨК субъектілерінің өтінімдері мақұлданды, оның ішінде 126 АӨК субъектілерінің жалпы 245,3 млрд. теңгені құрайтын берешек сомасы «ҚазАгро» холдингінің қорландыру қаражаты арқылы сауықтырылмақ. Бұдан өзге, бағдарламаға 17
қаржы институты қатысуда. Биыл қаржылық сауықтыруға астық егуші аймақтардың АӨК субъектілері көбірек өтініш берген. Сауықтыруға жататын берешектердің негізгі үлесі өсімдік шаруашылығы саласына 86,4 пайыз, мал шаруашылығы саласына 2,8%, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеушілерге 5 пайыз тиесілі, басқа қызмет түрлері бойынша көрсеткіш 5,6 пайызды көрсеткен. С.Омаровтың айтуынша, АӨК субъектілерінің берешектері бойынша қаржылай сауықтыру бағдарламасында сыйақы мөлшерлемесінің жалпы сомасы екі есеге төмендетіліп, 25 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын сақтап қалу үшін жағдай туғызылып отыр. Мұнымен бірге, есептен шығарылған айыппұл мен өсімақыларының көлемі шамамен 2,8 млрд. теңгені құрайды. (Соңы 2-бетте).
5-бет
Аќќозы – Ќобыланды батырдыѕ серігі 14-бет
Ел тынысы: мың бір мысал
Жаѕєыру жолындаєы порт
Жағалау сызығы бойынша салыстырмалы түрде Каспий теңізінің ең көп көлеміне ие Қазақстанға теңіз қарым-қатынас, сауда-саттық айналымын жасауға мүмкіндік береді. Маңғыстау түбегіндегі ақмар жан қала Ақтау тұрған жағалау кемелердің қатынасына ыңғайлы тереңдігімен еліміз дің теңіз-сауда портын дамытуға қолайлы. Ал бұл мүмкіндік пен қолайлылықты қажетке жарату – əлем елдеріне терезесін кең ашып, əр салада байланыс орнатқан тəуелсіз еліміздің əлеуметтікэкономикалық тұрғыда дамуы мен көлік-логистикалық əлеуетін арттыруы үшін барынша маңызды. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».
Ақтау халықаралық теңіз-сауда порты өз аумағында халықаралық жүк тасымалы жүйесінде аса маңызды орын алады. Ақтау порты қос құрлық – Азия мен Еуропаның бірқатар қарым-қатынас жолдарының тоғысар тұсы саналады, яғни жүктерді шығыстан батысқа, солтүстіктен оңтүстікке жəне кері бағытта тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бірнеше халықаралық көлік дəліздерінің қиылысында орналасқан. Бұл порттан кемелер Астраханға, одан Еділ-Дон каналы арқылы Қара теңізге, одан əрі Жерорта теңізіне, мұхиттарға
шыға алады. Ақтау портынан шыққан су көліктерін Иранның солтүстік айлақтарына екі жол жеткізсе, Бакуге жүк жеткізушілер үшін бір жол бар жəне жүк тиелген кемелер Ресейге де сапар шегеді. Ақтау-Баку учаскесінде тұрақты паром желісі əрекет етеді. Өзге порттардан Ақтау портына жеткен жүк түрлері Сібірге, Шығыс елдеріне жəне республикамыздың өзге өңірлеріне тасымалданады.
Ақтау теңіз порты арқылы металл, астық, өзге де құрғақ жүктер, шикі мұнай жəне мұнай өнімдері тасымалданады, есепке жүгінсек Ақтау портында Каспий теңізіндегі ауыстырылып-тиелетін жүктердің үштен бір бөлігі тиеледі екен. Порт инфрақұрылымы жүктерді тасуға ыңғайландырып, «буыптүюге» арналған көлемі 75000 м² ашық алаңдар жəне 6000 м² жабық транзиттік ангарлар, қуаттылығы
Сексен сеѕгір жасаєан, сырлы сґзді ќашаєан Ќазаќстан Жазушылар одаєыныѕ мерейтойы салтанатпен аталып ґтті Əрісі əлемнің, берісі Алаштың рухани мұхитына татымы мен толқыны өзгеше рухани құнды арна боп қосылған қазақтың əдебиетін бір шаңырақ астынан түлетіп ұшырған Қазақстан Жазушылар одағы өзінің мерекелі де мерейлі тойын атап өтті. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера жəне балет театрында Қазақстан Жазушылар одағының құрылғанына 80 жыл толуына арналған салтанатты пленум болды. Қанат ЕСКЕНДІР,
«Егемен Қазақстан».
Қазақ руханияты мен əдеби бай қазынасының алтын қазаны болған Қазақстан Жазушылар одағының 80 жылдық мерейтойын атап өту шарасы ең алдымен Алматы төрінен барша қазақ даласына көз тігіп тұрған ұлы хакім Абайдың ескерткішіне гүл шоғын қоюдан басталды. Ұлттық əдебиетімізге көрсетілген құрметтің белгісі – гүл шоғын Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігі Басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев пен Қазақ стан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, сенатор Нұрлан Оразалин аса үлкен ілтипатпен Абай рухына, ардың ісі – əдебиеттің құдіретіне бас ие тұрып ескерткіш алдындағы
мəрмəр тұғырға салтанатпен қойды. Бұл күні бекзат өнердің ордасы – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера жəне балет театрының залында ине шаншар жер болмады. Алыс-жақын шетелдерден арнайы келген қонақтар сапында түрлі шығармашылық ұжымдар мен шығармашыл ұйымдардың өкілдері, халықаралық дəрежедегі əдебиеттің көрнекті тұлғалары, жазушылар мен аудармашылар бар. Бүгінгі көзі тірі классик жазушылар мен ақиық ақындар да, əдебиет көгіне енді самғап, келешегінен зор үміт күттіретін жаңа буын өкілдері де еліміздің əр түкпірінен арнайы атбасын бұрып мерейлі шараның ортасын толтырды. (Соңы 3-бетте).
12 млн. тонна, толық жүк көтерімділігі 13000 тоннаға дейін танкерлерді қабылдауға қабілеті бар төрт мамандандырылған мұнай құю айлақтары, бас жəне ақтармалы жүктерді өңдеу, сонымен қатар, габариттік емес жүктерді қайта тиеу жəне «Ро-Ро» түріндегі кемелерді өңдеу үшін үш əмбебап айлақ, сондай-ақ, қуаттылығы 2 млн. тонна теміржол паром кешені, мамандандырылған
айлағы бар қуаттылығы жылына 500 мың тонна астық терминалынан тұрады. Ақтау порты басқару жүйесінің жəне экологиялық қауіпсіздіктің халықаралық стандарттары бойынша жұмыс жасайды, сонымен қатар, теңізде жүзу қауіпсіздігі мен кемелерге қызмет көрсету талаптарына сəйкес келеді. (Соңы 2-бетте).
Өмір жəне өлең
ЖАЗУШЫЛАР ОДАЄЫ Шөмішбай САРИЕВ,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Қаламдастар бір-бірінен озады, Талай болған тағдырлардың тозағы, Арғы тегі – Алашымнан басталған, Бұл қазақтың Жазушылар одағы!
Бір мен үшін əр жазушы қымбатты, Бəрі жақсы жүрек оты жанғанның! Ұлт жарасы кеуделерін тесіп тұр, Аяқ шешіп енетұғын есік тұр. Əр қаламгер ұлтым үшін шырақшы, Жазушылар одағы да мешіт бұл!
Бұл одаққа кімдер-келіп, кім кетті, Бəрі-бəрі Ана тілін гүлдетті. Тəңір берген таңырқатып бұл көкті, Ғасырлардан, шайырлардан үн жетті!
Алтындайын сөз жауһарын сүзгенбіз, Мұхит ойлар арнасында жүзгенбіз. Тəуелсіз ел жазушысы атты алған, Тəуелсіз ел қаламгері біздерміз!
Ұлты үшін өз шуағын төккендер, Көкорайлы бəйшешектей көктеңдер. Біз, Тəуелсіз қаламгері біздерміз, Бұл бір тойға аман-есен жеткендер!
Адал сезім алға қарай жетелер, Əр жүрекпен парыз, міндет өтелер. Біздер үшін ұлы міндет алда тұр, Алатаудай иығымен көтерер!
Десеңдер де теңіз асау тасы ма, Абылайдың шаппағанда асына, Сендер барсың, бар болған соң келдіңдер, Тағзым етіп ұлы Абайдың басына!
Өтелер ме, өтеледі қарызы, Мойнында əлі ұлттық намыс, парызы. Сексен жаста! Ұлы одағым ағайын, Тəуелсіздік ұлы елімнің абызы!
Бүгін шалқып тойлайтұғын жөнің бар, Ұлы Абайдан бастау алған жолың бар, Қаламдастар, туған жандар ұлт үшін, Елім үшін сендер аман болыңдар!
Кімдер-кімдер шыңға биік ұмтылмас, Аялдамас уақыт – керуен, күн тұрмас. «Қазағымның əдебиеті» сексенде, Жазушылар одағымен бір құрдас!
Туған жерін, туып-өскен далам дер, Алатауым, Қаратауым бабам дер. Жұртым деумен, Ұлтым деумен өртенді, Жүрегі бар əрбір осы қаламгер! Жүрміз біздер бəрін біліп жалғанның, Орындалмас бəрі-бəрі арманның.
Келер ұрпақ дүниені таң қылып, Толқын-толқын, жатады өмір жаңғырып. Жазушылар!Ұлы одағым аман бол, Сендер барда тəуелсіз ел – мəңгілік!!! АЛМАТЫ.